! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар
онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі
бар маман орнатуға тиіс.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Бөлменің желдетілуі
Ағымдағы мемлекеттік заңдарға сәйкес құрылғыны
тек үздіксіз желдетілетін бөлмелерге орнату қажет.
Құрылғы орнатылған бөлме тиісті түрде желдетілуі тиіс,
яғни әдеттегі газ жану процессіне қажетті ауа мөлшері
қамтамасыз етілуі керек (ауа ағыны орнатылған қуаттың
әрбір кВт-на 2 м
3
/сағ. мәнінен аз болмауы тиіс).
Торлармен қорғалған ауа кіретін саңылауларда ішкі
көлденең қимасы кем дегенде 100 см
2
түтік болуы қажет
және олар тіпті жартылай жабылып қалмайтындай
орналасқан болуы тиіс (A суретін қараңыз).
Плита беті жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғышпен жабдықталмаған болса, бұл кіріс
саңылауларын 100%-ға кеңейту қажет, яғни көлденең
қимасы кем дегенде 200 см
2
болуы тиіс. Ауа ағыны
ғимараттың ортақ бөліктері, өрт қаупі жоғары аймақтар
немесе жататын бөлмелерді қоспағанда, жақындағы
бөлмелерден жанама түрде берілетін болса (B суретін қараңыз), кіріс саңылауларына жоғарыда айтылғандай
сыртқа шығаратын желдету түтіктерін орнату керек.
Жану түтіндерін шығару
Қауіпсіз әрі тиімді әдеттегі мұршаға қосылған
қалқаның немесе құрылғы қосылған кезде
автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштің
көмегімен жану түтіндерін шығару қамтамасыз етілуі
керек (суретті қараңыз).
Түтіндер тікелей
сыртқа шығарылады
Түтіндер мұрша немесе тағам
пісіру құрылғыларына арналған
тармақты түтін шығару жүйесі
арқылы шығарылады)
! Сұйытылған газдар ауадан ауыр болады және
еденде жиналады, сондықтан сұйытылған газ
баллондары қойылған барлық бөлмелерде
баллоннан шыққан газ оңай шығып кетуі үшін сыртқа
шығатын тесіктер болуы тиіс.
Сол себепті, сұйытылған газ баллондары, жартылай
немесе толық болса да, жер деңгейінен төмен
бөлмелерде не сақтау аумақтарында (төле және
т.б.) орнатылмауы немесе сақталмауы тиіс. Тек
қолданыстағы баллон бөлмеде сақталуы керек; ал
оны баллонның температурасын 50°C-тан
жоғары көтеріп жіберуі мүмкін қызу көздерінен
(пештер, мұршалар, каминдер) алшақ жерде ұстау
қажет.
Орналастыру және түзулеу
A
B
Жапсарлас
бөлме
A
Жануға қажетті ауаға
арналған желдету тесігі
Есік пен еден арасындағы
аралықты үлкейту
! Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін
терезені ашу немесе қолданылатын кез келген
желдеткіштердің жылдамдығын арттыру жөн.
16
Желдетуді қажет
ететін бөлме
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
• Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
• Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан
кем дегенде 200 мм қашық орнату қажет.
• Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астына
орнатылса, осы шкаф пен плита үстінің арасында
кем дегенде 420 мм аралық болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан
жасалған болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін
жеткізу керек (суретті қараңыз).
Түзулеу
• Плита артына
немесе оның шеттеріне
200 мм-ден жақын
жерге перде ілмеңіз.
• Қалқалар
қатысты пайдалану
нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес
орнатылуы тиіс.
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Газды жалғау
Ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес және берілетін
газ түрімен құрылғы жұмыс істей алатынына көз
жеткізгеннен кейін газ желісіне немесе газ баллонына
майысқақ резеңке не болат түтікпен қосылуға болады
(қақпақтағы сипаттама жапсырмасын қараңыз: олай
болмаса, төмендегі мәтінді қараңыз). Баллоннан
сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық
заңнамаларға сәйкес келетін қысым реттегішін
орнатыңыз. Қосылымды жеңілдету үшін газ түтігін
шетке қарай бұру керек*: түтік тұтқышын қақпаққа
қарама-қарсы қойыңыз және құрылғымен бірге
берілетін аралық қабатты орнына қойыңыз.
KZ
Токқа жалғау
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі
арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар
бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет.
Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты және NFC
15-100 стандартына сәйкес болуы қажет (жерге қосылған
сымды айырып-қосқыш ажыратпауы тиіс). Электр кабелін
кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
• Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
• Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді.
Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше
розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
* Тек белгілі модельдерде болады
! Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар
сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге
сәйкес келетінін тексеріңіз (төмендегі мәтінді қараңыз). Бұл құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін
және төзімділігін қамтамасыз ете отырып, қуаттың
тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі мынадай болуы
тиіс: сұйық газ беру үшін 8 мм; метан газын беру
үшін 13 мм.
Қосылым жасалғаннан кейін түтікке байланысты
келесі жағдайлардың орындалуына көз жеткізіңіз:
• Температурасы 50°C-тан асатын ешбір бөлшекке
тимейді.
• Оған ешбір тарту немесе бұрау күштері
әсер етпейді және ол бұралмаған не
майыстырылмаған.
• Жүздерге, үшкір бұрыштарға немесе қозғалмалы
бөлшектерге тимейді және қысылмаған.
• Жағдайын тексеру үшін бүкіл ұзындығы бойынша
оңай қарап шығуға болады.
• 1500 мм-ден қысқа.
• Ағымдағы заңдарға сәйкес келетін қысқыштармен
екі жағынан да мықтап бекітілген.
17
Жалғау жері
Оқшаулағыш
шүмек
Түтік жинағы
Жалғау жері
Түтік жинағы
ЫСТЫҚ БЕТ
Оқшаулағыш
! Осы жағдайлардың бірі немесе бірнешесі
орындалмаса не плитаны 2-сынып, 1-ішкі сынып
құрылғыларына (екі шкаф арасына орнатылатын)
қолданылатын жағдайларға сәйкес орнату қажет
болса, резеңке түтік орнына майысқақ болат түтік
қолданылуы қажет (төмендегі мәтінді қараңыз).
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Түтік пен қысқыштар ағымдағы ұлттық заңдарға
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Түтікті пайдалана бастау үшін құрылғыдағы түтік
тұтқышын шешіп алыңыз (құрылғыдағы газ беру кіріс
тесігі цилиндр пішіміндегі оймалы 1/2 газдық еркек
жалғау болып табылады).
! Түтік қысылмағанын және қозғалмалы бөліктерге
тимейтінін қамтамасыз ете отырып, оның ұзындығы
ең көбі 2 м-ден аспайтындай қылып қосыңыз.
Қосылым газ жібермейтінін тексеру
Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен түтік
фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін
тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Құрылғыны әдепкі газ түрінен (ол қақпақтағы
сипаттама жапсырмасында көрсетілген) басқа түрге
сәйкестендіруге болады.
Плитаны сәйкестендіру
Плита оттықтарының форсункаларын ауыстыру:
1. Плита торларын алып, оттықтарды тіректерінен
сырғытып шығарыңыз.
2. Форсункаларды 7 мм гайка
кілтімен (суретті қараңыз)
босатып, шығарып алыңыз
да, газдың басқа түріне
арналған форсункалармен
алмастырыңыз(Оттық пен
форсункалар сипаттарының
кестесін қараңыз).
3. Барлық құрамдас бөліктерді жоғарыдағы нұсқауларды
керісінше орындау арқылы алмастырыңыз.
шүмек
Плита оттықтарының ең төменгі параметрін реттеу:
1. Тұтқаны ең төменгі позицияға бұрыңыз.
2. Тұтқа шешіп алып, тұтқа шегесінің ішінде немесе
оның жанында орналасқан реттеу бұрандасын
жалын кіші бірақ тұрақты болғанша реттеңіз.
! Құрылғы сұйық газ көзіне жалғанған болса, реттеу
бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.
3. Оттық жанып тұрғанда тұтқа позициясын бірнеше мәрте
ең төменгіден ең жоғарыға және қарама-қарсы жылдам
ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын тексеріңіз.
! Плита оттықтары үшін негізгі ауаны реттеу қажет емес.
Пешті баптандыру
Пештіңоттығыныңфорсункасынауыстыру:
1. Пеш бөлігін шешіп алыңыз.
2. «А» қорғаушы тақтасын
сырғытып шығарып алыңыз
(сызбанықараңыз).
A
3. «V» бұрандаларын
V
босатқаннан
кейін пеш
оттығын шешіп алыңыз
(суреттіқараңыз).
Пеш есігін шешіп алсаңыз,
бұл əрекеттерді орындау
жеңілірек болады.
4. Форсунканы арнайы
форсунка кеспелтек кілтімен
(суреттіқараңыз) немесе 7
мм кеспелтек кілтімен бұрап
шешіп алыңыз жəне оны жаңа
газ түріне сəйкес келетін жаңа
форсункамен ауыстырыңыз
(қараңыз Оттық пен
форсункалар сипаттарының кестесі).
Газ пешінің оттығының ең төмен параметрін реттеу:
1. Оттықты жағыңыз («Қосу және пайдалану» бөлімін
қараңыз).
2. Тұтқаны ең жоғарғы позицияда (Ең жоғары) шамамен
10 минут ұстағаннан кейін ең төменгі позицияға (Ең төмен)
бұрыңыз.
3. Тұтқаны алып тастаңыз.
4. Термостат шегесінің сыртқы жағындағы реттеу
бұрандаларын (суретті қараңыз) жалын кіші бірақ
тұрақты болғанша қатайтыңыз немесе босатыңыз.
! Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу
бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.
KZ
18
5. Тұтқаны «Ең жоғары» позициядан «Ең төмен»
позицияға тез бұрыңыз немесе пеш есігін ашып,
жабыңыз, бірақ оттық өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және
техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген
нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Пеш өлшемдері
(БхЕхТ)
34x38x44 см
Көлемі57 л
Пеш бөлігіне
қатысты пайдалы
өлшемдер
Ток кернеуі мен
жиілігі
ені 42 см
тереңдігі 44 см
биіктігі 17 см
деректер кестесін қараңыз
қайырма ішінде немесе пеш
бөлігін ашқанда пештің ішіндегі
Оттықтар
сол жақ қабырғада орналасқан
деректер кестесінде көрсетілген
кез келген газ түрімен қолдану
үшін баптандыруға болады
ЕҚ Директивалары: 12.12.2006
жылғы 2006/95/EC (төмен
кернеу) және кейінгі өзгертулері
– 15.12.04 жылғы 2004/108/EC
(Электромагнитті үйлесімділік)
және кейінгі өзгертулері –
30.11.2009 жылғы 2009/142/EC
(Газ) және кейінгі өзгертулер
– 22.07.1993 жылғы 93/68/
EEC және кейінгі өзгертулері –
Әрбір ОТТЫҚ тұтқасында қатысты оттық
жалынының күшін көрсететін толық шеңбер бар.
Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды немесе газ жақпағын
жақындатыңыз.
2. ОТТЫҚ тұтқасын басып, ол ең жоғарғы жалын
параметріне бағытталғанша, сағат тіліне қарсы
бағытта бұрыңыз.
3. ОТТЫҚ тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз.
Ол ең төменгі параметр , ең жоғарғы параметр
немесе екеуінің арасындағы кез келген позиция
болуы мүмкін.
Құрылғы электрондық
жағу құралымен* (C)
жабдықталған болса,
таңбасымен белгіленген
тұтату түймесін басыңыз,
одан кейін ОТТЫҚ тұтқасын
басып, оны оттық жанғанша
ең жоғарғы жалын параметріне қарай, сағат тіліне
қарсы бағытта бұрыңыз. Тұтқа босатылғанда оттық
өшіп қалуы мүмкін. Бұл орын алса, тұтқаны ұзағырақ
ұстап, әрекетті қайталаңыз.
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де,
оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут
күтіңіз.
Құрылғы жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғышпен (X)* жабдықталған болса, жалынның
жанып тұруы және құралды іске қосу үшін ОТТЫҚ
тұтқасын шамамен 2-3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Оттықты өшіру үшін тұтқаны тоқтау позициясына
жеткенше бұрыңыз.
Оттықтарды пайдалану бойынша кеңестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және
тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы
бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған жөн.
Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес келуі
тиіс.
Оттық түрін анықтау үшін «Оттық пен
форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды
қараңыз.
! Төмендеткіш сөремен жабдықталған үлгілерде
диаметрі 12 см-ден аз кіші табақтарды қолданған
кезде оны тек қосымша оттықта ғана пайдалануға
болатынын есіңізде болсын.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
Пешті жағу
Егер, 15 секундтан кейін оттық жанбаса, тұтқаны жіберіп,
пеш есігін ашыңыз да, қайтадан жағуға әрекет етпес бұрын
кем дегенде 1 минут күтіңіз.
! Пеш сақтандырғышпен жабдықталған, сондықтан
ПЕШТІ басқару тұтқасын шамамен 6 секунд басып,
ұстап тұру керек.
Тек белгілі үлгілерде болады.
*
Оттықø Ыдыс диаметрі (см)
16 - 20
Пеш оттығын жағу үшін жалынды
немесе газ шақпағын «F» тесігіне
жақындатыңыз (суретті қараңыз),
одан кейін ПЕШТІ басқару
тұтқасын басып, оны «Ең жоғары»
позицияға жеткенше сағат тіліне
қарсы бағытта бұрыңыз.
20
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де, пешті
қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут күтіңіз.
Температураны реттеу
Қажетті пісіру температурасын орнату үшін ПЕШТІ
басқару тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Температуралар басқару тақтасында көрсетіледі және «Ең
төмен» (140°C) мен «Ең жоғары» (250°C) арасында болуы
мүмкін. Орнатылған температураға жеткеннен кейін пеш
термостаттың көмегімен оны бір қалыпта ұстайды.
Төменгі бөлім
! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы
мүмкін.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
Пеш шамы*
ПЕШ ШАМЫ түймесін басу арқылы шамды кез
келген уақытта жандыруға болады.
Таймер
Таймерді іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Сигналды орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат
тілі бағытымен бір толық айналымға бұрыңыз.
2. Қажетті уақыт ұзақтығын орнату үшін ТАЙМЕР
тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Төменгі бөлім*
Пештің
керек-жарақтары мен
терең ыдыстарды
сақтау үшін қолдануға
болатын бөлім бар.
Есікті ашу үшін оны
төмен қарай тартыңыз
(суреттіқараңыз).
! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы
мүмкін.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
астында пештің
KZ
Газ пеш модельдерінде
төменгі бөлімді оттық
шығарған қызудан қорғайтын
сырғытпалы «А» қорғау
A
S
! Пешті пайдаланбас бұрын сырғытпалы қорғау
дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
қабаты бар (суретті
қараңыз).
Сырғытпалы қорғауды алып
тастау үшін «S» бұрандасын
шешіп алыңыз (суретті қараңыз). Оны орнынақою
үшін «S» бұрандасының
көмегімен орнына бекітіңіз.
Текбелгіліүлгілердеболады.
*
21
KZ
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
Дайындалатын тағамСалмағы (кг)Төменнен
Паста
Лазанья
Ет қосылған қамыр түтіктері
Гратин паста пісірмелері
Ет
Бұзау еті
Тауық
Үйрек
Қоян
Шошқа еті
Жас қой еті
Балық
Макрель
Зубан
Қағазда пісірілген бақтақ
Пицца
Наполитана1.04210-2201520-25
Кекс
Печеньелер
Бəліш
Хош иісті бəліш
Көтерілген торттар
Ескертпе: пісіру уақыттары шамалап берілген жəне оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Грильдіпайдаланыптағам
дайындаған кезде, тұтқалы таба пештің түбінен санағанда бірінші тартпада орналастырылуы тиіс.
2.5
2.5
2.5
1.5
1.5
1.8
2.0
2.1
1.8
1.1
1.5
1.0
0.5
1.1
1.0
1.0
санағанда
сөрелердің
пісіру
позициясы
4
4
4
3
3
3
3
3
3
3
3
3
4
4
4
4
Температура
(°C)
200-210
200
200
200-210
210-220
200
200
200
200
180-200
180-200
180-200
180
180
180
170
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(мин)
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
15
15
15
15
Пісіру
уақыты
(мин)
75-85
50-60
50-60
95-100
90-100
100-110
70-80
70-80
100-105
45-50
45-55
45-50
25-35
40-45
50-55
40-45
22
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір
тілімшесінде таңбалары көрсетілген елдер үшін
жарамды.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Нұсқаулық кітапшасы 1-сынып (оқшауланған)
немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына
орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі.
• Балаларды пештен аулақ ұстаңыз.
• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда плитаның шыны қақпағын (тек кейбір
модельдерде) жаппаңыз.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
• Құрылғыны қолданған кезде оны маңына жанғыш
сұйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз.
• Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне жанғыш
заттар салмаңыз. Егер байқаусызда құрылғы қосылса,
бұл заттардың жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалар • позициясында
екенін және газ шүмегі жабылғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты
ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір
жағдайда өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс жинау
қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті жинау
орындарына апаруға немесе, ағымдағы ұлттық
заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге ауыстыру
үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы бойынша қайтаруға
болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері ескі
және қолданыстан шыққан құрылғыларды жинау
және тастау жүйелерін жасауға және ұйымдастыруға
қатысады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
KZ
23
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы суға
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады.
Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны жақсылап
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Плитаның торларын, оттық қақпақтарын, жалын
қақ жарғыш сақиналарын шешіп алып тазалауды
жеңілдетуге болады; оларды ыстық су мен қырғыш емес
тазартқыш затта жуыңыз да, жақсылап кептірер бұрын
қатып қалған қалдықтарды кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.
• Электрондық тұтату функциясы бар плиталарда
электрондық тұтату құралының ұшын жиі тазалап,
газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп
отыру қажет.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі
Өкілетті сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды
бұру қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса,
шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті
маман орындауы тиіс.
Пеш шамын ауыстыру
3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық
су тамшыларын сүртіп алу қажет.