Indesit O1 O183 RU I, O1 O123 RU I, O1 O093 RU I, O1 O073 RU I, O1 O243 RU I User Manual [ru]

Page 1
Қашықтан Басқару Құралы Нұсқаулығы
Page 2
O1 O073 RU I IN O073 RU I O1 O093 RU I IN O093 RU I O1 O123 RU I IN O123 RU I O1 O183 RU I IN O183 RU I O1 O243 RU I IN O243 RU I
Page 3
1
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
KZ
Қазақ, 1
Мазмұны
Ескерту, 2
Қашықтан басқару құралының сипаттамалары, 3
Өнімділік мүмкіндіктері, 3
Қашықтан басқару құралы түймелерінің мүмкіндіктері, 3
Дисплей панеліндегі көрсеткіштер, 4
Қашықтан басқару құралын қолдану, 5
I
Page 4
2
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
Ескерту
1. Қашықтан басқару құралы мен ішкі құрылғы арасында кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе ауа кондиционері жұмыс істемейді.
2. Қашықтан басқару құралын кез келген сұйықтықтардан аулақ ұстаңыз.
3. Қашықтан басқару құралын жоғары температура мен сәулеленуден қорғаңыз.
4. Ішкі құрылғы қабылдағышына күн түспеуі керек, әйтпесе ауа кондиционері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
5. Қашықтан басқару құралын тұрмыстық құралдардың ЭМК (электр магниттік кедергісінен) аулақ ұстаңыз.
Page 5
3
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
Модель
R51M/(C)E, R51M/BG(C)E, RG51M2/(C)E, RG51A/(C)E, RG51M3/(C)E, RG51M3/BG(C)E, RG51M8/(C)E,RG51M9/(C)E, RG51M/BGE-IN
Номиналды кернеу
3,0 В (Lr03 2 құрғақ батареялары)
Сигнал тарату қашықтығы
8 м Қоршаған орта
-5 °C – 60 °C
Қашықтан басқару құралының сипаттамалары
I
Өнімділік мүмкіндіктері
1. Жұмыс режимі: AUTO (АВТО), COOL (САЛҚЫНДАТУ) , DRY (КЕПТІРУ), HEAT (ЖЫЛЫТУ) және FAN (ЖЕЛДЕТКІШ).
2. 24 сағаттық таймер орнату функциясы.
3. Ішкі температураны орнату ауқымы: 17 °C ~ 30 °C.
4. СКД (сұйық кристалды дисплей) барлық функциялары.
Қашықтан басқару құралы түймелерінің мүмкіндіктері
1-сурет
ЕСКЕРТПЕ * Қосымша түймені білдіреді.
14 және 15 түймелері RG51M2/(C)E модельдерінде жоқ. 7, 14 және 15 түймелері RG51M3/(C)E және RG51M3/BG(C)E модельдерінде жоқ.
15 түймесі R51M/(C)E, R51M/BGE және R51M/BGE-IN модельдерінде жоқ.
4, 6, 7, 14 және 15 түймелері RG51M9/(C)E модельдерінде жоқ. 6, 7, 14 және 15 түймелері RG51M8/(C)E модельдерінде жоқ.
1 ТЕМP (TEMП) түймесі : Ішкі
температура параметрін төмендету үшін осы түймені басыңыз.
2 ТЕМP (TEMП) түймесі : Ішкі
температура параметрін көтеру үшін осы түймені басыңыз. 3 MODE (РЕЖИМ) таңдау түймесі: Түйме басылған сайын жұмыс режимі көрсеткі бағытымен өзгеріп отырады:
ЕСКЕРТПЕ сатып алған құрылғыңыз тек салқындатқыш түрлі болса, HEAT (ЖЫЛЫТУ) режимін таңдамаңыз. Тек салқындатқыш құрылғы жылыту режиміне қолдау көрсетпейді.
4 SWING (БҰРЫП ОТЫРУ) түймесі:
Көлденең торды автоматты түрде бұрып отыру мүмкіндігін қосу үшін осы ауыстырып қосқыш түймені басыңыз. Тоқтату үшін қайта басыңыз.
5 RESET (ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ) түймесі:
Төмендетілген RESET (ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ) түймесі басылған кезде, барлық ағымдағы параметрлер бастапқы қалпына келіп, қашықтан басқару құралы бастапқы параметрлерге оралады.
6 AIR DIRECTION (АУА БАҒЫТЫ) түймесі: Бұл түймені тордың бұрылып отыру
бұрышын өзгерту үшін басыңыз. Тордың бұрылып отыру бұрышы басқан сайын 6°-қа өзгереді. Тор ауа кондиционерінің салқындату және жылыту функциясына әсер ететін бұрышта бұрылып тұрса, ол автоматты түрде бұрылып отыру бағытын өзгертеді. Бұл түймені басқанда дисплейде ешқандай таңба көрсетілмейді. (Мұндай функциясы жоқ құрылғыларда қолданылмайды)
7 LED DISPLAY (LED ДИСПЛЕЙІ) түймесі: Ауа кондиционерінің сандық дисплейін
өшіру үшін осы түймені басыңыз, оны қосу үшін қайта басыңыз (LED дисплейі жоқ құрылғыларда қолданылмайды).
Page 6
4
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
8 FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫ)
түймесі: Желдеткіш жылдамдығын төрт қадамда таңдау үшін қолданылады – AUTO (АВТО), LOW (ТӨМЕН), MED (ОРТАША) не HIGH (ЖОҒАРЫ). Түйме басылған сайын желдеткіш режимі ауысады. 9 ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесі: Құрылғы жұмыс істету үшін осы түймені басыңыз, тоқтату үшін түймені қайта басыңыз.
10 TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) түймесі:
Автоматты түрде қосу уақыт тізбегін бастау үшін осы түймені басыңыз. Түйме басылған сайын автоматты түрде реттелген таймер параметрі 30 минуттық аралықпен өсіп отырады. Орнатылған уақытта 10 көрсетілгеннен кейін, түйме басылған сайын автоматты түрде реттелетін таймер параметрі 60 минуттық аралықпен өсіп отырады. Автоматты түрде реттелетін таймер бағдарламасын тоқтату үшін автоматты түрде қосу уақытын 0.0 мәніне реттесеңіз болғаны. 11 SLEEP (ҰЙҚЫ) түймесі: Бұл түймені Қуат үнемдеу режиміне өту үшін басыңыз. Бас тарту үшін қайта басыңыз. Бұл функцияны тек COOL
(САЛҚЫНДАТУ), HEAT (ЖЫЛЫТУ) және AUTO (АВТО) режимдерінде ең қолайлы температураны ұстап отыру үшін қолдануға болады.
12 TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесі:
Автоматты түрде өшіру уақыт тізбегін бастау үшін осы түймені басыңыз. Түйме басылған сайын автоматты түрде реттелген таймер параметрі 30 минуттық аралықпен өсіп отырады. Орнатылған уақытта 10 көрсетілгеннен кейін, түйме басылған сайын автоматты түрде реттелетін таймер параметрі 60 минуттық аралықпен өсіп отырады. Автоматты түрде реттелетін таймер бағдарламасын тоқтату үшін автоматты түрде өшіру уақытын 0.0 мәніне реттесеңіз болғаны. 13 LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) түймесі: Төмендетілген LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) түймесін басқан кезде, барлық ағымдағы параметрлер құлыпталады және қашықтан басқару құралы LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) түймесінен басқа түймелерге жауап бермейді. LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) режимінен бас тарту үшін түймені қайта басыңыз. 14 TURBO (ТУРБО) түймесі: Орнатылған температураға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін Турбо функциясын қосу/өшіру үшін осы түймені басыңыз. Салқындату режимінде құрылғы салқын ауаны өте жоғары желдеткіш жылдамдығымен айдайды. Жылыту режимінде (тек Оң температура коэффициентіне (ОТК) ие қыздырғыш қолданатын құрылғыларда), ОТК қыздырғышы жылдам жылыту режимін қамтамасыз етеді.
15 CLEAN AIR (ТАЗА АУА, кейбір модельдерде) түймесі: Осы түйме басылған
кезде, Ионизатор немесе Плазмалық шаң жинағыш (модельдерге байланысты) қуаттандырылып, ауаны тозаң мен бөгде заттардан тазартуға көмектеседі.
Дисплей панеліндегі көрсеткіштер
1 САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аумағы: Бұл аумақта
орнатылған температура және TIMER (ТАЙМЕР) режимінде болған жағдайда TIMER ON (ТАЙМЕРДІҢ ҚОСУ) не OFF (ӨШІРУ) параметрлері көрсетіледі. FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимінде ештеңе көрсетілмейді. 2 СИГНАЛ ТАРАТУ көрсеткіші: Қашықтан басқару құралы ішкі құрылғыға сигнал жіберген кезде бұл көрсеткіш бір рет жыпылықтайды. 3 ҚОСУ/ӨШІРУ көрсеткіші: Құрылғы қашықтан басқару құралымен қосылған кезде бұл таңба көрсетіледі және құрылғы өшірілгенде өшеді.
4 ЖҰМЫС РЕЖИМІ көрсеткіші: MODE
(РЕЖИМ) түймесі басылған кезде, ол ағымдағы жұмыс режимін – AUTO (АВТО), COOL (САЛҚЫНДАТУ), DRY (КЕПТІРУ), HEAT (ЖЫЛЫТУ, тек салқындатқыш модельдерде жоқ) не FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимін көрсетеді.
5 ҚҰЛЫПТАУ көрсеткіші: LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) дисплейі LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) түймесі басылған кезде көрсетіледі. Дисплейді өшіру үшін LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) түймесін басыңыз. 6 ТАЙМЕР ДИСПЛЕЙІ көрсеткіші: Бұл дисплей аумағы TIMER (ТАЙМЕР) параметрлерін көрсетеді. Яғни жұмыс басталу уақыты ғана орнатылған болса, ол TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) жазуын көрсетеді. Жұмыс аяқталу уақыты ғана орнатылған болса, ол TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) жазуын көрсетеді. Екеуі де орнатылған болса, ол TIMER ON-OFF (ТАЙМЕР ҚОСУ-ӨШІРУ) жазуын көрсетеді, яғни қосу және өшіру уақыттарының екеуі де орнатылған.
7 ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫ көрсеткіші:
Қажетті желдеткіш жылдамдығы параметрін (Авто, Төмен, Орташа, Жоғары) таңдау үшін FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫ) түймесін басыңыз. Авто желдеткіш жылдамдығынан басқа таңдалған параметр СКД терезесінде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: 2-суретте көрсетілген барлық
таңбалар түсініктірек болу үшін келтірілген. Нақты
жұмыс кезінде дисплей панелінде тек тиісті
функция таңбалары ғана көрсетіледі.
Page 7
5
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
Қашықтан басқару құралын қолдану
Батареяларды орнату/ауыстыру
Қашықтан басқару құралында екі сілтілі құрғақ батареялар (LR03X2) қолданылады.
1. Батареяларды орнату үшін батареялар бөлігінің қақпағын сырғытып, батареяларды қашықтан басқару құралында көрсетілген бағытта (+ және -) орнатыңыз.
2. Ескі батареяларды ауыстыру үшін жоғарыда
айтылған әдісті қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
1. Батареяларды ауыстырған кезде ескі батареялар
немесе түрі басқа батареяларды қолдануға болмайды. Әйтпесе, қашықтан басқару құралы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
2. Қашықтан басқару құралын бірнеше апта қолданбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып қойыңыз. Әйтпесе батареялар ағып, қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
3. Әдеттегі қолдану шарттарында батареяның орташа қызмет мерзімі шамамен 6 ай болады.
4. Ішкі құрылғыдан жауап ретінде берілетін дыбыстық сигнал берілмесе немесе Сигнал тарату көрсеткішінің шамы жанбаса, батареяларды ауыстырыңыз.
5. Батареяларды сұрыпталмайтын қалалық қоқысқа
тастауға болмайды. Мұндай қоқысты арнайы өңдеу үшін бөлек жинау қажет.
АВТОМАТТЫ ЖҰМЫС
1. AUTO (АВТО) режимін таңдау үшін MODE (РЕЖИМ) түймесін қолданыңыз.
2. Қажетті бөлме температурасын орнату үшін TEMP (ТЕМП) түймесін басыңыз.
3. Ең жайлы температура параметрлері 21–28 °С аралығында болады.
4. Ауа кондиционерін іске қосу үшін ON/OFF
(ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз. Ішкі
құрылғының дисплей панеліндегі ЖҰМЫС шамы жанады. FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫ) автоматты түрде орнатылады және қашықтан басқару құралының дисплей панелінде ешқандай желдеткіш жылдамдығы көрсеткіштері көрсетілмейді. Құрылғы жұмысын тоқтату үшін ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
1. AUTO (АВТО) режимінде ауа кондиционері
нақты бөлме температурасы мен қашықтан басқару құралында орнатылған температура арасындағы айырмашылықты анықтау арқылы
COOL (САЛҚЫНДАТУ), FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) және HEAT (ЖЫЛЫТУ) режимдерін логикалық түрде таңдай алады.
2. AUTO (АВТО) режимі жайлы болмаса, қажетті
режимді қолмен таңдауға болады.
САЛҚЫНДАТУ/ЖЫЛЫТУ (тек
салқындатқыш модельдерде жоқ) және ЖЕЛДЕТКІШ режимі
1. AUTO (АВТО) режимі жайлы болмаса, COOL (САЛҚЫНДАТУ), HEAT (ЖЫЛЫТУ) не FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимдерін қолдану арқылы параметрлерді қолмен өзгертуге болады.
2. Қажетті бөлме температурасын орнату үшін TEMP (ТЕМП) түймесін басыңыз. COOL (САЛҚЫНДАТУ) режимінде ең жайлы
параметр 21 °С не одан жоғары болады. HEAT (ЖЫЛЫТУ) режимінде ең жайлы параметр 28 °С не одан төмен болады.
3. AUTO (АВТО), HIGH (ЖОҒАРЫ), MED (ОРТАША) не LOW (ТӨМЕН) FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимін таңдау үшін FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫ) түймесін басыңыз.
4. ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз,
сонда жұмыс шамы жанып, ауа кондиционері параметрлерге сәйкес жұмыс істей бастайды. Құрылғы жұмысын тоқтату үшін ON/OFF
(ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін қайта басыңыз
ЕСКЕРТПЕ
FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимін температураны басқару үшін қолдану мүмкін емес.
Бұл режимде болған кезде тек 1, 3 және 4
қадамдарын қолдануға болады.
КЕПТІРУ режимі
1. DRY (КЕПТІРУ) режимін таңдау үшін MODE (РЕЖИМ) түймесін қолданыңыз.
2. 17–30 °С аралығынан қажетті температураны таңдау үшін TEMP (ТЕМП) түймесін басыңыз.
3. ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз,
сонда ЖҰМЫС шамы жанып, ауа кондиционері LOW (ТӨМЕН) желдеткіш жылдамдығымен DRY (КЕПТІРУ) режимінде жұмыс істей бастайды. Құрылғы жұмысын тоқтату үшін ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Құрылғыда орнатылған температура мен нақты
ішкі температура арасында айырмашылық
болғанына байланысты DRY (КЕПТІРУ) режимінде болған кезде, ауа кондиционері COOL (САЛҚЫНДАТУ) және FAN (ЖЕЛДЕТКІШ) режимін
қоспай, көптеген мәрте автоматты түрде
қосылуы мүмкін.
Page 8
6
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
ТАЙМЕР режимі
Автоматты түрде қосылу уақытын орнату үшін TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) және автоматты түрде өшіру уақытын орнату үшін TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесін басыңыз.
1. Басталу уақытын орнату.
1.1 TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) түймесін
басыңыз, одан кейін қашықтан басқару құралында TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) жазуы көрсетіледі де, САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аумағында соңғы рет орнатылған жұмысты бастау уақыты мен "h" сигналы көрсетіледі. Енді жұмысты БАСТАУ уақытын қайта орнатуға болады.
1.2 Қажетті құрылғыны қосу уақытын орнату үшін TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) түймесін қайта басыңыз.
1.3 TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) параметрін
орнатқаннан кейін, қашықтан басқару құралы ауа кондиционеріне сигналды бір жарым секундқа кешіктіріп жібереді. Одан кейін шамамен тағы 2 секундтан кейін "h" сигналы өшеді де, орнатылған температура сандық дисплейде қайтадан көрсетіледі.
2. Тоқтату уақытын орнату.
2.1 TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесін басыңыз, сонда қашықтан басқару құралында TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) жазуы көрсетіледі де, САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аумағында соңғы рет орнатылған жұмысты тоқтату уақыты мен "h" сигналы көрсетіледі. Енді жұмысты ТОҚТАТУ уақытын қайта орнатуға болады.
2.2 Қажетті жұмысты тоқтату уақытын орнату
үшін TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесін басыңыз.
2.3 TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) параметрін
орнатқаннан кейін, қашықтан басқару құралы ауа кондиционеріне сигналды бір жарым секундқа кешіктіріп жібереді. Одан кейін шамамен тағы 2 секундтан кейін "h" сигналы өшеді де, орнатылған температура сандық дисплейде қайтадан көрсетіледі.
3 Бастау және тоқтату уақыттарын орнату
3.1 TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) түймесін басыңыз, сонда қашықтан басқару құралында TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) жазуы көрсетіледі де, САНДЫҚ дисплей аумағында соңғы рет орнатылған жұмысты БАСТАУ уақыты мен "h" сигналы көрсетіледі. Енді жұмысты бастау үшін TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) уақытын қайта орнатуға болады.
3.2 Қажетті жұмысты бастау уақытын орнату
үшін TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОСУ) түймесін басыңыз.
3.3 TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесін
басыңыз, сонда қашықтан басқару құралында TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) жазуы көрсетіледі де, САНДЫҚ дисплей аумағында соңғы рет орнатылған жұмысты ТОҚТАТУ уақыты мен "h" сигналы көрсетіледі. Енді жұмысты ТОҚТАТУ уақытын қайта орнатуға болады.
3.4 Қажетті жұмысты тоқтату уақытын орнату үшін TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІРУ) түймесін басыңыз.
3.5 ТАЙМЕР параметрін орнатқаннан кейін,
қашықтан басқару құралы ауа кондиционеріне сигналды бір жарым секундқа кешіктіріп жібереді. Одан кейін шамамен тағы 2 секундтан кейін "h" сигналы өшеді де, орнатылған температура сандық дисплейде қайтадан көрсетіледі.
ТАЙМЕРДІ өзгерту
TIMER ON/OFF (ТАЙМЕР ҚОСУ/ӨШІРУ) уақытын өзгерту үшін тиісті ТАЙМЕР түймесін басып, уақытты қайта орнатсаңыз болғаны. TIMER ON/OFF (ТАЙМЕР ҚОСУ/ӨШІРУ) параметрін тоқтату үшін ТАЙМЕР уақытын 0:00 мәніне реттесеңіз болғаны.
ЕСКЕРТПЕ
Орнатылған уақыт салыстырмалы уақыт болып табылады. Яғни ол – ағымдағы уақыттан есептелген уақыт.
Page 9
Page 10
2014/01 ver. 1.0.
Viale Aristide Merloni, 47 60044 Fabriano (AN) Italy www.indesitcompany.com
Loading...