KITCHENAID KCBIX 60600 User Manual [kk]

Жұмыс істеу
және
орнату нұсқаулықтары
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары 4
Қоршаған ортаны сақтау 5
Қуатты үнемдеу кеңестері 6
Құрылғыны қолданар алдында 6
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6
Мұз және/ немесе су диспенсерін (егер бар болса) тазалау, залалсыздандыру және күтіп ұстау 7
Орнату талаптары 8
Техникалық сипаттамалары 9
Орнату 9
Кіріспе 14
Алғашқы қолданыс 15
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы 17
Кепілді қызмет көрсету 18
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары Түпкі нұсқаулықтар ағылшын тілінде
берілген. Басқа тілдегі барлық нұсқаулықтар түпнұсқалық үлгіден аударылған.
тұрақсыздығынан болатын қауіпті болдырмас үшін, орнату немесе бекіту шаралары өндірушінің нұсқаулықтарына сай етіп орындалуы тиіс.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының желдету
саңылауларына ешнәрсе кедергі келтірмейтіндей етіп ұстаңыз.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының
тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Жібіту үрдісін
жылдамдату үшін өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық, электрлік немесе химиялық құралдарды қолдануға болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Егер, Өндіруші электр
аспаптарының белгілі бір түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды құрылғы камераларының ішінде қолдануға немесе қоюға болмайды.
Ақпарат: Бұл құрылғының құрамында хлорфтор көміртегі жоқ. Тоңазытқыш зат айналымының құрамына R134a кіреді (құрылғының ішіндегі техникалық кестені қараңыз).
Бұл өнімнің құрамында Киото протоколында қарастырылған Фторлы Жылыжай Газы болуы мүмкін; тоңазытқыш газ герметикалық жабылған жүйе ішінде орналасқан. Тоңазытқыш газ: R134a газының Жаһандық Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша көрсеткіші - 3210.
C-Пентан оқшаулау пенопласының құрамына үрлегіш заттегі ретінде кіреді және тұтанғыш газ болып табылады. Жою жұмыстары кезінде ерекше назар аударыңыз.
Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға және төмендегі орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде және басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында;
- фермаларда және конақ үй, мейманхана және басқа да тұрғын үй тектес мекемелерінің клиенттеріне;
- жатақ және таңғы ас тектес орындарда;
- қоғамдық тамақтандыру және сол тектес көтерме сауда орындарында.
Ішінде жанғыш заты бар, бүріккіш қалбырлар сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының ішінде сақтауға болмайды.
Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз тұлғалар, қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алған жағдайда немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады.
Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыны қолдануға тыйым салынған.
Балалардың қамалып қалуын және тұншығып қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен ойнауға және оның ішіне тығылуға тыйым салынады.
Тоқ істікшесі қолжетімді болған жағдайда, құрылғыны тоқ көзінен суырып алу арқылы ажырату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, немесе тоқ ұяшығының жоғарғы жағындағы ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес құрылған көп полюсты қосқыш арқылы ажыратылуы тиіс.
4
Құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосыңыз: құрылғы рұқсат етілген жерге тұйықтау жүйесіне дұрыс қосылуы тиіс.
Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
Құрылғының тоқ сымын тартпаңыз
Құрылғыны екі немесе бірнеше
адам қозғауы және орнатуы тиіс.
Қоршаған ортаны сақтау
Орнату және күту, сонымен қатар қуат сымын ауыстыру шараларын өндіруші немесе білікті техник өндірушінің нұсқаулықтарына және жергілікті қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сай орындауы тиіс. Қатерге ұшырамас үшін, пайдаланушы нұсқаулығында ерекше атап көрсетілген болмаса, құрылғының кез келген бөлшегін, соның ішінде қуат сымын жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды.
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу белгісімен таңбаланған
. Жою барысында жергілікті нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш материалдарын (пластмасса қаптар, полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі олар ықтимал қатер көзі болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған. Бұл құрылғы Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сәйкес таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері әсерді азайтуға көмектесе аласыз. Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін
құжаттардағы мына белгі осы құрылғының тұрмыстық қалдық ретінде тасталмауға тиіс екенін, электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына тапсырылуға тиіс екенін білдіреді. Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның есіктерін, сөрелерін және қуат сымын жарамсыз етіп кесіп тастаңыз. Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты жоюға қатысты жергілікті нормативтік
ережелерді сақтап, арнайы жинау орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып табылады. Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті құзырлы мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Сәйкестік сертификаты
Бұл құрылғы тағам сақтау үшін құрастырылған және № 1935/2004 Ережесіне (CE) сәйкес өндірілген.
Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сәйкес жасақталған, жасап шығарылған және нарыққа ұсынылған:
- 2006/95/CE “Төмен кернеу” нұсқауының қауіпсіздік мақсаттары (ол 73/23/ CEE нұсқауын және туындайтын өзгерістерді алмастырады); және 2006 жылдың 17 мамырындағы ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІҢ 2006/42/EC НҰСҚАУЫНДАҒЫ “машина жасау” саласының қауіпсіздік қағидаларымен біріктірілген.
- “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік талаптары.
Құрылғының шығаратын дыбыс деңгейі 70 дБ(A) мөлшерінен аспайды.
5
Қуатты үнемдеу кеңестері
Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалға, радиатор, пеш және т.б.) және күн көзі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз.
Қажет болса, оқшаулағыш тілімшені қолданыңыз.
Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Құрылғыны қолданар алдында
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз. Болашақта қолдану үшін осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның
зақымданбағанына және есігінің дұрыс жабылатындығына көз жеткізіңіз. Кез келген зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай
дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны екі сағаттан соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін
тазалап алыңыз.
4. Бұл өнім тағам сақтағыш емес “тез
суытқыш” болғандықтан, ол тағам сақтау үшін қолданыла алмайды. Таңдалған бағдарлама аяқталғаннан соң, тағамды алып шығып, тоңазытқышқа не мұздатқышқа салу қажет.
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
ОРНАТУ
Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
Құрылғыны оның салмағын көтере алатын мейілінше мықты еденге және оның көлемі мен қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
Бұл құрылғы техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа сәйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Климаттық
класс
3 25 60
4 30 55
5 40 40
Орта температура
(°C)
Салыстырмалы
ылғалдылық (%)
Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз жеткізіңіз.
ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНЫС
Осы немесе өзге де электр құрылғыларының айналасында жанармайды, тұтанғыш сұйықтықтарды
немесе газдарды сақтамаңыз және қолданбаңыз. Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын мұздатқыштан алған бетте пайдалануға болмайды, себебі олар үсік шалуға әкелуі мүмкін.
Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы істекшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі олардың сынып кетуі мүмкін.
Қапталмаған тағамдарды мұздатқыш бөлімшесінің ішкі бетіне тікелей жанастырып сақтамаңыз.
Егер мұздату кезінде есікті ашу қажет болса немесе тағамды мұздатқыштан алып шығу қажет болса, оның ішкі қабырғалары мен мұздатылған тағамдарды тікелей қолмен ұстамаңыз, себебі қолыңызды үсітіп алуыңыз мүмкін.
Егер жоғарыдағы кеңес пен сақтық шаралары орындалмаса, Өндіруші адамдарға, жануарларға немесе мүлікке тиген зақым үшін жауапты болудан бас тартады.
6
Loading...
+ 14 hidden pages