KITCHENAID KCBSX 60600 User Manual [kk]

Page 1
Қолдану нұсқаулықтары
Page 2
Page 3
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары 4
Қоршаған ортаны сақтау 5
Электрлік байланыс тек Ұлы Британия мен Ирландия үшін 5
Қуатты үнемдеу кеңестері 6
Құрылғыны қолданар алдында 6
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6
Басқару панелі 10
Жұмыс істеуі 11
Орнату ережелері 16
Орнату 18
Дабылдар және ақаулықтар кестесі 20
Техникалық сипаттамалары 21
Page 4
4
• ЕСКЕРТУ: құрылғы тұрақсыздығынан болатын қауіпті болдырмас үшін, орнату немесе бекіту шаралары өндірушінің нұсқаулықтарына сай етіп орындалуы тиіс.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының желдету саңылауларына ешнəрсе кедергі келтірмейтіндей етіп ұстаңыз.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Жібіту үрдісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық, электрлік немесе химиялық құралдарды қолдануға болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Егер, Өндіруші электр аспаптарының белгілі бір түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды құрылғы камераларының ішінде қолдануға немесе қоюға болмайды.
Ақпарат: Бұл құрылғының құрамында хлорфтор көміртегі жоқ. Тоңазытқыш зат айналымының құрамына R404a кіреді (құрылғының ішіндегі техникалық кестені қараңыз).
• Бұл өнімнің құрамында Киото протоколында қарастырылған Фторлы Жылыжай Газы болуы мүмкін; тоңазытқыш газ герметикалық жабылған жүйе ішінде орналасқан. Тоңазытқыш газ: R404a газының Жаһандық Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша көрсеткіші - 3210.
• C-Пентан оқшаулау пенопласының құрамына үрлегіш заттегі ретінде кіреді жəне тұтанғыш газ болып табылады. Жою жұмыстары кезінде ерекше назар аударыңыз.
• Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға жəне төмендегі орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде жəне басқа
жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында;
- фермаларда жəне конақ үй,
мейманхана жəне басқа да тұрғын үй тектес мекемелерінің клиенттеріне;
- жатақ жəне таңғы ас тектес
орындарда;
- қоғамдық тамақтандыру жəне сол
тектес көтерме сауда орындарында.
• Ішінде жанғыш заты бар, бүріккіш қалбырлар сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының ішінде сақтауға болмайды.
• Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тəжірибесі жеткіліксіз тұлғалар, қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алған жағдайда немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады.
• Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға жəне құрылғыны қолдануға тыйым салынған.
• Балалардың қамалып қалуын жəне тұншығып қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен ойнауға жəне оның ішіне тығылуға тыйым салынады.
• Тоқ істікшесі қолжетімді болған жағдайда, құрылғыны тоқ көзінен суырып алу арқылы ажырату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс,
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары Түпкі нұсқаулықтар ағылшын тілінде
берілген. Басқа тілдегі барлық нұсқаулықтар түпнұсқалық үлгіден аударылған.
Page 5
5
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі жəне қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Жою барысында жергілікті нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш материалдарын (пластмасса қаптар, полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі олар ықтимал қатер көзі болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған. Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сəйкес таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері əсерді азайтуға көмектесе аласыз. Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін
құжаттардағы мына белгі осы құрылғының тұрмыстық қалдық ретінде тасталмауға тиіс екенін, электрлік жəне электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына тапсырылуға тиіс екенін білдіреді. Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның есіктерін, сөрелерін жəне қуат сымын жарамсыз етіп кесіп тастаңыз. Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты жоюға
қатысты жергілікті нормативтік ережелерді сақтап, арнайы жинау орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып табылады. Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру жəне қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті құзырлы мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Сəйкестік сертификаты
• Бұл құрылғы тағам сақтау үшін
құрастырылған жəне № 1935/2004 Ережесіне (CE) сəйкес өндірілген.
• Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сəйкес жасақталған, жасап шығарылған жəне нарыққа ұсынылған:
- 2006/95/CE “Төмен кернеу” нұсқауының
қауіпсіздік мақсаттары (ол 73/23/CEE нұсқауын жəне туындайтын өзгерістерді алмастырады); жəне 2006 жылдың 17 мамырындағы ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ЖƏНЕ КЕҢЕСТІҢ 2006/42/EC НҰСҚАУЫНДАҒЫ “машина жасау” саласының қауіпсіздік қағидаларымен біріктірілген.
- “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік
талаптары.
• Құрылғының шығаратын дыбыс деңгейі 70 дБ(A) мөлшерінен аспайды.
Қоршаған ортаны сақтау
немесе тоқ ұяшығының жоғарғы жағындағы ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сəйкес құрылған көп полюсты қосқыш арқылы ажыратылуы тиіс.
• Құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосыңыз: құрылғы рұқсат етілген жерге тұйықтау жүйесіне дұрыс қосылуы тиіс.
• Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
• Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
• Құрылғының тоқ сымын тартпаңыз
• Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы жəне орнатуы тиіс.
• Орнату жəне күту, сонымен қатар қуат сымын ауыстыру шараларын өндіруші немесе білікті техник өндірушінің нұсқаулықтарына жəне жергілікті қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сай орындауы тиіс. Қатерге ұшырамас үшін, пайдаланушы нұсқаулығында ерекше атап көрсетілген болмаса, құрылғының кез келген бөлшегін, соның ішінде қуат сымын жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды.
Page 6
6
ОРНАТУ
• Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын мейілінше мықты еденге жəне оның көлемі мен қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
• Бұл құрылғы техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа сəйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз жеткізіңіз.
ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНЫС
• Осы немесе өзге де электр құрылғыларының айналасында жанармайды, тұтанғыш сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз жəне қолданбаңыз. Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
• Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын мұздатқыштан алған бетте пайдалануға болмайды, себебі олар үсік шалуға əкелуі мүмкін.
• Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы істекшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
• Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі олардың сынып кетуі мүмкін.
• Қапталмаған тағамдарды мұздатқыш бөлімшесінің ішкі бетіне тікелей жанастырып сақтамаңыз.
• Егер мұздату кезінде есікті ашу қажет болса немесе тағамды мұздатқыштан алып шығу қажет болса, оның ішкі қабырғалары мен мұздатылған тағамдарды тікелей қолмен ұстамаңыз, себебі қолыңызды үсітіп алуыңыз мүмкін.
Егер жоғарыдағы кеңес пен сақтық шаралары орындалмаса, Өндіруші адамдарға, жануарларға немесе мүлікке тиген зақым үшін жауапты болудан бас тартады.
Климаттық класс
Орта температура
(°C)
Салыстырмалы
ылғалдылық (%)
32560 43055 54040
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалға, радиатор, пеш жəне т.б.) жəне күн көзі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса, оқшаулағыш тілімшені қолданыңыз.
• Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Қуатты үнемдеу кеңестері
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз. Болашақта қолдану үшін осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның
зақымданбағанына жəне есігінің дұрыс жабылатындығына көз жеткізіңіз. Кез келген зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай
дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны екі сағаттан соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін тазалап
алыңыз.
4. Бұл өнім тағам сақтағыш емес “тез
суытқыш” болғандықтан, ол тағам сақтау үшін қолданыла алмайды. Таңдалған бағдарлама аяқталғаннан соң, тағамды алып шығып, тоңазытқышқа не мұздатқышқа салу қажет.
Құрылғыны қолданар алдында
Page 7
7
Кіріспе
Жылдам тоңазытқыш - тағамды жылдам салқындату, тез мұздату жəне сусындарды тез салқындату үшін кəсіби саладан алынған құрылғы. Пісірілгеннен соң, жылдам тоңазытқыштың көмегімен тез салқындатылған өнімдер, өздерінің бастапқы жоғары сапасын 5/7 күн сақтаса, тез мұздатылған тағамдар, ерітілген жағдайда, езіліп кетпей өздерінің тығыздығы мен алғашқы дəмін сақтап қалады.
Қолданыс
ПАЙДАЛАНУШЫҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ Маңызды! Жылдам тоңазытқыштың төменгі
ауатартқышын бөгемеңіз, құрылғыға қызып кету салдарынан зақым келуі мүмкін.
ЖЫЛДАМ ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Жылдам тоңазытқышты мейлінше оңтайлы қолдануға арналған бірнеше жолдарды ұсынамыз.
Камераны алдын-ала тазалау
Машинаны қайта іске қоспас бұрын, ішкі жəне сыртқы беттеріндегі қорғаныш таспаны алып тастаңыз. Камераның ішін жұмсақ матамен жəне жұмсақ тазалағыш заттегімен сүртіп шығыңыз. Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды немесе тот баспайтын болаттың бетін жөндеуге келмейтіндей етіп зақымдай алатын агрессивті заттектерді қолдануды кеңес етпейміз (1 сурет). Тазалағаннан кейін алдымен істекшемен қамтылған ішкі камераның түбіндегі ағызбаны жапқаныңызға көз жеткізіңіз, содан кейін мұқият шайып алыңыз. Суды жұмсақ сорғышпен сүртіп алыңыз.
“Термопіскі” қызметі бар темір торды орнату
“Термопіскі” қызметімен қамтамасыз етілген темір торды камераның ортасына орнату қажет ,себебі піскіні қолданғаннан кейін өз орнына қойса, дұрыс тұратын болады. (2 сурет)
Сурет 1
Сурет 2
Page 8
8
ЫҚТИМАЛДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМДЕРІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
“Термопіскімен” жұмыс істеу
Термопіскі темір торда орналасатын, қосымша жабдықтармен бірге келген, тез салқындауға немесе тоңазытуға арналған өнімнің өзегіндегі температураны тексеруге арналған құрал. Сезгіш құрал өнімнің өзегіндегі температураның + 3°C (тез тоңазыту) or -18°C (тез мұздату) деңгейіне жеткенін хабарлаған кезде, тез тоңазытқыш сақтау тəртібіне ауысады. Қолдану үшін, піскіні тоңазытылатын/мұздатылатын тағамның ішіне айналыс басталмас бұрын енгізіп қою қажет.
Маңызды! Термопіскі өнімнің өзегіне шығып кетпейтіндей етіліп енгізілуі қажет (сур. 3) жəне тек көрсетіліп тұрғандай ұсталып жасалуы тиіс. Тез тоңазыту/тез мұздату айналысының соңында, оны жұмсақ матамен жəне жылы сумен тазалап, тіренішке сүйеп қойыңыз.
Маңызды! Егер өнімдердің көлемі əртүрлі болса, піскіні кесектеу тілімге енгізіңіз.
Жұмыс істеуі
Тез тоңазыту/тез мұздату айналысын “уақыт” немесе “термопіскі” тəртібіне/режиміне қоюға болады жəне де электрондық тақтайша оларды өз бетімен реттеп отырады. “Термопіскі” тағамның ішінде орналастырылған болса, айналыстың бастапқы кезеңінде тоңазытқыш “термопіскі” тəртібіне ауысады. “Термопіскі” енгізілмеген болса, тоңазытқыш “уақыт” тəртібіне ауысады.
ҚҰРАЛДЫҢ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
“Қатаң” Тез тоңазыту
Бұл айналыс тағамның температурасын + 3°C дейін жылдам яғни кем дегенде 90 минут ішінде төмендетеді. Тез тоңазыту айналысы “уақыт” немесе “піскі” тəртібінде жүре алады, ауысып тұру автоматты түрде жүзеге асады. Тез тоңазыту айналысы аяқталған соң, құрылғы сақтау тəртібіне ауысады да, камераның ішіндегі ауа температурасын + 3°C жəне + 4°C аралығында ұстап тұрады.
“Жұмсақ” Тез тоңазыту
Бұл айналыстың теңшелімдері де та “Қатаң” айналыс теңшелімдерімен бірдей болады, бірақ қаймақ, кондитер тағамдары сияқты нəзік өнімдерге арналған.
Тез мұздату
Бұл айналыс тағамның температурасын + -18°C дейін жылдам яғни кем дегенде 270 минут ішінде төмендетеді. Тез мұздату айналысы “уақыт” немесе “піскі” тəртібінде жүре алады, ауысып тұру автоматты түрде жүзеге асады. Тез мұздату айналысы аяқталған соң, құрылғы сақтау тəртібіне ауысады да, камераның ішіндегі ауа температурасын + -18°C жəне + -19°C аралығында ұстап тұрады.
Сусындарды тез салқындату айналысы
Бұл айналыс бөтелкелер мен қаңылтыр құтылардағы сусындарды салқындатуға арналған.
Маңызды! “Сақтау тəртібінің” ұзақтығы шектелмеген; бұл айналыс тек қана жаңа операторлық пəрменнің əсерімен тоқтатыла алады.
Құрылғыны тек “сақтау орыны” ретінде қарастырып, оның есігін осы қызмет кезінде сансыз түрде ашып/жауып отыруға кеңес БЕРІЛМЕЙДІ. “Сақтау тəртібі” уақытша кезең ретінде тез тоңазыту немесе тез мұздату арасында жəне қалыпты тоңазытқыш немесе мұздатқышта орын алатын тоңазытып сақтау қызметін атқарады.
Сурет 3
ИƏ!
ЖОҚ! ЖОҚ!
Page 9
9
Ауа бақылағышы жайлы мағлұмат
Ауа бақылағышы (қолжетімді емес, көзге көрінбейді жəне пайдаланушы оны ауыстыра алмайды) камера ішіндегі ауа температурасын үздіксіз бақылап тұрады. Оның қызметтері:
• қауіпсіздікті тексеру
• тез тоңазыту мен тез мұздату айналыстарынан кейін, “сақтау тəртібі” кезінде камера ішіндегі тұрақты температураны ұстап тұру.
Ыдыстар мен қақпақтар
Барынша таяз яғни 65 мм аспайтын табақтар мен шұңғылдарды қолдануға кеңес беріледі. Табақтар мен шұңғылдардың бетін қақпақпен немесе үлдірмен жаппаңыз: тағамның суық ауамен жанасатын аумағы неғұрлым кең болса, соғұрлым аз тоңазыту уақытын талап етеді.
Маңызды! Ыдыстардың төмен температурада (-40°C) қолдануға жарамды екеніне көз жеткізіңіз.
Машинаны толтыру
Жылдам салқындатылатын жəне/немесе мұздатылатын тағамдардың жиектен аспауын жəне олардың қалыңдығы 5-8 см аспауын қадағалаңыз. Машинаны өндірушінің талабы бойынша, шамадан тыс толтырмаңыз:
Тез тоңазыту: 7 кг немесе
Тез мұздату: 4 кг
Ауа өткізгіштігінің жеткілікті түрде жəне де барлық темір торларға əсер етуін қамтамасыз ету үшін, табақтардың арасында жетерліктей арақашықтық бар екеніне көз жеткізіңіз.
Темір торға түсетін салмақ 5 кг аспау керек.
Тағам температурасы Маңызды! Тез тоңазыту мен тез мұздатуға арналған піскен тағамдарды бөлме температурасында
ұзақ уақыт сақтамауға тырысыңыз. Егер тағамдар бөлме температурасында сақталса, олар келесі теріс өзгерістерге ұшырайды:
- олар ылғалын жоғалтады
- олар бастапқы қасиеттерін жоғалтады (түсі, иісі, дəмі жəне т.б.)
- бактерия жұқтыру мүмкіндігі артады
Осы себептерге байланысты, тез тоңазыту жəне/немесе тез мұздату айналыстарын тағамды əзірлеп жəне/немесе пісіріп болған сəтте дереу бастаған дұрыс. Салқындату айналымы өнімнің температурасы 70°/80°C аспайтын кезде басталуы қажет.
Маңызды! Егер ыдыстар өте жоғары температурада (80°C жоғары) қолданылатын болса, вакуум камерасын (мысалы, іші бос болғанда) алдын ала салқындатып алған дұрыс, жəне ыдысты тікелей оның түбіне емес, берілген тор темірлерге қойған жөн.
Page 10
10
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі, тең тоңазытуды қосыңыз жəне өшіріңіз
2. Ұзақтығы 270 минутке алдын ала орнатылған тез мұздату айналымын таңдаңыз.
3. “Уақыт” жұмыс тəртібін көрсететін белгі.
4. Айналымның таңдалған түрін көрсететін дисплей
(SoF = Жұмсақ / HAR = Қатаң / FrE = Мұздату). Айналым “уақыт” тəртібінде тұрғанда қалған уақытты көрсету. Айналым “піскі” тəртібінде тұрғанда өткен уақытты көрсету. Сақтау айналымының басынан бастап өткен уақытты көрсету.
5. Таңдалған айналымның температурасын көрсету.
(SoF = 3 / HAR = 3 / FrE = - 18). Айналым “уақыт” тəртібінде тұрғанда камераның ішкі температурасын көрсету. Айналым “піскі” тəртібінде тұрғанда “термопіскінің” температурасын көрсету. Айналым “сақтау” тəртібінде тұрғанда камераның ішкі температурасын көрсету.
6. “Термопіскі” жұмыс тəртібін көрсететін белгі.
7. Ұзақтығы 90 минутке алдын ала орнатылған “Қатты” тез тоңазыту айналымын таңдаңыз.
8. Ұзақтығы 90 минутке алдын ала орнатылған “Жұмсақ” тез тоңазыту айналымын таңдаңыз.
9. БАСТАУ жəне АЯҚТАУ түймесі.
Басқару панелі
Page 11
11
Қосылу
Құрылғыны қуат көзіне алғаш қосқанда, ол барлық белгілер мен дисплейлерді 3 рет жыпылықтату арқылы тексеріс жасайды. Содан кейін тек түймесі істеп тұрады жəне төменгі есік ашылып жабылады. Бұл кезде тез тоңазытқыш “күтілім” тəртібінде болады. Шыңылдап дыбыс шығаратын түймесін басып ұстап тұру арқылы тез тоңазытуды “күтілім” тəртібінен “дайын” тəртібіне ауыстырады, “Жұмсақ” айналымы əдепкі қалып бойынша көрсетіліп тұрады. Бұл жерде, керегінше, басқа да айналымдарды таңдауға болады жəне де дисплей тақтасы таңдалған қызметті бастап кетуге дайын болады.
Маңызды! Құрылғыны қуат көзіне қосарда жəне
түймесін басар алдында төменгі есіктің ашылуына кедергі келтіретін бөгеттердің жоқ екенін тексеріңіз. Ол автоматты түрде ашылып, ауаның дұрыс айналымына жол ашады жəне |ЖАБЫЛМАУЫ ТИІС. (сурет 4) Ол таңдалған айналымның соңында автоматты түрде жабылады,тез тоңазытуды “күтілім” тəртібіне қайтару үшін түймесі басылады.
Салқындату алдында
Ыстық тағамдарды ішкі камераға салмас бұрын оны алдымен салқындатып алған дұрыс. Бұл шара төмендегідей жасалады:
1. “Қатаң” тез тоңазыту айналымын
түймесін басу арқылы таңдаңыз.
2. Құрылғының есігі мықтап жабылған, ішкі
камера бос жəне оның ішіндегі төменгі ағызбаның тесігі тығындалғанына көз жеткізіңіз. Бос түрде айналым жасау үшін түймесін басыңыз.
3. Басталғанына 15 минут болғанда
түймесін басып ұстап тұру арқылы айналымды тоқтатыңыз.
4. Салқындатып алған соң тағамды тез тоңазыту
немесе тез мұздату үшін қажетті айналымды таңдайсыз.
Айналымды таңдау
Қажетті айналымды таңдаңыз: Машина жүріп тұрған кезде, “дайын” тəртібінде, қалаған айналымды басыңыз. Түйменің шамы үздіксіз жанып қосылады жəне 4-ші дисплей айналымның таңдалған түрін көрсетеді (HAr = Қатаң /SoF = Жұмсақ / FrE = Мұздату), ал 5-ші дисплей болса айналым аяқталғандағы тағамның температурасын көрсетеді (3 = 3°C Қатаң жəне Жұмсақ үшін / -18 = -18°C Мұздату үшін).
Жұмыс істеуі
Сурет 4
Page 12
12
- “Жұмсақ” тез тоңазыту (+ 3°C)
- “Қатаң” тез тоңазыту (+ 3°C)
- тез мұздату (-18°C)
- сусындарды салқындату (“Жұмсақ” айналым)
Page 13
13
Сусындарды тез салқындату
Машина іске қосылып жəне “дайын” режимінде болған кезде түймесін басыңыз. Түйме шамдары үздіксіз жанып тұрады жəне 4-ші дисплей “Жұмсақ” режимін көрсетеді, ал 5-ші дисплей 3 санын көрсетеді (3 = 3°C). 10/15 минут өткеннен соң түймесін басып, АЙНАЛЫМДЫ ҚОЛМЕН ТОҚТАТЫҢЫЗ. Тоңазытқыш “дайын” күйіне қайта келеді жəне сол кезде суыған сусындарды алып шығу мүмкін болады.
Айналымдардың басталуы
Құрылғы есігінің нық жабылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін қалайтын айналымды бастау үшін
түймесін басыңыз.
Маңызды! Құрылғының зақымдануын болдырмау үшін ыстық тағамдарды камераның ішінде ұзақ уақыт ұстамай, тез тоңазыту, тез мұздату немесе сусындарды салқындату айналымдарының бірін бірден бастаңыз.
Маңызды! Егер төтенше жағдайда айналымды алдын ала тоқтату қажет болса, түймесін басып ұстап тұрыңыз.
Айналымды бастағаннан кейін “уақыт” жəне “термопіскі” белгілері 2 минут бойы жыпықтайды (минуттар 4-ші дисплейде көрсетіледі), егер “термопіскі” тағамға енгізілген болса, сол уақыт аралығында тез тоңазыту аяқталады (5 сурет). 5-ші дисплей піскінің температурасын көрсетеді (бөлме температурасы). Бұдан кейін тек таңдалған тез тоңазыту режимінің белгісі ( белгісі немесе
) ғана тұрақты жанып тұрады. Егер айналым автоматты түрде “уақыт” режиміне реттелген болса, 4-ші дисплей айналымның аяқталуына дейін қалған уақытты көрсетеді (Қатаң жəне Жұмсақ айналым кезінде 90 минут / мұздату үшін 270 минут), ал 5-ші дисплей болса ішкі камераның температурасын көрсетеді. Егер айналым автоматты түрде “термопіскі” режиміне реттелген болса, 4-ші дисплей айналым басталғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетсе, 5-ші дисплей “термопіскінің” температурасын көрсетеді. “Уақыт” режимінде айналым 90 / 270 минуттан кейін аяқталады немесе “термопіскі” режимінде өзектегі температура 3°C / -18°C жеткенде аяқталады.
Маңызды! Айналымның ұзақтығына тағамның түрі, оның қалыңдығы, өлшемі, бастапқы температурасы немесе қолданылған ыдыс түрі сияқты көптеген факторлар əсер етеді.
Салқындату айналымының соңында түйме жыпықтай бастайды жəне құрылғы “сақтау” режиміне ауысады. Бұл кезеңде түймесін басып ұстап тұру арқылы сақтау айналымын тоқтату мүмкін болады жəне құрылғы “дайын” режиміне ауысады. Тағамдарды ішкі камерадан алып шығып, оларды тоңазытқышта немесе мұздатқышта сақтауға болады.
ТЕЗ САЛҚЫНДАТЫЛҒАН НЕМЕСЕ МҰЗДАТЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ САҚТАУ
Тез салқындатылған жəне/немесе тез мұздатылған тағамды тез тоңазытқыштың ішінде сақтауға БОЛМАЙДЫ, оның орнына тағамның бетін қорғап жауып (пластикпен, ауа өткізбейтін қақпақпен, вакуумды болса тіпті жақсы) тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың ішіне қою керек. Тез салқындатылған тағамды тоңазытатын шыны камерасында, +2°C тұрақты температурасында сақтау қажет. Тез мұздатылған тағамды тоңазытатын шыны камерасында, -20°C тұрақты температурасында сақтау қажет.
Сурет 5
Page 14
14
Осы тараудағы ақпарат пен нұсқаулықтар машинамен жұмыс істейтін барлық қызметшілерге, оның ішінде, пайдаланушылар мен техниктерге арналған.
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тазалау жəне жөндеу шараларын қауіпсіз түрде жүргізу үшін келесі ережелерді орындаңыз:
• машинаны қуат көзінен тоқ сымын тартпай
ажыратыңыз;
• қолыңыз не аяғыңыз жалаң, ылғал немесе су
болған кезде машинаға тимеңіз;
• қалқандар мен жылжымалы бөлшектер арасына
бұрағыштарды, ас үй жарақтарын немесе басқа
да заттарды салмаңыз. Күнделікті күтімді орындау үшін қалқандарды жəне қауіпсіздік жабдықтарын жылжытуға тыйым салынады. Осы міндетті орындамау нəтижесіндегі оқыс оқиғаларға Өндіруші жауапты емес.
СЫРТҚЫ БЕТТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Корпус
Тот баспайтын болаттан жасалған тез тоңазытқыштың сыртқы бетін жұмсақ тазалағыш затты қолданып, жұмсақ матамен немесе сорғышпен тегістеу бағытына қарай сүртіңіз. Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды немесе бетін жөндеуге келмейтіндей етіп зақымдай алатын агрессивті заттектерді қолдануға кеңес бермейміз.
Маңызды! Тазалау барысында сериялық нөмірі бар заттаңбаларды АЛЫП ТАСТАМАҢЫЗ. Олар техникалық көмек кезінде маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Басқару панелі
Тез тоңазытқыштың бұдырлы түймелері жоқ “сенсорлы” басқару панелі болады, оның шыны бетін арнайы жуғыш өнімдерін қолданып оңай тазалап алуға болады. Біз аздап жуғыш зат қосылған жұмсақ матамен мұқият құрғатып алғанды ұсынамыз.
ІШІН ТАЗАЛАУ
Ішкі бетін құрсап тұрған мұз қабатын жылдам еріту үшін əр айналым біткен сайын есікті “жібіту кейпінде” ашып қойыңыз. Камераның түбіндегі суды ағызу үшін, ағызба тығынын (6 сурет) алып тастауды ұмытпаңыз. Қалған су ағызбадан ағып кете алады.
Күнделікті күтім
Ағызба тығыны
Жібіту кейпі
Сурет 6
Page 15
15
Маңызды! Жібіту барысында пайда болған су мөлшерінен артық су АҒЫЗБАҢЫЗ. Кейінгі тазалауды ағызбаны жауып жасаңыз. Өңделетін тағамның гигиенасы мен қасиетінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін камераның ішін жібіту барысынан кейін тазалау қажет. Камераның жəне ішкі бөлшектерінің пішіні олардың жуылуына кедергі емес; жуған кезде жұмсақ матаны немесе ысқышты жəне жұмсақ жуғыш затты қолдануды ұсынамыз. Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды немесе тот баспайтын болаттың бетін жөндеуге келмейтіндей етіп зақымдай алатын агрессивті заттектерді қолдануға кеңес бермейміз. Жуғаннан кейін камераның ішін мұқият шайып, құрғатып алған дұрыс.
КОНДЕНСАТОРДЫ ТАЗАЛАУ
Маңызды! Күтіп ұстау шараларын атқармас бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
Конденсатор қабырғаларында жиналатын кір мен шаңды кетіру үшін айына бір рет тазалауды ұсынамыз. Төменгі қақпақты көтеріп оны 90° (7 сурет) бұру арқылы конденсаторға жетуге болады.
Маңызды! Конденсатор қабырғалары өте жіңішке болады. Оларды тазалау үшін щетканың қылдарын қабырғалардың бойымен жүргізе тазалаңыз немесе айналаны шаңдатпау үшін шаңсорғышты қолданып тазалаңыз. Егер олардың арасы май болса, алкогольке малынған щетканы пайдаланыңыз.
Маңызды! Беттерін өткір немесе абразивті заттармен қырмаңыз. Тазалау кезінде əрқашан қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Маңызды! Күтіп ұстау шараларын атқармас бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
Тез тоңазытқыштың дұрыс əрі өнімді жұмыс жасауы үшін буландырғышты таза ұстау қажет, сонда ауа айналымы бөгелмейді. Буландырғышқа жету үшін камераның ішіндегі қорғаныс торын (8 сурет) ұстап тұрған 6 бұранданы бұрап алып тастаңыз.
Сурет 7
Сурет 8
Қорғаныс
торы
Page 16
16
Осы ауық-ауық жасалатын жұмысты буландырғыш қабырғаларын тігінен жұмсақ щеткамен сүрту арқылы жасауға болады. Егер олардың арасы май болса, алкогольке малынған щетканы пайдаланыңыз.
Маңызды! Беттерін өткір немесе абразивті заттармен қырмаңыз! Жоғарыда айтылған жұмыстар кезінде қорғаныс қолғаптарын əрқашан қолданыңыз.
Маңызды! Тазалап болғаннан кейін қақпақтарды абайлап қайта орнатыңыз жəне бекіту бұрандаларын нық бұраңыз. Осы жұмысты аяқтағаннан кейін машинаны қосуға болады.
БОС ТҰРУ УАҚЫТЫ
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, ішін де сыртын да мұқият тазалап шығыңыз, сыртқы бетін болатқа арналған май негізіндегі өнімдерді қолданып қорғаңыз жəне камера есігін аздап ашып қойыңыз.
Маңызды! Қайта қолданған уақытқа дейін қуат істекшесін суырып қойыңыз.
Маңызды! Қайта қолданбас бұрын, құрылғының
тұтастығын тексеріңіз жəне тез тоңазытқышты мұқият тазалап шығыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ КҮТІМ
Ақаулық
Маңызды! Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалса Сатушыны қызмет көрсетуге шақырмас бұрын, тоқ сымының ұяшыққа дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Электр тоғының барына көз жеткізіңіз. Егер ұсынылған тексерістерден кейін де тез тоңазытқышы жұмыс істемесе, Сатушыға хабарлаңыз:
• техникалық кестедегі деректерді
• сатып алынған күнін
• дисплейде көрінетін кез келген дабыл кодын (мысалы AL2)
Маңызды! Құрылғының кез келген бөлшегін өз қолыңызбен жөндеуге немесе өзгертуге əрекеттенбеңіз, себебі ол қауіпті жəне кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін; тек қана білікті жəне өкілетті техниктерге тапсырыңыз.
ОРНАТУ ЕСКЕРТУЛЕРІ
Бұл нұсқаулық өнімнің құрамдас бөлігі болып табылады жəне дұрыс орнату мен күтіп ұстау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Қолданушы мен орнатушының бұл нұсқаулықты мұқият оқып, оны үнемі қолданып отыруы міндетті; нұсқаулық белгілі бір жерде сақталуы тиіс жəне барлық өкілетті қолданушыларға қолжетімді болуы шарт (орнатушы, пайдаланушы, күтуші).
Тез тоңазытқыш тек қана өз мақсатында қолданылуы тиіс, яғни, тағамды тез тоңазыту/тез мұздату үшін ғана арналған. Кез-келген басқа мақсатта қолдану орынсыз жəне қауіпті болуы мүмкін. Өндіруші барлық жауапкершіліктен жəне барлық кепілдік міндеттерінен бас тартады, егер құрылғыға, адамдарға жəне мүлікке келген залал төмендегі себептерден болса:
• орнатудың дұрыс еместігі жəне/немесе оның күшіне енген заңға сəйкессіздігі,
• осы модельге тəн емес жұмыстар мен өзгерістер орын алғанда,
• осы модельге тəн емес немесе түпнұсқалық емес бөлшектер қолданғанда,
• осы нұсқаулықтағы талаптар толықтай я жартылау орындалмаса,
• орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларына жəне күшіне енген ережелерге сай болмаған кезде.
КІРІСПЕ Орнату барысы осы нұсқаулықтағы талаптар мен нұсқаулықтарға сай, тек қана өкілетті жəне маманданған жұмысшылармен жасалуы тиіс.
Жабдықты орнатар алдында, қолданыстағы электр жүйесі заңға жəне орнатылатын құрылғының заттаңбалық кестедегі деректерге сəйкес екендігіне көз жеткізіңіз (В, кВт, Гц, қолданыстағы қуат пен фаза нөмірлері). Орнатушы сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын да тексеруі керек. Өндіруші қолданыстағы заңнамаға сəйкестік декларациясын əр машинаға қатысты деп жариялайды.
Орнату ережелері
Page 17
17
ТАСЫМАЛДАУ ЖƏНЕ ТИЕУ/ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Құрылғыны көлік құралына тиеу жəне одан түсіру жұмыстары тиісті жабдықпен жасалуы қажет (9 сурет)
Маңызды! Құрылғыны тиеп-түсіру кезінде құрылғыға, адамдарға немесе мүлікке зақым келмес үшін, қаптамада көрсетілген барлық нұсқаулықтарды жəне қажетті сақтық шараларды орындау қажет.
ҚАПТАМАНЫ АШУ
Қатырма қорапты ағаш тұғырға бекітіп тұрған екі пластик бауды қайшымен кесіңіз. Қатырма қорабын жоғары көтеріп (10 сурет) жəне машинадағы полистирол қаптамасын алып тастаңыз. Сыртындағы пластик үлдірін алып тастаңыз. Жабдықтың тұтас екеніне дереу көз жеткізіңіз жəне ақаулықтардың барын байқасаңыз, оны ІСКЕ ҚОСПАЙ дереу Сатушыға хабарласыңыз. Қорғаныс қолғаптарын қолданып, машинаны екеулеп тігінен көтеріңіз де соған арналған орынға қойыңыз. Поливинилхлорид үлдірін барлық жағынан алып тастаңыз; егер жабыспақ таспа іздері байқалса, оларды жұмсақ матаны жəне бейтарам өнімді пайдаланып абайлап сүртаіп алыңыз. Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды немесе тот баспайтын болаттың бетін жөндеуге келмейтіндей етіп зақымдай алатын агрессивті заттектерді қолдануды кеңес бермейміз.
Экологиялық ескертулер: қаптау компоненттерінің барлық түрлері құрылғы қолданылатын елдегі қолданылатын заңнамаға сай жойылуы тиіс. Қоршаған ортаға ешнəрсе тасталмауы шарт.
Маңызды! Қаптама компоненттері балалар мен үй жануарлары үшін қауіпті болуы мүмкін, олардың ойнауына жол бермеңіз.
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл нұсқаулықта көрсетілген ережелерді сақтамай қолданудың нəтижелеріне қатысты жауапкершілік қолданушының өзіне жүктеледі. Орнату барысындағы негізгі жалпы қауіпсіздік ережелері төмендегі тізімде:
• қолыңыз не аяғыңыз жалаң, ылғал немесе су болған кезде қорғаныссыз машинаға тигізбеңіз (тиісті қолғап пен аяқкиім)
• қалқандар мен жылжымалы бөлшектер арасына бұрағыштарды, ас үй жарақтарын немесе басқа да заттарды салмаңыз
• машинаны ажыратқан соң ғана іске қосыңыз (тоқ сымын тартпаңыз).
Сурет 9
Сурет 10
Page 18
18
Бұл құрылғы дəстүрлі жəне қолданыстағы ережелерге, оқыстардың алдын алу заңдары мен ережелеріне толықтай сəйкестікпен орнатылып, тексерістен өтуі тиіс.
ЭЛЕКТР ТОҒЫНА ЖАЛҒАУ
Жабдықты орнатар алдында, қолданыстағы электр жүйесі заңға жəне орнатылатын құрылғының заттаңбалық кестедегі деректеріне сəйкес екендігіне көз жеткізіңіз (В, кВт, Гц, қолданыстағы қуат). Құрылғы ұзындығы 2,50 метр тоқ сымымен жəне 16А Шуко істікшесімен жабдықталған.
Маңызды! Істікшенің қолжетімді екендігін сəтті орнатылса да тексеріңіз! Құрылғының істікшесі оңай алынбайтын жағдайда, қуат көзі барлық контактарға арналған саңылауы бар көп-полюсті ажыратқыш құралмен жабдықталуы тиіс, ол III категориялы кернеудің көбеюі кезінде ажыратуды жүзеге асырады.
Маңызды! Егер кабельдің толық ұзындығы қолданылмаған жағдайда, оны өз-өзіне орап қоймаңыз, керісінше, адамдардың жолына кедергі келтірмейтіндей əрі қауіп тудырмайтындай етіп бос қойыңыз; сондай-ақ, оның қысылып я бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
Маңызды! Қуат сымының кез келген сұйықтық түрімен, өткір, ыстық жəне тотықтырушы заттармен жанасуын болдырмаңыз. Балаларға немесе үй жануарларына тоқ сымымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Тез тоңазытқыш кіріктірме құрылғы болып табылады. Оны бөлменің ішінде температурасы жоғары, ауа алмасуы нашар, тікелей күн көзі түсетін, ауа райы əсер ете алатын жерлерге немесе жылу көздерінің жанына орналастырмаңыз. Ауа алмасуы дұрыс болуы үшін ауа өтетін аралық кем дегенде 45 мм болатындай етіп құрылғының артқы қабырғасын ашық қалдырыңыз (11 сурет).
Орнату
535
Сурет 11
Артқы қабырға ашық
min. 45
min. 560
min. 575
min.
Page 19
19
Тез тоңазытқышты сөреге бекіту үшін есікті ашыңыз жəне екі жақтағы ілме тесіктерге жету үшін астыңғы есікті көтеріңіз. Берлген 4 бұранданы бұраңыз (12 сурет)
Маңызды! Орналастыратын жер іздегенде негізгі есік пен төменгі есіктің ашылуына жеткілікті кеңістік болғанын қадағалаңыз.
Маңызды! Тоқ кабелі 2,5 метр болады жəне қызып кету мəселесіне байланысты ұзарту сымдарын немесе кабельдерін қолдану мүмкін емес. Тез тоңазытқышты орналастыру кезінде, тоқ ұяшықтарының орындарын да есепке алыңыз. Келесі ережелерді қатаң орындауға ұсыныс береміз.
БӨЛМЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ЖƏНЕ АУАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Жұмыс орнындағы қоршаған ортаның температурасы 32°C аспау керек. Бұл температурадан жоғары жағдайда, жарияланған нəтижелерге кепіл бере алмаймыз.
СОҢҒЫ ТЕКСЕРІСТЕР
Жабдықты іске қоспас бұрын, тексеру керек:
• егер жабдық көлденең тасымалданса (мысалы арқасына жатқызылып) немесе орнату кезінде аударылған болса, оны қоспас бұрын, кем дегенде 4 сағат күтіңіз.
• Электр көзіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Осы тексерістерді аяқтағаннан кейін:
• Тоқ кірісін апмерметрмен тексеріңіз.
• Тез тоңазытудың немесе тез мұздатудың толық бір айналымын жасаңыз.
• Тұтынушыны құрылғының нақты қолданысы жайлы жəне оның қажеттіліктері мен қолданысына байланысты ерекше сілтемелермен хабардар етіңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
• Барлық тоқ желісіндегі қысқа тұйықталулар мен артық кернеуден қорғайтын жалпы сақтандырғыштар.
• Ақаулықтар немесе артық кернеу орын алған кезде термостат компрессоры іске қосылады.
• Тоңазытқыш зат айналымы кезінде артық қысым орын алған жағдайда қауіпсіз қысым ауыстырғышы іске қосылады.
• Камера ішіндегі температура піскі арқылы электрондық тақтайшамен басқарылады.
Сурет 12
Page 20
Дабылдар және ақаулықтар кестесі
Түрі Себебі Шешімі
Ақау1 Қате/ажыратылған камера пісігі Техникалық көмек шақырыңыз
Ақау2 Термопіскі қателігі/ажыратылған Техникалық көмек шақырыңыз
Ақау3
Есік алдындағы бөгеттер
Кез келген бөгеттерді алып тастаңыз жəне + түймелерін бірдей басу арқылы қайта қосыңыз
2A Сақтандырғышы сынық Техникалық көмек шақырыңыз
Ашу механизмі сынған/зақымданған Техникалық көмек шақырыңыз
Ақау4
Ауа арнасы бітеу
Бөгеттерді алып тастаңыз/конденсаторды тазалаңыз
Тез тоңазытылатын тағамның мөлшері шамадан тыс
9 бетті оқыңыз
Тез тоңазытылатын тағамдар тым ыстық
9 бетті оқыңыз
Мотор бөлімшесінің желдеткіштері істемей тұр
Техникалық көмек шақырыңыз
Қауіпсіз қысым ауыстырғышы зақымданған
Техникалық көмек шақырыңыз
Жалпы ақаулықтар
Тақтайша жалғағыштары дұрыс енгізілмеген
Техникалық көмек шақырыңыз
Тақтайша жалғағыш кабелі зақымдалған
Техникалық көмек шақырыңыз
Электр қалқаншасы зақымданған Техникалық көмек шақырыңыз
Дабыл2 Тоқ берілмей тұр Тоқ желісіне жалғауды тексеріңіз
Басқару панелі қосылмайды
Тоқ берілмей тұр Тоқ берілмей тұр
8A Сақтандырғышы сынған Техникалық көмек шақырыңыз
Электр қалқаншасы зақымданған Техникалық көмек шақырыңыз
Компрессор істемей тұр
Тоқ берілмей тұр Тоқ желісіне жалғауды тексеріңіз
Термостат жұмысы шамадан тыс Техникалық көмек шақырыңыз
Қауіпсіз қысым ауыстырғышы іске қосылып тұр
Техникалық көмек шақырыңыз
Компрессор істеп тұр, бірақ камера салқындамайды
Тоңазытқыш газы жетіспейді Техникалық көмек шақырыңыз
Ауа конденсаторы ластанған Конденсаторды тазалаңыз
Желдеткіштер қосылмай тұр
Тоқ берілмей тұр Тоқ желісіне жалғауды тексеріңіз
Желдеткіш зақымданған Техникалық көмек шақырыңыз
20
Page 21
21
Техникалық сипаттамалар
Кернеу 230 В - 1 - 50 Гц
Тез тоңазыту айналымына арналған өнімнің мөлшері
7 кг
Тез мұздату айналымына арналған өнімнің мөлшері
4 кг
Темір тор сыйымдылығы 3 бірлік
Жалпы қуаты 736 Вт
Жалпы сіңімділігі 3,2 A
Тоқ беру кабелі Ұзындығы 2,5 метр - Шуко істекшесі 16A
Компрессор қуаты 313 Вт
Тоңазытқыш газ түрі жəне мөлшері R 404 a - 540 гр
Климаттық класс N
Техникалық ақпарат тақтайшасының орны
Стандартты жабдық
1 тот баспайтын болат торының көлемі 447 x 335 x 8 мм 1 піскі тұтқасы бар тот баспайтын болат торының көлемі 447 x 335 x 8 мм 1 термопіскі
Құрылғының көлемі
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Техникалық ақпарат
тақтайшасы
50
595
260
595
4
565
Page 22
22
Қаптама көлемі
Сымдарды қосу сызбасы
Атаулары:
B1 = Камера піскісі B2 = Термопіскі E1 = Тоқ қалқаншасы E2 = Басқару тақтайшасы F1 = Қуат сақтандырғышы F2 = Төменгі панель моторының сақтандырғышы HP = Жоғары қысым ауыстырғышы M1 = Компрессор M2/M3 = Конденсатор моторының желдеткіші M4 = Камера ішіндегі мотор желдеткіші M5 = Төменгі панель моторы R1 = Тор қыздыру элементі
Жалпы салмақ = 60 кг
660
685
Page 23
Page 24
400010895000
Италияда басып шығарылған
n
r 05/16
KK
Loading...