Осы теледидар айқындығы жоғары
бағдарламаларды көрсете алады, бірақ айқындығы
жоғары теледидарды пайдалану үшін алдымен
айқындығы жоғары бағдарламаларды алу қажет.
Егер айқындығы жоғары бағдарламаларды
көрмесеңіз, бейне сапасы жай теледидардікіндей
болады.
Айқындығы жоғары бағдарламаларды мына
құрылғылардан алуға болады:
• HD Movie жүйесі бар HDMI кабелі арқылы
жалғанатын Blu-ray Disc ойнатқышы
• Кабельдік немесе спутниктік теледидар
компаниясына жазылған, HDMI кабелі арқылы
жалғанатын айқындығы жоғары телесигналдар
қабылдағышы
• Әуе арқылы айқындығы жоғары хабар таратқыш
(DVB-T MPEG4)
• DVB-C желісіндегі айқындығы жоғары арна
• Айқындығы жоғары ойын жүйесі бар HDMI кабелі
арқылы жалғанатын айқындығы жоғары ойын
консолі (Xbox 360 / PlayStation 3).
1.1.1Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану2/2
Қосымша ақпарат алу үшін дилерге хабарласыңыз.
Еліңіздегі айқындығы жоғары арналардың немесе
провайдерлердің тізімі бар жиі қойылатын
сұрақтарды табу үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз.
1.1.2Қауіпсіздік1/5
Теледидарды пайдаланбас бұрын барлық
нұсқауларды міндетті түрде оқып шығып, түсініп
алыңыз. Нұсқауларды орындамаудан зақым
туындағанда кепілдік күшінен айрылады.
Ток соғу немесе өрт қаупі!
• Ешқашан қашықтан басқару пультін немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе шамадан тыс
ыстыққа шығармаңыз.
• Теледидардың жанына еш уақытта гүл құмырасы
сияқты ыдыстар қоймаңыз. Егер сұйықтықтар
теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе,
теледидарды дереу қуат көзінен ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланардан бұрын тексеру
үшін Philips тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
1.1.2Қауіпсіздік2/5
• Ешқашан қашықтан басқару пультін немесе
батареяларды жалындаған оттың немесе басқа қызу
көздеріне жақын, оның ішінде тікелей күн шуағына
қоймаңыз.
• Шырағдандарды немесе басқа ашық жалынды
әрдайым бұл өнімнен аулақ ұстаңыз.
• Ешқашан теледидардың желдеткіш тесіктеріне
немесе басқа ашық жерлеріне зат салмаңыз.
• Қуат ашаларына ауыр күш түспеуін қамтамасыз
етіңіз. Босап қалған қуат ашалары электр доғасының
пайда болуына себеп болуы және өрт шығу қаупін
тудыруы мүмкін.
• Ешқашан теледидарды немесе басқа заттарды
электр сымының үстіне қоймаңыз.
• Электр сымын ажыратқанда сымнан емес,
ашасынан тартып суырыңыз.
...
1.1.2Қауіпсіздік3/5
Теледидарға зақым келу қаупі!
• Салмағы 25 кг-нан асатын теледидарды екі адам
көтеру керек.
• Егер теледидарды тұғырға орнатсаңыз, тек
жинақпен бірге берілген тұғырды пайдаланыңыз.
Тұғырды теледидарға мықтап бекітіңіз. Теледидарды
оның салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке
қойыңыз.
• Теледидарды қабырғаға орнатқан кезде
қабырғаның теледидар салмағына шыдайтынына
көз жеткізіңіз. Koninklijke Philips Electronics N.V.
компаниясы қате орнатудың нәтижесінде болған
жазатайым оқиға, дене зақымы немесе мүліктік
залалға жауапты емес.
...
1.1.2Қауіпсіздік4/5
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап, жарақаттауына
жол бермеу үшін мына сақтандыру шараларын
орындаңыз:
• Теледидарды сырғанап кетуі мүмкін жапқыш
немесе басқа материал жабылған жерге қоймаңыз.
• Теледидардың ешқандай бөлігі орнатқан жердің
шетінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Қабырғаға жиһаз бен теледидарды бекітпей немесе
тіреуішсіз теледидарды кітап шкафы сияқты биік
жиһазға қоймаңыз.
• Теледидарға қол жеткізу үшін жиһазға міну қауіпті
екенін балаларға үйретіңіз.
...
1.1.2Қауіпсіздік5/5
Қатты қызып кету қаупі!
Теледидар желдетіліп тұру үшін оның айналасында
әрдайым кемінде 10 см ашық орын қалдырыңыз.
Перделер немесе басқа заттар теледидардың
желдету тесіктерін жауып қалмасын.
Найзағай
Найзағай ойнайтын кезде теледидарды қуат көзінен
ажыратып, антеннаны суырыңыз. Найзағай ойнаған
кезде теледидардың ешбір бөлігіне, қуат сымына
немесе антенна кабеліне тимеңіз.
Есту қабілетінің зақымдану қаупі!
Құлақаспаптарды жоғары дыбыс деңгейінде немесе
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар температурасы 5°C-тан төмен
орталарда тасымалданса, теледидарды
орауышынан шығарып, қуат көзіне қоспас бұрын
оның температурасы мен бөлме температурасының
сәйкес келуін күтіңіз.
1.1.3Теледидарды орналастыру
Теледидарды орналастырмас бұрын сақтық
шараларын мұқият оқыңыз.
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін
жерге орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты
азайтыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін теледидарды
қабырғадан 25 см-дей алыс етіп орналастырыңыз.
1.1.4Көру қашықтығы
Теледидарды қолайлы көру қашықтығына
орналастырыңыз. Айқындығы жоғары теледидар
бейнесін немесе кез келген бейнені көзіңізді
ауыртпай көріңіз. Теледидарды жақсы және
демалып отырып көру үшін теледидардың дәл
алдынан «оңтайлы көру нүктесін» тауып алыңыз.
Теледидар көру үшін ең қолайлы қашықтық
экран диагоналінің үш есесіне тең. Отырған кезде
көздеріңіз экранның ортасымен бір деңгейде
болғаны жөн.
1.1.5Қауіпсіздік ұясы
Теледидар артында орналасқан Kensington
қауіпсіздік ұясымен жабдықталған.
Теледидарды қауіпсіз ету үшін (жинақпен бірге
берілмейтін) Kensington ұрлыққа қарсы қорғанын
сатып алыңыз.
1.1.6Экран күтімі
• Теледидар экранына зақым келу қаупі бар! Экранға
еш уақытта қандай да бір затты тигізбеңіз, онымен
итермеңіз, сүйкемеңіз немесе ұрмаңыз.
• Теледидарды тазалар алдында міндетті түрде
өшіріңіз.
• Теледидар мен жақтауларын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен тазалаңыз. Теледидарға спирт,
химиялық заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар
сияқты заттарды қолданбаңыз.
• Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау
үшін мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп
тұрыңыз.
• Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп
тұрғызбаңыз. Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз
- экранда көп уақыт бойы тұратын кескіндер.
Қозғалыссыз кескіндерге экран мәзірлері, қара
жолақтар, уақыт дисплейлері, т.б. жатады. Егер
қозғалыссыз кескіндерді пайдалану керек болса,
экран зақымданбау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.
1.1.7Пайдаланғаннан кейін1/4
Ескі өнім мен батареяларды тастау
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдармен және
бөлшектермен әзірленіп жасалған.
...
1.1.7Пайдаланғаннан кейін2/4
Егер сызып тасталынған дөңгелегі бар қоқыс
жәшігі таңбасы өнімге тіркелсе, бұл өнім 2002/96/EC
Еуропалық нұсқауы қамтитынын білдіреді.
...
1.1.7Пайдаланғаннан кейін3/4
Жергілікті электр және электронды өнімдерді бөліп
жинақтау жүйесі жөнінде ақпаратпен танысыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрәкет жасауыңызды
және ескі өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен
тастамауыңызды өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау
қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз
болуы мүмкін салдарының алдын алуға көмектеседі.
...
1.1.7Пайдаланғаннан кейін4/4
Өнімде 2006/66/ЕС Еуропалық нұсқауына сәйкес
кәдімгі тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі
туралы ақпаратпен танысқан жөн, себебі оны дұрыс
тастау қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін
кері әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
1.1.8ЭКО - Грин1/2
Теледидардың қуатты тиімді пайдалануға септігін
тигізетін мүмкіндіктері бар.
Қуатты тиімді пайдалану мүмкіндіктері
• Сыртқы жарық сенсоры
Қуатты үнемдеу үшін іштей орнатылған Сыртқы
жарық сенсоры қараңғы түскенде теледидар
экранының айқындығын төмендетеді.
• Қуатты үнемдеу
Теледидардағы қуатты үнемдеу қондырғысы қуатты
үнемдейтін бернеше қондырғыны біріктіреді. Орнату
мәзірінен Смарт параметрлер бөлімін оқыңыз.
...
1.1.8ЭКО - Грин2/2
• Күту режиміндегі қуатты аз мөлшерде тұтыну
Ең үздік және жоғары дамыған қуат схемалары Күту
режиміндегі тұрақты қызметтерге мүлдем әсер
етпей-ақ, теледидардың қуат тұтынуы деңгейін тым
төмендетіп жібереді.
Қуатты басқару
Теледидардың алдыңғы қатардағы қуатты басқару
мүмкіндігі оның қуатты тиімді пайдалануына
кепілдік береді. Теледидардағы жеке параметрлер,
экрандағы суреттер айқындығы және сыртқы жарық
жағдайының сәйкес қуат тұтыну шамасына әсерін
тексеруге болады.
Пайдалданушы нұсқаулығын жауып, Көрсетуді
басыңыз. Белсенді басқару тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Ағымдағы реттеулер ерекшеленіп
тұрады. Сәйкес мөлшерді көру үшін оларды басқа
реттеулерге өзгертуіңізге болады.
1.2.1Қосу1/2
Теледидар қосылу үшін бір-екі секунд кетеді.
Егер күту режимінің қызыл индикаторы өшірулі
болса, теледидарды қосу үшін оң жағындағы O
түймесін басыңыз.
Өшіру үшін O түймесін қайтадан басыңыз.
...
1.2.1Қосу2/2
Теледидар пайдаланылуға дайын болғанда, жарық
шығарушы диоды қосылғанда және толығымен
өшкенде жыпылықтайды. Ambilight шамы
теледидардың қосулы тұрғанын көрсетеді.
Ақ жарық диодын үнемі қосуға немесе оның
ашықтығын орнатуға болады. h> Setup (Реттеу)
> Installation (Орнату) > Preferences (Параметрлер)
> LightGuide brightness (LightGuide ашықтығы)
параметрін таңдаңыз.
1.2.2LightGuide
Теледидардың алдындағы LightGuide шамы
теледидардың қосылғанын немесе қосылып келе
жатқанын көрсетеді.
Реттеу мәзірінде LightGuide жарықтығын орнатуға
немесе қосылғаннан кейін оны өшіруге болады.
Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың
негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Теледидардың бүйіріндегі Volume + / - (Дыбыс
деңгейі + / -) түймелерімен дыбыс деңгейлерін
дұрыстауға болады.
1.2.4P Programme (Бағдарлама) түймесі
Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың
негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Теледидардың бүйіріндегі Program + / - (Бағдарлама
+ / -) түймелерімен телеарналарды ауыстырып
қосуға болады.
1.2.5Source (Сигнал көздері) түймесі
Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың
негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Жалғанған құрылғыны таңдайтын "Сигнал көздері"
тізімін ашу үшін Source (Сигнал көзі) s түймесін
басыңыз. Тізімнен жалғанған құрылғыны таңдау үшін
Source (Сигнал көзі) s түймесін қайтадан басыңыз.
Бірнеше секундтан кейін теледидар таңдалған
құрылғыға қосылады.
1.2.6Инфрақызыл сенсоры
Әрқашан қашықтан басқару пультінің теледидар
алдындағы қашықтан басқару пультінің
инфрақызыл сенсорына бағытталуын қамтамасыз
етіңіз.
1.3.1VESA ақпараты
Теледидар VESA стандартына сай қабырғаға орнатуға
дайындалған. VESA қабырға ұстағышы жинаққа
кірмейді.
Ұстағышты сатып алу үшін келесі VESA кодын
пайдаланыңыз.
VESA MIS-F 400, 400, 8
Теледидарды қабырғаға орнатқанда әрдайым
оның артындағы бекіту нүктелерінің барлық 4ін пайдаланыңыз. Сызбада көрсетілген бұранда
ұзындығын пайдаланыңыз.
1.3.2Қабырғаға орнату1/8
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін ерекше
шеберлік керек және квалификациясы бар
мамандардан өткізіледі. Теледидарды қабырғаға
оның салмағына қарай қауіпсіздік стандарттар
бойынша орнату керек.
Koninklijke Philips Electronics N.V. дұрыс орнатылмауға
немесе апаттарға, зақымдалуға алып келетін
орнатуларға жауапты емес.
Теледидарды орналастырмас бұрын сақтық
шараларын мұқият оқыңыз.
Қабырғаға орнату
Теледидарды қабырғаға дұрыс орнату жөніндегі
нұсқаулар теледидармен бірге берілетін бастау
нұсқаулығында да еске алынған.
Теледидар бекітілетін қабырға үшін орауыш ішіндегі
тіреуішті және 2 кішкентай пластмасса тіректі
пайдаланыңыз.
Нұсқаулықты келесі беттерден оқыңыз.
...
1.3.2Қабырғаға орнату2/8
Отырған кезде көздеріңіз экран ортасымен бір деңгейде болса, теледидар дұрыс биіктікте орнатылған.
1.3.2Қабырғаға орнату3/8
Теледидардың ең лайықты жайғасымын есептеңіз.
Loading...
+ 251 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.