KZ
A. Қақпақ тұтқасы
B. Құлып (жабдықталған болса)
C. Тығыздатқыш
D. Ерітілген су науасының қақпағы (бар болса)
E. Басқару панелі
F. Себет (бар болса)
G. Конденсатор (артқы жағында орналасқан)
ОРНАТУ
• "ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА" бөлімін қараңыз.
• Құрылғы қаптамасын алыңыз.
• Қақпақ пен құрылғы арасында енгізілген 4 қорғаныш
қондырманы алып тастаңыз.
• Ерітілген су науасының қақпағының (жабдықталған болса)
дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз (4).
• Құрылғының үздік жұмысын қамтамасыз ету және қақпақтың
ашылуы кезіндегі зақымдалуды болдырмау үшін артқы
қабырғадан кем дегенде 7 см және бүйір жақтарынан кем
дегенде 7 см аралықты бос қалдырыңыз.
• Керек-жарақтарды орнатыңыз (жабдықталған болса).
Құрылғыны пайдаланбас бұрын оның ішін тазалап шығыңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Шағын CO
1. Термостат: оны құрылғының ішкі температурасын реттеу
үшін пайдалануға болады.
2. Қызыл жарық диоды (жабдықталған болса): Құрылғының
температурасы жеткілікті төмен емес екендігін көрсетеді.
3. Жасыл жарық диоды (жабдықталған болса): құрылғының
қосулы екендігін көрсетеді.
4. Сары/қызғылт сары жанып тұрған түймешік (жабдықталған
болса):
тез мұздату функциясын белсендіреді/өшіреді.
МАҢЫЗДЫ: Салқындатқыш өнімді пайдалану кезде
бөтелке жарылмау үшін тез қатыру функциясы іске
қосылмағанды тексеріңіз.
Басқару элементтерінің нақты конфигурациясы үлгіге
байланысты өзгеруі мүмкін.
Құрылғыны қосу
• Құрылғының оңтайлы мұздатқыш жұмысын қамтамасыз ету
үшін ол зауытта -18°C температурасына орнатылған.
• Құрылғыны розеткаға жалғаңыз.
• Жасыл жарық диод шамы жанады (жабдықталған болса).
• Осымен қатар, құрылғының ішіндегі температура тағамды
сақтау үшін жеткіліксіз салқын болғандықтан, қызыл жарық
диоды (жабдықталған болса) қосылады. Қалыпты жағдайда
қызыл жарық диод шамы құрылғының іске қосылуынан кейін
алты сағат ішінде өшеді.
• Құрылғыны электр желісінің көзіне жалғаудан және оңтайлы
температура орнатылғаннан кейін, тез мұздату түймешігінің
басылмағанына көз жеткізіңіз (жабдықталған болса, сары
жарық диоды өшірулі болады).
• Тағамды құрылғы ішіне тек жарық диод шамы (жабдықталған
болса) өшкеннен кейін ғана салуға болады.
Ескертпе: Тығыздағыш жабылғанда, құрылғы қақпағы
жабылғаннан кейін бірден қайта ашылмайды. Құрылғының
қақпағын ашудан бұрын бірнеше минут күте тұрыңыз.
Температураны реттеу
Оңтайлы сақтау температурасын таңдау үшін термостатты
пайдаланыңыз.
Бұл өнім мұздатқыш және салқындатқыш ретінде болып
пайдалануға болады.
• Бұл өнімді мұздатқыш ретінде қолданған кезде термостатты
“freezer” позицияға орнатыңыз. Бұл жағдайда өнім құрылғы
мұздатылған тағамдарды сақтау, балғын тағамдарды
мұздату және мұз жасау үшін пайдаланылуы тиіс.
Ішкі температурасы -14°C пен -22°C арасында болуы
мүмкін (бұл ауқымы бөлме жағдайларына байланысты сәл
өзгеруі мүмкін)
• Бұл өнімді салқындатқыш ретінде қолданған кезде
термостатты “cooler” позицияға орнатыңыз. Бұл жағдайда өнім
балғын тағам және сусын сақтау үшін пайдалануға болады.
Ішкі температурасы 0°C пен +6°C арасында болуы
1
мүмкін (бұл ауқымы бөлме жағдайларына байланысты сәл
өзгеруі мүмкін)
• Өнімді сөндіру үшін термостат OFF/ӨШІРУ үшін позицияға
орнатыңыз.
Бұл жағдайда өнім қуат көзі бұрыннан қосылған.
МАҢЫЗДЫ: Салқындатқыш өнімді пайдалану кезде
бөтелке жарылмау үшін тез қатыру функциясы іске
қосылмағанды тексеріңіз.
ҚҰРЫЛҒЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН КЕЗДЕ
Құрылғыны басты қуат көзінен ажыратыңыз,сосын оны
босатыңыз, мұзды ерітіңіз (қажет болғанда) және тазалаңыз.
Ауа құрылғының бөлімдерінің ішінде айналуына үшін, есікті
ашық қалдырыңыз. Ішкі қабырғалары көгеру және жаман иісті
және тотығуы(күйе) болдырмау үшін.
САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Мұздатқыштан салқындатқышқа аудару алдында
қолданыз:
1. қажетсіз тағамды жібітуге болдырмау үшін, қуыс ішіндегі
мұздатылған тағамдар жоқ екенің тексеріңіз.
2. астында су жиналысы болдырмау үшін, өнімді ерітіңіз және
тазалаңыз.
Ескертпе: Ылғалдылық деңгейі жоғары жағдайында болса,бұл
құрылғының ішіндегі конденсат түзілуі екі қабырғаларынан және
бөлімшенің түбінен болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
құрылғының үздік жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Бұл жағдайда біз сұйық затпен толтырған контейнерлерді
жабуға ұсынамыз (мыс.: шөміш сорпамен), сұйықтығы көп
қаптамалы тағамдар (мыс.: көкөністер).
МАҢЫЗДЫ: Салқындатқыш өнімді пайдалану кезде
бөтелке жарылмау үшін тез қатыру функциясы іске
қосылмағанды тексеріңіз.
САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
ҚАТЫРЫЛҒАН ТАҒАМДЫҢ ҚОЙМАСЫ
Mұздатылған тағамды қуыстың ішіне салудын алдында,
өнім мұздатылған қойылғаның (“Temperature adjustment”
Температураны реттеу параграфты қараңыз) және қызыл
шамның жанбайтын түрін көз жеткізіңіз.
САЛҚЫНДАТҚЫШТАҢ МҰЗДАТҚЫШҚА АУДАРУ
АЛДЫНДА ҚАЖЕТСІЗ ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ НЕМЕСЕ
БӨТЕЛКЕ ЖАРЫЛУ БОЛДЫРМАУ ҮШІН, ҚУЫС
ІШІНДЕ ТАҒАМДАР ЖӘНЕ БӨТЕЛКЕ ЖОҚ ЕКЕНІҢ
ТЕКСЕРІҢІЗ.
Құрылғыдағы кестені қараңыз (жабдықталған болса).
Мұздатылған тағамдар жіктелуі
Қатырылған өнімдерді құрылғыға салып, оларды жіктеңіз;
сақтау күні бумаларда көрсетілуі керек, мерзімі ішінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатылған тағамды сақтау бойынша кеңес
Мұздатылған өнімдерді сатыпу алу кезінде:
• Орауышының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз (бүлінген
орауыштағы мұздатылған тағам бұзылып кетуі мүмкін).
Егер орам ісіп кетсе немесе аққан сұйықтық іздері байқалса,
ол қолайлы жағдайларда сақталмауы және еруі әлдеқашан
басталған болуы мүмкін.
• Азық-түлікті сатып алған кезде мұздатылған тағамдарды соңына
қалдырып, өнімдерді изотермиялық дорбада тасымалдаңыз.
• Үйге келгеннен кейін, мұздатылған тағамдарды дереу
құрылғы ішіне салыңыз.
• Температураның минималды деңгейге дейін өзгеруін
болдырмаңыз немесе азайтыңыз.
Орамдағы жарамдылық мерзіміне дейін пайдаланыңыз.
• Орамдағы жарамдылық мерзіміне дейін пайдаланыңыз.
Ескертпе:
Мұзы ерітілген тағамдарды дереу толығымен немесе
жартылай жеп қойыңыз.
Мұзы ерітілгеннен кейін тағам пісірілмесе, оны қайта
мұздатпаңыз. Пісірілгеннен кейін, мұзы ерітілген тағамды
қайта мұздатуға болады.
Ұзаққа созылған қуат іркілісі орын алса:
• Мұз блоктарын (жабдықталған болса) құрылғының оң
және сол жағына, мұздатылған тағамдардың үстіне
орнатудан басқа жағдайда құрылғы қақпағын ашпаңыз.
Мұл температураның жоғарылауын баяулатады.
Тағамды қуыс ішінде мұздатудың алдында, өнім
мұздатылғыш қойылғаның (“Temperature adjustment”
Температураны реттеу параграфты қараңыз) және қызыл
шамның жанбайтын түрін көз жеткізіңіз.
Балғын тағамды мұздату үшін дайындау
• Мұздатардан бұрын жас тағамды мыналарға орап
салып, мықтап жабыңыз: алюминий жұқалтыр, азық-түлік
2
пленкасы, ауа және су өткізбейтін пластик пакеттер, балғын
тағамды мұздатуға жарамды қақпақтары бар полиэтилен
контейнерлер немесе мұздатқыш контейнерлер.
• Жоғары сапалы мұздатылған тағам алу үшін мұздатылатын
тағам балғын, піскен және жоғары сапалы болуы қажет.
• Балғын көкөніс пен жеміс-жидектің бастапқы тағамдық
құндылығы, құрылымы, түсі мен иісі толық сақталуы үшін
оларды сатып алған бетте дереу мұздатқан жөн.
• Құрылғыға салу алдында ыстық тағамды салқындатып
қойыңыз.
Балғын тағамдарды мұздату
• Мұздатылатын тағамдарды құрылғының қабырғаларымен
тікелей жанасатындай етіп салыңыз:
A. мұздатылатын тағамдар,
B. бұрыннан мұздатылған тағамдар.
Мұздатылатын тағамдарды бұрыннан мұздатылған
тағамдармен тікелей жанасатындай етіп салмаңыз.
• Үздік және өте тез қатыру үшін тағамдар кішкентай
бөліктерге бөлінуі керек; сонымен қатар, бұл қатырылған
элементтер пайдаланылған кезде пайдалы болады.
1. Құрылғыда балғын
тағамдарды сақтаудан кем
дегенде 24 сағат бұрын тез
мұздату түймешігін басыңыз.
2. Мұздатылатын тағамның
орыны
мен құрылғының қақпақғың 24
сағатқа жабық ұстаңыз. Тез
қатыру функциясы автоматты
түрде шамамен 50 сағаттан
кейін өшіріледі.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЕРІТУ
Қабырғалардағы мұздың қалыңдығы 5-6 мм дейін жеткенде
құрылғы ерітілуі тиіс.
• Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғыдан тағам қаптарын шығарыңыз да, оларды газет
ішіне бір-біріне жақын ораңыз және өте салқын жерде
немесе изотермиялық дорбада сақтаңыз.
• Құрылғы қақпағын ашық қалдырыңыз.
• Ішкі ерітілген су науасының қақпағын (үлгіге байланысты)
алып тастаңыз.
• Сыртқы ерітілген су науасының қақпағын (үлгіге
байланысты) алыңыз және суретте көрсетілгендей қайта
орнатыңыз.
• Қалдық суды жинау үшін төгу каналының астына кесе
қойыңыз. Қолжетімді болса, бөлгішті
пайдаланыңыз.
• Құрылғының қабырғаларынан
мұзды алып тастау үшін күрекшені
пайдалану арқылы ерітуді
жылдамдатыңыз.
• Құрылғының түбіндегі мұзды алып
тастаңыз.
• Құрылғының ішкі бөлігінің зақымдалуын
болдырмау үшін мұзды алып тастау
кезінде тісті немесе үшкір металдан
жасалған құралдарды пайдаланбаңыз.
• Ысқыш заттарды пайдаланбаңыз
немесе ішкі бөлігін жасанды түрде
жылытпаңыз.
• Құрылғының ішін толық кептіріңіз.
• Еріту аяқталған соң, ток айырын қайта жалғаңыз.
ҚАҚПАҚ ШАМЫНЫҢ ЛАМПАСЫН АУЫСТЫРУ
(жабдықталған болса)
• Құрылғыны негізгі қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Суретте көрсетілген қадам ретіне
сәйкес диффузорды алып тастаңыз.
• Шам лампасын бұрап шығарыңыз
және сондай қуат және кернеудегі
бірдей лампамен ауыстырыңыз.
• Диффузорды қайта орнатып,
құрылғыны розеткаға жалғаңыз.
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласу
алдында:
1. Мәселені өзіңіз шеше алатын жағдайда қараңыз.
2. Мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көру үшін құрылғыны
қайта қосыңыз. Шешілмесе, құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз және қайта қосудың алдында бір сағат күтіңіз.
3. Осы әрекеттен кейін мәселе шешілмесе, Кепілдік бойынша
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Қызыл жарық диоды (жабдықталған болса) жанған
күйінде қалып тұр.
• Қуат іркілісі орын алған ба?
• Мұзды еріту орындалып жатыр ма?
• Құрылғы қақпағы тиісті түрде жабылған ба?
• Құрылғы жылу көзінің жанына орнатылған ба?
• Термостат параметрі дұрыс па?
• Желдету торы мен конденсатор таза ма?
2. Құрылғы тым шулы.
• Құрылғы көлденең күйде орналасқан ба?
• Құрылғы дірілдің пайда болуына себеп болатын жиһаз
немесе заттарға тиіп тұрған жоқ па?
• Қаптама құрылғының астыңғы жағынан алып тасталынған
ба?
Eскертпе: компрессорды өшіргеннен кейін тоңазытқыш
тізбегіндегі бүлкілдеген дыбыстар қалыпты болып табылады.
3. Жасыл жарық диоды (жабдықталған болса) өшірулі
және құрылғы жұмыс істемейді.
• Қуат іркілісі орын алған ба?
• Айыр розеткаға дұрыс салынған ба?
• Электр кабелі зақымдалмаған ба?
4. Жасыл жарық диоды (жабдықталған болса) өшірулі
және құрылғы жұмыс істейді.
• Жасыл жарық диоды жұмыс істемейді. Кепілдік бойынша
қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз
Ауыстыру үшін қызмет корсету.
5. Компрессор үздіксіз жұмыс жасайды.
• Құрылғыға ыстық тағамдар салынды ма?
• Құрылғы қақпағы ұзақ уақыт бойы ашық қалды ма?
• Құрылғы өте жылы бөлмеде немесе жылу көзінің жанына
орнатылған ба?
• Термостат параметрі дұрыс па?
• Тез мұздату функциясы (үлгіге байланысты) қателікпен
басылып кетті ма?
6. Жоғарғы жиегінде мұз тым көп.
• Еріген су науасының қақпағы дұрыс орнатылған ба?
• Құрылғы қақпағы тиісті түрде жабылған ба?
• Құрылғы қақпағының тығыздатқышы зақымдалған немесе
бүлінген бе?
("Орнату" бөлімін қараңыз)
• 4 қорғаныш қондырмасы алып тасталынған ба?
("Орнату" бөлімін қараңыз)
7. Құрылғының сыртқы қабырғаларында конденсат түзілді
• Кейбір атмосфералық жағдайларда (ылғалдылық 85%дан жоғары) немесе құрылғы ылғал не нашар желдетілген
бөлмеде орналасқан жағдайда конденсат түзілуі қалыпты
болып табылады.Құрылғының өнімділігіне ешқандай әсер
етпейді.
8. Құрылғының ішкі қабырғаларындағы мұз қабаты
бірқалыпты емес.
• Бұл - қалыпты құбылыс.
3