Nikon Z 7II User manual [kk]

Page 1
Қолданушы нұсқаулығы
• Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
• Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (x-бет) оқып шығыңыз.
• Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
Kk
Page 2
Бірінші фотосуретіңіз күте
64
GB
алмайтын кезде
Дайындалу
❚❚
1
Батареяны салыңыз (07).
Батареяны зарядтау туралы ақпаратты «Батареяны зарядтау» (02) бөлімінен қараңыз.
2
Жад картасын салыңыз (
9).
0
3
Объективті жалғаңыз (
12).
0
Объективтегі ақ нүктені фотокамера корпусындағы ақ нүктеге туралаңыз (q) және объективті көрсетілген бағытта
w
айналдырыңыз (
Фотокамераға бауды жалғауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін «Бауды жалғау» бөлімін (01) қараңыз.
).
4
Фотокамераны қосыңыз, содан кейін тілді таңдаңыз және сағатты орнатыңыз (
14).
0
Z 7II Model Name: N1932 Z 6II Model Name: N1929

Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде

ii
Page 3
Суреттер түсіру (018) және оларды көру
❚❚
(
28)
0
1
Режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
2
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (яғни, ысырманы босату түймешігін ақырын басып, жартылай басылған кезде тоқтаңыз).
3
Сурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды көтермей, түймешікті соңына дейін басыңыз.
4
Суретті көріңіз.
Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде
iii
Page 4

Орауыш құрамы

Мұнда тізілген барлық заттар фотокамерамен қоса берілгеніне көз жеткізіңіз.
Фотокамера
BF-N1 корпус қақпағы
DK-29 резеңке көзүсті
қалқаны (фотокамераға жалғанған күйде келеді)
Түйіспе тұс қақпағы бар
EN-EL15c қайта зарядталатын литий­ионды батареясы
MH-25a зарядтау
құрылғысы (түрі және пішіні сату еліне немесе аймағына қарай өзгеріп отыратын айнымалы ток қабырға адаптерімен немесе қуат кабелімен бірге келеді)
HDMI/USB кабель
қыстырғышы EH-7P зарядтау
айнымалы ток адаптері (тек Z 7II; қажет болатын елдерде немесе аймақтарда ашалы адаптер жалғанған күйде қамтамасыз етіледі; пішіні сату еліне байланысты—
AN-DC19 бауы
Кепілдік (осы
нұсқаулықтың артқы мұқабасында басылған)
Қолданушы нұсқаулығы
UC-E24 USB кабелі
BS-1 керек-жарақтарға
арналған құрылғы қақпағы
0
4)
Жад карталары бөлек сатылады.
Орауыш құрамы
iv
Page 5
Объектив жинағындағы объективтер
D
Объектив жинағының бір бөлігі ретінде қамтамасыз етілетін объективтер туралы ақпаратты Nikon жүктеп алулар орталығынан жүктеп алуға болатын объектив нұсқаулықтарынан қараңыз.
Nikon жүктеп алулар орталығы
D
Бұл нұсқаулықтың PDF нұсқасы, әрі пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар бар ағылшын тіліндегі Анықтамалық нұсқаулық құжаты (оны онлайн HTML түрінде көруге болады) Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын, ViewNX-i, Capture NX-D және басқа Nikon компьютерлік бағдарламалық жасақтамасын әрі басқа Nikon өнімдеріне, соның ішінде фотокамераларға, NIKKOR объективтеріне және жарқыл бөліктеріне арналған нұсқаулықтарды жүктеп алу үшін Nikon жүктеп алу орталығына кіріңіз. https://downloadcenter.nikonimglib.com/
Орауыш құрамы
v
Page 6

Осы нұсқаулық туралы

Таңбалар
❚❚
Бұл нұсқаулықта келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз.
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді
D
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
A
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне
0
жасалған сілтемелерді белгілейді.
Шартты белгілер
❚❚
Бұл нұсқаулық Z 7II және Z 6II екеуімен де бірге пайдалануға арналған. Иллюстрацияларда Z 6II көрсетілген.
Бұл фотокамерада CFexpress (Type B), XQD, SD, SDHC және SDXC жад карталары пайдаланылады. Барлық түрлерге жататын жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады. Түрлерді ажырату қажет болған жағдайда «CFexpress жад картасы», «XQD жад картасы» және «SD жад картасы» терминдерін пайдалануға болады.
Осы нұсқаулықта зарядтау құрылғылары «зарядтау құрылғылары» немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
Бұл нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі» деп аталады; жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар» деп аталады.
Осы нұсқаулықта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде қолданылған параметрлерді білдіру үшін пайдаланылады. Бұл нұсқаулықтағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер пайдаланылған деп есептеледі.
Осы нұсқаулық туралы
vi
Page 7
Қауіпсіздік шаралары
A
«Қауіпсіздік шаралары» бөлімі қауіпсіздік туралы маңызды нұсқауларды қамтиды. Фотокамераны пайдалану алдында оларды оқып шығыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (0x) оқыңыз.
Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету
❚❚
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз және өнім туралы соңғы мәліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз. https://www.europe-nikon.com/support
Осы нұсқаулық туралы
vii
Page 8

Мазмұны

Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде ................. ii
Орауыш құрамы............................................................. iv
Осы нұсқаулық туралы.................................................. vi
Қауіпсіздік шаралары .................................................... x
Ескертпелер.................................................................. xv
Алғашқы қадамдар 1
Бауды жалғау................................................................. 1
Батареяны зарядтау...................................................... 2
Зарядтау құрылғысы .................................... 2
Зарядтау айнымалы ток адаптерлері ......... 4
Батареяны салу............................................................. 7
Батареяны алу.............................................. 7
Батарея деңгейі............................................ 8
Жад карталарын салу ................................................... 9
Жад карталарын алу.................................. 10
Объективті жалғау....................................................... 12
Объективтерді ажырату............................. 13
Тілді таңдау және сағатты орнату.............................. 14
viii
Мазмұны
Page 9
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату 18
Фотосуреттер түсіру (b режимі)................................. 18
Бейнефильмдер түсіру (
Ойнату.......................................................................... 28
Фотосуреттерді көру................................... 28
Бейнефильмдерді көру.............................. 29
режимі) ............................ 24
b
Ақауларды жою 30
Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу
алдында.................................................................... 30
Техникалық ескертпелер 31
Фотокамераны күту ..................................................... 31
Сақтау.......................................................... 31
Фотокамераны және батареяны күту:
сақтық ескертулер.................................................... 32
Фотокамераны күту .................................... 32
Батареяны күту........................................... 37
Зарядтағышты пайдалану ......................... 40
Зарядтау айнымалы ток адаптерін
пайдалану................................................ 40
Сауда белгілері және лицензиялар ........................... 41
Ескертпелер................................................................. 45
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) ........... 46
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі
Nikon Europe Service Warranty кепілдігі .................. 55
Мазмұны
ix
Page 10

Қауіпсіздік шаралары

Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын
A
қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады.
ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын
A
қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық
A
шараларын қолданбау жарақатқа немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
A
Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сәтсіз жағдай нәтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз, батареяны немесе қуат көзін дереу ажыратыңыз.
Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
x
Page 11
Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Объектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
xi
Page 12
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін орындарда ашық қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
A
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз.
Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған күн жарығы өрт тудыруы мүмкін.
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
xii
Page 13
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері әсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Мониторда немесе көріністапқышта жоғары температура туралы ескерту көрсетілгенде жад картасын ұстамаңыз.
Жад картасы ыстық болады, бұл күйіктерге әкелуі немесе шығарып жатқанда, картаның түсіп қалып, зақымдалуына әкелуі мүмкін.
ҚАУІП (Батареялар)
A
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы батареяларды пайдаланыңыз.
Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
Бөлшектемеңіз.
Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың әсерін тигізбеңіз.
Батареяларды басуға, шегелермен тесуге немесе балғалармен соғуға болмайды.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
xiii
Page 14
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Әрекетті кешіктіру көз жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.
Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ (Батареялар)
A
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяларды үй жануарларынан және басқа жануарлардан аулақ ұстаңыз.
Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр әсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL15c қайта зарядталмалы батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туындауы мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, әсер етілген аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
xiv
Page 15

Ескертпелер

Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір зақымға жауап бермейді.
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуыңызды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз. Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды немесе құнды қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады. Үкіметтің алдын-ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын немесе ашық хаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады. Үкімет шығарған маркаларды және заңда қарастырылған куәландырылған құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Ескертпелер
xv
Page 16
Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың (акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар және т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса, үкімет тарапынан шығарылған паспорттардың, мемлекеттік органдар және жеке топтар шығарған лицензиялардың, жеке бас куәліктерінің және рұқсатнамалар және тамақ купондары сияқты билеттердің көшірмелерін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Авторлық құқыққа қатысты ескертулерді ескеріңіз
Авторлық құқықтар туралы заң бойынша фотокамерамен жасалған авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Ерекшеліктер жеке пайдалануға қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана
қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жобаланған және күрделі электрондық тізбекті қамтиды. Nikon компаниясы арнайы осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге пайдалануға сертификаттаған Nikon брендті электрондық керек­жарақтар (соның ішінде зарядтау құрылғылары, батареялар, айнымалы ток адаптерлері және жарқыл керек-жарақтары) ғана осы электрондық тізбектің жұмыс және қауіпсіздік талаптарының шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған және сондай екендігі дәлелденген. Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек­жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы және Nikon кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталмалы литий­ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына, жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына әкелуі мүмкін. Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мәлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.
xvi
Ескертпелер
Page 17
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
D
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
Өмір бойы білім алу ұстанымы
D
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: https://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылары үшін: https://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды және сандық кескіндерге және фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін мына сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін келесі URL мекенжайын қараңыз: https://imaging.nikon.com/
Ескертпелер
xvii
Page 18
xviii
Ескертпелер
Page 19

Алғашқы қадамдар

Бауды жалғау

Бауды жалғау үшін (жинақтағы бау немесе бөлек сатып алынған бау болуы мүмкін):
Бауды жалғау
1
Page 20

Батареяны зарядтау

Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL15c батареясын зарядтаңыз.
Батарея және зарядтау құрылғысы
D
«Қауіпсіздік шаралары» (0x) бөліміндегі және «Фотокамера мен батареяны күту: сақтық шаралары» ( мен сақтық шараларын оқып шығып, ескеріңіз/қолданыңыз.

Зарядтау құрылғысы

Елге немесе аймаққа байланысты зарядтау құрылғысында айнымалы ток қабырға адаптері немесе қуат кабелі болады.
Айнымалы ток қабырға адаптері: айнымалы ток қабырға адаптерін зарядтау құрылғысының айнымалы ток сымының кіріс ұяшығына кіргізгеннен кейін (q), айнымалы ток қабырға адаптерінің ілмегін көрсетілгендей сырғытыңыз (w) және орнында бекіту үшін адаптерді 90° айналдырыңыз (
32) бөліміндегі ескертулер
0
e
).
Батареяны зарядтау
2
Page 21
Қуат кабелі: қуат кабелінің ашасын көрсетілген бағытта қосудан кейін батареяны салып, кабельді розеткаға қосыңыз.
Таусылған батарея шамамен 2 сағат 35 минутта толығымен зарядталады.
Батареяны зарядтау
(жыпылықтайды)
CHARGE шамы тез жыпылықтаса
D
Егер CHARGE шамы тез жыпылықтаса (секундына 8 рет):
Батареяны зарядтау қатесі орын алды: зарядтау құрылғысын розеткадан ажыратып, алыңыз және батареяны қайта салыңыз.
Қоршаған орта температурасы тым ыстық немесе тым суық: зарядтау құрылғысын белгіленген температура
ауқымында (0–40 °C) пайдаланыңыз. Егер мәселе шешілмесе, зарядтау құрылғысын розеткадан ажыратып, зарядтауды аяқтаңыз. Батареяны және зарядтау құрылғысын Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Зарядтау аяқталды
(тұрақты)
Батареяны зарядтау
3
Page 22

Зарядтау айнымалы ток адаптерлері

Фотокамераға батарея салынған болса, EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерін (Z 6II үшін бөлек сатылады, Z 7II фотокамерасымен бірге қамтамасыз етіледі) батареяны зарядтау немесе фотокамераға қуат беру үшін пайдалануға болады.
EN-EL15a немесе EN-EL15 батареяларын зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланып зарядтау мүмкін емес. Оның орнына MH-25a зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.
Баптау мәзірінде [USB power delivery] (USB арқылы қуат жеткізу) параметрі үшін [Enable] (Қосу) мәні таңдалған болса, зарядтау айнымалы ток адаптерін фотокамераға қуат беру үшін пайдалануға болады. Фотокамераға сыртқы көз қуат беріп тұрғанда, батареялар зарядталмайды.
1
EN-EL15c фотокамераға салыңыз (
0
7).
Батареяны зарядтау
4
Page 23
2
Фотокамераның өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін, зарядтау айнымалы ток адаптерін (q) қосып, адаптерді розеткаға қосыңыз.
Салу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз.
Зарядтау
Батарея фотокамера өшірулі кезде зарядталады.
Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы ( Зарядтау аяқталғанда бұл шам өшеді.
Таусылған батарея шамамен 2 сағат 45 минутта толығымен зарядталады.
w
) сары түспен жанып тұрады.
Қуатты жеткізу
Қосулы кезде фотокамера адаптерден қуат алады.
Батареяны зарядтау
5
Page 24
3
Зарядтау аяқталғанда немесе ол енді фотокамераға қуат беру үшін қажет болмағанда, зарядтау айнымалы ток адаптерін розеткадан суырыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері
D
Егер зарядтау айнымалы ток адаптері арқылы батареяны зарядтау мүмкін болмаса, мысалы, батарея үйлесімді емес болғандықтан немесе фотокамераның температурасы көтерілген болғандықтан, зарядтау шамы шамамен 30 секунд бойы тез жыпылықтап, содан кейін өшеді. Егер зарядтау шамы өшірулі болса және батареяның зарядталып жатқанын байқамасаңыз, фотокамераны қосып, батарея деңгейін тексеріңіз.
Компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу
A
және батареяны зарядтау
Компьютерлер UC-E25 USB кабелі (бөлек сатылады) арқылы жалғанған кезде ғана фотокамераға қуат беру немесе батареяны зарядтау үшін токты қамтамасыз етеді. Жинақтағы USB кабельді бұл мақсатта пайдалану мүмкін емес.
Үлгінің және өнімнің сипаттамаларына байланысты кейбір компьютерлер фотокамераға қуат беру немесе батареяны зарядтау үшін токты қамтамасыз етпейді.
Батареяны зарядтау
6
Page 25

Батареяны салу

Батареяны салу немесе шығару алдында
фотокамераны өшіріңіз.
Батареямен сарғылт батарея ілмегін бір шетке басып
тұрып, батареяны ілмек орнында құлыпталғанша
батарея бөліміне сырғытыңыз.

Батареяны алу

Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріңіз және батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз.
Батареяны салу
7
Page 26

Батарея деңгейі

Батарея деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде көрсетіледі.
Монитор Көріністапқыш Басқару панелі
Батарея деңгейі азайғанда, батарея деңгейінің дисплейі
L, K, J, I
өзгереді. Батарея деңгейі суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз және батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз.
Егер [Shutter release disabled. Recharge battery.] (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.) хабары көрсетілсе, батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.
және H аралығында
деңгейіне түскенде,
H
Батареяны салу
8
Page 27

Жад карталарын салу

128
GB
64
GB
Фотокамера екі жад картасы ұяшығымен жабдықталған: бір CFexpress немесе XQD жад картасы сыятын ұяшық ( SD жад картасы сыятын тағы бір ұяшық (w), барлығы екі карта, әр түрден біреуі үшін.
Жад карталарын салу немесе шығару алдында
фотокамераны өшіріңіз.
Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып,
орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа
сырғытыңыз.
- CFexpress және XQD жад карталары:
- SD жад карталары:
q
) және бір
Жад карталарын салу
9
Page 28

Жад карталарын алу

16
GB
Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және шығару үшін картаны ішке басыңыз ( картаны қолмен алуға болады (
Жад карталары
D
Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз
- Фотокамераны өшірмеңіз
- Батареяны шығармаңыз
- Айнымалы ток адаптерлерін ажыратпаңыз
Жад картасының түйіспелеріне саусақтарыңызбен немесе металл заттармен тимеңіз.
Жад карталарын ұстағанда, артық күш қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау картаны зақымдауы мүмкін.
Жад карталарын майыстырмаңыз немесе түсіріп алмаңыз, я болмаса қатты физикалық соққыларға ұшыратпаңыз.
Жад карталарына судың, жылудың немесе тік күн жарығының әсерін тигізбеңіз.
Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
q
). Содан кейін
w
).
Жад карталарын салу
10
Page 29
Жад картасының жоғары температурасы туралы
D
ескерту
Жад картасы ұяшығы қақпағының ішінде көрсетілгендей, фотокамераға салынған жад карталары қызып кетуі мүмкін. Түсіру режимінің дисплейінде жоғары температура туралы ескерту көрінсе, жад карталарын шығаруға әрекеттенбеңіз; оның орнына фотокамераның салқындауын және дисплейден ескертудің тазалануын күтіңіз.
Жад картасы салынбаған
D
Егер жад картасы салынбаған болса, түсіру режимінің дисплейінде «жад картасы жоқ» индикаторы көрінеді және басқару панелінде де, түсіру режимінің дисплейінде де [–E–] көрінеді.
Жазудан қорғау ажыратқышы
A
SD жад карталары жазудан
қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Бұл
ажыратқышты «lock» (құлып)
күйіне сырғыту картаны қорғап, ол қамтитын деректерді
қорғайды.
Жазудан қорғалған карта салынған кезде, түсіру режимінің
дисплейінде «–––» индикаторы және [Card] ескертуі көрінеді.
Жазудан қорғалған карта салулы кезде ысырманы босатуға
әрекеттенсеңіз, ескерту көрсетіледі және ешбір сурет
жазылмайды. Суреттерді түсіруге немесе жоюға әрекеттену
алдында жад картасының құлпын ашыңыз.
Жад карталарын салу
11
Page 30

Объективті жалғау

Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Осы нұсқаулықта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z 24–70 мм f/4 S объективі пайдаланылады.
Фотокамераға шаңның енуін болдырмаңыз.
Объективті жалғау алдында фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
e, r
q, w
) және
) алыңыз.
- Фотокамера корпусының қақпағын ( объективтің артқы қақпағын (
t
- Фотокамерадағы (
) және объективтегі (y) бекіту таңбаларын туралаңыз. Кескін сенсорына немесе объектив түйіспелеріне тимеңіз.
Объективті жалғау
12
Page 31
- Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз (
Суреттер түсіру алдында алдыңғы объектив қақпағын
u
).
алыңыз.
F бекіткіші бар объективтер
D
F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) жалғаңыз.
F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға әрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.

Объективтерді ажырату

Фотокамераны өшіруден кейін объективті көрсетілген бағытта бұра отырып (q), объективті босату түймешігін басып, ұстап тұрыңыз (w).
Объективті алғаннан кейін объектив қақпағы мен фотокамера корпусының қақпағын қайта орнатыңыз.
Объективті жалғау
13
Page 32

Тілді таңдау және сағатты орнату

Мәзірлер бірінші рет көрсетілгенде, баптау мәзіріндегі тіл опциясы автоматты түрде белгіленеді. Тілді таңдаңыз және фотокамера сағатын орнатыңыз.
1
Фотокамераны қосыңыз.
2
Баптау мәзірінде [Language] (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.
Сатып алудан кейін G түймешігін бірінші рет басқанда, баптау мәзіріндегі [Language] (Тіл) элементі автоматты түрде белгіленеді.
Тілді таңдау және сағатты орнату
14
Page 33
3
Тілді таңдаңыз.
Қалаған тілді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, фотокамера басында сатып алынған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отырады).
4
[Time zone and date] (Уақыт
түймешігін басыңыз (қолжетімді тілдер
J
белдеуі және күн) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
5
Уақыт белдеуін таңдаңыз.
[Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Time zone] (Уақыт белдеуі) параметрін таңдаңыз.
[Time zone] (Уақыт белдеуі) дисплейінде уақыт белдеуін белгілеп,
Дисплей таңдалған аймақтағы таңдалған қалалар тізілген уақыт белдеулері картасын және таңдалған аймақтағы уақыт пен UTC арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
түймешігін басыңыз.
J
Тілді таңдау және сағатты орнату
15
Page 34
6
Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз.
[Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Daylight saving time] (Жазғы уақыт) параметрін таңдаңыз.
[On] (Қосулы) (жазғы уақыт қосулы) немесе [Off] (Өшірулі) (жазғы уақыт өшірулі) күйін белгілеп, түймешігін басыңыз.
[On] (Қосулы) күйін таңдасаңыз, сағат бір сағатқа алға жылжиды; бұл әсерді болдырмау үшін [Off] (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
7
Сағатты орнатыңыз.
[Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Date and time] (Күн және уақыт) параметрін таңдаңыз.
Сағатты таңдалған уақыт белдеуіндегі күн мен уақытқа орнату үшін мульти селекторды пайдаланудан кейін J түймешігін басыңыз (фотокамерада 24 сағаттық пішім пайдаланылатынын ескеріңіз).
8
Күн пішімін таңдаңыз.
[Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Date format] (Күн пішімі) параметрін таңдаңыз.
Қалаған күнді көрсету ретін (жыл, ай және күн) белгілеп,
түймешігін басыңыз.
J
J
Тілді таңдау және сағатты орнату
16
Page 35
9
Мәзірлерден шығыңыз.
Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін ақырын жартылай басыңыз.
белгішесі
D t
Түсіру режимінің дисплейіндегі жыпылықтайтын t белгішесі фотокамера сағаты ысырылғанын көрсетеді. Жаңа фотосуреттерде жазылған күн мен уақыт дұрыс болмайды; сағатты дұрыс уақыт пен күнге орнату үшін баптау мәзіріндегі [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) > [Date and time] (Күн және уақыт) параметрін пайдаланыңыз. Фотокамера сағатына тәуелсіз сағат батареясы қуат береді. Сағат батареясы фотокамераға негізгі батарея салулы кезде зарядталады. Оның зарядталуына шамамен 2 күн кетеді. Зарядталғаннан кейін ол сағатқа шамамен бір ай бойы қуат береді.
SnapBridge
A
SnapBridge қолданбасын фотокамера сағатын смартфондағы немесе планшеттегі (смарт құрылғы) сағатпен синхрондау үшін пайдаланыңыз. Мәліметтерді SnapBridge онлайн анықтамасында қараңыз.
Тілді таңдау және сағатты орнату
17
Page 36

Негізгі фотосурет түсіру және ойнату

Фотосуреттер түсіру (b режимі)
Қарапайым «бағытта да, түсір» режимінде фотосурет түсіру үшін
Жиналмалы жиектемелері бар объективтер
D
Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп түскенше объективтің масштабтау сақинасын айналдырыңыз.
1
Фотокамераны қосыңыз.
Монитор мен басқару панелі жанады.
(Auto) (Автоматты) режимін таңдаңыз.
b
Фотосуреттер түсіру (
18
режимі)
b
Page 37
2
Фотосурет режимін фотосурет/ бейнефильм ауыстырғышын күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
3
Фотокамераның жоғарғы жағындағы режимді таңдау дискінің құлпын босату тетігін басып тұрып, режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
C
Фотосуреттер түсіру (
режимі)
b
19
Page 38
4
Фотокамераны дайындаңыз.
Тұтқаны оң қолыңызбен ұстап, сол қолыңызбен фотокамера корпусын немесе объективті ұстап, шынтақтарыңызды кеудеңіздің бүйірлеріне жақындатыңыз.
Фотосуреттерді көріністапқышта жақтауға алу:
Фотосуреттерді мониторда жақтауға алу:
Фотосуреттер түсіру (
20
Пейзаждық (кең)
бағдар
Пейзаждық (кең)
бағдар
b
Портреттік (тік)
бағдар
Портреттік (тік)
бағдар
режимі)
Page 39
5
Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Негізгі нысанды АФ аумағының жақшаларында орналастырыңыз.
Егер фотокамера адам бетін анықтаса, АФ аумағының жақшалары нысан бетінің айналасындағы сары жиекпен (фокустау нүктесін көрсетеді) ауыстырылады. Егер көздер анықталса, сары фокустау нүктесі оның орнына нысан көздерінің біреуінің немесе екіншісінің үстінде көрінеді.
Фотосуреттер түсіру (
режимі)
b
21
Page 40
6
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Фотокамера фокустағанда, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Егер фотокамера фокустай алмаса, АФ аумағының жақшалары жыпылықтайды.
Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, фокустау әрекетіне көмектесу үшін АФ қосымша шамы жануы мүмкін.
Сондай-ақ AF-ON түймешігін басу арқылы фокустауға болады.
Егер фотокамера адам портреттік нысандарының беттерін немесе көздерін анықтаса, белсенді фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Фотокамера фокустай алмаса, фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды.
АФ қосымша шамы
D
Жанып тұрған АФ қосымша шамын жаппаңыз.
Фотосуреттер түсіру (
22
режимі)
b
Page 41
7
Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз.
Сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады. Фокустау үшін нысанды түртіңіз және ысырманы босату үші саусақты көтеріңіз.
Жад картасына қатынасу шамы
D
Фотосурет жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе
батареяны шығармаңыз.
Күту режимінің таймері
D
Фотокамера күту режимінің таймерін батарея қуатынының тұтынылуын азайту үшін пайдаланады. Егер шамамен 30 секунд бойы ешқандай әрекеттер орындалмаса, күту режимінің таймері аяқталады және монитор, көріністапқыш және басқару панелі өшеді. Өшіруге бірнеше секунд қалғанда, монитор мен көріністапқыш күңгірттенеді. Ысырманы босату түймешігін жартылай басу арқылы оларды қайта белсендіруге болады. Күту режимінің таймері автоматты түрде аяқталғанға дейінгі уақыт ұзақтығын c3 [Power off delay] (Қуатты өшіруді кешіктіру) > [Standby timer] (Күту режимінің таймері) қолданушы параметрі арқылы таңдауға болады.
Фотосуреттер түсіру (
режимі)
b
23
Page 42
Бейнефильмдер түсіру (b режимі)
Сондай-ақ b (автоматты) режимін қарапайым, «бағытта да, түсір» режимінде бейнефильм жазу үшін пайдалануға болады.
1
Фотокамераны қосыңыз.
Монитор мен басқару панелі жанады.
2
Бейнефильм режимін фотосурет/ бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
Фотокамера бейнефильм режимінде болғанда қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
3
Фотокамераның жоғарғы жағындағы режимді таңдау дискінің құлпын босату тетігін басып тұрып, режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
Бейнефильмдер түсіру (
24
режимі)
b
Page 43
4
Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз.
Мониторда жазу индикаторы көрсетіледі. Сондай-ақ монитор қалған уақытты немесе басқаша айтқанда, жад картасына жазуға болатын жаңа түсірілген бөліктің болжамды мөлшерін көрсетеді.
Жазу индикаторы
1
1 2
Жазу кезінде AF-ON түймешігін басу арқылы фотокамераны қайта фокустауға болады.
Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады. Жазу кезінде микрофонды жаппаңыз.
Егер сіз жазу кезінде мониторда тақырыпты нұқысаңыз, фокустау нүктесі кадр арқылы қозғалады.
Қалған уақыт
2
Бейнефильмдер түсіру (
режимі)
b
25
Page 44
5
Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайтадан басыңыз.
Жад картасына қатынасу шамы
D
Бейнефильм жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе
батареяны шығармаңыз.
белгішесі
D 0
белгішесі бейнефильмдерді жазу мүмкін емес екенін
0
көрсетеді.
Бейнефильмдер түсіру (
26
режимі)
b
Page 45
Бейнефильмдерді жазу
D
Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде аяқталады:
- Максималды ұзақтыққа жеткенде
- Басқа режим таңдалғанда
- Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын C күйіне
айналдырғанда
- Объективті алғанда
Фотокамера тудырған дыбыстар жазылған түсірілген бөлікте естілуі мүмкін:
- Автофокус кезінде
- Дірілді азайту кезінде
- Электр жетекті апертура пайдаланылғанда
Жад картасының жоғары температурасы туралы
D
ескерту
Бейнефильм жазу кезінде жад карталары қызып кетуі мүмкін және түсіру режимінің дисплейінде жоғары температура туралы ескерту көрінуі мүмкін. Жад картасын шығаруға әрекеттенбеңіз; оның орнына фотокамераның салқындауын және дисплейден ескертудің тазалануын күтіңіз.
Бейнефильмдер түсіру (
режимі)
b
27
Page 46

Ойнату

Фотокамерамен жазылған фотосуреттерді және бейнефильмдерді көру үшін

Фотосуреттерді көру

Фотосуреттерді төмендегі қадамдарды орындау арқылы көруге болады.
1
түймешігін басыңыз.
K
Сурет мониторда немесе көріністапқышта көрсетіледі.
Қазіргі уақытта көрсетілген суретті қамтитын жад картасы белгіше арқылы көрсетіледі.
2
Қосымша суреттерді көру үшін түймешігін басыңыз.
немесе 2
4
Мониторда суреттер көрсетілгенде дисплейде саусақты солға немесе оңға шерту арқылы басқа суреттерді көруге болады. Ойнатуды аяқтап, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
түймешігін басыңыз.
K
28
Ойнату
Page 47

Бейнефильмдерді көру

12
3
Бейнефильмдер 1 белгішесі арқылы көрсетіледі. Ойнатуды бастау үшін дисплейде немесе
түймешігін басыңыз (орындалу барысының
J
жолағы бейнефильмдегі жуықталған орныңызды көрсетеді).
белгішесі
1
1
Ұзақтық
2
белгішесі
a
3
Ағымдағы күйі/жалпы
4
ұзақтығы Орындалу барысының
5
жолағы Дыбыс деңгейі
6
Анықтама
7
белгішесін нұқыңыз
a
4
675
Ойнату
29
Page 48

Ақауларды жою

Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында

Төмендегі әрекеттерді орындау арқылы сіз фотокамерадағы кез келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алу алдында осы тізімді тексеріңіз.
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз, содан кейін шамамен бір минут күтіңіз, батареяны қайта салыңыз және фотокамераны
-ҚАДАМ
1
-ҚАДАМ
2
қосыңыз.
Суретке түсіруден кейін фотокамера деректерді
D
жад картасына жазуды жалғастыруы мүмкін. Батареяны шығару алдында кемінде бір минут күтіңіз.
Nikon веб-сайттарында іздеңіз.
Қолдау ақпаратын және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға арналған веб-сайтқа кіріңіз (0xvii).
Фотокамераға арналған соңғы бағдарлама жасақтамасын жүктеп алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://downloadcenter.nikonimglib.com/
-ҚАДАМ
3
Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу
30
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алыңыз.
Page 49

Техникалық ескертпелер

Фотокамераны күту

Сақтау

Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны шығарып алыңыз. Батареяны шығару алдында фотокамераның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Фотокамераны мынадай жерлерде сақтамаңыз:
нашар желдетілетін немесе 60%-дан астам ылғалдылық әсер ететін жерлерде
теледидарлар немесе радиолар сияқты күшті электрмагниттік өрістерді тудыратын жабдық жанындағы жерлерде
50 °C-тан асатын немесе –10 °C-тан төмен температуралар әсер ететін жерлерде
Фотокамераны күту
31
Page 50

Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер

Фотокамераны күту

Түсіріп алмаңыз
Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз
Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Фотокамера ішіндегі судың әсері тудырған ішкі механизмнің тоттануды жөндеу қымбатқа түсіп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде жөнделмейтін зақымды тудыруы мүмкін.
Температурадағы кенет өзгерістерді болдырмаңыз
Температурадағы кенет өзгерістер (мысалы, суық күнде жылытылатын ғимаратқа кіру немесе шығу кезінде орын алатын температурадағы кенет өзгерістер) құрылғының ішінде немесе сыртында конденсацияны тудыруы мүмкін. Конденсацияны болдырмау үшін температурадағы кенет өзгерістерге ұшырамас бұрын құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик пакетке салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Радио таратқыштар сияқты жабдық тудыратын статикалық зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында сақталған деректерді бүлдіруі немесе өнімнің ішкі схемасына әсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз
Объективті күнге немесе басқа күшті жарық көзіне қаратып ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсорын зақымдауы, я болмаса өңсізденуді немесе «күюді» тудыруы мүмкін. Фотокамерамен түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырау әсері болуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
32
Page 51
Лазерлер және басқа қатты жарық көздері
Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорына зиян тигізуі мүмкін.
Тазалау
Фотокамера корпусын тазалағанда, шаң мен қылшықтарды ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағалауында пайдаланғаннан кейін, таза суға малынған шүберекпен құмды немесе тұзды сүртіңіз, содан кейін фотокамераны жақсылап құрғатыңыз. Сирек жағдайларда, статикалық электр тогы сұйық кристалдық дисплейлердің жануына немесе күңгірттенуіне әкелуі мүмкін; бұл ақаулықты көрсетпейді. Жақын арада дисплей қалыпты күйге оралады.
Объективті және көріністапқышты тазалау
Бұл шыны элементтер оңай зақымдалады; шаң мен қылшықтарды ауа үргішпен кетіріңіз. Егер аэрозоль үргішті пайдалансаңыз, шыны элементтерді зақымдауы мүмкін сұйықтықтың ағуына жол бермеу үшін құтыны тік күйде ұстаңыз. Объективтен саусақ іздері мен басқа дақтарды кетіру үшін объектив тазалағыштың аз мөлшерін жұмсақ шүберекке жағып, объективті ақырын сүртіңіз.
Кескін сенсорына тимеңіз
Ешбір жағдайларда кескін сенсорына қысым түсірмеңіз, оны тазалау құралдарымен итермеңіз немесе ауа үргіштің күшті ауа ағындарына ұшыратпаңыз. Бұл әрекеттер сенсорға сызат түсіруі немесе оны басқалай зақымдауы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
33
Page 52
Объектив түйіспелері
Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз. Оларға саусақтармен тимеңіз.
Жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз
Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ, жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта немесе камфара шариктерімен бірге, күшті электрмагниттік өрісті тудыратын жабдықтың жанында немесе өте жоғары температуралар әсер ететін жерде, мысалы, қыздырғыштың жанында немесе ыстық күнде жабық көлікте сақтамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Ұзақ мерзім бойы сақтау
Мысалы, батарея сұйықтығының жылыстауы тудыратын зақымды болдырмау үшін, өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны шығарып алыңыз. Фотокамераны десикант бар пластик пакетте сақтаңыз. Дегенмен, фотокамераның былғары қабын пластик пакетте сақтамаңыз, өйткені бұл материалдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Десикант ылғалды сіңіру мүмкіндігін біртіндеп жоғалтатынын және жүйелі аралықтарда ауыстырылуы керектігін ескеріңіз. Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны кемінде айына бір рет сақтаудан шығарыңыз, батареяны салыңыз және ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз
Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді зақымдауы мүмкін. Кескіндер жазылып немесе жойылып жатқанда қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл бөлу керек.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
34
Page 53
Монитор/көріністапқыш
Мониторлар (оның ішінде көріністапқыш) өте жоғары дәлдікпен құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді, жоқ немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды. Сондықтан, бұл дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе әрқашан өшірулі болатын (қара) нүктелер болуы мүмкін, бұл ақаулық емес. Құрылғымен жазылған кескіндерге әсер етілмейді. Түсінуіңізді сұраймыз.
Монитордағы кескіндерді қатты жарықта көру қиын болуы мүмкін.
Мониторға қысым қолданбаңыз. Монитор дұрыс жұмыс істемеуі немесе зақымдалуы мүмкін. Монитордағы шаңды немесе қылшықтарды ауа үргішпен кетіруге болады. Дақтарды мониторды жұмсақ шүберекпен немесе күдері былғарымен ақырын сүрту арқылы кетіруге болады. Монитор бұзылса, сынған әйнектен жарақаттанудан сақтану керек. Монитордағы сұйық кристалдың теріге тиюінен, көзге немесе ауызға кіруінен сақтаныңыз.
Көріністапқышта кадрларды жақтауға алу кезінде келесі белгілердің кез-келгеніне тап болсаңыз, күйіңіз жақсарғанша пайдалануды тоқтатыңыз:
- жүрек айнуы, көздің ауыруы, көздің шаршауы,
- бас айналу, бас ауыруы, мойынның немесе иықтардың тырысуы,
- әлсіздену немесе қол-көз координациясын жоғалту, я болмаса
- теңіз ауруы.
Қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру кезінде дисплей тез жыпылықтап, қосылуы және өшуі мүмкін. Жыпылықтап жатқан дисплейге қарау өзіңізді нашар сезінуге әкелуі мүмкін. Күйіңіз жақсарғанша пайдалануды тоқтатыңыз.
Қатты жарықтар және артқы жағы жарықтандырылған нысандар
Сызықтар түріндегі бұрмалану сирек жағдайларда қатты жарықтарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды қамтитын суреттерде пайда болуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
35
Page 54
Деректерді сақтау құрылғыларын қоқысқа лақтыру
D
Кескіндерді жою, я болмаса жад карталарын немесе басқа деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толығымен өшірмейтініне назар аударыңыз. Жойылған файлдарды кейде қоқысқа лақтырылған сақтау құрылғыларынан сатылымда бар бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып қалпына келтіруге болады, бұл жеке кескін деректерін зиянкес жолмен пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялығын қамтамасыз ету пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады. Деректерді сақтау құрылғысын қоқысқа лақтыру алдында немесе меншік құқығын басқа тұлғаға бермес бұрын, коммерциялық жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін оны жеке ақпарат жоқ кескіндермен (мысалы, ашық аспанның суреттерімен) толығымен толтырыңыз. Деректерді сақтау құрылғыларын физикалық түрде бұзған кезде жарақат алудан сақтану керек. Фотокамераны қоқысқа лақтыру алдында немесе меншік құқығын басқа тұлғаға бермес бұрын, сіз сонымен бірге желі параметрлерін және басқа жеке ақпаратты жою үшін фотокамераның баптау мәзіріндегі [Reset all settings] (Барлық параметрлерді ысыру) элементін пайдалануыңыз керек.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
36
Page 55

Батареяны күту

Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
- Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
- Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
- Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз.
- Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды пайдаланыңыз.
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз, я болмаса жалын немесе шамадан тыс қызу әсерін тигізбеңіз.
- Батарея фотокамераға немесе зарядтағышқа салынбаған кезде, түйіспе тұс қақпағын қайта орнатыңыз.
Батарея ыстық болса, мысалы, пайдаланудан кейін бірден, зарядтау алдында оның салқындауын күтіңіз. Батареяны ішкі температурасы көтерілген кезде зарядтауға әрекеттену батареяның өнімділігіне төмендетеді және батарея зарядталмауы немесе тек ішінара зарядталуы мүмкін.
Батарея ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, сақтау үшін фотокамерадан шығару алдында оны фотокамераға салыңыз және таусылғанша пайдаланыңыз. Батареяны қоршаған орта температурасы 15 °C–25 °C, салқын, құрғақ жерде сақтау керек. Ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
Батареяларды пайдаланудың алты айы ішінде зарядтау керек. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, сақтау үшін салқын жерге қайтару алдында алты ай сайын бір рет батареяны зарядтаңыз және фотокамераны батарея заряды таусылғанша пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе зарядтағыштан шығарыңыз. Фотокамера мен зарядтағыш тіпті өшірулі кезде де зарядтың шағын мөлшерін алады және батареяны жұмыс істемей қалатын деңгейге дейін тауысуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
37
Page 56
Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз. Темпертаурасы 0 °C-тан төмен немесе 60 °C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды.
0 °C–15 °C және 45 °C–60 °C батарея температураларында сыйымдылық азаюы және зарядтау уақыттары артуы мүмкін.
Әдетте, төмен қоршаған орта температураларында батареялардың сыйымдылығы төмендейді. Шамамен 5 °C-тан төмен температураларда тіпті жаңадан зарядталған батареялар да баптау мәзірінің [Battery info] (Батарея туралы ақпарат) жас дисплейінде «0»-ден «1»-ге дейін уақытша артуды көрсетуі мүмкін, бірақ дисплей батарея шамамен 20 °C немесе жоғарырақ температурада зарядталғаннан кейін қалыпты мәнге оралады.
Төмен температураларда батарея сыйымдылығы төмендейді. Сыйымдылықтың температурамен бірге өзгеруі фотокамераның батарея деңгейі дисплейінде көрінеді. Нәтижесінде, батарея дисплейі температура төмендегенде, тіпті батарея толығымен зарядталған болса да, сыйымдылықтың төмендеуін көрсетуі мүмкін.
Пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін. Батареяларды фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
Пайдалану алдында батареяларды зарядтау
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды.
Қосалқы батареяларды дайындаңыз
Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз және толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа мерзімде сатып алу қиын болуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
38
Page 57
Суық күндерде толығымен зарядталған қосалқы батареяларды дайындап қойыңыз
Суық күндерде ішінара зарядталған батареялар жұмыс істемеуі мүмкін. Суық ауа райында, пайдалану алдында бір батареяны зарядтап, қажет болған жағдайда ауыстыруға дайын болуы үшін жылы жерде сақтаңыз. Жылығаннан кейін салқын батарея зарядының біразын қалпына келтіруі мүмкін.
Батарея деңгейі
Батарея толығымен зарядсызданған кезде фотокамераны қайта-қайта қосу немесе өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Толығымен заряды біткен батареяларды пайдалану алдында зарядтау керек.
Бөлме температурасында пайдаланғанда, толығымен зарядталған батареяның зарядын сақтау уақытының айтарлықтай төмендеуі батареяны ауыстыру қажет екенін көрсетеді. Жаңа қайта зарядталатын батареяны сатып алыңыз.
Толығымен зарядталған батареяларды зарядтауға әрекеттенбеңіз
Толығымен зарядталғаннан кейін батареяны зарядтауды жалғастыру батареяның өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Пайдаланылған батареяларды қайта өңдеуге тапсыру
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сәйкес қайта өңдеуге тапсырыңыз, алдымен түйіспе тұстарын лентамен оқшаулауды ұмытпаңыз.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
39
Page 58

Зарядтағышты пайдалану

Зарядтау кезінде зарядтағышты жылжытпаңыз немесе батареяны ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда зарядтағыштың зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайтадан бастау үшін батареяны шығарып, қайта салыңыз.
Зарядтағыштың түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Пайдаланбаған кезде, зарядтағышты розеткадан суырыңыз.
MH-25a зарядтағышын тек үйлесімді батареялармен бірге пайдаланыңыз.
Ішін ашық қалдыратын зақымы бар немесе пайдаланған кезде әдеттен тыс дыбыстар шығаратын зарядтағыштарды пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
АТ, p ТТ, q II сыныпты жабдық (өнімнің корпусы екі рет
m
оқшауланған)

Зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдалану

Зарядтау кезінде фотокамераны жылжытпаңыз немесе батареяға тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда фотокамераның зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайтадан бастау үшін адаптерді ажыратыңыз және қайта қосыңыз.
Адаптердің түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Пайдаланбаған кезде, адаптерді розеткадан суырыңыз.
Ішін ашық қалдыратын зақымы бар немесе пайдаланған кезде әдеттен тыс дыбыстар шығаратын адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
АТ, p ТТ, q II сыныпты жабдық (өнімнің корпусы екі рет
m
оқшауланған)
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
40
Page 59

Сауда белгілері және лицензиялар

CFexpress — CompactFlash Association компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгісі.
NVM Express — NVM Express Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгісі.
XQD — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі.
SD, SDHC және SDXC логотиптері SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады.
Windows — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы және/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі.
Apple®, App Store®, Apple логотиптері, iPhone®, iPad®, Mac және macOS — Apple Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
Android, Google Play және Google Play логотипі Google LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады. Android роботы Google жасап, бөліскен туынды негізінде дайындалған және ол Creative Commons 3.0 авторлық лицензиясында сипатталған шарттарға сай пайдаланылады.
IOS — Cisco Systems, Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе баса елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі және лицензия бойынша пайдаланылады.
HDMI, HDMI логотипі және High-Definition Multimedia Interface — HDMI Licensing, LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Сауда белгілері және лицензиялар
41
Page 60
Bluetooth® сөз белгісі және логотипі Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және Nikon мұндай белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады.
Wi-Fi және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Nikon өнімімен бірге қамтамасыз етілген осы нұсқаулықта немесе басқа құжаттамада аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Use of the Made for Apple badge means that an accessory has been designed to connect specifically to the Apple products identified in the badge, and has been certified by the developer to meet Apple performance standards. Apple is not responsible for the operation of this device or its compliance with safety and regulatory standards. Please note that the use of this accessory with an Apple product may affect wireless performance.
FreeType лицензиясы (FreeType2)
D
Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері авторлық құқықтармен қорғалған © 2012 The FreeType Project (https://www.freetype.org). Барлық құқықтары қорғалған.
MIT лицензиясы (HarfBuzz)
D
Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері авторлық құқықтармен қорғалған © 2018 The HarfBuzz Project (https://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz). Барлық құқықтары қорғалған.
Сауда белгілері және лицензиялар
42
Page 61
Unicode® Character Database License (Unicode®
D
Character Database)
Бұл өнімнің бағдарламалық жасақтамасы Unicode® Character Database License бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтамасын пайдаланады. Бағдарламалық жасақтама лицензиясының шарттары келесідей: COPYRIGHT AND PERMISSION NOTICE Copyright © 1991-2020 Unicode, Inc. All rights reserved. Distributed under the Terms of Use in https://www.unicode.org/copyright.html Permission is hereby granted, free of charge, to any person obtaining a copy of the Unicode data files and any associated documentation (the "Data Files") or Unicode software and any associated documentation (the "Software") to deal in the Data Files or Software without restriction, including without limitation the rights to use, copy, modify, merge, publish, distribute, and/or sell copies of the Data Files or Software, and to permit persons to whom the Data Files or Software are furnished to do so, provided that either (i) this copyright and permission notice appear with all copies of the
Data Files or Software, or
(ii) this copyright and permission notice appear in associated
Documentation.
.
Сауда белгілері және лицензиялар
43
Page 62
THE DATA FILES AND SOFTWARE ARE PROVIDED "AS IS", WITHOUT WARRANTY OF ANY KIND, EXPRESS OR IMPLIED, INCLUDING BUT NOT LIMITED TO THE WARRANTIES OF MERCHANTABILITY, FITNESS FOR A PARTICULAR PURPOSE AND NONINFRINGEMENT OF THIRD PARTY RIGHTS. IN NO EVENT SHALL THE COPYRIGHT HOLDER OR HOLDERS INCLUDED IN THIS NOTICE BE LIABLE FOR ANY CLAIM, OR ANY SPECIAL INDIRECT OR CONSEQUENTIAL DAMAGES, OR ANY DAMAGES WHATSOEVER RESULTING FROM LOSS OF USE, DATA OR PROFITS, WHETHER IN AN ACTION OF CONTRACT, NEGLIGENCE OR OTHER TORTIOUS ACTION, ARISING OUT OF OR IN CONNECTION WITH THE USE OR PERFORMANCE OF THE DATA FILES OR SOFTWARE. Except as contained in this notice, the name of a copyright holder shall not be used in advertising or otherwise to promote the sale, use or other dealings in these Data Files or Software without prior written authorization of the copyright holder.
AVC Patent Portfolio лицензиясы
D
БҰЛ ӨНІМ AVC PATENT PORTFOLIO ЛИЦЕНЗИЯСЫ АЯСЫНДА (i) БЕЙНЕ
ФАЙЛДЫ AVC СТАНДАРТЫНА САЙ («AVC БЕЙНЕ») КОДТАУ ЖӘНЕ/ НЕМЕСЕ (ii) ЖЕКЕ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ӘРЕКЕТПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҰТЫНУШЫ ТАРАПЫНАН КОДТАЛҒАН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ҰСЫНУ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БЕЙНЕ ФАЙЛ ПРОВАЙДЕРІНЕН АЛЫНҒАН AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ДЕКОДТАУ ҮШІН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУЫНА АРНАЛҒАН. БҰЛ ЛИЦЕНЗИЯ БАСҚА БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУ ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ОНДАЙ ҚОЛДАНЫС МҮМКІНДІГІН ҚАРАСТЫРМАЙДЫ. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТІ MPEG LA, L.L.C. КОМПАНИЯСЫНАН АЛУҒА БОЛАДЫ. КЕЛЕСІ САЙТТЫ ҚАРАҢЫЗ:
https://www.mpegla.com
BSD лицензиясы (NVM Express Driver)
D
Фотокамераның NVM Express драйверінде қамтылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясы келесідей: https://imaging.nikon.com/support/pdf/LicenseNVMe.pdf
Сауда белгілері және лицензиялар
44
Page 63

Ескертпелер

САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН
БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ.
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер
Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады:
Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Бөлек жинау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға және дұрыс емес лақтырудан пайда болуы мүмкін адам денсаулығына және қоршаған ортаға теріс салдарларды болдырмауға көмектеседі.
Қосымша ақпарат алу үшін сатушыға немесе қоқысқа жауапты жергілікті ұйымдарға хабарласыңыз.
Батареядағы бұл таңба батарея бөлек жиналуы керектігін білдіреді.
Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады:
Осы таңбамен белгіленген не белгіленбеген барлық батареялар тиісті жинау нүктесінде жиналуы үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін сатушыға немесе қоқысқа жауапты жергілікті ұйымдарға хабарласыңыз.
Ескертпелер
45
Page 64

Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)

Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мәтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін).
Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Осы өнімнің сымсыз мүмкіндіктерін сатып алу елінен тыс пайдалану алдында Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. Бұл құрылғыдағы Bluetooth таратқышы 2,4 ГГц диапазонында жұмыс істейді.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
46
Page 65
Еуропадағы және радио жабдықтар туралы директива талаптарын сақтайтын елдердегі тұтынушыларға арналған ескерту
Осымен, Nikon Corporation Z 7II және Z 6II деген радиожабдық түрлері 2014/53/EU директивасының талаптарына сай екенін жариялайды.
ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні келесі интернет мекенжайында қолжетімді: Z7II: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N1932.pdf Z6II: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N1929.pdf
Wi-Fi
Жұмыс жиілігі:
- 2412–2462 МГц (11-арна; Африка, Азия, Боливия және Океания)
- 2412–2462 МГц (11-арна) және 5180–5825 МГц (АҚШ, Канада, Мексика)
- 2412–2462 МГц (11-арна) және 5180–5805 МГц (Америка континенттеріндегі басқа елдер)
- 2412–2462 МГц (11-арна) және 5745–5805 МГц (Грузия)
- 2412–2462 МГц (11-арна) және 5180–5320 МГц (басқа еуропалық елдер)
Ең көп шығыс қуат (EIRP):
- 2,4 ГГц диапазоны: 5,2 дБм
- 5 ГГц диапазоны: 5,3 дБм (Грузия)
- 5 ГГц диапазоны: 8,3 дБм (басқа елдер)
Bluetooth
Жұмыс жиілігі:
- Bluetooth: 2402–2480 МГц
- Қуатты аз тұтынатын Bluetooth: 2402–2480 МГц
Ең көп шығыс қуат (EIRP):
- Bluetooth: –0,3 дБм
- Қуатты аз тұтынатын Bluetooth: –1,8 дБм
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
47
Page 66
Қауіпсіздік
Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін:
Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін және басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
Рұқсат етілмеген қатынас: рұқсат етілмеген пайдаланушылар желіге қатынас алуы және деректерді өзгертуі немесе басқа зиянды әрекеттерді орындауы мүмкін. Сымсыз желілердің дизайнына байланысты, мамандандырылған шабуылдар тіпті қауіпсіздік қосулы болса да рұқсат етілмеген қатынас алуға мүмкіндік беретінін ескеріңіз.
Қорғалмаған желілер: ашық желілерге қосылу рұқсатсыз қатынасуға әкелуі мүмкін. Тек қорғалған желілерді пайдаланыңыз.
Сәйкестік таңбалары
A
Фотокамера сай стандарттарды баптау мәзіріндегі [Conformity marking] (Сәйкестік таңбалары) параметрін пайдаланып көруге
болады.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
48
Page 67
Сертификаттар
A
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
49
Page 68
Кеден Одағының мәлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/ сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын
қараңыз
Z 7II/Z 6II Өндіруші:
Импортер: ЖШС “Никон”, Мекен жайы: Ресей, Мәскеу қаласы,
Шығарушы ел: Таиланд
“Никон Корпорейшн”,Шинагава Интерсити,
Башня “C”, 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония
Сыромятнический -2 көшесі,1 үй.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
50
Page 69
5152535455
Page 70
Page 71
Page 72
Page 73

Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі

Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз:
https://www.europe-nikon.com/support
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен немесе өкілетті қызмет көрсету желісімен хабарласудан бұрын пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқият оқып шығуға кеңес береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір жылға қандай да бір өндірістік ақауларға кепілдік беріледі. Кепілдік берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға немесе жасалу сапасына байланысты істен шығатын болса, Nikon Europe B.V. сату аумағындағы біздің өкілетті қызмет көрсету желісіміз төменде көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес жұмысы және бөлшектері үшін ақы алмай, өнімді жөндейді. Nikon компаниясы өнімді ауыстыру немесе жөндеу құқығын (өзінің қарауына) өзінде қалдырады.
1. Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін және дилердің аты-жөнін көрсететін дайын кепілдік талоны және бастапқы есепшот немесе сатып алғандығын дәлелдейтін түбіртектің негізінде ғана беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы жоғарыда айтылған құжаттар көрсетілмесе немесе оның ішінде мәліметтер толық болмаса немесе оқуға түсініксіз болса, кепілдік бойынша тегін қызмет көрсетуден бас тарту құқығын сақтайды.
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
Page 74
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі:
қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге
қажетті түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе ауыстыру.
пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту.
тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен
тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
өнім бастапқыдан жасалған және/немесе өндірілген
елдерден басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті немесе техникалық ережелеріне сәйкес Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің немесе реттеулердің нәтижесінде келтірілген қандай да бір зақым.
3. Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады:
дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты
жағдайда немесе пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөнінде пайдаланушы нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланбау және өнімді пайдаланылған елдің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнатпаудың немесе пайдаланбаудың нәтижесінде келтірілген зақым.
апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс
пайдаланбау немесе немқұрайдылықтың нәтижесінде келтірілген зақым.
өнім үлгісін немесе сериялық нөмірін өшіру, оның анық
болмауы немесе алып тастау.
өкілетті емес қызмет көрсететін ұйымдар немесе тұлғалар
жасаған жөндеулер немесе реттеулердің нәтижесінде келтірілген зақым.
өнім қосылған немесе бірге пайдаланылған қандай да бір
жүйедегі ақаулар.
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
56
Page 75
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сәйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да әсер етпейді.
Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = https://www.europe-nikon.com/service/ ).
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
57
Page 76
Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дәйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды.
SB0J01(Y7)
6MOA77Y7-01
Loading...