LG F1257ND User Manual [ru]

ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ НҰÑҚÀÓËÛҒÛ
ÊІÐ ÆÓҒЫШ МАШИНА
Осы пайдаланушы нұñқàóëûғûí êөңіë қîéûï îқûï øûғûңûç æəíå оны болашақòà қолдану үøіí ñàқòàï қîéûңûç.
F1 25 6L D( 1) F1056LD(1) F8056LD(1) F1256ND(1) F1056ND(1) F8056ND(1)
P/NO : MFL37681932
F1258LD(1) F1058L D(1) F8058LD(1) F1258ND(1) F1058ND(1) F8058ND(1)
F1257LD (1) F1 0 5 7LD(1) F1257ND(1) F1057ND(1)
F1 25 9L D( 1 ) F1059LD(1) F1259ND(1) F1059ND(1)
www.lg.com
егізгі артықшылықтары
Н
Қ
ыртыстанудан қорғайды
Кір жуудың соңында, барабан айналған кезде, кір тек жоғары-төмен қозғалады, сондықтан мүлде дерлік қыртыстанбайды.
Санаткерлік кір жуатын үнемді жүйе
Санаткерлік кір жуу жүйесі су мен электр қуатын барынша аз жұмсау мақсатында салынған киімнің мөлшеріне жəне құйылатын судың мөлшеріне қарай судың оңтайлы деңгейін жəне кір жуу уақытын автоматты түрде айқындайды.
азмұны
М
Балалардан бұғ
Балалардан бұғаттау функциясы балалардың кір жуу бағдарламасын кездейсоқ өзгертуіне жол бермес үшін барлық түймешіктерді бұғаттауға арналған.
Шуыл деңгейін төмендететін жылдамдықты реттеу жүйесі
Жүйе кірді машинада автоматты түрде бөліп таратады да, барабанның жылдамдығын шуыл деңгейі төмендетілетін етіп орнатады.
Тура жетек жүйесі
Тұрақты тоқтың қозғалтқышы барабанды белбеуді немесе тегермешті пайдаланбастан тікелей айналдырады.
Барабанды тазалау режимі
Бұл режимде судың үлкен көлемі пайдаланылады, сондай-ақ кір жуғыш машинаның барабанын тазалау үшін жоғары айналдыру жылдамдығы орнатылады.
Ескертулер ...................................................................................................... 3
Спецификация ............................................................................................... 4
Орнату ............................................................................................................. 5
Кір жуардан бұрын ...................................................................................... 10
Ұнтақты салу ................................................................................................. 11
Кір жуғыш машинаны пайдалану ............................................................. 12
F1256L/ND(1) / F1056L/ND(1) / F8056L/ND(1)
F1258L/ND(1) / F1058L/ND(1) / F8058L/ND(1) ............................... 13
F1257L/ND(1) / F1057L/ND(1)
F1259L/ND(1) / F1059L/ND(1) .......................................................... 19
Балалардан бұғаттау жəне Барабанды тазалау функциялары
Ақпарат үшін ................................................................................................. 25
Қызмет көрсету ............................................................................................ 26
Ақауларды жою ........................................................................................... 28
Байқаулар үшін ............................................................................................ 30
Кепілдік шарттары ....................................................................................... 31
аттау
......... 24
2
скертулер
Е
МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін, өрт шығу, жарылыс, электр тоғы соғу,
ЕСКЕРТУ
мүліктің бүлінуі, жарақат алу немесе қазаға ұшырау ықтималдығын азайту мақсатында осы нұсқаулықта келтірілген барлық ережелерді орындаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ МƏЛІМЕТТЕР
ЕСКЕРТУ: Өрт шығу, электр тоғы соғу немесе жарақат алу ықтималдығын
Кір жуғыш машинаны ауа райы жағдайлары қолайсыз жерлерде орнатпаңыз жəне сақтамаңыз. Басқару элементтерінің бұзылуына жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның бөлшектерін жөндеу мен ауыстыру үрдісі қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта немесе өз бетіңізбен жөндеу туралы жарияланған нұсқауларда суреттелмеген болса, əрі оларды өзіңіз əбден түсініп алып, орындау үшін жеткілікті машықтарды игермеген болсаңыз, оларды өз бетіңізбен жөндемеңіз жəне ауыстырмаңыз. Машинаның астында жəне айналасында тез тұтанатын заттар, мысалы, қағаз, түбіт, шүберек, химиялық препараттар жəне т.с.с. болмауын қадағалаңыз. Егер машинаның қасында балалар болса, оларды көңіл қойып байқап жүріңіз. Балалардың машинаның үстінде, ішінде немесе оның маңайында ойнауына рұқсат етпеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін ашық қалдырмаңыз. Егер есігі ашық қалса, балалар оған асылуға немесе машинаның ішіне кіруге əрекет жасауы мүмкін. Жоғары температурада жуған кезде (мақта мата 95°C) шыны ысып кетеді. Оған жанаспаңыз! Машина жұмыс істеп тұрғанда ешқашан оның ішкі бөлшектерін қолмен ұстамаңыз. Төгілетін суға жанаспаңыз, ол ыстық болуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны температура 0°С-тан төмендеуі мүмкін үй-жайларда орнатпаңыз. Қуат ашасын ешқашан да дымқыл қолмен сұқпаңыз немесе суырмаңыз. Жуудың нəтижесінде киімнің отқа төзімділігі төмендеуі мүмкін. Егер осыған дейін киімді жанғыш немесе жарылғыш заттарды пайдаланып тазартқан болсаңыз немесе оған балауыз, май, бояу, бензин, майсыздандырғыш заттар, керосин жəне т.с.с. қандай да бір жолмен оған тиген болса, оны машинада ешқашан жумаңыз жəне кептірмеңіз. Бұл өрт шығуына немесе жарылысқа əкелуі мүмкін.
Машинаның есігі ашық тұрғанда оған шамадан тыс күш түсуіне жол бермеңіз. Бұл оның аударылып кетуіне əкеліп соғуы мүмкін.
азайту үшін төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
Жуған жəне құрғатқан кезде əрдайым киім өндірушінің ұсыныстамаларын басшылыққа алыңыз. Есікті тым қатты жаппаңыз жəне егер есікті бұғаттау жүйесі іске қосылса (есікті бұғаттау шамы жанып тұрса), оны күшпен ашуға əрекет жасамаңыз. Бұл кір жуғыш машинаның бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін. Кір жуғыш машинаға кез келген жөндеу немесе күтіп ұстау жұмысын жүргізген кезде электр соғы соғу қатерін болдырмау үшін қуат сымын электр розеткасынан суырыңыз, балқыма сақтандырғышты ағытып алыңыз немесе автоматты ажыратқышты өшіріп қойыңыз. Егер машина бұзылған, ақаулы, бөлшектері ішінара алынған болса немесе қандай да бір бөлшектері жоқ немесе қираған болса, соның ішінде қуат сымы немесе қуат ашасы бүлінген болса, оны ешқашан тоққа қоспаңыз. Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды. Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек. Кір жуғыш машинаның жанына қыздырғыш аспаптарды, жанып тұрған шырағдандарды жəне т.с.с. қоймаңыз. Бұл оның пішінінің бұзылуына немесе тұтануына əкеліп соғуы мүмкін. Жуғыш ұнтақты, шайғыш затты жəне басқа да жуғыш заттарды пайдалану бойынша өндірушінің нұқсауларына сүйеніңіз. Ұсынылған өлшемдерді қолданбау кір жуу сапасына əсер етуі немесе тіпті матаны бүлдіруі мүмкін. Автоматты кір жуғыш машинада пайдалануға арналған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
3
пецификация
С
Тартпалы жəшік
(Жуғыш ұнтақ пен мата жұмсартқышқа арналған)
Қуат ашасы
Желілік сым бүлінген жағдайда, оны ауыстыру үшін уəкілетті қызмет орталығына хабарласыңыз немесе білікті маманды шақырыңыз.
Басқару панелі
Барабан
Есік
Су төгетін түтік
Астыңғы панель Реттелетін аяқ
Атауы
Үлгі
Сыйымдылығы
Су тұтыну
Өлшемі (Е)×(Т)×(Б)
Электр қорегі
Салмағы / Ең үлкен қуат
Сығу жылдамдығы
Судың шекті жол берілетін қысымы
Энерго тиімділік класы
АЛДЫҢҒЫ ЖАҒЫНАН КІР САЛЫНАТЫН КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
F12/10/8056LD(1) F12/10/8058LD(1)
F12/1057LD(1) F12/1059LD(1)
F12/10/8056ND(1) F12/10/8058ND(1)
5,0 кг 6,0 кг
55 л
600 мм × 440 мм × 850 мм
220 – 240 В ~, 50 Гц
59 кг / 1700 Вт
Без отжима / 400 / 600 / 800 / 900 / 1000 / 1200
(Сығу жылдамдығы үлгіге қарай басқаша болуы мүмкін)
0,3 – 10 кгс/см² (30-1000 кПа)
(Толық мағлұмат кір жуғыш машинаның корпусындағы "Энергетикалық тиімділік" этикеткасында берілген)
A
Су төгетін сорғының сүзгісі
Су төгетін түтік Астыңғы панельдегі есік
Машинаның сыртқы түрі мен сипаттамалары машинаның сипаттарын жақсарту мақсатында ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
F12/1057ND(1) F12/1059ND(1)
Керек-жарақтар
Су құйылатын түтік (1 дана)
44
Сомын кілт
рнату
О
Кір жуғыш машинаны орнату мен іске пайдаланудан бұрын біздің
ЕСКЕРТУ
ұсыныстамалар мен «Орнату жөніндегі нұсқауларды» көңіл қойып оқып шығыңыз. Тек дұрыс орнатылса ғана, құрылғының сенімді жұмыс істеуі жəне қауіпсіз пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.
Электр желісіне жалғау
Осы кір жуғыш машина үшін бір фазалы 220–240 В, 50 Гц кернеу пайдаланылады.
1.
Басқа электр аспаптарының жұмысын есепке алғанда, электр өткізгіш сымның ең үлкен жүктемеге (2,2 кВт) шыдай
2.
алатынына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш машинаны тек жерге қосылған розеткаға ғана жалғаңыз.
3.
Осы кір жуғыш машинаның желілік сымының жерге қосу өзегі мен жерге қосылған ашасы бар. Электр желісінде
4.
жерге қосу сымы бар екеніне көз жеткізіңіз. Жерге қосу сымы болмаған жағдайда, жергілікті нормалар мен талаптарға сəйкес қажетті жұмыстарды іске асыратын білікті маманды шақыру керек. Кір жуғыш машинаны бөлек розеткаға жалғау керек, яғни бұл розетка электр тоғын тек бір аспапқа беруге жəне
5.
оның қосымша шығыс ұяшықтары немесе одан тараған розеткалары болмауға тиіс. Үштармақты немесе ұзартқыш сымды пайдалануға тыйым салынады. Лайықты розетка болмаған жағдайда электрші маманды шақырыңыз.
6.
Кірді жуып болғаннан кейін əрқашан машинаны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
7.
Машинаны қуат ашасына оңай қол жететін етіп орнатыңыз.
8.
Егер құрылғы қыс кезінде, температура 0°С-тан төмен болғанда жеткізілсе, машинаны пайдаланардан бұрын
9.
бөлме температурасында бірнеше сағат қоя тұрыңыз.
Бұл кір жуғыш машинасы, тоқ соғу қаупінен сақтайтын - І* қорғаныс деңгейлі қорғанысқа ие.
*І класының жабдығы - негізгі оқшаулау жəне ашық өткізгіш бөліктерді электрқондырғының қорғаушы өткізгішіне қосатын элементі бар жабдық.
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР СЫМЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Асқын жүктелген, ақаулы немесе бүлінген қабырға розеткалары, ұзыртқыш сымдар, үйкелген электр сымдары, сымдардың бұзылған немесе жарылған оқшаулағыштары қауіпті болуы мүмкін. Аталған ақаулықтар электр тоғы соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Құрылғының сымын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз да, егер бүлінгенін байқасаңыз, тоқтан ажыратыңыз. Электр сымын ауыстыру үшін LG уəкілеттті сервис орталығына хабарласыңыз немесе білікті маманды шақырыңыз. Электр сымының бұратылып, шатасып, майысып қалуы, оның есікке қысылып қалуы немесе шектен тыс тартылуы сияқты физикалық немесе механикалық зақымдарына жол бермеңіз. Түйіспелерге, қабырғалық розеткаларға жəне сымның құрылғыға жалғанатын жеріне ерекше назар аударыңыз.
Жерге қосу сымының қате жалғануы электр тоғы соғуына əкелуі мүмкін. Желілік сымдағы ашаны ауыстырмаңыз. Егер ол электр розеткасына дəл келмесе, розетканы ауыстыру үшін білікті электршіні шақырыңыз.
Кір жуғыш машинаны жөндеуді білікті қызметкерлер жүзеге асыруға тиіс. Жөндеуді арнайы оқымаған қызметкерлер іске асырса, бұл машинаның істен шығуына немесе жұмысындағы елеулі ақауларға əкелуі мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық шараларын орындамаған жағдайда адамдарға немесе мүлікке
келтірілген нұқсан үшін кез келген жауапкершіліктен өндіруші босатылады.
5
рнату
О
Орналастыру
Кір жуғыш машинаның орамын жазардан бұрын оны орнататын жерді айқындап алу керек.
Кір жуғыш машинаның екі бүйірі (20 мм-ден) мен артқы жағында (100 мм) бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.
Машина қабырғаға немесе жиһазға тиіп тұрмауға тиіс. Орнатылатын жердегі еденнің біртегіс, мықты екеніне көз жеткізіңіз:
– кілем төсемге жəне т.с.с. орнатылған кезде, кір жуғыш машина мен еденнің арасында ауа еркін айналуға тиіс; – қыш тақташаға орнатқан кезде машинаның аяғының астына резеңке төсеме төсеңіз*;
– ағаш еденге орнатылған кезде біз əр аяғының астына қалыңдығы кем дегенде 15 мм резеңке төсеме қойып, оларды бұарамшегелермен кем дегенде екі еден тақтайға бекітуді ұсынамыз. Мүмкіндігінше бөлменің едені барынша мықты бұрышын таңдаңыз.
*
Резеңке төсемелерді (артикул 4620ER3001B) LG компаниясының Сервистік орталығынан сатып алуға болады.
Еденнің бұдыр жерлерін машинаның астына ағаш, картон жəне сол сияқты материалдардан тұғыр қою арқылы
тегістеуге тыйым салынады.
Егер машинаны қайткенде де газ немесе көмір пештің қасына орнату қажет болса, олардың арасына оқшаулағыш арақабырға (85 × 60 см) өткізіп, алюминий жұқалтыр фольгасы бар жағына пешке қарату керек.
Кір жуғыш машинаны температура 0 °С-тан төмендеуі мүмкін үй-жайларда орнатпаңыз.
► ►
Орнатылатын жер таза əрі құрғақ болуға тиіс. Машинаны жөндеген жағдайда техник оған еркін жете алатындай етір орнатыңыз.
► ►
Үй-жайларда тарақандар немесе басқа құрт-құмырсқа зарарлауы мүмкін елдерде машинаны əрқашан да таза күйде ұстауға айрықша көңіл бөліңіз. Тарақандардың немесе басқа құрт-құмырсқаның себебінен болған кез келген зақымдар кепілді жөндеуге жатпайды.
Орауын ашу
Барлық орам элементтерін алып тастаңыз да, құрылғының сыртында бүлінген жерлер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Күмəн болған жағдайда кір жуғыш машинаны пайдаланбай, бірден сатушыға немесе жеткізуге хабарласыңыз.
Орамынан алған кезде машинаның түбінің
тура ортасындағы орауыш сынаны
міндетті түрде алып тастаңыз.
Кір жуғыш
машина
Орауыш
сына
ЕСКЕРТУ: орам материалдары (мысалы, полиэтилен үлдір, пенопласт) балалар үшін қауіпті болуы ықтимал – олар тұншығып қалуға себеп болуы мүмкін! Орам материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Негізгі орам
материалдары
рнату
О
Тасымал бұрандамаларын алып тастау
Кір жуғыш машинаны іске пайдалануға кіріспес бұрын тасымал бұрандамаларын міндетті түрде алып тастау қажет.
Кір жуғыш машинаның жинағына кіретін кілттің көмегімен 4 тасымал бұрандамасын бұрап алыңыз да, резеңке бітеуіштерімен бірге алып тастаңыз. Тесіктерді жинаққа кіретін бітеуіштермен жабыңыз.
Тасымал бұрандамаларын алып тастамау
машинаның қатты дірілдеуіне, шектен тыс шуылға
жəне оның істен шығуына əкелуі мүмкін.
Машинаны қайтадан тасымалдаған жағдайда тасымал элементтерін
қайта пайдалану үшін олардың барлығын сақтап қоюды ұсынамыз.
Су құ
Кір жуғыш машинаны су құбырына жалғау үшін тек жеткізілім жинағына кіретін жаңа түтіктерді ғана пайдаланыңыз. Ескі түтік жиындарын қайтадан пайдалануға болмайды.
Сумен жабдықтау желісіндегі қысымның рұқсат етілетін шектерде екеніне көз
жеткізіңіз:
Бу берілетін түтіктің бір ұшын өзіңізге қажетті бағытқа бұрып, машинаға жалғаңыз. Түтікті бұру үшін жалғастырғышты сəл босату, түтікті түзету жəне су ақпайтынына көз жеткізіп, жалғастырғышты қайтадан қатайтып бұрау жеткілікті.
бырына жалғау
Сумен жабдықтау желісіндегі судың қысымы 1,0–10 кгс/
см2 (100 кПа ~ 1000 кПа) аралығында екеніне көз жеткізіңіз (яғни бұл түгел ашық тұрған шүмектен бір минутта кем дегенде 8 литр су ағуға тиіс дегенді білдіреді). Егер қысым көрсетілген мəннен жоғары болса, су құбырына қысым редукторын қою керек болады.
Машинаны жаңа су құбырына немесе көптен бері пайдаланылмаған құбырларға жалғардан бұрын, құбарларда жиналған кір-қоқысты кетіру үшін жеткілікті мөлшерде суды ағызып алыңыз.
Бітеуіш
Су берілетін түтіктің екінші ұшын сумен жабдықтау құбырының
шүмегіне жалғаңыз. Су тамшыламас үшін су берілетін түтікке екі резеңке аратөсем
қоса беріледі.
Су берілетін шүмекті шегіне дейін ашып, түтіктің қосылымдарының тығыздығын тексеріңіз.
Түтіктің бұратылып немесе жаншылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Егер құйылатын судың құрамындағы қоспалардың (құм, саз, тат жəне т.с.с.) мөлшері тым көп болса, су тазалайтын сүзгілерді пайдалануды ұсынамыз, олар су құбырының негізгі магистралына немесе су кір жуғыш машинаға тура құйылатын жерде орнатылады. Дəл келетін сүзгіні таңдау үшін білікті маманнан ақыл-кеңес сұраңыз. Тазартылмаған (ластанған) суды пайдалану кір жуғыш машинаның ішкі бөлшектерінің жылдамырақ тозуына ықпалдасады, сондай-ақ кір жуу сапасына əсер етуі мүмкін.
Су берілетін түтікті ұзартауға болмайды. Егер ол тым қысқа болса, ал сіз суқұбырының шүмегінің
орнын ауыстырғыңыз келсе, осы мақсатқа арналған ұзынырақ жаңа түтік сатып алған жөн.
Түтікті қосуға
арналған
жалғастырғыш
Резеңке
аратөсем
7
рнату
О
Деңгейін түзету
Машинаның дірілдеуіне жəне шектен тыс шуылдауына жол бермеу үшін оны тура көлденең біртегіс орналастыру қажет.
Барлық төрт аяғының да еденде мығым тұрғанына көз жеткізіңіз, содан кейін спирттік деңгей тексергіштің көмегімен кір жуғыш машинаның көлденең біртегіс тұрғанын тексеріңіз. Машинаның деңгейін реттемелмелі аяқтарының көмегімен дұрыстаңыз.
Егер машина биік тұғырда орнатылған жағдайда, оның құлап кетуіне жол бермеу үшін мықтап бекіту қажет.
Бекіткіш
сомын
Реттелетін
аяқ
Реттелетін аяқтарын ішке немесе сыртқа қарай бұрай отырып, кір жуғыш машинаның деңгейін мұқият түзетіңіз. Еденнің бұдыр жерлерін білдірмеу үшін ешқашан да астына картон, ағаш кесінділерін немесе соларға ұқсас материалдарды төсемеңіз.
Беккіткіш сомынды сағат тілінің бағытына қарсы бұрай отырып, реттемелі аяқтарын бекітіңіз.
Деңгей
Машинаның орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш машинаның үстіңгі
қақпағының бұрыштарынан басқан кезде, машина еңкеймеуге немесе жоғары­төмен шайқалмауға тиіс.
Егер машинаның үстіңгі қақпағының бұрыштарынан баса отырып машинаны еңкейтуге болатын жағдайда, аяқтарын қайтадан реттеңіз.
Дұрыс орналастырып, тегіс орнатқан жағдайда Сіздің кір жуғыш машинаңыз ұзақ уақыт сенімді əрі
іркіліссіз жұмыс істейтін болады!
8
рнату
О
ЕСКЕРТУ
Осы құрылғы теңізде жəне жылжымалы үйлер, ұшақтар жəне т.с.с. сияқты жылжымалы нысандарда пайдалануға арналмаған. Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз (мысалы, мерекелер кезінде), жəне əсіресе жанында су ағып кететін ашық жер (науаша) болмаса, тиекті шүмекті жауып тастаңыз. Құрылғыны қоқысқа тастаған кезде қуат сымдарын кесіп алып, қуат ашасын жойыңыз. Балалар машинаның ішінде кездейсоқ қамалып қалмас үшін есігінің құлпын сындырыңыз.
Су төгілетін түтікті жалғау
ұзындық 100 см
ұзындық 145 см
Су төгілетін түтікті шынжырдың көмегімен мықтап
• бекітіңіз.
Су төгілетін түтіктің мықтап бекітілуі еденнің аққан судан бүлінуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
ең көбі 100 см
ең кемі 60 см
ұзындық 105 см
Ванна
ұзындық 100 см
Түтіктің
бекіткіші
ұзындық 145 см
Бекітпе
қайыс
ең көбі 100 см
ұзындық 105 см
ең көбі 100 см
ең кемі 60 см
Су төгілетін түтікті еденнен 100 см жоғары биіктікте бекіуге болмайды.
Егер су төгілетін түтіктің ұзындығы қажетті ұзындықтан артық болса, түтіктің артық бөлігін машинаның ішіне
ең кемі 60 см
ең көбі 100 см ең кемі 60 см
салмаңыз. Бұл діріл деңгейінің жоғарылауына əкеліп соғуы мүмкін.
9
ір жуардан бұрын
К
Алғаш рет кір жуардан бұрын
Кір салмастан жуу циклын орындаңыз (жуғыш заттың жарты нормасын салып, ХЛОПОК (МАҚТА МАТА) 60 °С режимінде). Бұл барабаннан зауыттық кір-қоқысты кетіруге мүмкіндік береді.
Кір жуардан бұрын
1. Затбелгілер
Киімнің затбелгілеріндегі таңбаларды қараңыз. Əдетте онда мата туралы жəне рұқсат етілетін кір жуу режимдері туралы ақпарат болады.
Киімнің затбелгілерінде пайдаланылатын пиктограммалардың түсіндірмесін 25-беттен таба аласыз.
*
2. Сұрыптау
Түрлі маталар кірді жуған кезде судың түрлі температурасын жəне кірді сыққан кезде барабанның түрлі айналу жылдамдығын талап етеді. Барынша жақсы нəтижеге жету мақсатында, жуылатын кірді бірдеу кір жуу режимін қажет ететін бөліктерге бөліңіз. Қошқыл түсті маталарды əрқашан да ашық жəне ақ түсті маталардан бөлек жуыңыз. Бөлеу жуу өте қажет, себебі олай етпеген жағдайда түрлі-түсті киімнің бояуы оңып кетуі жəне ашық түсті киімнің түсі өзгеруі мүмкін. Егер мүмкіндік болса, қатты кірлеген киімді шамалы ластанған киіммен бірге жумаңыз.
Ластану дəрежесі
(қатты, орташа, шамалы)
(ақ, ашық түсті, қошқыл түсті)
Түс
Түк (шығатын заттар, жинайтын заттар)
Киімді ластану дəрежесі
бойынша сұрыптаңыз.
Түк шығатын заттар: халаттар, сүлгілер. Түк жинайтын заттар: синтетика, барқыт, ұйық
Ақ маталарды түрлі-түсті
маталардан бөліп алыңыз.
Түк шығатын жəне жинайтын
киімдерді бөлек жуған дұрыс.
3. Кірді салардан бұрын
Машинаға кірді салған кезде ұсақ заттарды үлкен заттармен араластырыңыз. Əуелі үлкен заттарды салыңыз. Олар машинаға салынатын киімнің жалпы көлемінің жартысына аспауға тиіс. Машинада ірі заттарды бөлек жумаңыз. Бұл барабандағы теңгерімнің бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін. Машинаға соған ұқсас тағы бір немесе екі затты салыңыз.
Қалталардың бəрін тексеріп, ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Қалталардағы заттар, мысалы, шеге, шақалар, кілттер жəне т.с.с. кір жуғыш машинаға да, сондай-ақ киімге де зиян келтіруі мүмкін.
Барлық ысырма ілгектерді, түймелер мен бауларды салып-байлаңыз, əйтпесе олар басқа киімге ілініп қалуы мүмкін.
Дақтар мен барынша қатты кірлеген жерлердің, мысалы, жең мен жағаның кірін кетіруді жеңілдету үшін суға езілген кір жұғыш ұнтақпен ысқылаңыз.
Есіктің тығыздағышы мен киімге зиян келмес үшін тығыздағыш пен есіктің арасында киімнің қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есіктің тығыздағышың шеттеріне қысылып қалуы мүмкін ұсақ заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Барабанда алдыңғы жуылған кірден ешқандай заттың қалып қоймауын бақылаңыз. Олар келесі кір жуу кезінде бүлінуі мүмкін.
10
Loading...
+ 22 hidden pages