KITCHENAID KVXXX 14600 User Manual [kk]

Пайдалану нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқауларды оқып шығу және орындау аса маңызды
Құрылғыны пайдаланбас бұрын берілген қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
Керек кезде қарау үшін оны оңай әрі жақын жерге қойыңыз. Бұл нұсқауларды веб-сайттан да қарауға болады: docs.kichenaid.eu Бұл нұсқаулар мен құрылғының өзі, әрдайым орындалуы
тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтиды. Өндіруші берілген қауіпсіздік нұсқауларын сақтамау,
құрылғыны дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулар үшін жауап бермейді.
Енді жүретін сәбилерді (0-3 жас) және жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыға жолатпаңыз.
8 жасқа толған және одан үлкен балалар мен физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар бұл құрылғыны тек арнайы адамның бақылауында, қауіпсіздік нұсқауларымен жете танысып, соған байланысты қауіп-қатерді жете түсінген жағдайда ғана пайдалануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ересек адамның бақылауынсыз орындауға рұқсат бермеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе қашықтықтан басқаратын бөлек жүйемен бірге пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде не қасында аэрозоль баллондары сияқты жарылу қаупі бар немесе оңай тұтанатын заттарды сақтамаңыз, бензин немесе басқа тұтанғыш заттарды қоймаңыз, пайдаланбаңыз: құрылғы дұрыс іске қосылмаса, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғының панеліне бекітілген тұтқаға (болса) ешқандай зат ілмеңіз.
3
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасып, орнатуы керек, әйтпесе жарақат алу қаупі бар.
Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз, әйтпесе қолыңызды кесіп алу қаупі бар.
Құрылғыны орнатуды, оның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса), электр сымдарын жалғауды және жөндеу жұмыстарын білікті техник маман орындауы тиіс. Егер пайдаланушы нұсқаулығында атап көрсетілмеген болса, құрылғының қандай да бір бөлігін жөндемеңіз және ауыстырмаңыз. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулар орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғыны орнатқан соң орамасының қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, әйтпесе олардың тұншығып қалу қатері бар. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет, әйтпесе электр тоғы соғу қатері бар. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз, әйтпесе өрт шығу немесе электр тоғы соғу қатері бар.
Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Аша қолжетімді болса, сымды суырып немесе электр сымдар жүйесі ережелеріне сәйкес розетканың алдында орнатылған көпполюсті қосқыштың көмегімен құрылғыны қуат көзінен ажырату мүмкіндігі болу керек, сондай-ақ құрылғы ұлттық электрлік қауіпсіздік стандарттарына сай жерге тұйықталуы тиіс.
Ұзартқыштар, адаптерлер немесе бірнеше көзді розеткаларды пайдаланбаңыз. Құрылғыны орнатқаннан кейін ондағы электрлік құрамдас бөлшектерге қолданушының қолы жетпейтіндей болуы керек. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыш зақымдалса, қауіп-қатерге жол бермес
4
үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету делдалы немесе сол секілді білікті тұлғалары ұқсас ұзартқышқа алмастыруы тиіс, әйтпесе электр тоғының соғу қаупі бар.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз - электр тоғынан зақымдану қаупі бар; ешқашан бумен тазалау жабдығын пайдаланбаңыз - электр тоғынан зақымдану қаупі бар.
Қоршаған ортаны қорғау
Орама материалдарын қоқысқа тастау
Орама материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген бөліктері жергілікті қоқыс қалдықтарын тастау жөніндегі нормативті актілерді толықтай сақтай отырып, қоқысқа тасталуы тиіс.
Үй құрылғыларын қоқысқа тастау
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдардан жасалған. Оны қоқысқа тастағанда жергілікті қоқыс тастау ережелерін сақтаңыз.
Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастауға қатысты қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті құзыретті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Бұл құрылғы электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) жөніндегі 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл өнімді ережелерге сәйкес қоқысқа тастау арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсер ететін қауіп-қатер мүмкіндігінің алдын алуға көмектесесіз.
. Сондықтан ораманың әртүрлі
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі
тиіс екендігін және оның электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдейтін арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін білдіреді.
5
6
Loading...
+ 14 hidden pages