Philips 49PUS6803/12, 55PUS6803/12 user manual [kz]

Register your product and get support at
www.philips.com/TVsupport
6803 series
Нұсқаулық
49PUS6803
55PUS6803

Мазмұны

1 Қолдау алу 4
1.2 Теледидар Анықтамасы және Пайдаланушы нұсқаулығы
4
1.3 Интернет анықтамасы және Пайдаланушы нұсқаулығы
4
1.4 Тұтынушыларды қолдау орталығы / жөндеу 4
2 Бағдарламалық құрал 6
2.1 Бағдарламалық құралды жаңарту 6
2.2 Бағдарламалық құрал нұсқасы 6
3 Қысқаша нұсқаулық 7
3.1 Қашықтан басқару құралы 7
3.2 Инфрақызыл сенсор 8
3.3 Джойстик - Жергілікті басқару 8
4 Орнату 10
4.1 Қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқу 10
4.2 Теледидар орналасуы 10
4.3 Теледидарды қосу 10
5 Байланыстар 12
5.1 Байланыс мүмкіндігінің нұсқаулығы 12
5.2 Антенна 12
5.3 Жерсерік 12
5.4 Бейне құрылғы 12
5.5 Аудио құрылғы 13
5.6 Мобильді құрылғы 14
5.7 Басқа құрылғы 15
6 Ресурсты ауыстыру 18
6.1 Ресурстар тізімі 18
6.2 Құрылғының атын өзгерту 18
7 Арналар 19
7.1 Арналар және арналарды ауыстырып қосу туралы 19
7.2 Арнаны орнату 19
7.3 Арналар тізімі 24
7.4 Таңдаулы арналар 26
7.5 Text / Teletext (Мәтін/телемәтін) 26
8 Теледидар нұсқаулығы 28
8.1 Сізге не қажет 28
8.2 Теледидар нұсқаулығын пайдалану 28
8.3 Freeview Play 29
9 Теледидарды жазу және кідірту 30
9.1 Жазу 30
9.2 Теледидарды кідірту 31
10 Бейнелер, фотосуреттер және музыка 32
10.1 USB қосылымынан 32
10.2 Фотосуреттер 32
10.3 Бейнелер 32
10.4 Музыка 33
11 Теледидар параметрлері мәзірлерін ашу
34
11.1 Басты бет мәзірін шолу 34
11.2 Жиілік параметрлері мен Барлық орнатулар 34
11.3 Барлық орнатулар 34
12 Желі 44
12.1 Үй желісі 44
12.2 Желіге қосылу 44
12.3 Желі параметрлері 45
13 Smart TV 47
13.1 Smart TV қызметін реттеу 47
13.2 Smart TV бастапқы беті 47
13.3 Қолданбалар галереясы 47
14 Талап бойынша теледидар / Тапсырыс бойынша бейне 48
15 Ambilight 49
15.1 Ambilight мәнері 49
15.2 Ambilight жарықтығы, қанықтығы 49
15.3 «Бөлме жарығы» режимі 49
15.4 Ambilight+реңк 50
15.5 Қосымша Ambilight параметрлері 51
16 Netflix 52 17 Қоршаған ортаға қауіпсіз 53
17.1 Еуропаның энергиялық тиімділік белгісі 53
17.2 Өнімнің микрофишасы 53
17.3 Пайдалануды аяқтау 53
18 Ерекшеліктер 54
18.1 Қуат 54
18.2 Қабылдау 54
18.3 Дисплей ажыратымдылығы 54
18.4 Қолданылатын кіріс ажыратымдылығы - Бейне 54
18.5 Қолданылатын кіріс ажыратымдылығы - Компьютер
55
18.6 Дыбыс 55
18.7 Мультимедиа 55
18.8 Байланыс мүмкіндігі 55
19 Ақаулықтарды жою 56
19.1 Кеңестер 56
19.2 Қосу 56
19.3 Қашықтан басқару құралы 56
19.4 Арналар 56
19.5 Жерсерік 57
19.6 Сурет 57
19.7 Дыбыс 58
19.8 HDMI - UHD 59
19.9 USB 59
19.10 Wi-Fi және Интернет 59
19.11 Қате мәзір тілі 59
20 Қауіпсіздік және қызмет көрсету 60
20.1 Қауіпсіздік 60
20.2 Экран күтімі 61
21 Пайдалану шарттары 62 22 Авторлық құқықтар 63
22.1 MHL 63
22.2 HDMI 63
22.3 Dolby Audio 63
22.4 DTS-HD (көлбеу) 63
22.5 Wi-Fi Alliance 63
22.6 Басқа сауда белгілері 63
23 Бастапқы коды ашық 64
2
23.1 Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал 64
23.2 Бастапқы коды ашық лицензия 64
24 Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерден және/немесе бағдарламалық құралдан бас тарту
68 Индекс 69
3
1
Қолдау алу
* Ambilight параметрі тек Ambilight функциясын қолдайтын үлгілерге арналған.
1.1
Теледидарды анықтап, тіркеңіз
Теледидарды анықтаңыз - Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға болады.
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер, сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
1.2
Теледидар Анықтамасы және Пайдаланушы нұсқаулығы
Settings (Орнатулар) > Help (Анықтама)
Теледидарға диагностика жасау және ол туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама функциясын пайдалануға болады.
Әдісі - Теледидарға арналарды орнату, сұрыптау,
теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту, сыртқы құрылғыларды жалғау және Смарт функцияларын пайдалану туралы нұсқауларды қарауға болады.
1.3
Интернет анықтамасы және Пайдаланушы нұсқаулығы
Philips TV қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап, өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде қызметкерлеріміздің бірімен сөйлесіп, сұрағыңызды тікелей қоюға немесе электрондық хабар арқылы жіберуге болады. Жаңа теледидар бағдарламалық құралын немесе нұсқаулықты компьютеріңізден оқу үшін жүктеп алыңыз.
Теледидардағы басқа ақауларды жою және жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС)...
Мына мекенжайға өтіңіз: http://philips-
tvconsumercare.kxondemand.com/portal/en/ModelSelect
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде оқуға болады. Оның орнына компьютерден қатысты Көмек бетін басып шығаруға болады. Көмекті (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеп алу үшін
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
Теледидарды тексеру - қысқа бейне клипті ойнатқанда сурет, дыбыс, Ambilight* дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексере аласыз.
Желіні тексеру - желі байланысын тексеріңіз.
Бағдарламалық құралды жаңарту - қолжетімді бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеріңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы - теледидар туралы ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.
Ақаулықтарды жою - жиі қойылатын сұрақтар бойынша шешімді табыңыз.
Зауыттық параметрлер - Бастапқы параметрлерді қайта орнатыңыз.
Теледидарды қайта орнату - теледидарды қайта орнатыңыз және орындалған теледидар орнатуын қайталап орындаңыз.
Байланыс ақпараты: елдің немесе аймақтың телефон нөмірін немесе веб-мекенжайын көрсетеді.
1.4
Тұтынушыларды қолдау орталығы / жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет кезінде жөндеп береді.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған құжаттамадан табуға болады. Не болмаса, www.philips.com/TVsupport веб-сайтына кіріп, қажет болса, елді таңдаңыз.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
4
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға болады.
Ескерту
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл ауыр жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей зақымдауы немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
5
2
Бағдарламалық құрал
2.1
Бағдарламалық құралды жаңарту
Жаңартуларды іздеу
Интернет арқылы жаңарту
(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Жаңартуларды іздеу > Интернет (ұсынылған) Бағдарламалық құрал жаңартуын іздеңіз.
• Теледидар интернетке қосылса, теледидар бағдарламалық құралын жаңарту хабарын алуыңыз мүмкін. Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет байланысы қажет. Осы хабарды алсаңыз, жаңарту орындауға кеңес береміз.
• Бағдарламалық құралды жаңарту барысында сурет пен теледидар өшіп қайта қосылады. Бұл бірнеше рет орын алуы мүмкін. Жаңарту әрекеті бірнеше минут алуы мүмкін.
• Теледидар суреті кері оралғанша күтіңіз. Бағдарламалық құралды жаңарту барысында теледидардағы немесе қашықтан басқару құралындағы қуат қосқышын  баспаңыз.
- Жүктегеннен кейін, файлды мұрағаттан шығарып, autorun.upg файлын USB жад құрылғысына көшіріңіз.
- Бұл файлды қалтаға орналастырмаңыз.
4 - Теледидар бағдарламалық құралын жаңарту
USB жад құрылғысын теледидарға қайта салыңыз. Жаңарту автоматты басталады. Теледидар өзі 10 секундқа өшіп, қайта қосылады. Күте тұрыңыз.
Келесі әрекеттерді орындамаңыз. . .
• қашықтан басқару құралын пайдалану
• USB жад құрылғысын теледидардан шығару
•  пернесін екі рет басыңыз
• теледидардағы қуат қосқышын басу Теледидар өзі (10 секундқа) өшіп, қайта қосылады. Күте тұрыңыз.
Теледидардың бағдарламалық құралы жаңартылған. Теледидарды қайта пайдалана аласыз. Теледидар бағдарламалық құралының кездейсоқ жаңартылуын болдырмау үшін, autorun.upg файлын USB құрылғысынан жойыңыз.
Жергілікті жаңартулар
(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуларды іздеу> USB > Жергілікті жаңартулар.
Дилерлерге және тәжірибелі пайдаланушыларға арналған.
USB арқылы жаңарту
(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Жаңартуларды іздеу > USB
• Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін, жылдамдығы жоғары интернет байланысы бар компьютер және USB жад құрылғысы керек болады.
• 512 Мбайт бос орны бар USB жады құрылғысын пайдаланыңыз. Жазу қорғауының ажыратылғанын тексеріңіз.
1 - Теледидардағы жаңартуды бастау
Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуларды іздеу > USB тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Теледидарды анықтау
USB жадын теледидардың USB қосылымдарының біріне енгізіңіз. Бастау тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Идентификация файлы USB жады құрылғысына жазылған.
3 - Теледидар бағдарламалық құралын жүктеу
- USB жад құрылғысын компьютерге жалғаңыз.
- USB жад құрылғысында update.html файлын тауып, оны екі рет басыңыз.
- ID жіберу параметрін басыңыз.
- Жаңа бағдарламалық құрал бар болса, .zip файлды жүктеп алыңыз.
OAD жаңартуларын іздеу (Эфирден жүктеп алу)
(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуларды іздеу > OAD жаңартуларын іздеу.
Әуе арқылы бағдарламалық құралды жаңартуды іздеу үшін сканерлеу.
2.2
Бағдарламалық құрал нұсқасы
(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды жаңарту > Ағымдағы бағдарламалық құрал туралы ақпарат
Теледидар бағдарламалық құралының ағымдағы нұсқасын көру үшін.
6
3
Қысқаша нұсқаулық
3.1
Қашықтан басқару құралы
Батареялар мен тазалау
Батареяларды алмастыру
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару құралының артындағы батареялар бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз. 2 - Ескі батареяларды 2 AAA-R03-1,5 В түріндегі
батареямен алмастырыңыз. Батареялардың + және ­жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше артқа сырғытыңыз.
• Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
• Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Тазалау
1 -  Күту режимі / Қосу
Теледидарды қосады немесе қайтадан күту режиміне қайтарады.
2 - Ойнату және жазу
• Ойнату  ойнатады.
• Кідірту  ойнатуды кідіртеді
• Тоқтату  ойнатуды тоқтатады
• К. айн.  кері айналдырады
• Алға айналдыру  алға айналдырады
• Жазу  жазуды бастайды 3 -  Ambilight
Ambilight мәнерінің бірін таңдайды немесе Ambilight режимін өшіреді.
4 -  TV GUIDE Теледидар нұсқаулығын ашады немесе жабады.
5 -  Іздеу Smart TV іздеулері бетін ашады.
6 - Орнатулар «Жылдам параметрлер» мәзірін ашады.
7 - SOURCES «Көздер» мәзірін ашады.
8 -  LIST Арналар тізімін ашады немесе жабады.
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады. Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
Түймелерге шолу
Үсті
Ортасы
1 -  Home
7
Home (Басты) мәзірін ашады.
көрсетеді.
2 -  SMART TV Smart TV бастапқы бетін ашады.
3 ­Опцияларды тікелей таңдайды. Көк түйме , Help (Анықтама) тармағын ашады.
4 -  INFO Бағдарлама туралы ақпаратты ашады немесе жабады.
5 -  BACK Параметрді өзгертпестен мәзірді жабады.
6 -  - EXIT
Теледидар көру режиміне кері қайтарады. Интерактивті теледидар қолданбасын тоқтату.
7 -  OPTIONS «Опциялар» мәзірін ашады немесе жабады.
8 - OK пернесі Таңдауды немесе параметрді растайды. Теледидар көру кезінде арналар тізімін ашу.
9 - Көрсеткі / шарлау пернелері Жоғары, төмен, сол жаққа немесе оң жаққа жылжиды.
10 -  Сурет ПІШІМІ Сурет пішімі мәзірін ашады немесе жабады.
Түсті пернелер
5 -  Арна Арналар тізіміндегі келесі немесе алдыңғы арнаға ауыстырады. Мәтінде/телемәтінде келесі немесе алдыңғы бетті ашады. Дискіде келесі немесе алдыңғы тарауды бастайды.
6 -  Дыбысты өшіру Дыбысты өшіреді немесе қалпына келтіреді.
7 - TEXT Мәтінді/телемәтінді ашады немесе жабады.
3.2
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл) сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл сенсорға бағыттаңыз.
Асты
1 ­Netflix қолданбасын тікелей ашу. Қосулы немесе күту режиміндегі теледидар.
• Егер Netflix мүшелік жазылымы болса, осы теледидарда Netflix мүмкіндігін пайдалануға болады. Теледидар интернетке қосылған болуы керек.
• Netflix қолданбасын ашу үшін Netflix қолданбасын күту режиміндегі теледидардан тікелей ашуға болады. www.netflix.com
түймесін басыңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды блоктауы мүмкін.
3.3
Джойстик - Жергілікті басқару
Теледидардағы түймелер Қашықтан басқару құралын жоғалтып алсаңыз немесе
батареялары бос болса, кейбір негізгі теледидар операцияларын әлі де орындауға болады.
Негізгі мәзірді ашу үшін…
2 -  Дыбыс деңгейі Дыбыс деңгейін реттейді.
3 - Сан пернелері Арнаны тікелей таңдайды.
4 - SUBTITLE Субтитрлерді қосады, өшіреді немесе автоматты түрде
1 - Теледидар қосулы кезде, негізгі мәзірді ашу үшін теледидардың артқы жағындағы джойстик түймесін басыңыз.
8
2 -  Volume (Дыбыс деңгейі),  Channel (Арна) немесе
Sources (Көздер) опцияларын таңдау үшін сол немесе оң жақтарын басыңыз. Demo фильмін бастау үшін  Демо опциясын таңдаңыз.
3 - Дыбыс деңгейін реттеу немесе келесі не алдыңғы арнаға өту үшін жоғары немесе төмен басыңыз. Ресурстар тізімі, оның ішінде тюнер таңдауы арқылы ауысу үшін жоғары немесе төмен басыңыз.
Мәзір автоматты түрде жоғалады.
9
4
Қабырғаға орнату
Орнату
4.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Анықт. > Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі нұсқауларды оқу үшін  Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, Safety and Care (Қауіпсіздік және қызмет көрсету) деп іздеңіз.
4.2
Теледидар орналасуы
Орналастыру бойынша кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге орналастырыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ орналастырыңыз.
• Ultra HD TV көру үшін қолайлы арақашықтық экран биіктігінен 2-5 есе болғаны дұрыс. Отырған кезде көз экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
Бұл теледидар VESA үйлесімді қабырғаға орнату кронштейні үшін де дайындалған (жинаққа кірмейді). Қабырға кронштейнін сатып алған кезде келесі VESA кодын пайдаланыңыз. . .
• 49PUS6803
VESA MIS-F 200x200, M6 (ең қысқасы: 10 мм, ең ұзыны: 14 мм)
• 55PUS6803
VESA MIS-F 300x200, M6 (ең қысқасы: 10 мм, ең ұзыны: 14 мм)
Дайындау
Алдымен, теледидардың артындағы бұранды тығындарынан 4 пластикалық бұранда қақпағын алып тастаңыз. VESA үйлесімді қабырғаға орнату кронштейнін бекітуге арналған металл бұрандалардың теледидар бұранды тығындарының ішіне шамамен 10 мм кіргенін тексеріңіз.
Теледидар тірегі
Теледидар тірегін орнату туралы нұсқауларды теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Осы нұсқаулықты жоғалтып алсаңыз, оны www.philips.com/TVsupport сайтынан жүктеп алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек. Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек. Сонымен қатар теледидарды орналастырмас бұрын сақтық шараларын да оқып шығыңыз. TP Vision Europe B.V. компаниясы қате орнатылғанына, не болмаса апатқа немесе жарақаттануға әкелген қандай да бір орнатуға жауапты болмайды.
4.3
Теледидарды қосу
Қуат кабелін жалғау
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER коннекторына жалғаңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз, ешқашан кабельді тартпаңыз.
10
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр сымын ажыратып қойыңыз.
Қосу немесе күту режимі
Теледидарды қоспас бұрын, теледидардың артқы жағындағы POWER коннекторына желі қуатын жалғағаныңызды тексеріңіз.
Қосу
• Теледидардың артындағы кішкентай джойстик пернесін басыңыз.
Күту режиміне ауыстыру
Теледидарды күту режиміне ауыстыру үшін қашықтан басқару құралындағы  түймесін басыңыз. Сонымен қатар теледидардың артындағы кішкентай джойстик пернесін басуға болады.
Күту режимінде теледидар ток көзіне қосылып тұр, бірақ өте аз қуат тұтынады.
Теледидарды толығымен өшіру үшін қуат ашасын ажыратыңыз. Қуат ашасын ажыратқан кезде әрқашан сымнан емес, қуат ашасынан тартыңыз. Ашаға, қуат кабеліне және розеткаға әрдайым қолыңыз жететініне көз жеткізіңіз.
11
5
5.3
Байланыстар
5.1
Байланыс мүмкіндігінің нұсқаулығы
Құрылғыны теледидарға әрқашан жоғары сапалы қосылыммен жалғаңыз. Сондай-ақ, сурет пен дыбыстың жақсы тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы кабельдерді пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалғаған кезде, теледидар оның түрін анықтайды және әр құрылғыға дұрыс түр атауын береді. Қаласаңыз, түр атауын өзгертуге болады. Құрылғыға дұрыс түр атауы берілсе, Sources (Көздер) мәзірінде осы құрылғыға ауысқан кезде, теледидар ыңғайлы теледидар параметрлеріне автоматты түрде ауысады.
5.2
Антенна
Жерсерік
Теледидардың артындағы SAT жерсерік қосылымына жерсеріктің F түріне жататын қосқышты бекітіңіз.
5.4
Бейне құрылғы
HDMI
Антенна ашасын теледидардың артындағы Antenna ұясына мықтап қосыңыз.
Жеке антеннаңызды жалғауға немесе антенна сигналына антенна тарату жүйесінен қосылуға болады. IEC Coax 75 Ohm RF антенна қосқышын пайдаланыңыз.
Бұл антенна байланысын DVB-T және DVB-C кіріс сигналдары үшін пайдаланыңыз.
HDMI қосылымының көрінісі мен дыбыс сапасы ең жақсы. Ең жақсы сигнал сапасын алу үшін жылдамдығы жоғары
HDMI кабелін пайдаланыңыз және 5 метрден ұзын HDMI кабелін қолданбаңыз, сонымен бірге HDMI 2/HDMI 3 қосылымында HDR қолдайтын құрылғыларды жалғаңыз.
Көшіруден қорғау
HDMI порттарында HDCP (жоғары өткізу мүмкіндігі бар сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды басқару) деп те аталады.
12
Компонент
Y Pb Pr - Компоненттік бейне жоғары сапалы қосылым
болып табылады. YPbPr қосылымын ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына пайдалануға болады. Y, Pb және Pr сигналдарының жанына дыбысқа арналған Audio Left and Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын қосыңыз.
Жалғаған кезде YPbPr (жасыл, көк, қызыл) коннектор түстерін кабель ашаларына сәйкестендіріңіз. Құрылғыңыздың даусы болса, Audio L/R кабелін пайдаланыңыз.
5.5
Аудио құрылғы
HDMI ARC
Теледидардағы HDMI 1 қосылымында HDMI ARC (Дыбысты қайтару арнасы) бар.
Егер құрылғыда, әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS) HDMI ARC ұясы болса, оны осы теледидардағы HDMI 1 ұясына қосыңыз. HDMI ARC ұясымен теледидар суретінің дыбысын HTS жүйесіне жіберетін сыртқы дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ. HDMI ARC ұяшығы екі сигналды біріктіреді.
Құрамдас
CVBS — құрама бейне стандартты сапалы қосылым болып табылады. CVBS сигналы жанына дыбысқа
арналған Audio Left and Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын қосады.
• Y және CVBS бірдей ұяны пайдаланады.
• Component және Composite бірдей аудио ұяларды пайдаланады.
Сандық дыбыс шығысы - оптикалық
Дыбыс шығысы - оптикалық — жоғары сапалы дыбыс қосылымы.
Бұл оптикалық қосылым 5.1 аудио арналарын тасымалдайды. Құрылғыңызда, әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS) HDMI ARC ұялары болмаса, осы қосылымды HTS жүйесінде «Дыбыс шығысы - оптикалық» қосылымымен пайдалануға болады. «Дыбыс шығысы ­оптикалық» қосылымы дыбысты теледидардан HTS бейнесіне жібереді.
13
Құлақаспап
Miracast байланысын пайдалану
Құлақаспап жинағын теледидардың бүйір бөлігіндегі  байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5 мм шағын ұя. Құлақаспаптың дыбыс деңгейін бөлек реттеуге болады.
5.6
Мобильді құрылғы
Wi-Fi Direct / Miracast
Wi-Fi Miracast туралы
Wi-Fi Miracast™ құралы бар теледидарда мобильді құрылғыдан фотосуреттерді көруге немесе музыка мен бейнелерді ойнатуға болады. Мобильді құрылғы мен теледидар әдетте бір бөлмеде болатын ауқымда болуы қажет.
Мобильді құрылғысы Miracast функциясына дайын екенін тексеріңіз.
Miracast функциясын қосу
SOURCES > Miracast түймесін басыңыз
Экранды теледидарда бөлісу
1 - Мобильді құрылғыңызда Miracast (Экранды қосарлау) мүмкіндігін іске қосыңыз. 2 - Мобильді құрылғыңызда теледидарды таңдаңыз. (Бұл теледидар үлгі атауы түрінде көрсетіледі) 3 - Мобильді құрылғыңызда теледидар атауын таңдаңыз, байланысқаннан кейін Miracast мүмкіндігін пайдалана аласыз.
Бөлісуді тоқтату
Экранды теледидармен немесе мобильді құрылғымен бөлісуді тоқтатуға болады.
Құрылғыдан
Miracast қызметін іске қосу үшін пайдаланылатын қолданбамен байланысты үзіп, құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтатуға болады. Теледидар қайтадан соңғы таңдалған бағдарламаға қосылады.
Теледидардан
Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату. . .
• телехабарды көру үшін  EXIT түймесін басыңыз
• теледидарда басқа әрекетті бастау үшін  (Home) (Басты бет) түймесін басыңыз
• Sources (Көздер) мәзірін ашу және қосылған құрылғыны таңдау үшін  SOURCES түймесін басыңыз.
Теледидарыңыз — Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ құрылғысы. Miracast™ бағдарламасымен смартфон, планшет немесе компьютер экранын сымсыз жолмен теледидар экранынан көруге және мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғының экранындағы бейнелерді (дыбыс пен бейне) ойнатуға, фотосуреттерді және басқа да мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғыны үй желісіне қосудың қажеті жоқ. Теледидар мен құрылғының екеуі де Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ қызметін қолдайтын құрылғы болып, Miracast функциясы қосылып тұруы керек.
Осы теледидардағы Miracast HDCP протоколына қосылымды және құрылғы жіберген көшірмеден қорғалған кеңейтілген мазмұнды көрсете алмайды. Қолдау көрсетілген ең жоғары бейне ажыратымдылығы — 2,4 ГГц Wi-Fi үшін 720 немесе 5 ГГц Wi-Fi үшін 1080.
Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ туралы қосымша ақпаратты www.wi-fi.org веб-сайтынан қараңыз
Wi-Fi®, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері. Wi-Fi CERTIFIED Miracast™, Miracast™ — Wi-Fi Alliance компаниясының сауда белгілері.
Wi-Fi Miracast байланыстарын қайта орнату
Бұрын қосылған барлық құрылғылар Wi-Fi Miracast қосылымының тізімінде сақталады.
Барлық қосылған Miracast құрылғыларын жою…
(Басты бет) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Желі >
Wi-Fi Miracast байланысын қайта орнату.
Экраннан кешігіп көрсету
Экранды Miracast арқылы бөліскендегі кешігу әдетте 1 секундты құрайды. Өңдеу қуаты төменірек ескі құрылғыларды қолданғанда, бұл уақыт ұзағырақ болуы мүмкін.
14
MHL
Бұл теледидар MHL™ қызметімен үйлесімді. Егер мобильді құрылғы да MHL қызметімен үйлесімді
болса, мобильді құрылғыны MHL кабелі арқылы теледидарға жалғауға болады. Қосылған MHL кабелі арқылы мобильді құрылғыдағы контентті теледидар экранында бөлісуге болады. Мобильді құрылғы оның батареясын бір уақытта зарядтайды. MHL қосылымы теледидарда ұзақ уақыт бойы мобильді құрылғыдағы фильмдерді көруге және ойын ойнауға ыңғайлы.
Philips TV теледидарын қашықтан басқару қолданбасы iOS және Android жүйелері үшін қолжетімді және тегін беріледі.
5.7
Басқа құрылғы
Смарт карталы CAM - CI+
CI+ туралы ақпарат
Зарядтау
MHL кабелімен жалғанған кезде, теледидар қосулы кезде құрылғы зарядталады (күту режимінде емес).
MHL кабелі
Мобильді құрылғыны теледидарға жалғау үшін белсенді емес MHL кабелі (HDMI - Micro USB) қажет. Мобильді құрылғыға жалғау үшін қосымша адаптер қажет болуы мүмкін. MHL кабелін теледидарға жалғау үшін HDMI 3 MHL қосылымын пайдаланыңыз.
MHL, Mobile High-Definition Link және MHL логотипі — MHL, LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Бұл теледидар CI+ шартты кіру үшін дайын. CI+ мүмкіндігімен аймағыңыздағы сандық теледидар
операторлары ұсынатын фильмдер мен спорт сияқты ажыратымдылығы жоғары бағдарламаларды қарауға болады. Бұл бағдарламаларды теледидар операторы шифрланған және алдын ала төленген CI+ модулімен шифрынан ашады. Үздік бағдарламаларына жазылған кезде, сандық теледидар операторлары CI+ модулін (шартты кіру модулі ­CAM) және онымен бірге жүретін смарт картаны береді. Бұл бағдарламалардың көшіруден қорғау деңгейі жоғары.
Шарттар мен ережелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін сандық теледидар операторына хабарласыңыз.
Смарт карта
Қолданбалар - Philips TV теледидарын қашықтан басқару қолданбасы
Смартфондағы немесе планшеттегі жаңа Philips TV Remote App қолданбасы — жаңа теле досыңыз.
Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы айналаңыздағы мультимедиа шеберіне айналасыз. Фотосуреттерді, музыканы немесе видеоларды үлкен теледидар экранына жіберіңіз. Теледидар нұсқаулығынан көргіңіз келген нәрсені іздеп, оны теледидардан көріңіз. Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы телефоныңызды қашықтан басқару құралы ретінде пайдаланғанда теледидарды телефоныңыз арқылы қосып, өшіруге болады.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips TV теледидарын қашықтан басқару қолданбасын сатып алыңыз.
Үздік бағдарламаларына жазылған кезде, сандық теледидар операторлары CI+ модулін (шартты кіру модулі ­CAM) және онымен бірге жүретін смарт картаны береді.
Смарт картаны CAM модуліне енгізіңіз. Оператор ұсынған нұсқаулықты қараңыз.
CAM модулін теледидарға енгізу үшін…
1. Дұрыс салу әдісін көру үшін CAM модулінен қараңыз. Дұрыс салынбаса, CAM мен теледидар зақымдалуы мүмкін.
2. Теледидарға CAM модулінің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, CAM модулін COMMON INTERFACE ұясына мұқият енгізіңіз.
3. CAM модулін кіргенше салыңыз. Оны ұяда қалдырыңыз. Теледидарды қосқан кезде, CAM іске қосылуы бірнеше
минут уақыт алады. CAM модулі енгізіліп, жазылым ақылары төленсе (жазылым әдістері әртүрлі болуы мүмкін), CAM смарт картасы қолдау көрсететін шифрланған арналарды қарай аласыз.
15
CAM модулі мен смарт карта арнайы теледидарыңызға арналған. CAM модулін алып тастасаңыз, CAM смарт картасы қолдау көрсететін шифрланған арналарды бұдан былай қарай аласыз.
Құпия сөздер мен PIN кодтарын орнату
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату туралы қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті  Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, Photos, Videos and Music (Фотосуреттер, бейнелер және музыка) деп іздеңіз.
Кейбір CAM модульдерінің арналарын қарау үшін PIN кодын енгізу қажет. CAM модуліне PIN кодын орнатсаңыз, теледидарды құлыптан ашуға пайдаланылатын кодты қолдануға кеңес береміз.
CAM модуліне PIN кодын орнату үшін…
1.  SOURCES түймесін басыңыз.
2. CAM модулін пайдаланатын арна түрін таңдаңыз.
3.  OPTIONS түймесін басып, Жалпы интерфейс опциясын таңдаңыз.
4. CAM модулінің теледидар операторын таңдаңыз. Келесі терезелер теледидар операторынан келеді. PIN код параметрін іздеу үшін экрандағы нұсқауды орындаңыз.
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады. Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын көрсететін тізімді ашады. Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда болмаса,  SOURCES түймесін басып, USB тармағын таңдаңыз.
USB қатты дискісі
Орнату
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады. Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар таратылымы (DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы тиіс.
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін, кемінде 250 ГБ бос орын қажет. Таратылымды интернеттегі теледидар нұсқаулығының деректерімен жазғыңыз келсе, USB қатты дискісін орнатпас бұрын теледидарға интернет байланысын орнатуыңыз қажет.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз. 3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,  (Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті пішімдеуді бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
16
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген, ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
дискісін пайдаланғыңыз келетін-келмейтіні туралы сұрайды, пайдаланғыңыз келсе, сұрақпен келісесіз. 5 - USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып тұра берсін.
Анықт. ішіндегі нұсқауларды оқу үшін  Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, USB қатты дискісі деп іздеңіз.
Пішімдеу
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады. Егер таратылатын хабарды теледидар нұсқаулығының деректері арқылы интернеттен жазғыңыз келсе, USB қатты дискісін орнатудың алдында интернетке қосылу қажет.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген, ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
USB қатты дискісін пішімдеу… 1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз. 3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,  (Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті пішімдеуді бастайды. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4 - Теледидарда қолданбаларды сақтау үшін USB қатты
17
6
Ресурсты ауыстыру
6.1
Ресурстар тізімі
• Sources (Көздер) мәзірін ашу үшін  SOURCES пернесін басыңыз.
• Қосылған құрылғыға ауысу үшін құрылғыны  (оң жақ) немесе  (сол жақ) көрсеткісінің көмегімен таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Құрылғыға ауыспастан көз мәзірін жабу үшін  SOURCES пернесін қайтадан басыңыз.
6.2
Құрылғының атын өзгерту
• Тек CVBS, YPbPr, HDMI көздерінің атауларын өзгертуге болады немесе құрылғы белгішесін ауыстырыңыз.
(Басты бет) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Жалпы
параметрлер > Кіріс көздері > Көз > Өзгерту
1 - Құрылғы белгішелерінің бірін таңдап, OK түймесін басыңыз, алдын ала орнатылған аты теру жолында көрсетіледі. 2 - Теру жолына жылжу үшін  (жоғары) пернесін, одан кейін OK түймесін басыңыз да, экрандық пернетақтамен жаңа атау енгізіңіз.
- Төменгі регистрмен енгізу үшін  (қызыл) пернесін басыңыз
- Жоғарғы регистрмен енгізу үшін  (жасыл) пернесін басыңыз
- Сан мен таңба енгізу үшін  (сары) пернесін басыңыз
- Таңбаны жою үшін  (көк) пернесін басыңыз 3 - Өзгертуді аяқтағаннан кейін, Дайын опциясын таңдаңыз.
18
7
Антенна және кабельді
Арналар
7.1
Арналар және арналарды ауыстырып қосу туралы
Теледидар арналарын көру
•  түймесін басыңыз. Теледидар соңғы көрген теледидар арнасына реттейді.
•  (Басты бет) > Теледидар > Арналар тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Арналарды ауыстыру үшін  + немесе  - пернесін басыңыз.
• Арна нөмірін білсеңіз, сан пернелерімен нөмірін теріңіз. Арналарды ауыстыру үшін нөмірді енгізген соң OK түймесін басыңыз.
• Алдында реттелген арнаға ауысу үшін BACK түймесін басыңыз.
Арналар тізімінен арнаға ауысу үшін
• Теледидар арнасын көріп отырған кезде арналар тізімдерін ашу үшін  LIST түймесін басыңыз.
• Арналар тізімінде арналардан тұратын бірнеше бет болуы мүмкін. Келесі немесе алдыңғы бетті көру үшін  + немесе  - түймесін басыңыз.
• Арналарды ауыстырмай арналар тізімдерін жабу үшін
LIST (Тізім) түймесін қайта басыңыз.
Арна белгішелері
Арналар тізімін Арнаны автоматты түрде жаңартудан кейін жаңадан табылған арналар  (жұлдыз) түрінде белгіленеді. Арнаны құлыптау үшін, ол  (құлыптау) ретінде белгіленеді.
Радио арналары
Сандық таратылым қолжетімді болса, орнату кезінде сандық радиостанция орнатылады. Радио арнасына теледидар арнасына ұқсас ауысуға болады.
Арналар мен арна параметрлерін қолмен іздеу
Арналарды іздеу Арналарды жаңарту
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды
орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арналарды іздеу
1 - Start now (Қазір іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Жаңа сандық арналарды қосу үшін Арналарды жаңарту опциясын таңдаңыз.
3 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, арналарды жаңарту үшін OK түймесін басыңыз. Бұл бірнеше минут алуы мүмкін.
Жылдам қайта орнату
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды
орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арналарды іздеу
1 - Start now (Қазір іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2 - Барлық арналарды қайтадан әдепкі мәндермен орнату үшін Жылдам қайта орнату опциясын таңдаңыз. 3 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, арналарды жаңарту үшін OK түймесін басыңыз. Бұл бірнеше минут алуы мүмкін.
Күрделі қайта орнату
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды
орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арналарды іздеу
1 - Start now (Қазір іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2 - Әрбір қадамнан өтіп, толық орнатуды орындау үшін Күрделі қайта орнату опциясын таңдаңыз. 3 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, арналарды жаңарту үшін OK түймесін басыңыз. Бұл бірнеше минут алуы мүмкін.
Бұл теледидарда сандық теледидардың DVB стандарты қабылданады. Теледидар толығымен стандартты талаптарға сәйкес емес сандық теледидардың кейбір операторларымен дұрыс істемеуі мүмкін.
7.2
Арнаны орнату
Арна параметрлері
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арналарды іздеу > Күрделі қайта орнату
1 - Start now (Қазір іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2 - Әрбір қадамнан өтіп, толық орнатуды орындау үшін Күрделі қайта орнату опциясын таңдаңыз.
3 - Бастау опциясын таңдап, OKтүймесін басыңыз. 4 - Ағымдағы елді таңдап, OK түймесін басыңыз. 5 - Antenna (DVB-T) (Антенна) немесе Cable (DVB-C)
(Кабель) опциясын таңдап, қайта орнату керек бір элементті таңдаңыз. 6 - Сандық және аналогтық арналар, Тек сандық арналар немесе Тек аналогтық арналар опциясын таңдаңыз. 7 - Орнатулар пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
19
8 - Қайта орнату үшін Reset (Қайта орнату) немесе баптауды аяқтағаннан кейін  Done (Дайын) түймесін басыңыз.
Жиілік б-ша тексеру
Арналарды іздеу әдісін таңдаңыз.
Жылдам: жылдамырақ әдісін таңдап, еліңізде көптеген кабельдік провайдерлер пайдаланатын алдын ала анықталған параметрлерді пайдалануға болады.
Толық: егер бұл ешқандай арналардың орнатылмауын немесе кейбір арналардың жоқ болуын тудырса, кеңейтілген Толық әдісін таңдауға болады. Бұл әдіс арналарды іздеп, орнату үшін шамалы уақыт алады.
Қосымша: Арналарды іздеу үшін нақты желі жиілігінің мәнін алсаңыз, Advanced (Қосымша) опциясын таңдаңыз.
Жиілік қадамының өлшемі
Теледидар арналарды 8 мГц қадамдармен іздейді. Егер бұл ешқандай арналардың орнатылмаса немесе кейбір арналар жоқ болса, 1 мГц шағын қадамдарымен іздеуге болады. 1 МГц қадамдарды пайдалану арналарды іздеп, орнатуға біраз уақыт алады.
Желі жиілігі режимі Арналарды іздеу үшін Жиілік б-ша тексеру ішінде Жылдам әдісін пайдаланғыңыз келсе, Автоматты
опциясын таңдаңыз. Теледидар еліңізде көптеген кабельдік провайдерлер пайдаланатын алдын ала анықталған желі жиілігінің бірін (немесе HC - үй арнасын) пайдаланады. Арналарды іздеу үшін нақты желі жиілігінің мәнін алсаңыз, Қолмен опциясын таңдаңыз.
Арналарды автоматты түрде іздеу
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арнаны автоматты
түрде жаңарту Сандық арналар қабылданған жағдайда, теледидарды
тізімді жаңа арналармен автоматты түрде жаңартатын етіп орнатуға болады.
Болмаса, арнаны жаңартуды өзіңіз бастауға болады.
Арнаны автоматты түрде жаңарту
Бір күні таңғы сағат 6-да теледидар арналарды жаңартып, жаңа арналарды сақтайды. Жаңа арналар барлық арналар ішінде сақталады, бірақ жаңа арналар тізімінде де болады. Бос арналар жойылады. Жаңа арналар табылған уақытта немесе арналар жаңартылса не жойылса, теледидар қосылған кезде хабар көрсетіледі. Арналарды автоматты жаңарту үшін теледидар күту режимінде болуы керек.
Арнаны жаңарту хабары
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Арнаны жаңарту хабары
Жаңа арналар табылған кезде немесе арналар жаңартылса немесе жойылса, теледидар қосылған кезде хабар көрсетіледі. Әр арна жаңартылған соң осы хабардың пайда болуын болдырмау үшін оны өшіруге болады.
Желі жиілігі Желі жиілігі режимі Қолмен мәніне орнатылғанда, осы
жерге кабельдік провайдерден алынған желі жиілігінің мәнін енгізуге болады. Мәнді енгізу үшін сан пернелерін пайдаланыңыз.
Желі белгілеуіші
Кабель провайдері берген желі нөмірін енгізіңіз.
Таңбалық жылдамдық режимі
Егер кабель провайдері теледидар арналарын орнатуға арнайы таңба жылдамдығы мәнін бермесе, Таңбалық жылдамдық режимі параметрін Автоматты күйінде қалдырыңыз. Таңбалық жылдамдық мәнін қабылдасаңыз, Қолмен опциясын таңдаңыз.
Таңбалық жылдамдық Таңбалық жылдамдық режимі параметрін Қолмен күйіне
орнатумен сандық пернелер арқылы таңбалық жылдамдық мәнін енгізуге болады.
Шектеусіз / шифрланған
Теледидар қызметтерін төлеу үшін жазылымыңыз және CAM - шартты кіру модулі болса, Шектеусіз + шифрланған опциясын таңдаңыз. Теледидар арналарына немесе қызметтеріне төлеу үшін жазылмасаңыз, Free channels only
(Тек тегін арналар) опциясын таңдауға болады.
Сандық: қабылдауды тексеру
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Сандық: қабылдауды тексеру
Осы арнаға сандық жиілік көрсетіледі. Егер қабылдау сапасы нашар болса, қабылдауды жақсарту үшін антеннаны басқа жерге қоюыңызға болады. Осы жиіліктің сигнал сапасын қайта тексеру үшін, Іздеу опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Белгілі бір цифрлық жиілікті өз бетіңізше енгізу үшін, қашықтан басқару сандық пернелерін пайдаланыңыз. Оның орнына, жиілікті таңдап, көрсеткілерді  және пернелерімен бір санға қойып, санды  және
пернесімен өзгертіңіз. Жиілікті тексеру үшін Search (Іздеу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Аналогты: Қолмен орнату
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Антеннаны/кабельді орнату > Аналогты: қолмен орнату
Аналогтық телеарналарды бір-бірлеп қолмен орнатуға болады.
20
Жүйе Теледидар жүйесін орнату үшін, Жүйе опциясын таңдаңыз. Еліңізді немесе өзіңіз тұратын дүние бөлігін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Арнаны іздеу Арнаны табу үшін, Арнаны іздеу опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арнаны табу үшін жиілікті енгізуге немесе теледидарда арнаны іздеуге болады. Арнаны автоматты түрде іздеу үшін OK түймесін басып, Search (Іздеу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Табылған арна экранда көрсетіледі, ал қабылдау нашар болса, Іздеу түймесін қайта басыңыз. Арнаны сақтағыңыз келсе, Дайын тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Нақты баптау Арнаны нақты баптау үшін, Нақты баптау опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арнаны  немесе пернелерімен дәл реттеуге болады. Табылған арнаны сақтағыңыз келсе, Дайын тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Сақтау Арнаны ағымдағы арна нөміріне немесе жаңа арна нөмірі ретінде сақтауға болады. Сақтау тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Жаңа арна нөмірі қысқаша түрде көрсетіледі.
Қол жетімді аналогтық телеарналардың барлығын тапқанша осы қадамдарды қайталай беруге болады.
Жерсерік
Жерсерік және Жерсерік параметрлерін іздеңіз
Жерсерік арнасын іздеңіз
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды
орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу Бар арналар тізімін жаңарту
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату> Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Арналарды жаңарту
Барлық арналарды қайта орнату
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Арналарды қайта орнату
• Орнатқыңыз келетін арналар тобын таңдаңыз.
• Жерсерік операторлары тегін арналарды (ашық) жинақтайтын арна бумаларын және елге сәйкес сұрыптауды ұсына алады. Кейбір жерсеріктер жазылым
бумаларын ұсынады - ақша төленетін арналар жиыны.
Жерсерік параметрлері
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Арналарды қайта орнату
1 - From a sorted package (Сұрыпталған бумадан) немесе All channels unsorted (Барлық арналар сұрыпталмаған)
опциясын таңдаңыз.
2 - Орнатулар пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз. 3 - Қайта орнату үшін Reset (Қайта орнату) немесе
баптауды аяқтағаннан кейін  Done (Дайын) түймесін басыңыз.
Байланыс түрі
Орнатқыңыз келетін жерсерік санын таңдаңыз. Теледидар тиісті байланыс түрін автоматты түрде орнатады.
4 жерсерікке дейін - осы теледидарда 4 жерсерікке дейін (4 LNB) орнатуға болады. Орнатудың басында орнатқыңыз келетін жерсеріктердің нақты санын таңдаңыз. Бұл орнатуды жылдамдатады.
Бір кабель - антенна тарелкасын теледидарға қосу үшін Бір кабель жүйесін пайдалануға болады. Орнатуды бастаған кезде 1 немесе 2 жерсерік үшін бір кабель жүйесін таңдауға болады.
LNB параметрлері
Кейбір елдерде бастапқы транспондер мен әрбір LNB параметрлерін реттеуге болады. Қалыпты орнату сәтсіз болған кезде, осы параметрлерді ғана пайдаланыңыз немесе өзгертіңіз. Егер стандартты емес жерсерік жабдық болса, стандартты параметрлерді қабылдамау үшін осы параметрлерді пайдалануға болады. Кейбір провайдерлер осында енгізуге болатын кейбір транспондерді немесе LNB мәндерін беруі мүмкін.
• ТШБ қуаты - әдепкі, ТШБ қуаты Қосу мәніне қойылған.
• 22 кГц үн - әдепкі, үн Авто мәніне қойылған.
• Төмен LO жиілігі / Жоғары LO жиілігі - Жергілікті осциллятор жиіліктері стандартты мәндерге қойылған. Басқа мәндерді қажет ететін ерекше жабдықты пайдаланған жағдайда ғана мәндерді реттеңіз.
Жерсерік қосу немесе жерсерікті жою
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Жерсерік қосу, Жерсерікті жою
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Жерсерік қосу
• Ағымдағы жерсерік орнатуына қосымша жерсерікті
21
қосуға болады. Орнатылған жерсеріктер мен олардың арналары сол күйінде қалады. Кейбір операторлар жерсерік қосуға рұқсат етпейді.
• Қосымша жерсерік қосымша ретінде көрінуі керек, ол сіздің негізгі жерсерік жазылымыңыз немесе арна бумасы пайдаланылатын негізгі жерсерік болып табылмайды. Әдетте, 3 жерсерік орнатылып қойғанда, 4-жерсерікті қосар едіңіз. 4 жерсерік орнатылып қойған болса, жаңа жерсерік қоса алу үшін алдымен біреуін жоюды ұйғаруыңыз мүмкін.
• Қазір тек 1 немесе 2 жерсерік орнатылған болса, ағымдағы орнату параметрлері қосымша жерсерік қосуға рұқсат етпеуі мүмкін. Орнату параметрлерін өзгертуіңіз керек болса, толық жерсерік орнатуын қайта орындауыңыз керек. Параметрлерді өзгерту қажет болса, Жерсерік қосу опциясын пайдалану мүмкін емес.
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату> Жерсерікті орнату > Жерсерік іздеу > Жерсерікті жою
Ағымдағы жерсерік орнатуынан бір немесе бірнеше жерсерікті жоюға болады. Жерсерік пен оның арналарын жоясыз. Кейбір жерсерік операторлары жерсерікті жоюға рұқсат етпейді.
көрсетіледі. Әр арна жаңартылған соң осы хабардың пайда болуын болдырмау үшін оны өшіруге болады.
Автоматты түрде жаңарту опциясы
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Автоматты түрде жаңарту опциясы
Автоматты түрде жаңартқыңыз келмесе, жерсерікті таңдау қанат белгісін алып тастаңыз.
* Тек Жерсерік арналарының тізімі Сұрыпталған бумадан мәніне қойылғанда қолданылады
Қолмен орнату
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Қолмен орнату
Жерсерікті қолмен орнатыңыз.
• LNB - Жаңа арналар қосылатын LNB таңдаңыз.
• Поляризация - қажетті поляризацияны таңдаңыз.
• Берілу жылдамдығы режимі - таңбалық жылдамдықты енгізу үшін (Қолмен) опциясын таңдаңыз.
• Жиілік - транспондер жиілігін енгізіңіз.
• Іздеу - транспондерді іздеңіз.
Арналарды автоматты түрде іздеу
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Арнаны автоматты түрде жаңарту
Сандық арналар қабылданған жағдайда, теледидарды тізімді жаңа арналармен автоматты түрде жаңартатын етіп орнатуға болады.
Болмаса, арнаны жаңартуды өзіңіз бастауға болады.
Арнаны автоматты түрде жаңарту
Бір күні таңғы сағат 6-да теледидар арналарды жаңартып, жаңа арналарды сақтайды. Жаңа арналар барлық арналар ішінде сақталады, бірақ жаңа арналар тізімінде де болады. Бос арналар жойылады. Жаңа арналар табылған уақытта немесе арналар жаңартылса не жойылса, теледидар қосылған кезде хабар көрсетіледі. Арналарды автоматты жаңарту үшін теледидар күту режимінде болуы керек.
* Тек Жерсерік арналарының тізімі Сұрыпталған бумадан мәніне қойылғанда қолданылады
Арнаны жаңарту хабары
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Арнаны жаңарту хабары
Жаңа арналар табылған кезде немесе арналар жаңартылса немесе жойылса, теледидар қосылған кезде хабар
Арна бумалары
(Басты бет) > Орнатулар > Арналарды орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерік арналарының тізімі
Жерсеріктер тегін арналарды (ашық) жинақтайтын арна бумаларын және елге сәйкес сұрыптауды ұсына алады. Кейбір жерсеріктер жазылым бумаларын ұсынады - ақша төленетін арналар жиыны.
Тек бумадағы арналарды орнату үшін Сұрыпталған бумадан опциясын немесе бума мен басқа да барлық қолжетімді арналарды орнату үшін Барлық арналар сұрыпталмаған опциясын таңдаңыз. Жазылым бумаларын жылдам орнатуға кеңес беріледі. Жазылым бумасынан тыс қосымша жерсеріктеріңіз болса, толық орнату ұсынылады. Барлық орнатылған арналар арналар тізіміне қойылады.
Жерсерік CAM модульдері
Жерсерік арналарын көру үшін CAM – смарт картасы бар шартты кіру модулін – пайдалансаңыз, теледидарға енгізілген CAM арқылы жерсерікті орнатуға кеңес береміз.
Кейбір CAM модульдері арналардың шифрын алу үшін пайдаланылады.
CAM модульдері (CI+ 1.3 оператор профилімен) теледидардағы барлық жерсерік арналарын өздері орната
22
Loading...
+ 49 hidden pages