Österreich0800 180 016
België/Belgique80080190
България00800 11 544 24
Hrvatska01 6403 776Lokalni poziv
Česká republika800142840Bezplatný hovor
Danmark3525 8759Lokalt opkald
Estonia6008600kohalik kõne tariifi
Suomi09 2311 3415paikallispuhelu
France0805 025 510numéro sans frais
Deutschland0800 000 7520gebührenfreier Anruf
Ελλάδα0 0800 3122 1280Κλήση χωρίς χρέωση
Magyarország0680018189Ingyenes hívás
Hrvatska0800 222778free
Ireland01 601 1777
Italia800 088774Numero Verde
Қазақстан +7 727 250 66 17local
Latvia52737691local
Lithuania67228896local
Luxemburg/Luxembourg 40 6661 5644Ortsgespräch/Appel local
Nederland0800 0230076Gratis nummer
Norge22 70 81 11Lokalsamtale
Polska00800-311-13-18Pozosta?e produkty RTV oraz AGD
Portugal800 780 903 Chamada Grátis
România0800-894910
0318107125
Apel gratuit
Apel local
Россия(495) 961-11110.15 USD/minute
Србија+381 114 440 841Lokalni poziv
Slovensko0800 004537Bezplatný hovor
Slovenija00386 12 80 95 00lokalni klic
España900 800 655Teléfono local gratuito solamente para
clientes en España
Sverige08 5792 9100Lokalsamtal
Suisse/Schweiz/Svizzera0800 002 050Schweizer Festnetztarif/ Tarif réseau fixe
France
Türkiye0800 261 3302Şehiriçi arama
United KingdomGeneral No: 0800 331 6015
General National Rate No:
0870 911 0036
free
National rate
Україна0-800-500-697
This information is correct at the time of press. For updated information, see www.philips.com/support.
Қазақ
Мазмұндар кестесі
1Теледидарды пайдалану 4
Теледидарды шолу 4
Маңызды 9
Теледидарды орналастыру 13
Ӛнім ерекшеліктері 15
Қосымша ақпарат алу 16
2 Теледидарды пайдалану17
Шолу 17
Бүйір басқару элементтері мен
индикаторлар 17
Қашықтықтан басқару пульті 17
Негізгі теледидар мәзірлері 20
ТД кӛру 22
Жалғанған құрылғыны кӛру 24
Ambilight режимін пайдалану 25
3Теледидардың қосымша
мүмкіндіктерін пайдалану 27
Телемәтінді пайдалану 27
Таңдаулы арналар 28
EPG пайдалану 28
Таймерлерді және құлыптарды
пайдалану 29
Субтитрлерді пайдалану 30
Мультимедиаға қол жеткізу 30
Scenea пайдалану 32
Әмбебап қол жеткізу 32
4 Теледидарды орнату34
Сурет пен дыбыс параметрлерін
ӛзгерту 34
Арналар параметрлерін ӛзгерту 36
Арналарды орнату 37
Тіл параметрлерін ӛзгерту 39
Басқа параметрлерді ӛзгерту 40
Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту 41
Теледидарды қайта орнату 43
5 Теледидарды қосу44
Бірінші қосылымдар 44
Кабельдер туралы 44
Теледидар ұяларына жалпы шолу 46
Құрылғылар жалғау 48
Қосымша құрылғыларды қосу 54
Philips EasyLink режимін пайдалану 57
CAM модулін пайдалану 60
6 Ақаулықтарды жою62
Бізбен байланысыңыз 62
Теледидардың негізгі ақаулары 62
Теледидар арналарына қатысты
мәселелер 62
Сурет ақаулары 63
Дыбыс ақаулары 63
HDMI қосылымының ақаулары 64
USB қосылымының ақаулары 64
PC қосылымының ақаулары 64
7 Техникалық мәліметтер65
Шолу 65
Қуат және қабылдау 65
Дисплей және дыбыс 65
Экран ажыратымдылығы 65
Мультимедиа 66
Байланыс мүмкіндігі 66
Мӛлшері 67
8 Индекс68
KK 3
1 Теледидарды
пайдалану
Теледидарды шолу
Қашықтықтан басқару пульті
Негізгі мәзірін ашу немесе жабу үшін.
Негізгі мәзірі жалғаулы құрылғыларға,
сурет пен дыбыс параметрлеріне және
басқа пайдалы мүмкіндіктерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін.
Теледидар арналарын ауыстыру үшін.
KK 4
Шолу мәзірін ашу немесе жабу үшін.
Шолу мәзірінде, телемәтінді, арналар
тізімін немесе теледидар
бағдарламаларының нұсқаулығын ашуға
болады.
Қазақ
Опциялар мәзірін ашу немесе жабу
үшін.
Опциялар мәзірі экранда кӛрсетілетінге
қатысты ыңғайлы параметрлерді ұсынады.
Тәжірибе мәзірін ашу немесе жабу
үшін.
Тәжірибе мәзірінде жиі қолданылатын
параметрлерге қол жеткізуге болады.
Артқа .
Алдыңғы теледидар арнасына немесе
мәзірге оралу үшін.
Қызыл
Қызыл опциясын таңдау үшін сандық
Интерактивті теледидар қызметтерін
қосыңыз немесе теледидар
демонстрациясы клиптерін қарау үшін.
KK 5
Жасыл
Жасыл опцияны немесе жаңғырық
параметрлерін таңдау үшін.
Сары
Сары опцияны немесе Анықтама мәзірін
таңдау үшін.
Кӛк
Кӛк опцияны таңдау немесе Виджеттер
параметрін ашу үшін.
Қашықтықтан басқару пульті туралы
қосымша ақпаратты
Анықтама>Теледидарды
пайдалану>Қашықтықтан басқару
пульті>Шолу (Бет 17) тармағынан оқыңыз.
Сонымен бірге, жауапты Іздеу бетінде
табуға болады.
Келесі теледидарды шолу параметрін
таңдау үшін түймесін басыңыз.
Теледидар мәзірлері
KK 6
Қазақ
Жиі қолданылатын мәзірлер туралы
толығырақ мәлімет алайық.
Негізгі мәзірі
Шолу мәзірі
Опциялар мәзірі
Тәжірибе мәзірі
Негізгі мәзірінде теледидар арнасын,
жалғанған DVD ойнатқышынан немесе
USB арқылы алынған фильмдерді кӛру үшін
таңдауға болады.
Шолу мәзірінде телемәтін, теледидар
арналарының тізімін немесе электронды
бағдарлама нұсқаулығын (ЭБН) ашуға
болады.
Ескертпе: ЭБН барлық елдерде
қолжетімді емес.
Опциялар мәзірінде экранда
кӛрсетілетінге қатысты параметрлерді
таңдауға болады.
Мысалы, арнаны кӛріп жатқанда, оны
таңдаулы деп белгілеуіңізге болады.
Не болмаса, DVD фильмін кӛріп жатқанда,
DVD дискісі мәзіріне ӛте аласыз.
KK 7
Тәжірибе мәзірінде , Ambilight, сурет
және дыбыс параметрлерін жылдам
реттеуге болады.
Мысалы, зерделі сурет параметрін
фильмдерге, ойындарға немесе музыкаға
таңдауға болады.
Немесе теледидар динамиктерінің
кӛлемді параметрін ӛзгертуге болады.
Жауапты Іздеу бетінде таба аласыз...
Келесі теледидарды шолу параметрін
таңдау үшін түймесін басыңыз.
Құрылғылар жалғау
DVD, Blu-ray дискісінің ойнатқышын
немесе ойын консолін HDMI арқылы
жалғаңыз.
HDMI байланысы ең жақсы сурет және
дыбыс сапасын береді.
Егер HDMI немесе EasyLink (HDMI-CEC)
үйлесімді құрылғыны теледидарға
жалғасаңыз, оған Негізгі мәзірі арқылы
бірден қосыла аласыз. түймесін басып,
құрылғыны таңдаңыз.
EasyLink туралы қосымша ақпаратты
Анықтама>Теледидарды жалғау>Philips
EasyLink қосылымын пайдалану (Бет 57)
тармағынан кӛруге болады.
Егер құрылғыны EXT1 немесе HDMI
қосылымынан басқа қосылымға
жалғасаңыз, оны Негізгі мәзіріне қолмен
орнатуыңыз керек. >[Құрылғы қосу]
түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Қосымша ақпаратты Анықтама >
Теледидарды пайдалану> Теледидар
мәзірлері> Құрылғыларды қосу (Бет 21)
тармағынан кӛруге болады.
KK 8
Қазақ
Анықтама>Теледидарды жалғау (Бет 44) тармағында жиі қолданылатын құрылғыларды
жалғауды суреттер арқылы үйренуге болады, мысалы:
Айқындығы жоғары теледидар
Айқындығы жоғары бағдарламаларын
айқындығы жоғары бейне сапасында кӛре
аласыз.
Егер айқындығы жоғары емес
бағдарламаларды кӛрсеңіз, бейне сапасы
жай теледидардағыдай болады.
Айқындығы жоғары видео материалдарды
мына жерден кӛре аласыз:
HDMI кабеліне қосылған, Blu-ray
дискін ойнататын Blu-ray диск
ойнатқышы
HDMI кабеліне қосылған, DVD
Айқындығы жоғары бейне клипі
Айқындығы жоғары теледидардың тамаша
айқындылығын және бейне сапасын кӛру
үшін, Негізгі мәзірінен айқындығы жоғары
бейне клипті кӛруге болады. >[Реттеу]
> [Кӛрсетілімдерді кӛру] түймелерін
басыңыз (орнату мәзірінің екінші бетінде).
Қосымша ақпарат алу үшін, дилермен
хабарласыңыз.
Еліңіздегі HD арналарының немесе
провайдерлердің тізімі бар жиі қойылатын
сұрақтарды кӛру үшін,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз.
ойнататын жоғары сапалы DVD
ойнатқышы
әуе арқылы айқындығы жоғары хабар
таратқыш (DVB-T MPEG4)
кабельдік немесе спутниктік
теледидар операторын ойнататын,
HDMI кабелі арқылы жалғанатын
айқындығы жоғары телесигналдар
қабылдағышы
DVB-C желісіндегі айқындығы жоғары
арна
айқындығы жоғары ойын жүйесі бар
HDMI кабелі арқылы жалғанатын
айқындығы жоғары ойын консолі
(мысалы, X-box 360 немесе
PlayStation 3).
Маңызды
Құттықтаймыз
NonPublish
Сатып алғаныңыз құтты болсын және
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін
теледидарыңызды
(http://www.philips.com/welcome) сайтында
тіркеңіз.
Қауіпсіздік
NonPublish
Теледидарды пайдаланардың алдында
барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Егер нұсқауларды сақтамаудан зақым
келсе, кепілдік қолданылмайды.
KK 9
Электр есеңгіреуі немесе ӛрт қауіпі!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына ваза
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды
қоймаңыз. Егер сұйықтық теледидардың
үстіне немесе ішіне тӛгілсе, теледидарды
қуат кӛзінен бірден ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбастан бұрын оны
тексеріп алу үшін Philips Тұтынушыларға
Қызмет Кӛрсету Орталығына
хабарласыңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Теледидар топсаға орнатылғанда,
қуат сымына күш түсіп тұрмағанына
кӛз жеткізіңіз. Тоқ сымындағы
дәнектер байланысты нашарлатуы
және күюіне себеп болуы мүмкін.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу кӛздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Ӛрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Қысқа жүйе немесе ӛрт қауіпі!
Қашықтықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым кӛп қызулы жерлерге
шығармаңыз.
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Бос тағылған қуат
розеткасы күюге немесе ӛртке себеп
болуы мүмкін.
Телевизорға зақым келу қауіпі!
Салмағы 25 кг (55 фунт) артық
телевизорды кӛтеру үшін екі адам
қажет.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. Koninklijke
Philips Electronics N.V. қабырғаға
дұрыс орнатылмау салдарынан
апатқа, адамның жарақаттануына
немесе зақымдануға жауапкершілік
артпайды.
Теледидарды ток кӛзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
кӛз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
кӛзіне қоспаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бӛлігі
орнатқан жердің шетінен шығып
тұрмағанына кӛз жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.
KK 10
Қазақ
Бу шығарушының қатты қызып кету
қауіпі!
Ешқашан теледидарды тар жерге
орнатпаңыз. Әрқашанда
теледидардың желдетілуіне
айналасынан кемінде 10
сантиметрдей бос орын қалдырыңыз.
Теледидардың желдеткіш тесіктерін
перделердің немесе басқа заттардың
жауып қалмауын қадағалаңыз.
Тоқ сымының зақымдану немесе ӛртену
қауіпі!
Ешқашан теледидарды немесе басқа
заттарды электр шнурының үстіне
қоймаңыз.
Теледидардың электр шнурын ток
кӛзінен оңай ажырату үшін электр
шнурына барлық уақытта қолыңыздың
жететініне кӛз жеткізіңіз.
Электр шнурын ажыратқанда,
ешқашан кабелінен емес, әрдайым
ашасынан тартып суырыңыз.
Найзағай алдында теледидарды қуат
кӛзінен және антеннадан ажыратып
қойыңыз. Найзағай кезінде
теледидардың кез келген бӛлігіне,
қуат сымына немесе антенна кабеліне
тиіспеңіз.
Есту қабілеті зақымдану қауіпі!
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде
немесе ұзақ уақыт пайдаланудан
сақтаныңыз.
Тӛмен температуралар
Егер теледидар 5°C/41°F-тан тӛмен
температураларда тасымалданса, оны қуат
кӛзіне жалғамай тұрып, орауышынан
шығарып, теледидардың температурасы
бӛлме температурасымен сәйкес
келгенше күтіңіз.
Экран күту
NonPublish
Теледидардың экранына зақым келу
қаупі бар! Ешқашанда экранды
ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нысанмен қрмаңыз.
Тазалау алдында теледидардың
шнурын ажыратыңыз.
Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Ешқашан алкоголь, химиялық заттар
немесе тұрмыстық тазалағыштар
сияқты заттарды теледидарға
пайдаланбаңыз.
Пішінінің бұзылуын және түсінің
оңуын болдырмау үшін, мүмкіндігінше
су тамшыларын тез сүртіп алып
тұрыңыз.
Мүмкіндігінше негізгі суреттерді
қолданбаңыз. Негізгі суреттер
дегеніміз экран бетінде ұзақ уақытқа
дейін қалып қоятын суреттер.
Қозғалыссыз кескіндерге мәзірлер,
қара жолақтар, уақыт дисплейлері,
т.б. жатады. Егер қозғалыссыз
кескіндерді пайдалану керек болса,
экран зақымданбау үшін экран
контрасты мен жарықтығын
азайтыңыз.
Пайдалануды аяқтау
NonPublish
Бұйымыңыз басқа мақсатқа және қайта
қолдануға мүмкін жоғары сапалы
материалдармен және бӛлшектермен
әзірленіп жасалған.
Бұйымдағы сызылған дӛңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі кӛрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтыру жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.
KK 11
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды ӛтінеміз. Ескі
бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС
Еуропалық Жарғыға сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға
болатын батарея бар, оны кәдімгі
тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға
болмайды. Батареяларды қоқысқа лақтыру
жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру
ережелерін сақтау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына кӛрсететін кері
әсерлерден сақтайды.
Климаттық жұмыстар
NonPublish
Бұл теледидар қоршаған ортаны қорғау
қасиеттері үшін Еуропа одағының
Экотаңбасымен марапатталған.
Экотаңбасымен марапатталған
теледидардың қуатты тиімді пайдалануға
септігін тигізетін мүмкіндіктері бар.
Теледидар кӛре отырып, қуатты үнемдеу
параметрлерін қосу үшін, қашықтықта
басқару пультіндегі жасыл түймені
басыңыз.
Қуатты тиімді пайдалану параметрлері
мыналардан тұрады:
Қуатты үнемдеу бейне параметрлері:
қуатты тұтынуды азайтатын бейне
параметрлерінің тіркесін қолдану
үшін, жасыл түймені басып, [Қуат үнемдеу] смарт параметрін
таңдаңыз.
Сыртқы жарықты қабылдағыш:
Энергияны үнемдеу үшін іштей
орнатылған Сыртқы жарықты
қабылдағыш қараңғы түскенде
теледидар экранының жарықтығын
азайтады.
Экранды ӛшіру: Теледидардың
дисплейін ӛшіреді. Дыбыс және басқа
функциялары қалыпты жағдайда
жұмыс істей береді. Экранды «ӛшіру»
егер сіз теледидардан тек аудио
тыңдағыңыз келген жағдайда қуатты
үнемдейді.
Қосымша ақпаратты Теледидарды орнату
> Басқа параметрлерді ауыстыру>Қуатты
тиімді пайдалану параметрлері (Бет 40)
тармағынан кӛруге болады.
Іштей орнатылған қуатты тиімді
пайдалану параметрлері
Күту режиміндегі қуатты аз
мӛлшерде тұтыну: Топ жаратын
және жоғары дамыған қуат
схемалары теледидардың қуатты
тұтыну дәрежесін ӛте тӛмен шегіне
түсіріп, ал Күту режимінде
орындалатын үздіксіз қызметтерге
мүлдем шығынданбайды.
Арнаулы қуат қосқышы: Құрылғының
тӛменгі бӛлігінде орналасқан арнаулы
қуат қосқышы арқылы толығымен
теледидарыңыздың қуатын ӛшіреді.
Алдыңғы қатардағы қуатты басқару:
Теледидардың алдыңғы қатардағы
қуатты басқару оның ӛз энергиясын
тиімді пайдалануына кепілдік береді.
Теледидарыңыздың жекеленген
параметрлері теледидардың қуат
тұтыну кӛлеміне қалай әсер ететінін
кӛру үшін, түймесін басып,
[Реттеу] > [Кӛрсетілімдерді кӛру] >
[Active Control] параметрін
таңдаңыз.
KK 12
Қазақ
Біз ӛзіміздің жаңашыл ӛнімдеріміздің
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін
тӛмендетумен үнемі айналысамыз. Біз
ӛндіру, зиянды заттарды азайту, қуатты
үнемдеп тұтыну, пайдаланудан кейінгі
нұсқауларды орындау және ӛнімді қайта
ӛңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғауға
бар күш-жігерімізді саламыз.
Компанияның қоршаған ортаны қорғау
жұмысына ат салысқаны үшін бұл
теледидар Еуропалық экотаңбамен
марапатталды.
Осы теледидардың күту режиміндегі
энергияны тұтыну, кепілдік міндеттемесі,
қосымша бӛлшектері және қайта ӛңдеу
жӛнінде толық ақпаратты Philips
компаниясының сіздің мемлекетіңізге
арналған (http://www.philips.com/)
вебсайтынан кӛріңіз.
Пайдаланғаннан кейінгі нұсқаулықтар
туралы ақпарат
Теледидар мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау туралы ақпарат алу үшін
Жұмысты бастау > Маңызды >
Пайдаланғаннан кейін (Бет 11) тармағын
қараңыз.
Kensington құлпын пайдалану
NonPublish
Теледидар тӛменгі жағында орналасқан
Kensington қауіпсіздік ұясымен
жабдықталған.
Теледидарды қорғау үшін Kensington
ұрлыққа қарсы құлпын (жинаққа кірмейді)
сатып алыңыз.
Теледидарды орналастыру
Қабырғаға орнату
NonPublish
Теледидарды орнату үшін тиісті орнату
жинағын сатып алыңыз. Теледидар
экранының ӛлшемін тексеріп, сатып алу
үшін тӛменде берілген қабырғаға орнату
түрлері тізімімен салыстырыңыз:
81 см / 32 дюйм: 200 мм x 200 мм, M6
81 см / 32 дюйм: 200 мм x 300 мм, M6
(тек PFL6605 үлгісі)
94 см / 37 дюйм: 300 мм x 200 мм, M6
102 см / 40 дюйм: 200 мм x 200 мм, M6
107 см / 42 дюйм: 300 мм x 200 мм, M6
117 см / 46 дюйм: 300 мм x 300 мм, M8
132 см / 52 дюйм: 300 мм x 300 мм, M8
Ескерту: теледидар тіреуішімен бірге
берілген нұсқаулардың барлығын
орындаңыз. Koninklijke Philips Electronics
N.V. қабырғаға дұрыс орнатылмау
салдарынан орын алатын апатқа,
адамның жарақаттануына немесе
зақымдануға жауапкершілік артпайды.
Кабельдер мен қосқыштарға зақым
келтіріп алмау үшін, теледидардың
артынан кемінде 5,5 см (2,2 дюйм) ашық
орын қалдыру қажет.
32 және 40 дюйм теледидарлар (тек
PFL6605 үлгісі):
KK 13
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын,
бұранданың нақты ұзындығын жазып
алыңыз.
Бұранда ұзындығын анықтау үшін, қабырға
бекітпесінің қалыңдығын графикте
ұсынылған бұранда ұзындығына қосыңыз.
32 және 40 дюймдік теледидарлар үшін:
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын,
бұранданың нақты ұзындығын жазып
алыңыз. Бұранда ұзындығын анықтау үшін,
қабырға бекітпесінің қалыңдығын графикте
ұсынылған бұранда ұзындығына қосыңыз.
37 және 42 дюймдік теледидарлар үшін:
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын,
бұранданың нақты ұзындығын жазып
алыңыз. Бұранда ұзындығын анықтау үшін,
қабырға бекітпесінің қалыңдығын графикте
ұсынылған бұранда ұзындығына қосыңыз.
46 және 52 дюймдік теледидарлар үшін:
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын,
бұранданың нақты ұзындығын жазып
алыңыз. Бұранда ұзындығын анықтау үшін,
қабырға бекітпесінің қалыңдығын графикте
ұсынылған бұранда ұзындығына қосыңыз.
KK 14
Орналастыру
NonPublish
Теледидарды орнатудан бұрын,
сақтық шаралардың барлығын
оқыңыз. Жұмысты бастау >
Маңызды > Қауіпсіздік (Бет 9)
тармағын қараңыз.
Теледидарды экранына жарық
тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
Қазақ
Теледидарды дұрыс кӛрудің
арақашықтығы экранның диагональ
ӛлшемінен үш есе артық болу керек.
Мысалы, теледидар экранының
қиғашынан ӛлшемі 116 см/46"
болса,теледидар кӛрудің ең ыңғайлы
қашықтығы - экран алдынан шамамен
3,5 м/138" болады.
Отырған кезде кӛздеріңіз экранның
ортасымен бір деңгейде болуы керек.
Ӛнім ерекшеліктері
Full HD сұйық кристалды дисплей (СКД)
Бұл теледидар HD 1920x1080 - сигнал
кӛздерінің ең жоғарғы ажыратымдылығы
бар Full High Definition (HD) дисплейімен
жабдықталған.
Бұл дисплей жарықтығы оңтайлы және
түстері керемет тұнық прогрессивтік
сканер кескінін ұсынады.
Диплейдің ЖД артқы шамы* айрықша
қуат үнемдеу мен ерекше сурет
контрастын ұсынады.
*Ескерту: Кейбір үлгілер тек EEFL (Сыртқы
электродтары бар флуоресцентті шам)
артқы шам дисплейімен жабдықталған.
Ӛнім туралы қосымша ақпарат алу үшін
(http://www.philips.com/support) сайтын
кӛріңіз.
Айқындығы жоғары мазмұнды пайдалану
үшін алдымен айқындығы жоғары ресурсқа
қосылуыңыз керек, әйтпесе кескін сапасы
жай теледидардікіндей болады. Get
started > Enjoy HD TV > Full HD content
(«Жұмысты бастау > HD теледидарын
пайдалану > Full HD мазмұны») бӛлімін
қараңыз.
Ambilight
NonPublish
Ambilight —теледидардың артқы жағынан
қабырғаға берілетін жарық технологиясы.
Бұл жаңа технология автоматты түрде
теледидардағы бейнеге жарықтың түсі
мен жарықтығын сәйкестендіреді.
Бұл кӛріністі жетілдіріп, қайталанбас әсер
береді. Сондай-ақ, жарық кӛздің талуын
тӛмендетіп, рахаттанып кӛруге мүмкіндік
береді.
Теледидарды пайдалану > Ambilight
режимін пайдалану бӛлімін қараңыз.
Сандық теледидар
NonPublish
Аналогты телехабарлармен қатар,
теледидар сандық жер (DVB-T)
телесигналдарды қабылдай алады.
Сонымен қатар, тиісті жерлерде,
теледидар сандық кабельді (DVB-C),
сандық спутникті (DVB-S: Барлық модельдерде болмайды) және сандық
радиосигналдарды қабылдай алады.
DVB — тиімді сурет және дыбыс сапасын
қамтамасыз ететін сандық бейне хабар
тарату жүйесі. Кейбір сандық таратушы
станцияларында бірнеше аудио (сӛйлеу)
және/немесе телемәтін тілдері болады.
Электрондық бағдарлама таңдағышы
Электрондық бағдарлама таңдағышы
(ЭБТ) — сандық арналар үшін қолдануға
болатын экрандық таңдағыш. EPG
тӛмендегілерді орындауға мүмкіндік
береді:
Хабар таратып тұрған сандық
бағдарламалар тізімін кӛру
Келетін бағдарламаларды кӛру
Бағдарламаларды жанр бойынша
топтастыру
Бағдарламалар іске қосылғанда еске
салуларды орнату
Қалаған EPG арналарын орнату
Ескертпелер:
EPG барлық елдерде қолжетімді
емес.
ЭБТ туралы қосымша ақпаратты Use
more of your TV > Use EPG (Бет 28)
(«Теледидардың қосымша
мүмкіндіктерін пайдалану > ЭБТ
пайдалану») бӛлімінен қараңыз.
KK 15
Мультимедиа
NonPublish
Ӛз мультимедиалық файлдарыңызды
(фотосуреттер, әуен, бейнелер т.б.)
теледидардың жанындағы USB ұясына
қосу арқылы кӛріңіз немесе ойнатыңыз.
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > Мультимедиаға қол жеткізу
(Бет 30) бӛлімін қараңыз.
Қосымша ақпарат алу
Экрандағы
NonPublish
Экрандық пайдаланушы нұсқаулығын оқып
отырсыз. Нұсқаулықтың құрамында осы
теледидарды орнатып, пайдалануға
қажетті толық ақпарат бар.
Бастапқы мәзірдегі [Нұсқаулық]
параметрін таңдап, пайдаланушы
нұсқаулығына ӛтуге болады.
Нұсқауларды орындамас бұрын, қашықтан
басқару құралындағы түймесін басып,
пайдаланушы нұсқаулығын уақытша жаба
тұрыңыз. Негізгі мәзірде [Нұсқаулық]
тармағын таңдап, пайдаланушы
нұсқаулығындағы сол бетті ашыңыз.
Интернетте
NonPublish
Интернетте осы нұсқаулықтың басып
шығаруға дайын PDF нұсқасы бар. Оның
құрамында соңғы ақпарат пен осы
экрандық нұсқаулықта кӛрсетілмейтін
мүмкіндіктердің егжей-тегжейлі
түсіндірмесі бар.
PDF құжатын, сондай-ақ ӛнімнің басқа
ақпаратын, оның ішінде жиі қойылатын
сұрақтар және аппараттық құралдардың
жаңартуларын
(http://www.philips.com/support) торабынан
алуға болады.
KK 16
Қазақ
2 Теледидарды
пайдалану
Шолу
Бұл бӛлім жиі пайдаланылатын
теледидардың басқару элементтері мен
функцияларын шолуға мүмкіндік береді.
Бүйір басқару элементтері
мен индикаторлар
1. +/-: Дыбыс деңгейін күшейтеді
немесе азайтады. Негізгі мәзірінде бұл
түймелер кӛлденең жылжуға мүмкіндік
береді.
2. (Бастапқы): Негізгі мәзіріне ӛтеді.
Негізгі мәзірінде кез келген әрекетті іске
қосу үшін қайта басыңыз.
3. P/CH +/-: немесе алдыңғы арнаға
ауысады. Негізгі мәзірінде бұл түймелер
тік жылжуға мүмкіндік береді.
4. (Ambilight): Ambilight режимін
қосады немесе ӛшіреді. Теледидар күту
режимінде тұрғанда, бӛлме жарығын
қосады немесе ӛшіреді. Тек белгілі бір
модельдерде орнатылған.
5. Қуат: Теледидарды қосады (' | ') немесе
ӛшіреді (' o ').
1. Күту режимі кӛрсеткіші / қашықтықтан
басқару пультінің сенсоры.
Қашықтықтан басқару
пульті
Шолу
NonPublish
KK 17
1. (Күту режимі): теледидар қосылған
болса, күту режиміне ауыстырады. Ӛнім
күту режимінде болса, оны қосады.
2. (Бастапқы): бастапқы мәзірге ӛтеді.
3. (Шолу): теледидар арналарының
тізімін, электрондық бағдарлама
таңдағышын және телемәтінді таңдау үшін
шолу мәзіріне ӛтеді.
5.(Алдыңғы/келесі): арналарды
ауыстырады. Бұған қоса, мәзірдің
беттерінен, әндерден, альбомдардан
немесе қалталардан аттап ӛтеді.
6.OK: Енгізілгенді немесе таңдауды
растайды.
7. (Тәжірибе): жолақ мәзіріне ӛтеді.
8. (Опциялар): ағымдағы әрекет
немесе таңдаудың опцияларына ӛтеді.
9.+/- (Дауысы) және (Дауыссыз):
дыбыс деңгейін күшейтеді немесе
азайтады; дыбысты ӛшіреді немесе
қалпына келтіреді.
10.Түрлі түсті түймелер: Тапсырмаларды
не опцияларды таңдайды. MHEG
режимінде қолданылмайды.
11.0-9 (Санды түймелер):Арнаны немесе
параметрді таңдайды.
12. (Сурет форматы): Сурет пішімін
таңдайды.
13. (Тақырыпша): *Субтитрлерді
қосады немесе ӛшіреді.
14. (Арты): *Алдыңғы мәзір экранына
қайтады. Теледидарды қайта кӛру үшін
басып тұрыңыз.
МHEG режимінде қолданылмайды.
KK 18
Қазақ
Батареялар
NonPublish
Батареяларды (AAA-LR03-1,5 В түрі) салу
үшін қашықтан басқару пультінің
артындағы батарея қақпағын ашыңыз.
Батареялардың «+» және «-» ұштарының
дұрыс тұрғанын тексеріңіз (ішінде «+»
және «-» деп белгіленген).
Қашықтан басқару пультін ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып
алыңыз. Батареяларды пайдаланып
болғаннан кейінгі тастау ережелеріне сай
тастаңыз. Жұмысты бастау > Маңызды > Пайдаланғаннан кейін (Бет 11) бӛлімін
оқыңыз.
Ескертпе: Батарея бӛлімінің орналасқан
жері кейбір құрылғыларда келесі түрде
болуы мүмкін:
Пайдалану
NonPublish
Қашықтан басқару пультін пайдаланғанда
оны теледидарға жақын ұстап, оны
қашықтан басқару пультінің сенсорына
қаратыңыз.
Теледидар мен қашықтан басқару пульті
арасында жиһаз, қабырға не басқа
нысандармен кедергі жасалмайтынына кӛз
жеткізіңіз. Келесі кескін тек мысал үшін
ғана, сіздің теледидарыңызда қашықтан
басқару сенсорының орналасуы басқа
болуы мүмкін:
KK 19
Экрандағы қашықтан басқару пульті
NonPublish
Ескертпе: егер жалғанған құрылғы
HDMI-CEC үйлесімді болса ғана, қол
жетімді.
Жиі қолданылатын функцияларға оңай
ӛтуге мүмкіндік беретін экрандағы
қашықтықтан басқару пульті (OSRC) бар.
Экрандағы түймелердің қолжетімдігі
теледидар параметріне және жалғанған
HDMI-CEC құрылғысының мүмкіндігіне
қарай ӛзгереді.
ЭҚБП мүмкіндігіне ӛту
1.Теледидар немесе жалғанған
құрылғыдан бейне кӛріп отырғанда,
түймесін басыңыз.
2.[Құрылғы түймелерін
кӛрсету]параметрін таңдап,
түймесін басыңыз.OK3. Экрандағы
түймені таңдау және пайдалану үшін
Жылжу түймелеріжәне OKтүймелерін
пайдаланыңыз.
Негізгі теледидар
мәзірлері
Бастапқы
NonPublish
Негізгі мәзір жалғаулы құрылғыларға, сурет
пен дыбыс параметрлеріне және басқа
пайдалы мүмкіндіктерге оңай қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
1. түймесін басыңыз.
2. Негізгі мәзірден бір тармақты таңдап,
мәзірге қол жеткізу үшін, OK түймесін
басыңыз.
3. Негізгі мәзірден шығу үшін, немесе
түймесін басыңыз.
Әрекетті бастау үшін Жылжу түймелері
кӛмегімен қажетті элементті таңдап, OK
түймесін басыңыз:
[Нұсқаулық]: электрондық
пайдаланушы нұсқаулығына ӛтеді.
[Теледидар кӛру]: Басқа кӛз
таңдалған жағдайда, антенна кӛзіне
қайта ауысады.
[USB шолу]: USB құрылғысы қосылған
болса, мазмұн браузеріне ӛтеді.
[Scenea]: Scenea тұсқағазына ауысады.
[Құрылғы қосу]: жаңа құрылғыларды
бастапқы мәзірге қосады. Жаңа
құрылғыға ӛту үшін бастапқы мәзірде
оны қосу қажет екенін ұмытпаңыз.
[Реттеу]: сурет, дыбыс және
теледидардың басқа параметрлерін
ӛзгертуге мүмкіндік беретін
мәзірлерге ӛтеді.
Шолу
NonPublish
Шолу мәзірі келесі мүмкіндіктерде жеңіл
ӛтуге мүмкіндік береді:
Электрондық бағдарлама таңдағышы
Теледидар арналарының тізімі
телемәтін
Шолу мәзіріне ӛту үшін теледидарды
кӛріп жатқанда түймесін басыңыз.
1. Элементті таңдау үшін Жылжу түймелері түймесін басыңыз:
[Бағдарлама нұсқаулығы]:
электрондық бағдарлама
таңдағышына ӛтеді.
[Арна тізімі]: теледидар арналарының
тізіміне ӛтеді.
[Телемәтін]: телемәтінге ӛтеді.
2. Таңдауыңызды растау үшін OK түймесін
басыңыз.
KK 20
Қазақ
Тәжірибе
Жиі қолданылатын параметрлерді
қамтамасыз ететін жолақ мәзірін
пайдалану үшін түймесін басыңыз.
Жолақ мәзірі келесі функцияларға оңай
ӛтуге мүмкіндік береді:
[Сурет форматы]: сурет пішімін
ӛзгертеді.
[Зерделі сурет]: жиі қолданылатын
сурет параметрлері.
[Зерделі дыбыс]: жиі қолданылатын
дыбыс параметрлері.
[Дауыс зорайтқыш]: Philips EasyLink
үшін теледидар динамиктерін
реттейді.
[Сурет ӛзгерісі]: сурет орнын
реттейді.
Каналдар тізімі
NonPublish
Арналар тізімі теледидарда орнатылған
арналарды және ықтимал радио
станцияларын кӛрсетеді.
1. Теледидарды кӛріп отырғанда,
түймесін басыңыз.
2.[Арна тізімі]параметрін таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Арнаны таңдап, одан кейін арнаға ӛту
үшін OK түймесін басыңыз.
4. Арнаны ӛзгертпестен арналар тізімінен
шығу үшін түймесін басыңыз.
Құрылғыларыңызды қосу
NonPublish
Теледидарға бір құрылғыны жалғағаннан
кейін, оңай қол жеткізу үшін, бұл
құрылғыны негізгі мәзірге қосыңыз.
Негізгі мәзірде [Құрылғы қосу] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз. Құрылғыны
негізгі мәзірге қосу үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны негізгі мәзірден шығарып
тастау үшін, бір тармақты таңдап,
түймесін басыңыз да, [Бұл құрылғыны жою] тармағын таңдаңыз. OK түймесін
басыңыз.
Орнату
NonPublish
[Реттеу] бастапқы мәзірде теледидар
параметрлерінің кӛбін ӛзгертуге мүмкіндік
береді. Соның ішінде:
Бейне немесе дыбыс параметрлері
Теледидар арналарының орнатуы
немесе жаңартуы
Теледидардағы бағдарламалық
құралдың жаңартуы
Басқа арнайы мүмкіндіктер
1. Негізгі мәзірде [Реттеу] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2.Жылжу түймелері кӛмегімен элементті
таңдап, OK түймесін басыңыз.
[Жылдам сурет және дыбыс
параметрі]: бейне және дыбыс
параметрлеріне нұсқаулар береді.
[Теледидар параметрлері]: күрделі
бейне және дыбыс параметрлері.
[Арналарды іздеу] немесе [Жерсерік
іздеу]: антенна немесе жерсерік (бар
болса) арналарын орнату нұсқауларын
береді.
[Арна параметрлері] немесе
[Жерсерік параметрлері]: күрделі
арна параметрлері.
[Бағдарламалық құралды жаңарту]:
теледидардың бағдарламалық
құралын жаңарту нұсқауларын береді.
[Бағдарламалық құрал параметр.]:
теледидардың күрделі жаңарту
параметрлері.
[Кӛрсетілімдерді кӛру]:
теледидармен қолдануға болатын
арнайы мүмкіндіктердің
демостранциялық кӛрсетілімдері.
KK 21
Опциялар
NonPublish
Опция мәзірлері экранда кӛрсетілетінге
қатысты тиісті параметрлерді ұсынады.
1. Қолжетімді опцияларды кӛру үшін
түймесін басыңыз.
2. Шығу үшін түймесін қайта басыңыз.
ТД кӛру
Қосыңыз/ӛшіріңіз немесе күту режиміне
ӛтіңіз
Ескертпелер:
Теледидар қосылғанда, алдыңғы ЖД
кӛрсеткіші қосылмайды.
Қосылу үшін теледидарға біраз уақыт
қажет болады. Осы уақытта
теледидар қашықтан басқару пультіне
немесе жанғы басқару жүйесіне
жауап бермейді. Бұл қалыпты
жағдайды білдіреді.
Күту режиміне қосу үшін
Қашықтықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз. Алдыңғы жарық диодты
индикатор қызыл болып жанады.
Ӛшіру үшін
Теледидардың астыңғы жағындағы қуат
қосқышын 'o' күйіне келтіріңіз. Теледидар
ӛшеді.
Теледидар күту режимінде электр қуатын
аз пайдаланғанмен, қуатты пайдалануды
жалғастыра береді. Ұзақ уақыт жұмыссыз
тұрса, тӛменгі жағында орналасқан қуат
қосқышын пайдаланып, теледидарды
ӛшіріңіз.
Арналарды ауыстырып қосу
NonPublish
Қашықтан басқару құралындағы
түймесін немесе теледидардың
бүйіріндегі P/CH +/- түймесін
басыңыз.
Қосу үшін
Алдыңғы ЖД кӛрсеткіші ӛшірілген
болса, теледидардың тӛменгі
жағындағы қуат қосқышын (1) ' | '
күйіне басыңыз.
Алдыңғы ЖД кӛрсеткіші қызыл болса,
қашықтан басқару пультіндегі (2)
түймесін басыңыз. Немесе,
теледидардың бүйіріндегі кез келген
түймені басып, күту режимінде тұрған
теледидарды қосыңыз.