KITCHENAID KMMGX 45600 User Manual [kk]

Пайдалану нұсқаулығы
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ 4 Қоршаған ортаны қорғау 9 Орнату 9 Құрылғыны орналастыру 9 Жалғауға дейін 10 Жалғаудан кейін 10 Керек-жарақтар 11 Бастау кезінде қорғау 12 "Doneness / Дайындық" (тек автоматты функциялар) 13 ХАБАРЛАР 13 Cooling down (Салқындатып жатыр) 14 Shortcuts 14 ON / OFF (ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ) 15 Параметрлерді өзгерту 15 Ас үй таймері 18 Cooking and reheating with microwaves 19 Қуат деңгейі 19 Jet start (Жылдам бастау) 20 Grill (Гриль) 21 Grill combi (Гриль комби) 22 Sensor reheat (Сенсормен қыздыру) 23 Manual defrost (Қолдан жібіту) 24 Jet defrost (Жылдам жібіту) 24 Sensor steam (Сенсормен булап пісіру) 26 Recipes (Рецептілер) 27 Күтіп ұстау және тазалау 30 Қыздыру жұмысын сынау деректері 31 Техникалық ақпарат 31 Пайдалану ұсыныстары мен кеңестері 32 Ақаулық жою нұсқаулығы 33 Тұтынушыға қызмет көрсету 33 Тұрмыстық құралдарды тастау 33
Бұл нұсқаулар, сондай-ақ, веб торабымызда да қолжетімді:
docs.kitchenaid.eu
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАУІПСІЗДІК - БІЗДІҢ БАСЫМДЫҒЫМЫЗ
Бұл нұсқаулықта және құрылғыда оқылуы және әрқашан орындалуы тиіс маңызды қауіпсіздік нұқсаулары қамтылған.
Бұл - қауіп таңбасы, пайдаланушылардың өздері мен басқаларға төнетін мүмкін қауіп-қатер туралы ескертеді. Барлық қауіпсіздік ескертулерінің алдында қауіп белгісі мен келесі шарттар беріледі:
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Барлық қауіпсіздік ескертулері қауіп-қатер мүмкіндігін және құрылғыны дұрыс қолданбау себебінен болатын жарақат алу, бұзылулар мен ток соғу мүмкіндіктерін азайту жолдарын көрсетеді.
Келесі нұсқауларды мұқия қарастырыңыз:
Барлық босату және орнату операцияларын орындау
үшін қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз.
Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құралды
қуат көзінен ажыратылған күйінде ұстау қажет.
Орнатуды және күтім көрсетуді өнім жасаушысының
нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
4
Қуат сымын тек білікті техник маман ауыстыруы керек.
Өкілетті кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ереже бойынша құрылғының жерге тұйықталуы талап
етіледі.
Қуат көзінің сымы (корпустың ішінде) құралды негізгі
қуат көзіне байланыстыру үшін жеткілікті түрде ұзын болуы қажет.
Орнату қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сай
орындалуы үшін, контакт саңылауы 3 мм екі жақты қосқышты қолдану қажет.
Егер пеш тығынмен қамтылған болса, бірнеше тығын
адапторларын пайдаланбаңыз.
Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Қуат көзі кабелін тартпаңыз.
Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы
қатынаса алатындай болуы қажет.
Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз
басқармаңыз.
Бұл құрылғы тек тұрмыста пайдалануға арналған. Басқа
қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту немесе сыртта пайдалану). Өндіруші дұрыс пайдаланбауға немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты барлық жауапкершіліктерден бас тартады.
Бұл құрал кірістірілген құрылғы ретінде пайдаланылуы
керек. Бөлек пайдаланбаңыз.
Құрал және оның қолжетімді бөліктері пайдалану
барысында қызады. Қыздырушы элементтерді түртпес үшін абай болу керек.
5
Сәбилерді (0-3 жас) және жас балаларды (3-8 жас)
үздіксіз бақылаусыз жолатпаңыз.
8 жас және одан үлкен жастағы балалар және
физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құралды тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балалар тазалау және жөндеу жұмыстарын ересектердің бақылауынсыз орындамауы тиіс.
Қолданыс барысында және кейін қыздырушы
элементтерді немесе құралдың ішкі беттерін түртеңіз: күйік қаупі. Барлық құрамдастары толығымен суығанша құралдың маталарға немесе басқа жанатын материалдарға байланысуына мүмкіндік бермеңіз.
Пісіру соңында пеш есігін ашу кезінде ыстық ауаның
немесе будың пешті ұстау алдында шығуына мүмкіндік беру үшін сақтаныңыз. Желдету саңылауларының жабылып қалуына жол бермеңіз.
Кастрөлдер мен табаларды алу үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш заттарды
қоймаңыз: құрылғы дұрыс іске қосылмаса, өрт шығуы мүмкін.
Шағын толқынды пешті бітелген, ауасы тығыз ыдысқа
салынған заттарды қыздыру үшін пайдалануға болмайды. Олардың қысымы ұлғайып, ашқан кезде нұқсан келтіруі немесе жарылып кетуі мүмкін.
Шағын толқынды пешті мата, қағаз, дәмдеуіштер, шөп,
гүл, жеміс-жидек немесе басқа жанғыш заттарды кептіру үшін қолданбаңыз. Өрт шығуына әкелуі мүмкін.
6
Тамақ пісіру барысында әсіресе қағазды, пластмассаны
немесе басқа жанғыш материалдарды пайдалансаңыз, пешті қараусыз қалдырмаңыз. Тағамды қыздыру кезінде пайдаланылса, қағаз күюі немесе жануы, ал кейбір пластмассалар балқуы мүмкін.
Тек шағын толқынды пеште пайдаланыла алатын
контейнерлерді пайдаланыңыз.
Сұйық тағам көпіршігі байқалмастан-ақ қайнау
нүктесінен аса қызып кетуі мүмкін. Бұл ыстық сұйықтықтардың кенеттен қайнап кетуін тудыруы мүмкін.
Шағын толқынды пешті майға тамақ қуыру үшін
пайдалануға болмайды, себебі майдың температурасын бақылау мүмкін емес.
Шөлмектегі немесе қалбырдағы сәби тағамын немесе
сұйық тағамды жылытқаннан кейін оны сәбиге берерден бұрын әрқашан араластырып, температурасын тексеріңіз. Ысыту алдында қақпағы мен емізігін алып қоюды ұмытпаңыз.
Тамақ пісіру барысында алкогольді сусындар (мысалы,
ром, коньяк, шарап) пайдаланылса, алкоголь жоғарғы температураларда буланатынын ескеріңіз. Нәтижесінде алкогольден шыққан бу электрлік қыздыру элементіне тисе тез тұтанатындықтан қауіпті жағдай туындайды.
Микротолқынды пешті бүтін жұмыртқаны қабығымен
немесе қабығынсыз пісіру немесе жылыту үшін қолданбаңыз, жылыту аяқталғанда жұмыртқа жарылып кетуі мүмкін.
Егер құрал ішіндегі/сыртындағы заттың тұтанғаны
немесе түтіндегені байқалса, пештің есігін жабулы
7
күйінде қалдырып, пешті өшіріңіз. Қуат сымын ажыратыңыз немесе сақтандырғыштан немесе қысқатұйықтағыш панельден қуатты өшіріңіз.
Тағамды шамадан тыс пісірмеңіз. Өрт шығуына әкелуі
мүмкін.
Тазалау қалыпты түрде талап етілетін техникалық
қызмет болып табылады. Пешті таза жағдайда сақтамау құралдың қызмет мерзіміне жағымсыз әсер ететін және қауіпті жағдайға әкелетін бет нашарлауына әкелуі мүмкін.
Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз.
Әйнектің сынуына әкелетін беттің сызу салдарын
болдырмау үшін пеш есігінің әйнегін тазалау үшін ауыр абразивті тазалау құралдарын немесе үшкір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз.
Осы құрылғыда жеміргіш химикаттарды немесе
буларды пайдалануға болмайды.
Пештің осы түрі тамақты жылыту немесе пісіру үшін
арнайы жасалған. Ол өнеркәсіпте немесе зертханада пайдалану үшін жасалмаған.
Ешқандай панельді алып тастамаңыз. Есіктің
тығыздауыштары мен олардың айналасының бүлінбегенін үнемі тексеріп отыру керек. Егер ол жерлерге нұқсан келген болса, құрылғыны білікті қызмет көрсетуші маман жөндегенше оны іске қосуға болмайды.
Жөндеуді тек білікті қызмет көрсетуші маман ғана іске
асыруға тиіс. Шағын толқын қуатынан қорғауды қамтамасыз ететін панельдің алынуын қажет ететін техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын білікті маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл олар үшін қатерлі.
8

Қоршаған ортаны қорғау

Орам материалдарын қоқысқа тастау
• Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген (
)
• Буманың әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
• Пісіру кестесінде немесе рецептте көрсетілген жағдайда ғана пешті алдын ала қыздырыңыз.
• Тек қара лак немесе эмаль жағылған пісіру қалыптарын пайдаланыңыз, себебі олар қызуды жақсырақ сіңіреді.

Орнату

Құрылғының орамын алған соң, тасымалдау кезінде бүлінбегенін және есіктерінің дұрыс жабылуын қадағалаңыз. Ақау пайда болған кезде дилерге немесе жақын жердегі тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Өнімді тастау
• Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EC Еуропалық директивасына сай белгіленген.
• Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін.
• Құрылғыдағы немесе онымен берілген құжаттамадағы
үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізу керектігін көрсетеді.
Бүліну мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны пенопласт негізінен тек орнату кезінде алыңыз.
белгісі бұл құрылғының

Құрылғыны орналастыру

Құрылғыны орнатқан кезде жинақпен бірге берілген жеке орнату нұсқауларын орындаңыз.
9

Жалғауға дейін

Үйдегі кернеу шамасы құрылғыда көрсетілген кернеу шамасына сәйкес болуы тиіс. Пештің ішкі қабырғасының бүйірінде орналасқан шағын толқын кіруінен қорғайтын панельдерді алып тастауға болмайды. Олар май мен тағам бөлшектерінің шағын толқын кіретін арналарға өтуіне жол бермейді. Қысқа толқынды пешті орнатуға дейін ішінде ешнәрсе болмауын қадағалаңыз. Құрылғының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Шағын толқынды пештің есігінің есік тірегіне мықтап жабылатынын және есіктің ішкі тығыздауышының бүлінбегенін тексеріңіз. Шағын толқынды пешті босатыңыз да, ішін жұмсақ дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Қуат сымын суға батырмаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
Электр тоғы соғуы, өрт шығуы немесе басқа қатер орын алуы мүмкін. Егер қуатпен жабдықтау сымы тым қысқа болса, білікті электрші маманға құрылғының жанына розетканы орнаттырып алыңыз. Қуат көзінің сымы құралды негізгі қуат көзіне байланыстыру үшін жеткілікті түрде ұзын болуы қажет. Ағымдағы қауіпсіздік реттеулеріне сәйкес орнату үшін минималды байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажырату қосқышы пайдаланылуы қажет.

Жалғаудан кейін

Құрылғы микротолқынды пештің есігі мықтап жабылса ғана жұмыс істейді. Бұл құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Осы талапты орындамаудың себебінен адамдар, жануарлар жарақат алса немесе мүлікке нұқсан келсе, өндіруші ол үшін жауапкершілік көтермейді.
Пайдаланушылардың осы нұсқауларды орындамауынан туындаған қандай да бір мәселелер үшін өндірушілер жауап бермейді.
10

Керек-жарақтар

ЖАЛПЫ Дүкендерде бірқатар керек-жарақтар сатылады. Сатып алудың алдында олардың микротолқынды пеште пайдалануға жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Пісіруден бұрын пайдаланып отырған құралдардың пеш үшін жарамды екендігіне көз жеткізіп, оларды микро толқындардың әсеріне ұшыратыңыз. Тағам және аксессуарларды микротолқынды пешке салған кезде олардың пеш ішіне байланысқа түспейтінін тексеріңіз.
Бұл әсіресе темірден жасалған немесе темір бөлшектері бар керек-жарақтарды қолданған кезде маңызды. Егер металдан тұратын аксессуарлар пеш
ішімен әрекеттессе, пеш қосулы кезде ұшқын орын алып, пеш зақымдалуы мүмкін. Пешті іске қосу алдында бұру дискісінің еркін бұрылуын үнемі тексеріңіз.
БҰРУ ДИСКІСІНІҢ ТІРЕУІ
Шыны бұру дискісі астындағы тіреуді
пайдаланыңыз. Бұру дискісі тіреуіне басқа құралдарды ешқашан қоймаңыз.
• Бұру дискісі тіреуін пешке бекітіңіз.
СЫМ СӨРЕСІ
Гриль функцияларын пайдаланып қуыру кезінде
тор сөрені пайдаланыңыз.
БУ ҚҰРАЛЫ
Балық, көкөністер және картоптар сияқты тағамдар
үшін електі бу құралын пайдаланыңыз.
Күріш, паста және ақ бұршақтар сияқты тағамдар
үшін елексіз бу құралын пайдаланыңыз. Бу құралын үнемі шыны бұру дискісіне орналастырыңыз.
ҚАҚПАҚ Қақпақ тек шағын толқындармен пісіру және қайта қыздыру барысында тағамды жабуға пайдаланылады және тағам қалдығын, қатқан орындарын тазалау уақытын азайтады. Екі деңгейлі қайта қыздыру үшін қақпақты пайдаланыңыз.
ШЫНЫ БҰРУ ДИСКІСІ Шыны бұру дискісін барлық пісіру әдістерімен пайдаланыңыз. Пеш ішіне төгілген және қалған сусындарды және тағам қалдықтарын жинайды.
• Бұру дискісі тіреуіне шыны бұру дискісін орналастырыңыз.
11
Loading...
+ 25 hidden pages