Kanavan vaihtamista kanavien uudelleenjärjestelyn aikana
tuetaan vain DVB-C/T-vastaanottoon pystyvissä laitteissa.
Päivitys lukuun Aloitus > Television säätimet > Sivupainikkeet
- Siirrä T V valmiustilaan.
FR - Addendum
La permutation des chaînes pendant la réorganisation est
uniquement prise en charge sur les téléviseurs compatibles avec la réception DVB-C /T.
Mise à jour du chapitre Mise en route > Commandes du
téléviseur > Commandes arrière
- Mettre le téléviseur en veille.
HR - Dodatek
Zamjena kanala tijekom promjene redoslijeda kanala
podr žana je samo na uređajima s DVB-C/T prijamnicima.
Ažurir anje do poglavlja Prvi koraci > Kontole televizora >
Kontrole na stražnjoj strani
- Televizor postavite u stanje pripravnosti.
HU - Kiegészítés
A csatornaváltás a csatornasorrend átrendezése közben
csak DVB-C/ T vétellel rendelkező készülékek esetén
lehetséges.
A Bevezetés > A T V kezelőszervei > Kezelőszervek a
hátoldalon című fejezet aktualizálása
- Kapcsolja ki készenléti állapotba a TV-t.
IT - Documento aggiuntivo
È possibile cambiare canale durante il riordino dei canali
solo nei televisori con sintonizzatore digitale DVB-C/T
integrato per la ricezione digitale via cavo.
Aggiornamento al capitolo Operazioni preliminari > Controlli del televisore > Controlli posteriori
- Spegnere il televisore per passare alla modalità standby
KK - Қосымша
Арналар ретін өзгерту барысында арналарды
ауыстырып қосу мүмкіндігіне тек DVB-C/T
қабылдағыштары бар жинақтарда ғана қолдау
көрсетіле ді.
«Жұмысқа кірісу» > «Теледидард ы басқару
элементтері» > «Артқы басқару элементтері»
тарауына жаңарту
- Күт у режиміне өткізу үшін теледидарды өшіріңіз.
LT - Priedas
Kanalų pertvarkymas palaikomas tik įrenginiuose, kuriuose
galimas DVB -C/T priėmimas.
PL - Dodatkowa informacja
Zamiana kanałów podczas zmiany kolejności kanałów jest
obsługiwana tylko w telewizorach odbierających sygnał
DVB-C/T.
Теледидарды шолу 3
Теледидардың басқару элементтері 4
Маңызды мәлімет 6
Тұрақтылық 10
Анықтама және қолдау 12
2 Теледидарды пайдалану13
ТД көру 13
Бағдарламалық нұсқаулықты көру 17
Медиа файлдарын көру 18
Smart TV шолу 20
Өзара белсенді ТД 23
3Теледидардың қосымша
мүмкіндіктерін пайдалану 25
Теледидарды кідірту 25
Телешоуларды жазу 26
Ойындар ойнату 30
Телемәтінді көру 30
Блоктау мен таймерлерді орнату 32
EasyLink функциясын пайдалану 33
Scenea функциясын пайдалану 37
4 Теледидарды орнату38
Сурет пен дыбыс 38
Арна параметрлері 40
Жерсерік параметрлері 43
Тіл параметрлері 44
Әмбебап кіру параметрлері 45
Басқа параметрлер 47
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
47
Әдепкі параметрлерді қалпына
келтіру 48
5 Теледидарды қосу49
6 Ақаулықтарды жою64
Жалпы мәселелер 64
Арналарға қатысты ақаулықтар 65
Сурет ақаулары 65
Дыбыс ақаулары 66
Байланысқа қатысты ақаулықтар 67
Желіге қатысты ақаулықтар 67
Philips компаниясына хабарласу 68
7 Өнім сипаттамалары69
Қуат және қабылдау 69
Дисплей және дыбыс 69
Экран ажыратымдылығы 69
Мультимедиа 70
Байланыс мүмкіндігі 71
Жинақтағы теледидар бекітпелері 72
Анықтама нұсқасы 72
8 Индекс73
Кабельдер туралы 49
Құрылғылар жалғау 50
Қосымша құрылғыларды қосу 56
Жалғанған құрылғыны көру 59
Желі және интернет 60
Жалпы интерфейс 63
KK 2
Қазақ
1 Жұмысты
бастау
Теледидарды шолу
Айқындығы жоғары теледидар
Теледидар ажыратымдылығы жоғары
(HD) экранмен жабдықталғандықтан, HD
бейнені осы және қосымша әдістермен
көруге болады:
HDMI кабелімен жалғанған әрі Blu-ray
дискіні ойнататын Blu-ray диск
ойнатқышы
HDMI кабелімен жалғанған әрі DVD
дискіні ойнататын жоғары сапалы
DVD ойнатқышы
тікелей HD хабар таратушы (DVB-T
немесе DVB-T2 MPEG4)
кабельдік немесе спутниктік
теледидар операторын ойнататын,
HDMI кабелі арқылы жалғанатын
айқындығы жоғары телесигналдар
қабылдағышы
HDMI кабелімен жалғанған әрі
айқындығы жоғары ойындарды
ойнататын айқындығы жоғары ойын
консолі
HD демо клипін көру
HD теледидардың тамаша айқындылығын
мен сурет сапасын алу үшін, HD
бейнеклипті «Негізгі» мәзірден көріңіз.
[Көрсетілімдерді көру] > > [Реттеу]
түймесін басыңыз.
Еліңізде HD арналардың қол жетімділігі
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Philips
дилеріне хабарласыңыз немесе
www.philips.com/support торабына кіріңіз.
Smart TV
Теледидарды Smart TV бағдарламалар
жинағының көмегімен сандық өмірдің
ортасы етіп жасауға болады:
Теледидарды үй желісіне қоссаңыз,
фильмдерді, суреттер мен музыканы
компьютерден үй желісіндегі медиа
серверінен ортақ пайдалануға
болады.
Теледидарды интернетке қоссаңыз,
Youtube және басқа Smart TV
бағдарламалар арқылы көптеген
ағынды фильмдер, суреттер, музыка
және т.б. пайдалана аласыз.
Сандық арнаны көріп отырғанда,
теледидарды кез келген уақытта
кідіртіп, кейінірек хабар таратушымен
жалғастыруға болады. Хабар
таратушы USB қатты дискісінде
сақталады немесе Smart TV өткізіп
алған ТД бағдарламалар арқылы
шығарылады.
Теледидарды интернетке қоссаңыз,
таңдаулы ТД көрсетілімді USB қатты
дискісіне жазып алуға болады.
Теледидарды басқару мақсатында
Philips smartphone басқару құралын
iPhone немесе Android телефонынан
пайдалануға болады.
KK 3
Медиа файлын ойнату
Теледидарды USB сақтау құрылғысына
жалғасаңыз, фильмдерді, музыканы және
суреттерді кең теледидар экранында
керемет дыбыспен көріп, тыңдай аласыз.
Сондай-ақ, компьютерді теледидарға
HDMI не VGA кабелі арқылы жалғауға
болады.
Бағдарламалық нұсқаулықтар
Соңғы әрі келешек жаңалықтарды «қазір
және келесі» EPG (Электрондық
бағдарламалық нұсқаулық) немесе сегіз
күндік EPG арқылы табуға болады.
Бағдарламалық нұсқаулар хабар
таратушылар арқылы беріледі немесе
оларды интернеттен алуға болады.
Теледидарды интернетке қоссаңыз,
бағдарламаның толық мәліметтерін алуға
болады.
EasyLink
Теледидарды HDMI-CEC (тұтынушыға
арналған электрондық басқару құралы)
арқылы қосылатын құрылғыларға
жалғасаңыз, мысалы, Blu-ray ойнатқышы
немесе үй кинотеатры, оларды бір
уақытта бір қашықтан басқару құралымен
басқаруға болады. Қосылғаннан соң жай
ғана EasyLink торабына ауысып қосылыңыз.
Көрнекі мәзірлер
Теледидардағы көрнекі мәзірлердің
көмегімен қалаған арнаға немесе медиа
файлына оңай өтуге болады не болмаса
қажеттіліктеріңізге сай теледидар
параметрлерін реттеуге болады.
Теледидардың басқару
элементтері
Артқы басқару элементтері
1. : Теледидарды қосу немесе оны күту
режиміне ауыстыру.
2. CH +/-: келесі немесе алдыңғы арнаға
ауыстыру.
3. : жалғанған құрылғыларды таңдау.
4. +/-: дыбыс деңгейін жоғарылату не
төмендету.
Сенсорлар
KK 4
Қазақ
1. Қашықтықтан басқару пультінің
сенсоры
Қашықтан басқару пультін сенсорға қарай
бағыттаңыз.
Қашықтан басқару пільті мен теледидар
арасында жиһаз немесе басқа заттар
кедергі жасап тұрмағанын тексеріңіз.
13. OPTIONS: ағымдағы қол жетімді
опцияларға кіру.
14. (Арты): алдыңғы мәзір бетіне қайтып
оралу немесе ТД функциясынан шығу.
15. CH - / CH +: арналарды ауыстыру.
16. +/-(Дауысы): дыбыс деңгейін реттеу.
17. (Дауыссыз): дыбысты өшіру немесе
деңгейін қалпына келтіру.
6. (Бастапқы): «Негізгі» мәзірге өту.
7. OK: енгізуді немесе таңдауды растау.
8. SMART TV: Smart TV мүмкіндіктеріне
кіру.
9. (Жылжу түймелері): мәзірлерді
шарлау және элементтерді таңдау.
18. Түрлі түсті түймелер: тапсырмаларды
не опцияларды таңдау.
Хабар таратушы ұсынған қызметтерге
сәйкес келетін түймелер функциясы.
19. SUBTITLE: субтитрлерді қосу немесе
өшіру.
20. 0-9(Санды түймелер): ТД арналарын
таңдау немесе мәтін енгізу.
21. TEXT: телемәтінді қосу немесе өшіру.
KK 5
EasyLink басқару элементтері
Ескерту: Қосылған құрылғы HDMI-CEC
функциясын қолдайтын болса, EasyLink
басқару элементтері қол жетімді болады.
EasyLink басқару элементтері арқылы
теледидарды және басқа HDMI-CEC
құрылғыларын бір қашықтан басқару пульті
арқылы басқаруға болады.
EasyLink басқару элементтеріне кіру
1. Мазмұнды қосылған HDMI-CEC
құрылғысынан көру кезінде OPTIONS
түймесін басыңыз.
2. [Құрылғы түймелерін көрсету]
опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
3. EasyLink басқару түймесін таңдаңыз,
сонан соң OK түймесін басыңыз.
EasyLink туралы қосымша мәліметтерді
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > EasyLink функциясын
пайдалану (Бет 33) бөлімінен оқыңыз.
Смартфонды басқару
Smartphone қосымша қашықтан басқару
пульті, тіпті пернетақта ретінде
пайдалануға болады. Сіз, сонымен қатар,
теледидардан смартфондағы суреттердің
слайдшоуын көре аласыз. «Philips My Remote» бағдарламасын жүктеу үшін,
Apple Apps дүкеніне немесе Android
Market торабына кіріңіз. Бағдарлама
дүкенінде берілген нұсқауларды
орындаңыз.
Теледидар мен смартфонның бірдей
жергілікті желіге қосылғанына көз
жеткізіңіз. Желілік қосылымдар туралы
қосымша мәлімет алу үшін, Теледидарды қосу > Желі және интернет (Бет 60)
бөлімін оқыңыз.
Маңызды мәлімет
Қауіпсіздік
Теледидарды пайдаланардың алдында
барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына
ваза сияқты сұйықтық құйылған
ыдыстарды қоймаңыз. Егер сұйықтық
теледидардың үстіне немесе ішіне
төгілсе, теледидарды қуат көзінен
бірден ажыратыңыз. Теледидарды
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп
алу үшін Philips тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу көздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Өрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Қашықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым көп қызулы жерлерге
шығармаңыз.
KK 6
Қазақ
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Қуат розеткасының қуат
көзіне толық қосылғанын тексеріңіз.
Бос тағылған қуат розеткасы күюге
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Теледидар айналмалы етіп
орнатылғанда, электр шнурының
тартылып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Тоқ сымындағы дәнектер байланысты
нашарлатуы және күюіне себеп болуы
мүмкін.
Телдидарды ток көзінен ажырату
үшін теледидардың электр шнуры
ажыратылуы керек. Электр шнурын
ажыратқанда, шрундан емес, әрдайым
ашасынан тартып суырыңыз. Барлық
уақытта электр ашасына, электр
шнурына және ток көзіне оңай қол
жеткізе алатыныңызға көз жеткізіңіз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан
асатын теледидарды екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. TP Vision
Netherlands B.V. қабырғаға дұрыс
орнатылмау салдарынан апатқа,
адамның жарақаттануына немесе
зақымдануға жауапкершілік артпайды.
Теледидарды сақтау қажет болса,
тіреуді теледидардан алып тастаңыз.
Тіреу орнатылған кезде теледидарды
артқы жағымен қоймаңыз.
Теледидарды ток көзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
көзіне қоспаңыз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап
ұстаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бөлігінің
шетінен салбырап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Бұйымда/қашықтан басқару
құрылғысында жұтуға болатын тиынға
ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық
жағдайда батареяны балалардан
аулақ ұстаңыз!
Қатты қызып кету қаупі бар!
Ешқашан теледидарды тар жерге
орнатпаңыз. Әрқашанда
теледидардың желдетілуіне
айналасынан кемінде 4 дюймдей
немесе 10 сантиметрдей бос орын
қалдырыңыз. Теледидардың
желдеткіш тесіктерін перделердің
немесе басқа заттардың жауып
қалмауын қадағалаңыз.
Тоқ сымының зақымдану немесе өртену
қауіпі!
Ешқашан теледидарды немесе басқа
заттарды электр шнурының үстіне
қоймаңыз.
KK 7
Найзағай алдында теледидарды қуат
көзінен және антеннадан ажыратып
қойыңыз. Найзағай кезінде
теледидардың кез келген бөлігіне,
қуат сымына немесе антенна кабеліне
тиіспеңіз.
Есту қабілеті зақымдану қауіпі!
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде
немесе ұзақ уақыт пайдаланудан
сақтаныңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар 5°C немесе 41°F
мәнінен төмен температурада
тасымалданса, теледидарды қуат
көзіне жалғаудан бұрын, оны
қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме
температурасымен сәйкес келгенше
күтіңіз.
Экран күту
Теледидардың экранына зақым келу
қаупі бар! Ешқашан экранды
ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нысанмен
қырмаңыз.
Тазалау алдында теледидардың
шнурын ажыратыңыз.
Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Ешқашан алкоголь, химиялық заттар
немесе тұрмыстық тазалағыштар
сияқты заттарды теледидарға
пайдаланбаңыз.
Сызылуын және түсінің кетуін
болдырмау үшін, мүмкідігінше су
тамшыларымен сүртіп тұрыңыз.
Мүмкіндігінше негізгі суреттерді
қолданбаңыз. Қозғалмайтын
кескіндер дегеніміз экран бетінде
ұзақ уақыт сақталатын кескіндер.
Қозғалмайтын кескіндерге экрандық
мәзірлер, қара жолақтар, уақыт
дисплейлері және т.б. жатады. Егер
қозғалмайтын кескіндерді пайдалану
керек болса, экранның зақымдануын
болдырмау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.
Теледидарды блоктау
Теледидардың төменгі жағында
Кенсингтон қауіпсіздік слоты бар.
Теледидарды қорғау үшін, Kensington
ұрлыққа қарсы құлпын сатып алыңыз (жеке
сатылады).
Бұл нұсқаулықтағы материал жүйені дұрыс
пайдалануға жеткілікті деп саналады. Егер
өнім немесе оның жеке модульдері
немесе тәртіптері осында көрсетілгеннен
басқа мақсаттарға пайдаланылса, оның
негізділігі мен қолайлылығын растауға қол
жеткізу керек. TP Vision Netherlands B.V.
материалдың Америка Құрама
Штаттарының патенттерін бұзбайтынына
кепілдік береді. Ешқандай кепілдік
берілмейді немесе айтылмайды.
KK 8
Қазақ
TP Vision Netherlands B.V. осы құжат
мазмұнындағы кез келген қателерге
немесе осы құжат мазмұнының нәтижесі
ретінде шыққан кез келген ақауларға
жауапты емес. Philips құрылғысында
жазылған қателер Philips қолдау көрсету
веб-торабына мүмкіндігінше қысқа
мерзімде орнатылады және жарияланады.
Кепілдік шарттары
Жарақат салу, теледидарды зақымдау
немесе кепілдіктің бұзылу қаупі бар!
Ешқашан теледидарды өзіңіз
жөндеуге талпынбаңыз.
Теледидар мен аксессуарларды
өндіруші көрсеткен мақсаттарға ғана
пайдаланыңыз.
Теледидардың артқы жағында
басылған сақтандыру белгісі электр
тогының соғу қаупін көрсетеді.
Ешқашан теледидардың жабынын
шешпеңіз. Қызмет көрсету немесе
жөндету жұмыстары үшін әрдайым
Philips тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Мына нұсқаулықта нақты тыйым
салынған әрекеттер немесе мына
нұсқаулықта ұсынылмаған немесе
рұқсат берілмеген реттеу немесе
жинау тәртіптері кепілдікті жарамсыз
етеді.
Пиксел сипаттамалары
Бұл СКД/ЖД өнімінде түрлі түсті
пикселдердің саны жоғары. Оның тиімді
пикселдері 99999% не одан көп
болғанымен, экранға қара дақтардың
немесе жарықтың ашық нүктелерінің
(қызыл, жасыл немесе көк) үнемі шығуы
мүмкін. Бұл дисплейдің құрылымдық
сипаты (жалпы өнеркәсіп стандарттары
шеңберінде) және ол ақаулық болып
саналмайды.
CE белгісімен үйлесімділік
Бұл өнім 2006/95/EC (төмен кернеу),
2004/108/EC (EMC) директиваларының
тиісті талаптары мен басқа да сәйкес
ережелеріне сәйкес келеді.
\\
Электр магнитті өріспен (ЭМӨ)
үйлесімділігі
TP Vision Netherlands B.V. тұтынушыларға
арналған, басқа электрондық құрылғылар
сияқты, негізінде, электр магнитті
сигналдар шығаратын және қабылдайтын
қабілеті бар көп өнімдер жасайды және
сатады.
Philips компаниясының негізгі жұмыс
ұстанымдарының бірі біздің өнімдерімізге
барлық қажетті денсаулық және қауіпсіздік
шараларын сақтау, қолданыстағы барлық
заң талаптарын ұстану және өнімді жасау
кезінде қолданылатын ЭМӨ ішінде
сақтану болып табылады.
Philips компаниясына денсаулыққа кері
әсерлері жоқ өнімдерді дамыту, жасау
және сату тапсырылған. TP Vision
компаниясы өнімдер арналған мақсатқа
дұрыс пайдаланылса, олардың қазіргі
таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес
пайдалануға қауіпсіз екенін растайды.
Philips компаниясы халықаралық ЭМӨ
және қауіпсіздік стандарттарын дамытуда
белсенді рөл атқарып, Philips
компаниясының өз өнімдеріндегі алдыңғы
тұтастығы үшін стандарттауды әрі қарай
дамытуға қатысуына мүмкіндік береді.
KK 9
Сауда белгілер мен авторлық
құқықтар
Windows Media - тіркелген сауда белгісі
немесе Microsoft Корпорациясының
Америка Құрама Штаттарында
және/немесе басқа елдерде сауда белгісі.
Dolby зертханаларынан алынған лицензия
бойынша жасалған. «Dolby» және қос «D»
таңбасы – Dolby зертханаларының сауда
белгілері.
HDMI мен HDMI High-Definition
Multimedia Interface сөз тіркестері және
HDMI белгісі Америка Құрама
Штаттарындағы немесе басқа елдердегі
HDMI Licensing ЖШҚ сауда белгілері
немесе тіркелген сауда белгілері.
Kensington және Micro Saver — дүниежүзі
бойынша басқа елдерде берілген
тіркеулері және қарастырылып жатқан
өтініштері бар ACCO World Corporation
корпорациясының АҚШ-та тіркелген
сауда белгілері.
Келесі АҚШ патенттерінің біреуі немесе
бірнешеуі қолданылады: 7,295,673;
7,460,668; 7,515,710; 7,519,274.
DivX®, DivX Certified® және оларға
қатысты логотиптер Rovi
корпорациясының немесе оның
филиалдарының сауда белгілері болып
табылады және лицензия бойынша
пайдаланылады.
DIVX VIDEO ТУРАЛЫ: DivX® дегеніміз
Rovi корпорациясының филиалы DivX
ЖШС жасаған сандақ бейне пішімі болып
табылады. Бұл DivX бейнесін ойнататын
ресми DivX Certified® құрылғысы.
Файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіру
үшін divx.com сайтына кіріңіз.
DIVX VIDEO-ON-DEMAND ТУРАЛЫ: Бұл
DivX Certified® құрылғысы сатып алынған
DivX Video-on-Demand (VOD)
фильмдерін ойнату үшін тіркелуі керек.
Тіркеу кодын алу үшін құрылғының орнату
мәзірінде DivX VOD бөлімінің орнын
анықтаңыз. Тіркеуді аяқтау туралы толық
ақпарат үшін vod.divx.com сайтына өтіңіз.
PlayReady дайын өнімдері
Мазмұн иелері өздерінің зияткерлік
меншігін, соның ішінде авторлық құқықпен
қорғалған мазмұнды қорғау үшін Microsoft
PlayReady™ мазмұнға кіру технологиясын
пайдаланады. Бұл құрылғы PlayReady
қорғалған мазмұнына және/немесе
WMDRM қорғалған мазмұнына кіру үшін
PlayReady технологиясын пайдаланады.
Егер құрылғы мазмұнды пайдалануға
қатысты шектеулерді дұрыс орындамаса,
мазмұн иелері Microsoft корпорациясынан
құрылғының PlayReady қорғалған мазмұнын
пайдалану мүмкіндігін жоюды талап етуі
мүмкін. Мұндай мүмкіндікті жою
қорғалмаған мазмұнға немесе басқа
мазмұнға кіру технологиялары арқылы
қорғалған мазмұнға әсер етпеуі тиіс.
Мазмұн иелері өздерінің мазмұнына кіру
үшін сізден PlayReady бағдарламасын
жаңартуды талап етуі мүмкін. Егер
жаңартудан бас тартсаңыз, жаңартуды
қажет ететін мазмұнға кіре алмайсыз.
Барлық басқа тіркелген және тіркелмеген
сауда белгілері олардың тиісті иелерінің
меншігі болып табылады.
Тұрақтылық
Электр энергиясын үнемдеу
Бұл теледидар қуатты тиімді пайдалану
мүмкіндіктерімен жасалған. Осы
мүмкіндіктерге кіру үшін, қашықтан
басқару пультіндегі Жасыл түсті түйме
түймесін басыңыз.
KK 10
Қазақ
Электр энергиясын үнемдейтін
сурет параметрлері: Электр
энергиясын үнемдейтін сурет
параметрлерінің жиынтығын
қолдануға болады. Теледидарды
көріп отырған кезде, Жасыл түсті
дыбысты ғана тыңдағыңыз келсе,
теледидардың экранын өшіруге
болады. Басқа функциялар
әдеттегідей жұмыс істеуді
жалғастырады.
Жарық сенсоры: қараңғы болғанда,
кірістірілген сыртқы жарық сенсоры
ТД экран жарықтығын азайтады.
Күту режимінде қуат төмен
деңгейде: жетілдірілген электр тізбегі
теледидардың қуатты жұмсауын
барынша төмендеті әрі тұрақты күту
режимінің функциясына әсер етпейді.
Қуатты басқару: жетілдірілген қуатты
басқару мүмкіндігі осы теледидармен
жұмсалатын қуатты үнемдеуге
көмектеседі.
Теледидардың жекеленген
параметрлері теледидардың қатысты
қуат тұтыну көлеміне қалай әсер
ететінін көру үшін, түймесін басып,
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтыру жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі
бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС
Еуропалық директивасына
сәйкестендірілген қондырылған қайта
жандандыруға болатын батарея бар, оны
кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде
лақтыруға болмайды. Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
ЕО қуат белгісі
Еуропалық қуат белгісі өнімнің қуат тұтыну
тобы туралы мәліметтер береді. Өнімнің
қуат тұтыну тобы тым жасыл болса, бұл
оның төмен деңгейде қуат тұтынатынын
білдіреді.
KK 11
Белгіден қуатты тиімді тұтыну тобын,
қолданыстағы өнімнің қуат тұтынудың
орташа мәні мен 1 жылдық қуат
тұтынудың орташа мәнін табуға болады.
Өнімнің қуат тұтыну мәндерін, сондай-ақ,
еліңізге тиісті Philips веб-торабынан, яғни
www.philips.com/TV, табуға болады.
Анықтама және қолдау
Анықтаманы пайдалану
Экрандағы анықтама мәзіріне кіру үшін,
Сары түсті түйме түймесін басыңыз.
Анықтама мәзірі мен теледидар мәзірі
арасында ауыстырып қосу үшін, Сары түсті түйме түймесін басыңыз.
Philips веб-торабына кіру
Қажетті нәрсені экрандағы [Нұсқаулық]
арқылы таба алмасаңыз, Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету веб-торабына,
яғни www.philips.com/support, кіріңіз.
Сондай-ақ, Philips компаниясының
тұтынушыларға техникалық қызмет
көрсету веб-торабынан келесі әрекеттерді
орындауға болады:
жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын табу;
осы пайдаланушы нұсқаулығының
басып шығаруға болатын PDF
нұсқасын жүктеп алу;
электрондық пошта арқылы бізге
нақты сұрақ жіберу;
Қолдау көрсететін
қызметкерлеріміздің бірімен онлайн
режимінде сөйлесу (тек кейбір
елдерде қол жетімді)
Philips компаниясына хабарласу
Көмек алу үшін, еліңіздегі Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Нөмірі осы өніммен бірге
берілген қағазда жазылған не болмаса
www.philips.com/support торабында
көрсетілген.
Philips компаниясына хабарласу алдында,
теледидардың үлгісі мен сериялық нөмірін
жазып алыңыз. Бұл мәліметтерді
теледидардың артқы жағынан немесе
оның қорабынан таба аласыз.
ТД форумын іздеу
Сұрағыңызға пайдаланушылардың Philips
ТД қауымдастығымен бұрын жауап
қайтарылғаны мүмкін.
www.supportforum.philips.com торабына
кіріңіз.
KK 12
Қазақ
2 Теледидарды
пайдалану
ТД көру
Теледидарды қосу немесе өшіру
Теледидарды қосу
Теледидарды желі розеткасына
қосып, желі қорегі қосқышын
басыңыз.
Егер теледидар күту режимінде
болса, қашықтан басқару пультінде
немесе теледидардың артқы
панеліндегі түймесін басыңыз.
Ескертпе. Теледидар жауап беруден
бұрын қысқа кідіріс болады.
Кеңес: Қашықтан басқару пультін таба
алмасаңыз және теледидарды күту
режимінен қосқыңыз келсе, теледидардың
артқы бөлігіндегі кез келген түймесін
басыңыз.
Теледидарды күту режиміне ауыстыру
Қашықтан басқару құралындағы немесе
теледидардың артқы панеліндегі
түймесін басыңыз.
Теледидардың қашықтан басқару
пультіндегі сенсор қызылға ауыстырады.
Теледидарды өшіру
Желі қуатын қосқышты өшіріңіз.
Теледидар өшеді.
Ескертпе. Теледидар күту режимінде
болғанда не өшіп тұрғанда аз мөлшерде
қуат тұтынса да, ол біраз қуат жұмсайды.
Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
оны негізгі қуат көзінен суырып алыңыз.
Автоматты өшіру
Теледидардың осы қуатты тиімді
пайдалану мүмкіндіктерімен қуатты
үнемдеуге болады. Параметрлер әдепкі
күйде қосылады, егер пайдаланушы төрт
сағат бойы ешқандай әрекет (мысалы,
қашықтан басқару пультінің түймесін
немесе артқы панельдегі басқару
элементін басу) жасамаса, теледидар күту
режиміне автоматты түрде ауысады.
Автоматты түрде өшіру функциясын
ажырату үшін:
1. Теледидарды көріп отырғанда,
қашықтан басқару пультіндегі Жасыл түсті
түйметүймесін басыңыз.
2. [Автоматты сөндіру]опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
Растау хабары көрсетіледі.
KK 13
Теледидардың дыбыс деңгейін
дұрыстау
Теледидардың дыбыс деңгейін
жоғарылату немесе төмендету
Қашықтан басқару құралындағы +/-
түймесін басыңыз.
Теледидардың бүйіріндегі +/-
түймесін басыңыз.
Теледидардың дыбысын өшіру немесе
қосу
Теледидардың дыбысын өшіру үшін
түймесін басыңыз.
Дыбысты қалпына келтіру үшін
түймесін қайта басыңыз.
Құлақаспаптың дыбыс деңгейін реттеу
1. > [Реттеу] > [Теледидар
параметрлері] > [Дыбыс] түймесін
басыңыз.
2. [Құлақаспап дыбыс деңгейі] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Дыбыс деңгейін реттеу үшін, Жылжу
түймелері түймесін басыңыз.
Теледидар арналарын ауыстыру
Қашықтан басқару пультіндегі не
теледидардағы CH +/- түймесін
басыңыз.
Арнаның нөмірін енгізу үшін Санды
түймелер түймесін басыңыз
Таңдаулыларды басқару
Арналардың барлығын немесе оңай таба
алатындай таңдаулылар тізімін ғана қарап
шығуға болады.
Арналар тізіміне кіру үшін LIST түймесін
басыңыз.
Сүйікті арналар тізімін жасау
1. LISTтүймесін басыңыз.
2. Таңдаулы деп белгілеу үшін арнаны
таңдап, OPTIONS түймесін басыңыз.
3. [Сүйікті деп белгілеу] опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
Таңдалған арна жұлдызшамен белгіленген.
Арнаны таңдаулылар тізімінен жою үшін,
[Сүйікті деген белгіні алу] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Арна тізімін таңдау
1. LIST, одан кейін OPTIONS
түймелерін басыңыз.
2. Арналарды таңдаулылар тізімінде
көрсету үшін, [Тізімді таңдау] > [Сүйікті]
опциясын, ал барлық арналарды көрсету
үшін, [Барлығы] опциясын таңдаңыз.
3. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
KK 14
Қазақ
Арналар тізімін басқару
Арналар орнатылған соң, оларды
басқаруға болады:
Арналардың атауларын өзгерту
Арналарды ретке келтіру
Сандық радионы тыңдау
Арналардың атауларын өзгерту
Арналардың атауларын өзгертуге болады.
Атаулары арналарды таңдағанда
көрсетіледі.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. Атауы өзгертілетін арнаны таңдап,
OPTIONSтүймесін басыңыз.
3. [Атауын өзгерту]опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Әрбір таңбаны таңдау үшін, Жылжу
түймелері , одан кейін OK түймелерін
басыңыз.
Кеңестер:
Енгізу экранында OKтүймесін басу
арқылы Экрандық пернетақтаны
қосуға болады.
Бас және кіші әріпке ауыстыру үшін
[ABC] немесе [abc] түймесін
басыңыз.
5. Әрекетті аяқтаған соң, [Дайын]
опциясын таңдап, одан кейін растау үшін
OK түймесін басыңыз.
6. Шығу үшін, түймесін басыңыз.
Арналарды ретке келтіру
Арналар орнатылған соң, арналардың
тізімдегі ретке келтіруге болады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. Реті өзгертілетін арнаны таңдап,
OPTIONSтүймесін басыңыз.
3. [Қайта ретке келтіру]опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Белгіленген арнаны басқа орынға
жылжыту үшін Жылжу түймелері
түймесін, сонан соң OK түймесін басыңыз.
5. Келесі опциялардың біреуін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
[Қосу]: Арнаны қажетті орынға
орналастыру.
[Алмас-у]: Басқа арнамен орнын
ауыстыру.
6. Әрекетті аяқтаған соң, OPTIONS
түймесін басып, одан кейін [Шығу]
опциясын таңдаңыз.
Сандық радионы тыңдау
Сандық радио арналары қол жетімді
болса, оларды тыңдауға болады.
Теледидар арналарын орнатқанда, олар да
автоматты түрде орнатылады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз. Арналар тізімі
көрсетіледі.
2. OPTIONSтүймесін басыңыз.
3. [Тізімді таңдау] > [Радио]опциясын
таңдап, одан кейін OKтүймесін басыңыз.
4. Радио арнасын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Көзді таңдау
Жалғанған құрылғыны келесі әдістердің
бірімен көруге болады:
Оның белгішесін «Негізгі» мәзірге
қосыңыз.
Дереккөз мәзірінен таңдаңыз.
Ескертпе. HDMI-CEC үйлесімді құрылғыны
теледидарға жалғасаңыз, ол автоматты
түрде «Негізгі» мәзірге қосылады.
Жаңа құрылғы қосу
1. Құрылғыны жалғап, қосыңыз.
2. түймесін басыңыз.
3. [Құрылғы қосу]опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Теледидар қосылымын таңдау сұралса,
осы құрылғы пайдаланатын қосқышты
таңдаңыз.
Бастапқы мәзірден көру
Жаңа құрылғыны бастапқы мәзірге қосқан
соң, оны қолдануды бастау үшін белгішесін
басуға болады.
1. түймесін басыңыз.
2. Бастапқы мәзірден құрылғының
белгішесін таңдаңыз.
3. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
KK 15
Дереккөз мәзірінен көру
Сондай-ақ, қосқыштардың атауларының
тізімін көрсету үшін SOURCE түймесін
басуға болады. Құрылғыны теледидарға
қосатын қосқышты таңдаңыз.
1. SOURCE түймесін басыңыз.
2. Тізімнен қосқышты таңдау үшін Жылжу
түймелерітүймесін басыңыз.
3. Растау үшін OKтүймесін басыңыз.
Зерделі параметрлерді пайдалану
Теледидарда смарт сурет және дыбыс
параметрлері бар. Осы параметрлерді
қолдануға немесе теңшеуге болады.
Қалаған сурет параметрін таңдау
1. Теледидарды көріп отырған кезде
ADJUSTтүймесін басыңыз.
2. [Зерделі сурет]опциясын таңдаңыз.
3. Келесі параметрлердің біреуін таңдап,
OK түймесін басыңыз.
[Жеке]: жеке сурет параметрлерін
қолдану.
[Жанды]: күндіз көруге ең қолайлы
толыққанды әрі динамикалық
параметрлер.
[Табиғи]: табиғи сурет параметрлері.
[Кино]: фильмдер үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Ойын]: ойындар үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Қуат үнемдеу]: қуатты тиімді
үнемдейтін параметрлер.
[Стандартты]: көптеген орталарға
және бейне түрлеріне сәйкес келетін
әдепкі параметрлер.
[Фотосурет]: фотосуреттер үшін ең
қолайлы параметрлер.
[Пайдаланушы орнатқан]: жеке
сурет параметрлерін теңшеу әрі
сақтау.
Қалаған дыбыс параметрін таңдау
1. Теледидарды көріп отырған кезде
ADJUSTтүймесін басыңыз.
2. [Зерделі дыбыс]опциясын таңдаңыз.
3. Келесі параметрлердің біреуін таңдап,
OK түймесін басыңыз.
[Жеке]: жекелеген дыбыс параметрін
қолдану.
[Стандартты]: көптеген орталарға
және дыбыс түрлеріне сәйкес келетін
параметрлер.
[Жаңалықтар]: жаңалықтар сияқты
ауызша дыбыс үшін ең қолайлы
параметрлер .
[Кино]: фильмдер үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Ойын]: ойындар үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Драма]: Драмалық бағдарламалар
үшін ең қолайлы параметрлер.
[Спорт]: Спорт ойындары үшін ең
қолайлы параметрлер.
Сурет форматын өзгерту
Бейне көзіне сәйкестендіру үшін, сурет
форматын өзгертуге болады.
1. ADJUSTтүймесін басыңыз.
2. [Сурет форматы]опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Суреттің форматын таңдап, оны растау
үшін OK түймесін басыңыз.
Қол жетімді сурет форматтары бейне
көзіне байланысты болады:
[Автотолтыру]: Экранды толтыратын
етіп суретті реттейді (субтитрлер
көрсетіліп тұрады). Экран аз
бұрмаланғанда ұсынылады, бірақ
қатты дискіге немесе компьютерге
арналмаған.
[Автомасштабтау]: Экранды
толтыратын етіп суретті үлкейту.
Экран аз бұрмаланғанда ұсынылады,
бірақ қатты дискіге немесе
компьютерге арналмаған.
[Шамадан тыс үлкейту] 4:3
таратылымдарының жан-жағындағы
қара жолақтарды кетіру. Қатты
дискіге немесе компьютерге
ұсынылмаған.
[Кең экранды 16:9]: 4:3 форматын
16:9 масштабына өзгерту. Қатты
дискіге немесе компьютерге
ұсынылмаған.
[Кең экран]: 4:3 форматын 16:9
масштабына созу.
KK 16
Қазақ
[Масштабта емес]: Компьютер үшін
барынша толық мәлімет беру. Сурет
мәзірінде компьютер режимі
таңдалғанда ғана қол жетімді болады.
Бағдарламалық
нұсқаулықты көру
Хабар таратушыдан
Сандық теледидар арналары туралы
ақпаратты хабар таратушылар беретін
бағдарламалық нұсқаулықтар арқылы қарап
шығуға болады. Мына ақпаратқа
кіретіндер:
Хабар таратушымен қолдау
көрсетілетін болса, бір күндік («Қазір
және келесі») не ең көбі сегіз күндік
арналар кестесі
Бағдарламалар туралы мәлімет
Ескерту. Бағдарламалық нұсқаулықтар тек
кейбір елдерде ғана қол жетімді.
Бағдарламалық нұсқаулықты орнату
Бағдарламалық нұсқаулықты пайдалану
алдында мына параметрлерді тексеріңіз:
Бейнелерді, суреттерді және музыканы
теледидарда мына құрылғылардан
ойнатуға болады:
Компьютер үй желісі арқылы
қосылған
Теледидарға жалғанған USB
құрылғысы
Файлдарды компьютерден
ойнату
Қажетті әрекеттер
Universal Plug and Play (uPnP)
маршрутизаторы арқылы қосылған
сымды немесе сымсыз үй желісі
Wi-Fi бар үлгілерге немесе
теледидарды үй желісіне қосатын
сымды кабеліне арналған Philips
сымсыз USB адаптер (PTA01)
Компьютерде іске қосылатын медиа
сервер бағдарламасы
Медиа сервер бағдарламасын іске
қосуға мүмкіндік беретін компьютер
қорғанысындағы тиісті параметрлер
Желіні орнату
1. Теледидар мен компьютерді бір үй
желісіне қосыңыз. Теледидарды қосу > Желі және интернет (Бет 60) бөлімін
қараңыз.
2. Компьютер мен маршрутизаторды
қосыңыз.
Медиа файлын ортақ пайдалану
мүмкіндігін орнату
1. Медиа файлдарын ортақ пайдалану
үшін, компьютерде медиа сервер
бағдарламасын орнатыңыз. Кейбір қол
жетімді медиа серверінің
бағдарламаларына мыналар жатады:
Компьютер үшін: Windows Media
Player 11 (немесе кейінгі) не болмаса
TVersity
Mac жүйесі үшін: Twonky
2. Медиа сервері арқылы компьютерде
медиа файлды ортақ пайдалану мүмкіндігін
қосыңыз. Медиа серверін орнату жолы
туралы қосымша ақпарат алу үшін,медиа
серверінің веб-торабына кіріңіз.
Файлдарды ойнату
1. Қашықтан басқару пультіндегі түймесін басыңыз.
2. [Сіздің желіңіз]опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз. Егер желіні
орнату басталса, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
KK 18
Қазақ
3. Мазмұн браузерінен файлды таңдап,
одан кейін оны ойнату үшін OK түймесін
басыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару пультіндегі Ойнату түймелері
түймесін басыңыз.
Файлдарды USB құрылғысынан
ойнату
Егер USB құрылғысында фотосуреттер,
бейнелер немесе музыка файлдары бар
болса, файлдарды теледидарда ойнатуға
болады.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB сақтау
құрылғысына қолдау көрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
USB портын шамадан көп
жүктемеңіз. Егер 500 мА-ден аса қуат
тұтынатын USB сақтау құрылғысын
жалғасаңыз, оның өзінің сыртқы қуат
көзіне жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
USB мазмұндарын қарау
1. USB құрылғысын теледидардағы USB
қосқышына жалғаңыз.
2. түймесін басып, [USB шолу]
параметрін таңдаңыз да, OK түймесін
басыңыз.
3. Мазмұн браузерінен файлды таңдап,
одан кейін оны ойнату үшін OK түймесін
басыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін қашықтан
басқару пультіндегі Ойнату түймелері
түймесін басыңыз.
Ойнату опциялары
Бейнені көру
Бейне файлын таңдау үшін, Жылжу
түймелері түймесін басып, одан кейін
OKтүймесін басыңыз.
Бейнені кідірту үшін, түймесін
басыңыз.
Бейнені тоқтату үшін, түймесін
басыңыз.
Бейне ішінде алға немесе артқа қарай
іздеу үшін немесе түймесін
басыңыз.
Алдыңғы немесе келесі бейнені өткізу
үшін, CH - / CH + түймесін басыңыз.
Мазмұн шолғышынан шығу үшін
түймесін басып тұрыңыз.
Бейнені ойнату опциялары
Бейнені ойнату кезінде, келесі бейне
опцияларына кіру үшін OPTIONS
Бейнелерді кездейсоқ ойнатуды қосу
немесе ажырату.
[Ақпаратты көрсету]: Файл туралы
ақпаратты көрсету.
Музыканы тыңдау
Музыка жолын таңдау үшін, алдымен
Жылжу түймелері түймесін, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Кідірту үшін, түймесін басыңыз.
Тоқтату үшін, түймесін басыңыз.
Музыка ішінде алға немесе артқа
қарай іздеу үшін немесе
түймесін басыңыз.
Алдыңғы немесе келесі әнді өткізу
үшін, CH - / CH + түймесін басыңыз.
Мазмұн шолғышынан шығу үшін
түймесін басып тұрыңыз.
Музыканы ойнату опциялары
Келесі музыка параметрлеріне кіру немесе
олардан шығу үшін OPTIONS түймесін
басыңыз.
[Тоқтату]: Дыбысты ойнатуды
тоқтату.
[Қайталау]: Тректі немесе альбомды
қайталау.
[Бір рет ойнату] Тректі бір рет
ойнату.
[Еркін: қосулы] / [Еркін өшірулі]:
Тректі кездейсоқ ойнатуды қосу
немесе ажырату.
[Ақпаратты көрсету]: Файл туралы
ақпаратты көрсету.
KK 19
Суреттерді көру
Сурет таңдау үшін, Жылжу түймелері
түймесін басып, одан кейін слайд
көрсетуді бастау үшін, OK түймесін
басыңыз.
Кідірту үшін, түймесін басыңыз.
Тоқтату үшін, түймесін басыңыз.
Слайдшоуды кідірту немесе тоқтату
үшін, OK түймесін басыңыз.
Алдыңғы немесе келесі файлды өткізу
үшін, CH - or CH + түймесін басыңыз.
Мазмұн шолғышынан шығу үшін
түймесін басып тұрыңыз.
Суреттерді слайд түрінде көрсету
опциялары
Келесі сурет параметрлеріне кіру немесе
олардан шығу үшін OPTIONS түймесін
басыңыз.
[Ақпаратты көрсету]: Файл туралы
ақпаратты көрсету.
[Тоқтату]: Слайд көрсетуді тоқтату.
[Айналдыру]: Файлды айналдыру.
[Қайталау]: Слайд көрсетуді қайталау.
[Бір рет ойнату] Файлды бір рет
ойнату.
[Еркін өшірулі] / [Еркін: қосулы]:
Слайд көрсетіліміндегі суреттердің
кездейсоқ көрсетілуін қосу немесе
ажырату.
[Слайдшоу жылдамдығы]: Слайд
көрсетіліміндегі әр суреттің көрсетілу
уақытын орнату.
[Слайдшоу қозғалысы]: Бір суреттен
екіншісіне өтуді орнату.
[Scenea етіп орнату]: Таңдалған
суретті теледидардағы тұсқағаз
ретінде орнату. Теледидардың
қосымша мүмкіндіктерін пайдалану
> Scenea мүмкіндігін көру >
Теледидар тұсқағаздарын жүктеу
(Бет 37) бөлімін қараңыз.
Smart TV шолу
Не істеуге болады
Интернет бағдарламаларымен, яғни
теледидар үшін арнайы орнатылған
интернет веб-тораптар арқылы келесі
мүмкіндіктерді және т.б. қолдануға
болады:
Газет тақырыптарын оқу
Бейнелерді көру және жалға алу
Ауа райы болжамын тексеру
Өткізіп алған ТД бағдарламаларды
көру
Smart TV қатысты форум веб-торабынан
Smart TV қызметтері туралы қосымша
мәліметтер алыңыз:
www.supportforum.philips.com.
Ескертпе:
Smart TV қызметтері мен
бағдарламалары елге байланысты әр
түрлі болады.
ТД қуып-жету қолданбалары мен
олардың ТД бағдарламаларының қол
жетімділігі теледидардың ел
параметрінің пәні болып табылады.
Қол жетімді бағдарламаларды
анықтау үшін, бағдарлама ішінен
теледидардың бағдарламалық
нұсқаулығына кіріңіз.
Smart TV бір бетті бір уақытта толық
экранда көрсетеді.
Кейбір веб-сайттар толық
көрсетілмеуі мүмкін. Қосылатын
модульдерді талап ететін функциялар
қол жетімсіз болуы мүмкін.
TP Vision Netherlands B.V. мамзұнға
және мазмұн провайдерлері арқылы
берілген мазмұн сапасына жауапты
болмайды.
KK 20
Қазақ
Не қажет
1. Үй желісінде теледидарды интернетке
қосыңыз
2. Теледидарда Smart TV қызметтерін
реттеңіз.
3. (Міндетті емес) Компьютерде, ерекше
артықшылықтар және өнім туралы
жаңартылған мәліметтер алу үшін Philips
жүйесінде тіркеліңіз. Кез келген уақытта
тіркелуге болады.
Теледидарды Интернетке қосу
1. Үй желісінде, жоғары жылдамдықпен
істейтін машрутизаторды интернетке
қосыңыз.
2. Маршрутизаторды қосыңыз.
3. Желіні орнатыңыз. Теледидарды қосу >
Желі және интернет (Бет 60) бөлімін
қараңыз.
Smart TV қызметін іске қосу
1. түймесін басып, [Smart TV]тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Пайдалану шарттары көрсетіледі.
2. Тіркелуді аяқтау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Smart TV қызметіне кіру үшін қашықтан
басқару пультіндегі SMART TV түймесін
басуға болады.
Ескертпе. Smart TV қызметін алғаш рет
қосқанда, ересектер бағдарламаларын
құлыптау мақсатында ата-аналық басқару
мүмкіндігін іске қосу сұралады. Ересектер
бағдарламаларын құлыптасаңыз, Smart TV
үшін орнатылған жарнамалар мен веббеттер кіре алатындай өзгеріссіз қалады.
Smart TV бағдарламаларға кіру
Бағдарламаларға Smart TV негізгі бетінен
кіруге болады. Бұл беттегі белгішелер ТД
орнатылған бағдарламаларды көрсетеді.
Кіретін бағдарламаны таңдау үшін
Жылжу түймелері түймесін басып,
одан кейін растау үшін OK түймесін
басыңыз.
Негізгі экранға қосымша
бағдарламалар қосу үшін, [App галереясы] түймесін басыңыз.
Интернеттегі веб-сайттарды
интернет бағдарламаларының
көмегімен шолыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Smart TV
жылдам нұсқаулықты Smart TV негізгі
бетінен оқып шығыңыз.
Бағдарламалар қосу
1. [App галереясы]опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Бағдарламалар іздеу үшін Жылжу түймелері (Шарлау түймелерін)
пайдаланыңыз.
3. Бағдарламаны таңдап, оны негізгі
экранға қосу үшін OK түймесін басыңыз.
Кеңестер:
Басқа елдерде қол жетімді
бағдарламаларды іздеуге болады.
Smart TV негізгі бетіне оралу үшін
LIST түймесінбасыңыз.
Ескертпе. Smart TV қызметтері автоматты
түрде жаңартылады. Соңғы жаңартуларды
көру үшін, [App галереясы] ішінде
[Барлығы] параметрін [Жаңа]
параметріне өзгертіңіз.
Веб-тораптарға кіру
1. Интернет бағдарламасын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Веб-мекенжай өрісін, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
Экранда пернетақта пайда болады.
3. Веб-мекенжайдың әрбір таңбасын енгізу
үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) және OK түймесін басыңыз.
Кеңес. Веб-мекенжайды енгізу үшін, ТД
қашықтан басқару пультіндегі Санды
түймелер (Сан түймелерін) де
пайдалануға болады.
KK 21
Loading...
+ 56 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.