Кіріспе 5
Қораптың құрамы 5
Қосымша қажетті заттар 5
Негізгі құрылғыны шолу 6
AirPlay функциясын пайдалануды бастау 6
3 Дайындау 7
Қуатты қосу 7
<Құралды> қосу 7
4 AirPlay үшін үйдегі Wi-Fi
желісіне қосылу 8
1-сценарий: WPS маршрутизаторына
қосылу 8
2-сценарий: WPS емес
маршрутизаторға қосылу 9
5 Ойнату 15
iTunes әуендер кітапханасынан
<құралда> дыбыстық әуендерді
ойнату 15
Ойнатуды басқару 17
Қосымша дыбыс параметрлерін
қолдану 18
USB ұяшығы арқылы iPod/iPhone/
iPad құрылғысын ойнату/зарядтау 18
Сыртқы құрылғыдан ойнату 19
6 Микробағ-дарламаны жаңарту 20
Жаңартылған файлды жүктеп алу 20
Теңшелім бетінен жаңарту 20
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Еуропаға арналған ақпарат:
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық
қызмет көрсету проблемаларын болдырмау
үшін берілген әдебиет оқылуы тиіс
мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады.
'Жанушы бұрандама' таңбасы тоқ
соғуға себеп болуы мүмкін өнімдегі
оқшауланбаған құрамдастарды көрсетеді.
Өрт немесе тоқ соғу қаупін азайту
үшін өнімді жаңбырға немесе ылғалға
жақындатпаңыз және ваза сияқты сұйықтыққа
толы нысандарды өнім үстіне қоймаңыз.
a Осы нұсқауларды оқыңыз.
b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
c Барлық ескертулерді ескеріңіз.
d Барлық нұсқауларды орындаңыз.
e Бұл өнімді судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына
сәйкес орнатыңыз.
h Бұл өнімнің корпусын алып тастамаңыз.
i Өнімге су тамшылатпаңыз /
сеппеңіз, жаңбыр немесе жоғары
ылғалдыққа тигізбеңіз.
j Бұл өнімді күн сәулесі тікелей
түсетін жерлерден, ашық жалыннан
немесе қызудан алыс ұстаңыз.
k Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе басқа электр құрылғылары
(соның ішінде күшейткіштер) сияқты
жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
l Құралдың үстіне ешбір басқа
электр құрылғысын қоймаңыз.
m Өнімнің үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық бар заттар,
жағылған шырақтар) қоймаңыз.
n Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
• Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
• Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс
ұстаңыз.
• Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым
оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Қатты қызып кету қаупі бар! Бұл
құралды тар жерде орнатуға болмайды.
Желдетілуі үшін, құралдың айналасында
міндетті түрде кемінде 10 сантиметр
орын қалдырыңыз. Құралдағы желдеткіш
тесіктердің перделер немесе басқа
заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
2KK
Желілік сақтандырғыш
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған
штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік
ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған
жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
• штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
• BS 1362 мақұлдауы; және
• ASTA мақұлдау белгісі.
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді
болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес
(2004/108/EC), штепсельдік ұшты
қуат сымынан ажыратпаңыз.
Ескерту
Осы құжат арқылы WOOX Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес
келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы
декларацияны www.philips.com/support
сайтынан табуыңызға болады.
WOOX Innovations тікелей рұқсат
бермеген құрылғыға енгізілген қандайда
бір өзгерістер немесе түрлендірулер
пайдаланушының жабдықты пайдалану
құқығынан айыруы мүмкін.
Philips және Philips Shield Emblem —
Koninklijke Philips N.V. компаниясының
тіркелген сауда белгілері және оларды
WOOX Innovations Limited компаниясы
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан
алған лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды
тиісінше реттеу міндетінсіз өнімдерді
өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар
мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі
қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол
бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC
нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды
қоқысқа лақтыру жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай,
жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі
бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға
оңай ажыратылатын етіп жасауға
тырыстық: картон (қорап), көбік
полистирол (буфер) және полиэтилен
(дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
3KK
«Made for iPod», «Made for iPhone»
және «Made for iPad» деген жазулар
электрондық қосалқы құрал тиісінше iPod,
iPhone немесе iPad құрылғысына жалғау
үшін арнайы жасалғанын және әзірлеуші
Apple өнімділік стандарттарына сәйкестігін
сертификаттағанын білдіреді. Apple
компаниясы бұл құрылғының жұмысына
немесе оның қауіпсіздік және нормалық
стандарттарға сәйкестігіне жауапты емес.
Бұл қосалқы құралды iPod, iPhone, немесе
iPad құрылғысымен пайдалану сымсыз
жұмыс өнімділігіне әсер ететінін ескеріңіз.
AirPlay, iPod және iPhone — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ-та тіркелген
сауда белгілері және басқа елдерде
тіркелген сауда белгілері. iPad — Apple
Inc. корпорациясының сауда белгісі.
II сыныпты жабдық таңбасы:
Қос изоляциясы бар және қорғағыш
жерге қосу қамтамасыз етілмеген
II СЫНЫПТЫ жабдық.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
4KK
2 Көңіл көтеру
жүйеңіз
Кеңес
• Philips AirPlay мүмкіндігі қосылған құралдар туралы
қосымша мәліметтерді алу үшін www.philips.com/
welcome торабына өтіңіз.
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.
philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз,
сізден осы құрылғының үлгі және сериялық
нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық
нөмірі — құрылғының астыңғы жағында.
Осы жерге нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
Кіріспе
Apple AirPlay технологиясы Wi-Fi желісіне
қосылған кез келген AirPlay мүмкіндігі
қосылған (мысалы, сіздің <құралыңыз>)
Mac, PC, iPhone, iPod touch немесе iPad
құралдарында орнатылған iTunes әуендер
кітапханасын ойнатуға мүмкіндік береді.
AirPlay мүмкіндігі қосылған құралда
(мысалы, сіздің <құралыңыз>) келесі
әрекеттерді орындауға болады:
• үйіңіздің кез келген бөлмесінде
iTunes әуендер кітапханасынан
дыбыстық файлдарды ойнатуға
• AirPlay мүмкіндігі қосылған
құралдардың қайсысымен әуенді
ойнатуды таңдауға (үйіңізде
бірнеше осындай құралдар болса)
• бірдей уақытта бірнеше AirPlay
мүмкіндігі қосылған құралдарда
дыбыстық файлды ойнатуға (тек
қана PC/Mac компьютерінде
iTunes әуендер кітапханасынан)
<Құралыңызбен> мына әрекеттерді
де орындауға болады:
• Apple USB кабелі (жинақта жоқ)
көмегімен USB ұяшығы арқылы iPod/
iPhone/iPad құрылғыңызды зарядтау.
• зарядтау кезінде тікелей USB
ұяшығы арқылы iPod/iPhone/
iPad құрылғысында iTunes
музыка кітапханасын ойнату.
• MP3-LINK розеткасы арқылы
басқа дыбыстық құрылғылардан
әуенді ойнатуға.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі құрылғы (кірістірілген Wi-Fi
модулі)
• 1 x айнымалы ток қуат адаптері
• 1 x MP3 байланыс кабелі
• Басып шығарылған материалдар
Қосымша қажетті заттар
AirPlay арқылы сымсыз аудио
ағындау үшін келесілер қажет:
• Wi-Fi сертификатталған
маршрутизаторы
• iTunes музыка қоймасына арналған
хост, мысалы, iOS 4.3.3 (немесе
кейінгі) арқылы орнатылған iPod
touch/iPhone/iPad немесе iTunes
10.2.2 (немесе кейінгі) арқылы
орнатылған Wi-Fi қосылған
компьютер/Mac құрылғысы
5KK
Сіздің AD7000W Wi-Fi маршрутизаторы
арқылы iTunes хост құрылғыңыз қосылған
жергілікті желіге қосылуы керек.
AirPlay үшін үйлесімді iTunes
тасымалдағыш құралының тізімі
AirPlay түріне сәйкес <құралыңыз>
келесілермен үйлесімді:
• iTunes 10 (немесе одан кейінгі нұсқа)
орнатылған Wi-Fi қолдайтын компьютер/
Mac компьютері; және
• iOS 4.3 (немесе одан кейінгі нұсқа)
амалдық жүйесі орнатылған келесі iPod/
iPhone/iPad үлгілері:
• iPad 2
• iPad
• iPhone 4
• iPhone 3GS
• iPod touch (2-ші, 3-ші және 4-ші буын)
Негізгі құрылғыны шолу
SOURCE
VOL
POWER
hag
a Қуат көрсеткіші
b
• Құралды қосыңыз/өшіріңіз.
• (Басып ұстап тұру) жабдықты
қалпына келтіріңіз.
c +/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
d WI-FI SETUP түймесі/көрсеткіші
• Құралды Wi-Fi желісіне қосыңыз.
• Құрылғының Wi-Fi қосылымының
күйін көрсетеді.
e MP3-LINK
• Берілген MP3 байланыс кабелі
арқылы сыртқы аудио плейерді
қосыңыз.
f DC IN
• Қуат адаптерін жалғау.
g USB
• iPod/iPhone/iPad құрылғысын Apple
USB кабелі (жинақта жоқ) арқылы
жалғаңыз.
AirPlay функциясын
пайдалануды бастау
AirPlay функциясын пайдалануды бастау үшін
мына әрекеттерді орындауыңыз керек:
1 iPod touch/iPhone/iPad құрылғысын соңғы
b
c
d
e
f
iOS нұсқасына (iOS 4.3 немесе одан
кейінгі нұсқа) жаңарту.
• Не болмаса компьютерде/Mac
компьютерінде ең соңғы iTunes
(iTunes 10 немесе одан кейінгі нұсқа)
нұсқасын орнату.
2 AD7000W құрылғысын қуат көзіне
қосып, оны қосыңыз (ақылдасу
'Дайындау' бет 7).
3 AD7000W құрылғысын бар үйдегі Wi-Fi
желісіне қосыңыз (ақылдасу 'AirPlay үшін
үйдегі Wi-Fi желісіне қосылу' бет 8).
4 iPod touch/iPhone/iPad немесе
компьютер/Mac компьютері де бірдей
Wi-Fi желісіне қосылғанын тексеріңіз.
6KK
3 Дайындау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды
реті бойынша орындаңыз.
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының төменгі жағында басылған кернеуге
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.