KITCHENAID KHDD2 38510 User Manual [kk]

KZ
IT
Пайдалану нұсқаулығы
Бұл нұсқаулықты docs.kitchenaid.eu веб-сайтынан да көруге болады
Қауіпсіздік нұсқаулығы 4
Өнім сипаттамасы және таңбалар 9
Басқару таңбалары 9
Жанарғыларды қолдану 9
Пешті қолдану жөніндегі пайдалы кеңестер 10
Кәстрөл тағандарын орнату 10
Сорғы мен аралық саңылаулар (мм) 11
Бүріккіштер (форсунка) кестесі 12
Орнату 12
Газ қосылымы 13
Электр қосылымы 13
Орнату 14
Әртүрлі газ жабдықтау жүйе түрлеріне бейімдеу 14
Бүріккіштерді ауыстыру 15
Газ бұрағыштарындағы минималды ағым деңгейін реттеу 15
Күтім және жөндеу 16
Газ жанарғыларын күту және жөндеу 16
Ақауларды анықтау жөніндегі нұсқаулық 17
Кепілдік бойынша қызмет көрсету 17
Қауіпсіздік нұсқаулығы
БҰЛ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒУ ӘРІ ОРЫНДАУ АСА МАҢЫЗДЫ
АБАЙЛАҢЫЗ: Газға тамақ пісіретін құрылғыны пайдаланудың нәтижесінде, ол орнатылған бөлмеде жылу, ылғал және жану өнімдері түзіледі. Әсіресе құрылғы пайдаланылып жатқанда бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз: табиғи желдету саңылауларын ашық ұстаңыз немесе механикалық желдету құралын (механикалық ас үй сорабы) орнатыңыз. Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қарқынды пайдалану қосымша желдетуді, мысалы, терезені ашуды, немесе қолданыстағы механикалық желдету деңгейін арттыруды талап етуі мүмкін.
Осы нұсқаулықта берілген ақпаратты дәл орындамау салдарынан өрт шығып немесе жарылыс болып, мүліктің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына әкелуі мүмкін. Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулар мен құрылғының өзі, әрдайым орындалуы тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтиды. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулар үшін жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ: Егер плитаның беті
шытынап кетсе, пешті пайдаланбаңыз, әйтпесе электр тоғы соғу қаупі бар.
ЕСКЕРТУ: Өрт туу қаупі бар: Тағам пісіретін беттерге ешқашан зат қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Пісіру процесі басқарылады. Қысқа пісіру процесі үздіксіз басқарылу керек.
ЕСКЕРТУ: Тоң май немесе сұйық маймен тамақ пісіргенде, пешті қараусыз қалдыру қауіпті болуы әрі өрт тууына себеп болуы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен өшіруге әрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт сөндіру жапқышы сияқты нәрсемен бүркеңіз.
Плитаны жұмыс беті немесе тіреуіш ретінде пайдаланбаңыз. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа да жанатын заттарды құрылғыдан аулақ ұстаңыз, әйтпесе өрт туу қаупі бар.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үздіксіз бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жастағы және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндігі жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны басқару жөніндегі арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін ғана пайдалана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ересек адамның бақылауынсыз орындауға рұқсат бермеңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Конфорканың әйнегі шағылған жағдайда: - дереу
4
барлық жанарғылар мен кез келген электрлік қыздырғыш элементті өшіріп, құрылғыны қорек көзінен оқшаулау керек; - құрылғының бетіне тимеңіз; - құрылғыны пайдаланбаңыз.
Қатты қызған кезде, әйнек қақпақ сынып кетуі мүмкін. Қақпақты жабар алдында,
барлық жанарғылар мен электр плиталарын сөндіріңіз. Жанарғы жанып тұрғанда қақпақты жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: Пайдалану барысында құрылғы мен оның жабдықтары ысып кетеді. Қыздырғыш элементтерді қолмен ұстаудан сақтану керек. Үздіксіз қарап отырмайтын болсаңыз, 8 жасқа толмаған балаларды құрылғыдан алыс ұстау керек.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Түптері жанарғымен бірдей немесе одан үлкен енді табалар мен ыдыстарды пайдаланыңыз (арнайы кестені көріңіз). Торлардағы ыдыстардың тартпа шетінен
шықпайтынына көз жеткізіңіз.
Торларды дұрыс пайдаланбау салдарынан тартпаға зақым келуі мүмкін: торларды жоғарыдан төмен қаратып орналастырмаңыз немесе тартпаның үстімен жылжытпаңыз.
Жанарғы жалынының таба шетіне шығып кетуіне жол бермеңіз. Пайдаланбаңыз: Шойыннан жасалған гриль табалары, қымбат терракота ыдыстар мен табалар. Металл тор немесе басқа түрлер сияқты қыздыру диффузорлары. Екі жанарғыны бір орында ұстауға болады (мысалы, балық пісіру құралы). Егер газ жеткізуге қатысты белгілі бір жергілікті жағдайлар жанарғыны тұтатуды қиындатса, кішкентай жалын параметрімен операцияны қайталау ұсынылады. Ілмекті конфорка үстіне орнату жағдайында дұрыс қашықтық үшін ілмек нұсқауларын қараңыз. Торлардың қорғағыш резеңке тіреуіштерін кішкентай балалардың жұтып қою қатері бар. Торларды алып тастағаннан кейін, барлық аяқтарының дұрыс бекітілгенін тексеріңіз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек, әйтпесе жарақаттану қаупі бар. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз, әйтпесе қолыңызды кесіп алу қаупі бар.
Электр және газ байланыстары жергілікті реттеулерге сәйкес болуы қа жет.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Егер пайдаланушы нұсқаулығында атап көрсетілмеген болса, құрылғының қандай да бір бөлігін жөндемеңіз және ауыстырмаңыз. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Қандай да бір мәселе туындаған жағдайда, сатушыға немесе ең жақын орналасқан Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғыны орнатқан соң
5
орамасының қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, әйтпесе олардың тұншығып қалу қаупі бар. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Барлық қосымша елдерде құрылғының қауіпсіз әрі дұрыс пайдаланылуы үшін құрылғының нұсқасының және оны орнату әдісінің маңызы зор.
Нұсқауда көрсетілген газ қысымына сәйкес келетін қысым реттегіштерді пайдаланыңыз.
Бөлме қандай бір иіс пен күйені кетіретін ауа сорғыш жүйемен жабдықталған болуы керек.
Сондай-ақ бөлмеде дұрыс ауа айналымы болуы керек, себебі газ дұрыс жануы үшін ауа қажет. Ауа ағыны орнатылған қуаттылықтың әр кВт үшін 2 m³/сағат мәнінен кем болмауға тиіс.
Ауаны айналдыру жүйесі ауаны кем дегенде 100 cm² ішкі көлденең қимасы бар құбырдың көмегімен тікелей сырттан алуы мүмкін; саңылау бітеліп қалуға бейім болмауы керек.
Сондай-ақ жүйе газ жануы үшін қажетті ауаны жанама түрде, яғни, жоғарыда суреттелгендей ауа айналатын түтіктермен жабдықталған басқа жапсарлас бөлмелерден бере алады. Алайда, ол бөлмелер тұрғын бөлмелер, жатын бөлмелер немесе өрт шығу қатері бар бөлмелер болмауға тиіс.
Сұйылтылған мұнай газы еденге дейін жетеді, себебі ол ауадан ауыр. Сондықтан ішінде СМГ цилиндрілері де газ жылыстаған жағдайда оның шығып кетуіне мүмкіндік беретін саңылаулармен жабдықталған болуға тиіс. Бұл дегеніміз жартылай немесе толықтай толтырылған СМГ цилиндрлерін жер бетінің деңгейінен төмен бөлмелерде немесе қойма жайларында (жертөлелер т.с.с.) орнатуға немесе сақтауға болмайды дегенді білдіреді. Тек бөлмеде қазір пайдаланылып жатқан цилиндрді ғана ұстап, оның температурасын 50°C градустан астам жоғарылатуы мүмкін сыртқы жылу көздері (тұмшапештер, каминдер, пештер т.с.с.) шығаратын қызуға ұшырамайтындай етіп орналастыруды ұсынамыз.
Жанарғылардың тетігін бұрау қиынға түскен жағдайда, ақау табылған жанарғының шүмегін ауыстыру үшін Кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Желдету үшін және отты тарату үшін пайдаланылатын саңылауларды ешқашан жауап тастауға болмайды.
Құрылғыны орнына орнатпас бұрын, шкафты кесуге байланысты барлық жұмыстарды бітіріп, жоңқалар мен ағаш үгінділерін алып тастаңыз.
Құрлығы пештің алданыда орнатылмаған кезде,оның астындағы бөлікке бөлгіш тақта (құрылғымен бірге келмейді) орнату қа жет.
ГАЗ ҚОСЫЛЫМЫ
ЕСКЕРТУ: Орнатардан бұрын жергілікті газ тарату жағдайларының (газдың шыққан жері және газ қысымы) және құрылғының параметрлерінің үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз.
Газбен жабдықтау қысымының 1-кестеде (“Жанарғы мен бүріккіштің сипаттамалары”) көрсетілген
6
Loading...
+ 14 hidden pages