KITCHENAID KCBFS 18602 Health Safety & Environmental [kk]

KK
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулық үшін жауапты емес.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3­8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды.
3 пен 8 жас аралығындағы балаларға тоңазытқыш құрылғысына азық-түліктерді салып, алуға рұқсат етіледі.

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ

АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде пайдаланылған шам тұрмыстық техника үшінарнайы жасақталған және үй ішіндегі жалпы бөлме жарықтандыру үшін жарамсыз болып табылады (244/2009 ЕО ережесі).
Құрылғы, техникалық төлқұжатта берілген климат класына сәйкес,сыртқы температура келесі ауқымдарда болатын
жерлерде жұмыс істеу үшін құрастырып шығарылған.
SN: 10 °C және 32 °C аралығы;  N: 16 °C және 32 °C аралығы;
ST: 16°C және 38°C аралығы;  T: 16°C және 43°C аралығы
Бұл құрылғы құрамында фреон жоқ. Салқындатқыш құрамында R600a (HC) бар.
Құрамында изобутан (R600a) бар құрылғылар: изобутан - қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын, бірақ жанғыш табиғи газ.
Сондықтан, хладагент тізбегінің құбырларын зақымдалудан қорғаңыз, әсіресе хладагент тізбегін ағызу уақытта.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыдағы хладагент
тізбегінің құбырларын зақымдап алмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдету саңылауларын кедергісіз ашық қалдырыңыз.
ЕСКЕРТУ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық, электрлік не химиялық құралдарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Электрлік құрылғылар Өндіруші арнайы рұқсат бермеген түрге жатса, оларды пайдаланбаңыз немесе құрылғы бөлімдерінің ішіне орналастырмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек.
ЕСКЕРТУ: Автоматты мұз қатырғыштарды және/немесе су диспенсерлерін тек ауыз су беретін су көзіне жалғау керек, ағын су қысымы 0,17 - 0,81 мПа (1,7 - 8,1 бар аралығында болуы керек).
Құрылғының ішінде немесе жанында аэрозоль қауашақтары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз және бензинді немесе басқа да жанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде кездеседі) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан,
оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз.
Ашуға болатын желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану мақсатында жасақталған өнімдердің сүзгісі тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда әрқашан орнында болуы керек.
Мұздату бөліміндегі сұйықтықтар жарылып кете алатындықтан, әйнек контейнерлерді бос мұздату бөлімімен сақтаңыз.
Тағамды салғаннан кейін мұздатқыш есігінің дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Зақымдалған аралық тығыздағыш
мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек.
Мұздатқыш камераны тек мұздатылған тағамды сақтау, жас тағамды қатыру және мұз текшелерін жасау үшін пайдаланыңыз.
Оралмаған тағамды мұздатқыш камераның ішкі беттеріне тікелей тигізіп сақтауға болмайды.
C-пентан оқшаулағыш көбікте көбіктендіретін агент ретінде пайдаланылады және жанғыш газ болып табылады.
Құрылғының әртүрлі бөліктерінде әртүрлі температураларды қамтамасыз ете отырып белгілі бір типтегі азық-түліктерді сақтауға жарамды ең жақсы бөліктер төмендегідей:
4 жұлдызды аймақ (****) бөлігінде температура біркелкі таралатындықтан, бұл бөлікте азық-түліктерді қоршаған орта температурасында мұздатуға және мұздатылған өнімдерді сақтауға болады. Дүкеннен сатып алынған мұздатылған өнімдердің орамасында жарамдылық мерзімі көрсетіліп тұрады. Мұндай жарамдылық мерзімі сақталатын өнімнің түрін ескеретіндіктен, ол өнімді сол мерзімге сай сақтау аса маңызды. Балғын өнімдерді төмендегідей уақыт ішінде сақтаған жөн: Ірімшік, ұлулар, балмұздақ, ветчина/шұжық, сүт, балғын сұйықтықтарды - 1-3 ай; Стейк немесе жаншылған еттер (сиыр еті, қой еті, шошқа еті) - 4 ай; Май немесе маргарин, құс еті (тауық еті, күркетауық еті) - 6 ай; Жемістер (цитрустардан өзге), қуырылған ет (сиыр еті, шошқа еті, қой еті) - 8-12 ай. Екі жұлдызды аймақтағы азық-түліктердің орамасындағы жарамдылық мерзімін сақтау керек.
Азық-түліктер бұзылып кетпес үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
Есікті ұзақ уақытқа ашып қоятын болса, құрылғы бөліктеріндегі температура айтарлықтай көтерілуі мүмкін.
Азық-түлікпен және қолжетімді жерде орналасқан су ағызу жүйелерімен жанасуы мүмкін беттерді жиі тазалап тұрыңыз.
– Су толтыратын сыйымдылықтар 48 сағат ішінде пайдаланылмаған болса, оларды тазалаңыз; егер соңғы 5 күн ішінде су пайдаланылмаған болса, су құбырына жалғанған сумен қамту жүйесін жуып жіберіңіз.
– Шикі ет пен балық өзге азық-түліктерге тиіп және тамып кетпеуі үшін, оларды қолайлы контейнерлерге салып сақтаңыз.
Мұздатылған өнімдер сақтайтын екі жұлдызды бөліктерде алдын ала мұздатылған өнімдерді сақтауға, балмұздақ пен мұз текшелерін жасап, сақтауға болады.
– Балғын өнімдерді бір, екі немесе үш жұлдызды бөліктерге салып мұздатпаңыз.
– Егер тоңазытқыш құрылғы ұзақ уақытқа бос қалдырылған болса, оны өшіріңіз де, ерітіп, тазалап, құрғатыңыз, құрылғы іші көгеріп кетпес үшін есігін ашық қалдырыңыз.

ОРНАТУ

Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулық орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде, есіктерін (мысалы, паркет) зақымдап алудан сақ болыңыз. Құрылғыны салмағын ұстау үшін еденге немесе жеткілікті қолдау көрсететін орынға және өлшемі мен қолданысы үшін жарамды жерге орнатыңыз және деңгейлетіңіз. Құрылғы жылу көзінің жанына
Loading...
+ 2 hidden pages