Пайдалану нұсқаулығы, 1
ЕСКЕРТУ, 2
Құрылғы сипаттамасы-Басқару тақтасы, 3
Орнату, 4
Қосу және пайдалану, 6
Сақтандырулар мен кеңестер, 10
Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету, 11
Модельдерді техникалық сипаттамасы, 11
Page 2
Қазақша
KZ
ЕСКЕРТУ!
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін
бөліктері жұмыс кезінде қызуы мүмкін.
• Қыздыру элементтеріне тимеуге назар
аударыңыз.
• 8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау
болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек.
• Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану
бойынша кеңес не нұсқау берілген
және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін
жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдар қолдана алады. Балаларға
құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға
бақылаусыз құрылғыны тазалауға және
оған қызмет көрсетуге болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген
кезде бақылап тұрмау қауіпті болуы және
өрт шығуға әкелуі мүмкін.
• Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз,
оның орнына құрылғыны өшіріп, жалынды
жабыңыз, мысалы қақпақпен немесе
өртенбейтін матамен.
• ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру беттерінде
заттарды сақтамаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Шыны мен керамикадан
жасалған бет шатынаған болса, тоқ соғу
мүмкіндігінің алдын алу үшін құрылғыны
өшіріңіз.
• Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты
немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға
арналмаған.
• Металл заттарды (пышақтар, қасықтар,
таба қақпақтары, т.б.) конфоркаға
қоймаңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
• Пайдаланғаннан кейін плитаны басқару
элементінің көмегімен өшіріңіз, таба
детекторына сенбеңіз.
2
Page 3
1
3 5
15
16
910
6
4
13
KZ
Бұл нұсқаулықта сипатталған басқару тақтасы тек мысал
ретінде берілген: ол сіздің құрылғыңыздың тақтасына
дәл сәйкес келмеуі мүмкін.
Құрылғы сипаттамасы
Басқару тақтасы
1 УАҚЫТТЫ КӨБЕЙТУ түймесі таймерде
орнатылған уақыт мәнін арттырады («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
2 УАҚЫТТЫ АЗАЙТУ түймесі таймерде орнатылған
уақыт мәнін азайтады(«Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
3 ПІСІРУ АЙМАҒЫН ТАҢДАУ индикаторы
таңдалған белгілі бір пісіру аймағын көрсетеді
және сондықтан әртүрлі реттеу мүмкін.
4 ПІСІРУ АЙМАҒЫН ТАҢДАУ түймесі қажетті пісіру
аймағын таңдау үшін пайдаланылады.
5 ҚУАТ индикаторы ағымдағы қызу деңгейін көрсетеді.
6 ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі құрылғыны қосады және өшіреді.
7 ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы құрылғы
қосылғанын немесе өшірілгенін көрсетеді.
8 БАҒДАРЛАМА ТАЙМЕРІ түймесі пісіру
бағдарламаларының уақыттарын басқарады
(«Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
9 БАҒДАРЛАМА ТАЙМЕРІ дисплейі қай
бағдарлама таңдалғанын көрсетеді («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
10 БАҒДАРЛАМАЛАНҒАН ПІСІРУ АЙМАҒЫ
индикатор шамдары пісіру бағдарламасы
барысында қай пісіру аймағы қолданыста екенін
көрсетеді («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
11 БАСҚАРУ ТАҚТАСЫНЫҢ ҚҰЛПЫ түймесі плита
параметрлеріне байқаусыз өзгеріс енгізуге
жол бермейді («Қосу және пайдалану»бөлімін қараңыз).
12 БАСҚАРУ ТАҚТАСЫНЫҢ ҚҰЛПЫ индикатор
шамы басқару тақтасының құлыпталғанын
көрсетеді («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
13 ПІСІРУ АЙМАҒЫНЫҢ ҚУАТЫН ТАҢДАУ
түймелері конфорканы қосады және қуатты
басқарады («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
14 ТАЙМЕР индикатор шамы таймер қосылғанын
көрсетеді
15 КҮШЕЙТКІШ түймесі пісіру аймағының күшейткіш
функциясын қосады - 3000 Вт («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
16 КҮШЕЙТКІШ индикатор шамы күшейткіш
функциясы қосылғанын көрсетеді.
! Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге
қатысты соңғы Еуропалық Директиваның талаптарына
сәйкес келеді. 2 минут ішінде ешбір әрекет
орындалмаса, қалдық қызу индикатор шамдары өшіп,
желдеткіш (бар болса) тоқтағаннан кейін құрылғы
автоматты түрде «өшірулі режимге» өтеді. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесі басылғанда құрылғы жұмыс режиміне оралады.
BoosterBoosterBooster
2
14
8
11
7
12
GB
Тек белгілі модельдерде болады.
*
3
Page 4
KZ
Орнату
Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
!
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
!
Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
!
жерде сақтаңыз. Тынысы тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін («Сақтандырулар мен кеңестер» бөлімін қараңыз).
Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
!
білікті маман орнатуы қажет. Құрылғы дұрыс
орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
ең азы 20 мм
5 мм
КАМЕРА
ең азы 40 мм
ең азы 20 мм
5 мм
ЖЕЛДЕТКІШІ
БАР ПЕШ
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету
үшін қолайлы шкафты қолданыңыз.
• Құрылғы қойылатын бет шамамен 100°C-қа дейін
қызуға төзімді болуы тиіс.
• Құрылғы пеш үстіне орнатылатын болса, ол
мәжбүрлі желдеткіш салқындату жүйесімен
жабдықталған болуы қажет.
• Плитаны ыдыс жуу машинасының үстіне
орнатпаңыз: бұл мүмкін болмаса, екі құрылғы
арасына оларды бөліп тұратын, су өткізбейтін
құралды қойыңыз.
• Орнатылатын плитаға байланысты, шкаф
мынадай өлшемдерге ие болуы тиіс (суретті қараңыз):
орнату қажет.
Дұрыс бекітпеу салдарынан туындаған кез келген
деформациялар плитаның мүмкіндіктері мен
жұмысына әсер етуі мүмкін. Бекіту ілмектеріне
бұралатын бұрандалардың
тіреуіш
беттің қалыңдығын ескеру қажет:
ұзындығын таңдаған кезде
• 30 мм болса: 23 мм бұрандалар
• 40 мм болса: 13 мм бұрандалар
Плитаны төмендегідей бекітіңіз:
1. Плитаның әр бір жағының ортасындағы тесіктерге
4 туралау серіппелерін бекіту үшін қысқа, ұшы тегіс
бұрандаларды қолданыңыз.
2. Плитаны қуысқа орналастырып, ол дәл ортада
тұрғанына көз жеткізіңіз де, плита тіреуіш бетке
бекітілгенше бар жағынан басыңыз.
3. Шеттері көтеріңкі плиталар үшін: Плитаны қуысына
кіргізгеннен кейін, 4 бекіту ілмектерін (әрбірінің өз
шегесі бар) плитаның төменгі жиектеріне кіргізіп, шыны
тіреуіш бетке орныққанша, оларды ұзын әрі ұштары
үшкір бұрандалармен орындарына бекітіңіз.
!
Туралау серіппелерінің бұрандаларына қол жеткізу
мүмкін болуы тиіс.
Қауіпсіздік стандарттарын орындау үшін,
!
орнатылғаннан кейін құрылғы электр бөліктерге
тимеуі тиіс.
!
Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
Токқа жалғау
!
Қауіпсіздік себептеріне сәйкес және пешті алу оңай
болуы үшін плитаны және кез келген ендірілген
пешті токқа жалғау бөлеу жасалуы керек.
Бір фазалық қосылым
Плитада алдын ала жалғанған ток кабелі бар, ол бір
фазалық қосылымға арналған. Сымдарды төмендегі
кесте мен сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес
жалғаңыз:
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
220-240 В 1+N ~
50 Гц
Қосылымдардың басқа түрлері
Ток желісі төмендегілердің біріне сәйкес келсе:
Кернеу мен электр желісінің жиілігі
• 400 В - 2+N ~ 50 Гц
• 220-240 В 3 ~ 50 Гц
• 400 В 3 - N ~ 50 Гц
• 400 В - 2+2N ~ 50 Гц
Электр кабеліСымдарды жалғау
: сары/жасыл
: екі көк сым бірге
N
L
: қоңыр мен қара бірге
Сымдарды бөліп, оларды төмендегі кесте мен
сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
50 Гц
50 Гц
50 Гц
50 Гц
Электр кабеліСымдарды жалғау
: сары/жасыл;
N: екі көк сым бірге
L1: қара
L2: қоңыр
: сары/жасыл;
N1: көк
N2: көк
L1: қара
L2: қоңыр
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
400 В - 2+N ~
220-240 В 3 ~
400 В 3-N ~
400 В - 2+2N ~
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғы электр желіге тікелей қосылатын болса,
контактілерінің арасында кем дегенде 3 мм аралығы
бар жан-жақты айырып-қосқышты орнату қажет.
Орнатушы дұрыс ток байланысын жасағанына
!
және оның қауіпсіздік шараларына сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
• Розетка құрылғыда орналасқан негізгі деректер
кестесінде көрсетілген құрылғының ең жоғарғы
күшіне төзімді.
• Кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген
мәндер ауқымында.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
!
розетка жақын жерде болуы қажет.
Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
!
Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
!
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
!
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Ток кабелін ешбір себепке байланысты
!
ажыратпаңыз не ауыстырмаңыз. Оны ажырату
немесе ауыстыру кепілдіктің және CE белгісінің
күшін жояды. INDESIT компаниясы бастапқы ток
кабелін ауыстырудан/ажыратудан туындаған
жазатайым оқиғаларға немесе зақымдарға
жауапты болмайды. Ауыстыруды тек INDESIT
компаниясының өкілетті маманы жасаса және
түпнұсқалық бөлшекті қолданса ғана жасауға
болады.
KZ
5
Page 6
Қосу және пайдалану
KZ
Аралық қабаттағы желім шыныда май іздерін
!
қалдырады. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
қырмайтын тазалағыш затпен алып тастауға кеңес
береміз. Пайдаланудың алғашқы сағаттарында тез
кетіп қалатын резеңкенің иісі шығады.
!
Ток желісіне қосылғаннан бірнеше секундтан кейін
сигнал беріледі. Енді плитаны қосуға болады.
Плита әдеттегідей жұмыс істеген кезде
байқалатын шуыл түрлері:
• Сигнал: индукциялық элементтің металдан
жасалған құрамдастары мен кастрөлдің
дірілдеуінен туындайды; оны қыздыруға қажетті
электромагниттік өріс шығарады және индукциялық
элементтің қуаты өскенде ол да артады.
• Әлсіз ысқырық: қыздыру аймағына бос кастрөл
қойылған кезде естіледі; кастрөлге тағам
салғаннан немесе су құйғаннан кейін шықпайды.
• Шыртылдау: электромагниттік өрістер
(индукция) түзетін паразиттік токтардың ағынына
байланысты кастрөл түбіндегі материалдардың
дірілдеуінен пайда болады; кастрөл түбінің
материалдар құрамына байланысты күшті я әлсіз
болады және кастрөл түбі неғұрлым үлкен болса,
оның күші соғұрлым төмен болады.
• Қатты ысқырық: бір топтағы екі индукциялық
элемент бір уақытта максималды қуатпен жұмыс
істеген кезде немесе үлкен элементте күшейткіш
функциясы қосылып, екіншісі автоматты түрде
реттелген кезде естіледі. Автоматты түрде
реттелетін индукциялық элементтің қуат деңгейін
төмендету арқылы шуылды азайтуға болады;
әр түрлі материалдан жасалған кастрөл түбінің
қабаттары бұл шуылдың негізгі себептерінің бірі
болып табылады.
• Желдеткіш шуылы: плита дұрыс жұмыс істеуі
және электрондық жабдықты қызып кетуден
қорғау үшін желдеткіш қажет. Үлкен индукциялық
элемент максималды қуатта жұмыс істеген
кезде немесе күшейткіш функциясы қосылған
кезде желдеткіш қосылады; басқа жағдайлардың
барлығында ол анықталған температураға
байланысты орташа қуатпен жұмыс істейді. Оған
қоса, анықталған температура жоғары болса,
плита өшірілгеннен кейін де желдеткіш жұмыс
істеуін жалғастыруы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген шуыл түрлері индукциялық
технологияға байланысты және құрылғы ақаулығын
білдірмеуі мүмкін.
Егер - немесе + түймесі ұзақ басылса,
!
дисплейде қуат деңгейлері және таймер минуттары
тез өзгереді.
Плитаны қосу
Плитаны қосу үшін түймесін шамамен бір
секунд басып тұрыңыз.
Пісіру аймақтарын қосу
Әр пісіру аймағы таңдау түймесімен және 0–9
қуат деңгейлерін таңдау түймелерінен тұратын
қуатты реттеу құралымен басқарылады.
• Пісіру аймағын қолдануды бастау үшін тиісті
басқару түймесін басып, 0–9 аралығындағы қуат
деңгейін таңдау түймелерінің көмегімен қажетті
қуат деңгейін орнатыңыз.
Пісіру аймақтарын өшіру
Пісіру аймағын өшіру үшін оны тиісті таңдау
түймесімен таңдаңыз да:
• 0 қуат деңгейін таңдау түймесін басыңыз:
нәтижесінде қуат параметрі дереу 0-ге қойылып,
пісіру аймағы өшеді.
Күшейткіш функциясы
Пісіру аймақтарының кейбіреуінің күшейткіш
функциясын қызу уақыттарын қысқарту үшін
қолдануға болады. Оны
қосуға болады. Дәл түйменің үстіндегі индикатор
шамы жанады. Тиісті пісіру аймағының көлеміне
байланысты бұл функция қуатты 2000 Вт-қа немесе
3000 Вт-қа өсіреді.
4 минуттан кейін күшейткіш автоматты түрде
тоқтайды. Пісіру аймақтарының бірі үшін күшейткіш
қосылып тұрған кезде тиісті алдыңғы немесе артқы
пісіру аймағы төмен қуат деңгейінде жұмыс істейді
(мысалы, артқы сол жақ конфорканың күшейткіші
қосылған болса, алдыңғы сол жақ конфорканың қуат
деңгейі төмендетіледі). Қосымша ақпарат алу үшін
Модельдердің техникалық сипаттамасы бөлімін
қараңыз.
Booster
түймесін басып
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
!
Барлық пісіру аймақтарын 1 мен 99
минут аралығындағы мерзімге бір уақытта
бағдарламалауға болады.
1. Тиісті таңдау түймесінің көмегімен пісіру аймағын
таңдаңыз.
2. Пісіру аймағының қуат деңгейін реттеңіз.
3.
бағдарламалау түймесін басыңыз.
Таңдалған аймаққа сәйкес келетін индикатор шамы
жыпылықтай бастайды.
4.
-
пен + түймелерінің көмегімен пісіру ұзақтығын
орнатыңыз.
5.
түймесін басу арқылы растаңыз немесе 10
секундтан кейін автоматты түрде таңдау жасалады.
6
Page 7
Таймер дереу кері санай бастайды. Шамамен
1 минут сигнал беріліп тұрады да, орнатылған
бағдарлама аяқталған кезде пісіру аймағы өшеді.
Бағдарламалағыңыз келетін әрбір конфорка үшін
жоғарыдағы процедураны қайталаңыз.
Бірнеше бағдарламаны пайдалану және дисплей
Егер бір немесе бірнеше конфорка
бағдарламаланса, дисплейде ең аз уақыты
қалған конфоркаға қатысты деректер көрсетіледі
және конфорканың орнына сәйкес келетін
шам жыпылықтайды. Бағдарламаланған басқа
конфоркаларға сәйкес келетін шамдар жанып
тұрады.
Бағдарламаланған басқа конфоркалардың
қалған уақытын көрсету үшін
қайта басыңыз: конфоркалардың қалған уақыты
алдыңғы сол жақ конфоркадан басталып, сағат тілі
бағытымен бірінен кейін бірі көрсетіледі.
Бағдарламаны өзгерту
1. Өзгерткіңіз келетін ұзақтық көрсетілгенше
түймесін қайта-қайта басыңыз.
2. Жаңа ұзақтықты орнату үшін
түймелерін пайдаланыңыз.
3.
түймесін басу арқылы растаңыз.
Бағдарламадан бас тарту үшін жоғарыдағы
нұсқауларды орындаңыз. 2-қадамда,
басыңыз: ұзақтық біртіндеп азайып, 0-ге жетеді де,
өшеді. Бағдарлама бастапқы қалпына келеді де,
дисплей бағдарламалау режимінен шығады.
түймесін қайта-
-
түймесін
Таймер
Плита қосылған болуы тиіс.
Таймерді 99 минутқа дейінгі ұзақтықты орнату үшін
қолдануға болады.
1.
бағдарламалау түймесін таймердің индикатор
шамы жанғанша
2.
-
пен + түймелерінің көмегімен қажетті
ұзақтықты орнатыңыз.
түймесін басу арқылы растаңыз.
3.
Таймер дереу кері санай бастайды. Уақыт біткенде
дыбыс сигналы беріледі (бір минут).
басып тұрыңыз.
Басқару тақтасын құлыптау
Плита қосулы кезде, параметрлерге байқаусыз
өзгеріс енгізуге (балалар енгізбеуі үшін, тазалау
кезінде енгізбеу үшін және т.б.) жол бермеу үшін
пештің басқару элементтерін құлыптауға болады.
Басқару тақтасын құлыптау үшін
басыңыз: түйменің үстіндегі индикатор шамы
жанады.
Басқару элементтерінің кез келгенін қолдану үшін
(мысалы пісіруді тоқтату үшін) бұл функция өшіру
қажет.
индикатор шамы өшеді де, құлып функциясы
алынады.
түймесін біраз басып тұрыңыз, сонда
түймесін
Плитаны өшіру
Құрылғыны өшіру үшін түймесін басыңыз толығымен таба сенсорына сенуші болмаңыз.
Егер басқару тақтасының құлпы қосылған болса,
плита қайта қосылған кезде де, басқару элементтері
әлі құлыпталып тұрады. Плитаны қайтадан қосу үшін
алдымен құлып функциясын өшіру керек.
«Демо» режимі
Плитаны демонстрация режиміне орнатуға болады,
бұл кезде барлық басқару элементтері әдеттегідей
жұмыс істейді, бірақ қыздыру элементтері
қосылмайды. «Демо» режимді қосу үшін плитаны
конфоркалардың барлығын өшіріп қосу керек.
•
+
пен - түймелерін бір уақытта 6 секунд
басып, ұстап тұрыңыз. 6 секунд өткеннен кейін
ҚОСУ/ӨШІРУ және БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамдары бір секунд
жыпылықтайды.
түймесін басыңыз;
• Дисплейде «DE» және «MO» мәтіні көрсетіледі
де, плита өшеді.
• Плита қайтадан қосылғанда, ол «демо» режиміне
орнатылады.
Бұл режимнен шығу үшін жоғарыдағы процедураны
орындаңыз. Дисплейде «DE» және «OF» мәтіні
көрсетіледі де, плита өшеді. Ол келесі рет қосылған
кезде, плита әдеттегідей жұмыс істейді.
пен - түймелерін жіберіп,
+
Құрылғыны пайдалану бойынша
кеңестер
KZ
! Индукция принцибімен үйлесімді материалдардан
(ферромагниттік материал) жасалған ыдыстарды
қолданыңыз. Әсіресе, келесі материалдардан
7
Page 8
KZ
жасалған табаларды қолданған жөн: шойын,
қапталған болат немесе индукцияға бейімделген
арнайы тот баспайтын болат. Ыдыстың
үйлесімділігін тексеру үшін магнитті қолданыңыз.
! Бұл адаптерлерді, бүріккіштерді немесе темір
тақтайшаларды пісіру аймақтарында қолданбаңыз.
Олардың зиянды əсерлері бар, плитаның
өнімділігіне зиянды əсер етуі жəне плитаның
көрінісін зақымдауы мүмкін.
Қызып кетуден қорғау
Егер электрондық элементтер қызып кетсе, плита
автоматты түрде өшеді және дисплейде алдымен
F
әрпі, одан кейін жыпылықтаған сан көрсетіледі.
Температура қолайлы деңгейге жеткенде бұл
хабарлама өшеді де, плитаны қайта пайдалану
мүмкін болады.
Қауіпсіздік айырып-қосқышы
ЖАРАМДЫ
*
Шойын
Эмальмен қапталған
болат Арнайы тот
баспайтын болат
ЖАРАМСЫЗ
Мыс, алюминий, шыны,
балшық ыдыс, керамика,
Оған қоса, плита көмегімен жақсы нәтиже алу үшін:
• Пісіру аймағын толығымен қолдану үшін асты
тегіс, қалың табаларды пайдаланыңыз.
• Қызуды толық пайдалану үшін конфорканы
толық жабатындай диаметрі үлкен табаны
пайдаланыңыз.
• Толығымен пайдалану және пісіру аймақтары
мен тағам пісіретін ыдыстың қызмет ету мерзімін
ұзарту үшін тағам пісіретін ыдыстың асты таза әрі
құрғақ болуын әрдайым қамтамасыз етіңіз.
• Газ оттығында пайдаланылған ыдысты
пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның
қалпын бұзып, оның толық тимеуіне себеп
болады.
Қауіпсіздік құрылғылары
Таба сенсоры
Әрбір пісіру аймағы таба сенсоры құралымен
жабдықталған. Пісіру аймағына өлшемі тиісті таба
қойылған кезде ғана конфорка қызу шығарады.
Индикатор шамы жыпылықтап тұрса, ол келесі
жағдайларды білдіруі мүмкін:
• Сәйкес келмейтін таба
• Диаметрі тым кіші таба
• Таба конфоркадан алынған.
Құрылғыда белгілі бір қуат деңгейінде, белгілі бір
уақыт бойы жұмыс істеп тұрған пісіру аймақтарын
автоматты түрде өшіретін қауіпсіздік айырыпқосқышы бар. Қауіпсіздік айырып-қосқышы қосылған
кезде, дисплейде «0» көрсетіледі.
Мысалы: артқы оң жақ конфорка 5-ке орнатылды
және 5 сағат үзіліссіз жұмыс істегеннен кейін өшеді,
ал алдыңғы сол жақ конфорка 2-ге орнатылды және
8 сағаттан кейін өшеді.
Қуат деңгейіЕң көп жұмыс істеу уақыты, сағат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
9
8
7
6
5
4
3
2
1
Сигнал
Бұл да бірнеше әдеттен тыс жағдайды білдіруі
мүмкін:
• Бір зат (таба, ыдыс-аяқ, т.б.) басқару тақтасына 10
секундтан көп уақытқа қойылды.
• Басқару тақтасына бірдеңе төгілді.
• Бір түйме тым ұзақ басылып тұрды. Жоғарыдағы
жағдайлардың барлығы сигналдың берілуіне
себеп болуы мүмкін. Сигналды өшіру үшін
ақаулықтың себебін жойыңыз. Ақаулықтың себебі
жойылмаса, сигнал беріліп тұра береді де, плита
өшеді.
8
Page 9
Тағам дайындау бойынша кеңес
ª
•
•
¶
¶
§
§
S
S
¢
¢
£
™
™
¡
KZ
Өте қатты
жалынмен пісіру
пісіру
Қатты
жалынмен
Қысыммен пісіру
Қысыммен пісіру ыдысы
Грильдеу
Құймақ
Тез қоюланатын (сұйық шырындар)
Қайнап жатқан су (паста, күріш, көкөністер)
Сүт
Баяу қоюланатын (қою шырындар)
Қуыру
Қайнату
Қатты жалынмен пісіру жəне қызарту
(қуырылған ет, стейктер, эскалоптар,
балық белдемелері, қуырылған
жұмыртқалар)
Орташа жалынмен пісіру
Буға пісіру
пісіру
Аз жалынмен
Аз жалынмен пісіру
(бұқтырылған тағамдар)
пісіру
Өте аз
жалынмен
Шоколад соусыТамақты ыстық күйде ұстау
Ысқырықтан кейін қысыммен пісіру
Тағамдарды қайта қыздыру
9
Page 10
Сақтандырулар мен кеңестер
KZ
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
!
сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген
және оны мұқият оқып шығу қажет.
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық
қауымдастығының келесі нұсқауларына сай
келеді:
- 2006 жылғы 12-сәуірдегі 73/95/EEC (төмен кернеу
туралы) директивасы және одан кейінгі түзетулер;
- 2004 жылғы 15-желтоқсандағы 2004/108/EEC
(электромагниттік үйлесімділік туралы) директивасы
және одан кейінгі түзетулер;
-1993 жылдың 22 шілдесіндегі 93/68/EEC және одан
кейінгі түзетулер;
- 1275/2008 күту/өшірулі режимге байланысты директива.
Жалпы қауіпсіздік
!
Желдеткіш торының артындағы ауа кіретін жер
ешқашан жабылмауын қамтамасыз етіңіз. Шынында,
ендірілген плитаға, құрылғыда қолданылатын
электрондық құрамдас бөліктерді суыту үшін
қолайлы желдету берілуі тиіс.
Индукциялық плитаны шағын тоңазытқыш (жылу)
!
немесе кір жуғыш машина (дірілдеу) үстіне орнату
дұрыс емес. Шынында, электрондық құрамдас
бөліктерді желдетуге жеткілікті бос орын қалмайды.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдалануы тиіс. Плитаны үстелдің үстіңгі
тақтайы немесе азық-түлік бөлетін тақтай ретінде
пайдаланбаңыз.
• Шыны керамикалық плита соққыларға шыдамды,
бірақ ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті
сынып) кетуі мүмкін. Егер мұндай жағдай болса,
құрылғыны дереу электр тоғынан суырып қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Басқа электр құрылғыларының электр кабельдері
плитаның ыстық бөліктеріне жақындамайтынына көз
жеткізіңіз.
• Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде отыз
минут салыстырмалы түрде ыстық болатынын есте
сақтаңыз. Қалдық қызу бар болған кезде индикатор
шамы ескерту береді («Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы
пластмасса, алюминий немесе құрамында
көп қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді,
алюминий фольгасын немесе қаптамаларды
қолданғанда аса мұқият болыңыз: егер оларды
әлі ыстық беттерге қойсаңыз, олар плитаны қатты
зақымдауы мүмкін.
• Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың
тұтқаларын әрдайым плитаның ортасына қарай
бұрып қойыңыз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Электрокардиостимуляторлары немесе басқа
белсенді имплантанттары бар адамдардың
назарына:
Плита электромагниттік кедергі жөніндегі барлық
ағымдағы стандарттарға сәйкес келеді.
Сондықтан, индукциялық пеш заң талаптары
сәйкес келеді (89/336/CEE директивалары). Ол
қолданылатын басқа ешбір электр құралына
кедергі жасамайтындай жасалған, бірақ бұл құрал
да осы заңға сәйкес келуі тиіс.
Индукциялық плита жақын аумақ магниттік
өрістерін түзеді.
Индукциялық плита мен электрокардиостимулятор
арасында ешбір қайшылық болмауы үшін стимулятор
тиісті заңдарға сәйкес жасалған болуы тиіс.
Сондықтан, тек өніміміздің сәйкестігіне ғана
кепілдік бере аламыз. Сәйкестігі немесе кез
келген қайшылықтары туралы мәлімет алу үшін
электрокардиостимулятор өндірушісіне немесе
дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба
қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі
олар қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
заңды қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек
жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс
жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға
қатысты міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты
қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың
жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
10
Page 11
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
!
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар
мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ
кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш
заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды
пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
!
Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны
керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін
жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
• Сонда да кетпей қойған кірден тазалау үшін
қолайлы қырғышты пайдаланыңыз. Төгілген
тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының суығанын
күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны
керамикалық беттерге арналған, тот баспайтын
болат сымдарынан жасалған губканы сабын суға
малып жуу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе
аласыз.
• Егер плита үстінде пластикалық немесе
құрамында қант бар заттар байқаусыз ерітілсе,
плита беті әлі ыстық кезде оларды қырғышпен
дереу алып тастаңыз.
Тазалағаннан кейін, бетті жақсылап шайып,
кептірген жөн. Бетке су төгілсе, оны тез әрі
жақсылап кептіріңіз.
Кейбір плиталарда тот баспайтын болатқа ұқсас
!
алюминийден жасалған жақтау болады. Алюминийге
қолдануға келмейтін ешбір тазалағыш немесе май
жоятын өнімдерді пайдаланбаңыз.
Плитаны бөлшектеу
Плитаны бөлшектеу қажет болса:
1. Әр жағында туралау серіппелерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
2. Әр бұрышында бекіту ілмектерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
3. Плитаны орнату қуысынан шығарып алыңыз.
!
Құрылғыны өз басыңызбен жөндеуге тырыспаңыз.
Құрылғы бұзылса, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Үлгілердің техникалық сипаттамасы
Индукциялық жүйе тағам пісірудің ең жылдам жолы
болып табылады. Пісіру аймағы қызатын дағдылы
конфоркаларға қарағанда индукциялық жүйе
жылуды тікелей түбі ферромагнитті материалдан
жасалған таба ішінде түзеді.
Шартты белгілер:
I = бір индукциялық пісіру аймағы
B = күшейткіш: пісіру аймағының қуат деңгейін 3000
Вт-қа дейін арттыруға болады
* = тиісті артқы пісіру аймағы үшін күшейткіш
қосылған кезде максималды қуат деңгейі
шектеледі (Іске қосу және пайдалану бөлімін
қараңыз).
KZ
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш
күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім
қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның
бетін пісіру кезінде таматын тамшылардан
қорғайды. Бұл күтім процедурасын құрылғы жылы
(ыстық емес) немесе суық кезде орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде
жабысып, қатып қалуы мүмкін.
Тот баспайтын жақтау (тек сыртқы жақтауы бар
модельдерде)
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар тазалағыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
ПлиталарKIO 633 T Z
Пісіру аумағыҚуат (Вт)
Артқы сол жақI 1400 – B 2000* – 600
алдыңғы сол жақпен*
Артқы оң жақI 3000 – B 4000
Алдыңғы сол жақI 2200 – B 3000* – 1600
артқы сол жақпен*
Жалпы қуат7600
11
Page 12
KZ
01/2014 - 195110558.01
XEROX FABRIANO
12
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.