HOTPOINT ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА АЛҒЫС
БІЛДІРЕМІЗ.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны
www.hotpoint.eu/register сайтында тіркеңіз
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқыңыз.
Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды
босату туралы толық нұсқаулар алу үшін Орнату нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
KZ
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
2. ОПЦИЯ түймелері және индикатор шамдары
3. ЖУУ ТӘРТІБІ түймесі
4. ЖУУ ТӘРТІБІ индикатор шамдары
5. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі
және индикатор шамы
6. ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ түймесі
7. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі
8. СЫҒУ түймесі
9. ТЕМПЕРАТУРА түймесі
10. ЖУУ ЦИКЛІН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Максималды жүктеме 8 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат тұтыну мөлшері: 8 Вт
Жуу циклі
1
Даққа қарсы
2Ақ киімдер60°C
Алдын ала жууы бар мақта
3
циклы
4Ақ мақта заттар 60°C (1)60°C
5Ақ мақта заттар 40°C (2)40°C
6Синтетика60°C
7Антиаллергиялық60°C
8Сәби циклы40°C
9Жүн40°C
10Нәзік киімдер30°C
11Аралас 60'60°C
12Мақта
13Синтетика
14Аралас 30’
Шаю
Температура
ӘдепкіАуқым
40°C
- 40°C10004
- 60°C10004–
90°C
- 90°C10008
- 90°C10008–
- 40°C10008–
- 60°C10004–
- 60°C10004–
- 40°C10004–
- 40°C8001,5–
- 30°C01–
- 60°C10003,5–
Суық су
Суық су
Суық су
––10008––
Сығу + Ағызу *––10008–––––
Қажетті мөлшерлемеҚосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген қосымша
опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Максималды ай-
налу жылдамдығы
(айналым)
Максималды
жүктеме (кг)
10008–
10003–
8003–
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 4 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз.
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 5-циклді 40°C температурасына орнатыңыз.
* циклін таңдап, сығу циклін алып тастасаңыз, кір жуғыш машина тек суды
ағызады.
1
Ұзақтығы
(минут)
10
Жуу циклдерінің ұзақтығын дисплейден көруге болады.
3
6
5
Ұнтақ Сұйықтық
Ұсынылған
жуғыш зат
–
ДИСПЛЕЙ
9
8
Жуғыш заттар мен
қосындылар
Алдынала
жуу
Жуу
1
–
23
2
7
Кондици-
онер
–
–
–
–
–
–
–
––
4
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1. Үсті
2. Жуғыш зат тартпасы
3. Басқару тақтасы
4. Тұтқа
5. Есік
6. Ағызу сорғысы (ернеулік артында)
7. Ернеулік (алынбалы)
8. Реттелетін аяқтар (2)
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
1.
2.
7.
8.
Бөлік 1:бөлік: Алдын-ала жууға арналған
жуғыш зат (ұнтақ)
3.
2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс
мөлшерлеу үшін алынбалы пластикалық А
4.
бөлігін қолданған жөн.
Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті B
5.
ұясына қойыңыз.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер
6.
және т.б.)
! Кондиционер «MAX» деңгейінен аспауы тиіс.
Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан асатын
температураларда жуу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
Page 2
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада көрсетілген
мән — затты жууға ұсынылған максималды температура.
Даққа қарсы
Бұл бағдарлама 1 төзімді түстері бар қатты ластанған киімдер үшін
қолайлы. Ол стандартты сыныптан жоғары жуу сыныбын қамтамасыз етеді
(А деңгейі). Бағдарламаны іске қосқан кезде түстері әртүрлі киімдерді
араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты қолданған абзал. Кетпей қоятын
дақтар бар болса арнайы қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.
Ақ киімдер
бұл циклды ақ киімдерді жуу үшін 2 қолданыңыз. Бағдарлама ақ
киімдердің ашықтығын сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
Алдын ала жууы бар мақта циклы
Өте кір ақ маталар үшін.
Ақ мақта заттар 60°C - 40°C
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 40°C және 60°C-та
бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты цикл, сондай-ақ
ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері тұрғысынан ең тиімді цикл.
Синтетика
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил, вискоза, т.б.)
немесе аралас синтетикалық-мақта-мата талшықтарынан жасалған,
орташа кірленген заттарды жууға жарамды.
Антиаллергиялық
Тозаң, кенелер және мысық не ит жүні сияқты негізгі аллергендерді
жоюға жарамды.
Сәби циклы
Бұл жуу циклын сәбилердің нәзік терісі аллергиялық реакция бермеуі
үшін жаялықтардан барлық жуғыш зат қалдықтары шығарылатынын
қамтамасыз ете отырып, сәбилердің киімінде әдетте болатын ластануды
жою үшін қолданылады. Цикл 8 суды көбірек мөлшерде қолдану және
жуғыш затқа қосылған арнайы зарарсыздандырғыш қоспалардың әсерін
оңтайландыру арқылы бактериялар мөлшерін азайту үшін жасалған.
Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:
«Жүн» жуу циклі киім жапсырмасындағы нұсқаулар
және осы кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын
орындау шарты сақталған жағдайда, The Woolmark
Company тарапынан «қолмен жуылатын» деп
белгіленген жүн киімдерін жууға расталған.
Нәзік киімдер
Асыл тас немесе жарқылдақтар тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін
бағдарламасын қолданыңыз.
Жібек киімдерді және перделерді жуу үшін циклды таңдап, “Деликатная”
(Нәзік) тәртібіндегі 10 қосымша қызметін іске қосыңыз .
Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қарату және кіші заттарды
арнайы нәзік киімдерді жууға арналған сөмкеге салу жөн. Ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Аралас 60’
Қалыпты кірленген заттарды аз уақытта жууға арналған. Жүннен
немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер
үшін жарамайды.
Эко циклдар:
Эко циклдар суды жылытуды қажет етпей қуат үнемдеуді қамтамасыз
етеді, ал бұл ток шоттарыңызға және қоршаған ортаға пайдалы
болады. Бұл инновациялық Эко бағдарламаларын (Мақта 12,
Синтетика 13, Аралас 30' 14) әртүрлі маталар мен киімдердің
әртүрлі мөлшеріне қолдануға болады; олар тіпті төмен
температурада жақсы тазалауға кепілдік беруге арналған және
оларды аздан орташа деңгейге дейін кірленген заттарға пайдалануға
болады. Эко циклдар қарқынды жуу әрекеттерінің, суды үнемдеудің
арқасында ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді және стандартты
циклдың орташа уақытында орындалады. Эко циклдармен ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты қолданған абзал.
Шаю
Шаю және сығуға арналған.
Сығу + Aғызу
Сығуға және суды ағызуға арналған.
ДИСПЛЕЙ
Дисплей кір жуғыш машинаны бағдарламалаған кезде пайдалы
болады және ол өте көп ақпарат береді.
B
A
C
A бөлімінде қолдануға болатын әр түрлі жуу циклдерінің ұзақтығы
және цикл басталғаннан кейін, оның аяқталуына дейін қалған
уақытты көрсетеді (дисплей таңдалған циклдің максималды
ұзақтығын көрсетеді, іс жүзіндегі ұзақтық кір жүктемесіне және
таңдалған параметрлерге байланысты болатындықтан сол ұзақтық
бірнеше минуттан кейін азаюы мүмкін); КЕШІКТІРІП БАСТАУ
функциясы орнатылған болса, дисплей таңдалған жуу циклінің
басталуына дейін қалған уақытты көрсетеді.
Тиісті түймені басу арқылы орнатылған жуу циклі барысында
құрылғыда қолданылатын ең жоғары сығу жылдамдығы мен
температура мәндерін немесе орнатылған жуу циклімен үйлесімді
болса, ең соңғы таңдалған мәндерді көруге болады.
Таңдалған циклге қатысты «жуу кезеңдері» және орындалып жатқан
циклдің «жуу кезеңі» B бөлімінде көрсетіледі:
Негізгі жуу
Шаю
Сығу
Ағызу
C бөлімінде сол жақтан атап өткенде «температура», «сығу» және
«кешіктіріп бастау» параметрлеріне сәйкес келетін белгішелер
көрсетіледі.
«Температура» жолақтары таңдалған цикл үшін таңдауға
болатын ең жоғары температура деңгейін көрсетеді.
«Сығу» жолақтары таңдалған цикл үшін таңдауға болатын ең
жоғары сығу жылдамдығын көрсетеді.
Жанып тұрған кезде, «Кешіктіру» таңбасы таңдалған «Кешіктіріп
бастау» мәні дисплейде көрсетілгенін білдіреді.
Құлыптаулы есік индикаторы
Жанып тұрған кезде, таңба есіктің құлыптаулы екенін білдіреді. Кез
келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның
сөнгенін күтіңіз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін басыңыз ; таңбасы өшсе, демек есікті ашуға
болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, «Өзін-өзі тазалау» циклін орнатып, кірлерді салмай-ақ, жуғыш
затпен жуу циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды
орындау арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз; БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
функциясына сәйкес келетін индикатор шамы жасыл түспен баяу
жыпылықтайды.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді
салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ» тарауында
айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- Таңдалған циклдің ең жоғарғы температурасы мен сығу
жылдамдығының мәндерін немесе таңдалған циклмен үйлесімді
болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді құрылғы автоматты
түрде көрсетеді. түймесі басылса, температура салқын сумен жуу
циклінің «OFF» параметріне дейін біртіндеп төмендейді. түймесі
басылса, сығу жылдамдығы толығымен өшкен күйге («OFF»
параметрі) дейін біртіндеп азаяды. Түймелер тағы басылса,
таңдалған циклдің рұқсат етілген максималды мәндері қалпына
келеді.
- Қажетті жуу циклын таңдаңыз.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басыңыз; тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір
қалыпты жанып, есік құлыпталады (таңбасы жанып тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін таңбасы есік ашылмайтынын білдіру
үшін жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік құлыпталып
тұрады. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін, мысалы, тағы
зат салу немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басып, циклді тоқтатып қойыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға
болады. Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайтадан басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті
индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін қажетті
циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЖУУ ЦИКЛІ АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ
Мұны дисплейдегі «END» сөзі білдіреді; таңбасы өшкеннен кейін
есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны
Page 3
өшіріңіз. Егер ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін баспасыңыз, жуғыш машина
жарты сағаттың ішінде автоматты түрде сөнеді.
ОПЦИЯЛАР
- Таңдалған опция орнатылған жуу циклімен үйлесімді болмаса,
индикатор шамы жыпылықтайды және опция қосылмайды.
- Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциямен үйлесімді
болмаса, таңдалған бірінші функцияға сәйкес келетін индикатор
шамы жыпылықтайды және тек екінші опция қосылады; қосылған
опцияға сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.
Қосымша шаю
Осы опцияны таңдау арқасында шаю тиімділігін арттырып, жуғыш
затты толығымен кетіруге мүмкіндік беріледі. Ол әсіресе сезімтал
тері үшін пайдалы
Жылдам жуу
Бұл опция таңдалса, жуу циклының мерзімі таңдалған циклға
байланысты 50%-ға дейін азаяды, солайша бір уақытта су мен қуат
үнемделеді. Бұл циклды аз кірленген киімдер үшін қолданыңыз.
Кешіктіріп бастау
Таңдалған циклге кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті кешіктіру
мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл
опция қосылғанда, дисплейде таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау
функциясын алып тастау үшін дисплейде «ӨШІРУЛІ» сөзі
көрсетілгенше түймені басыңыз.
Температура
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген температурасы бар.
Температураны өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән дисплейде
көрсетіледі.
Сығу
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген сығу жылдамдығы бар. Сығу
жылдамдығын өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән дисплейде көрсетіледі.
Жуу тәртібі
түймесі маталардың ластану дәрежесі мен жуу циклының қажетті
қарқындығына қарай жууды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жуу
бағдарламасын таңдаңыз: цикл автоматты түрде «Hормальная»
(Қалыпты) тәртібіне қойылады, себебі ол ластану дәрежесі
орташа киімдерге оңтайландырылған (бұл параметр «Жүн» циклы
үшін қолданылмайды, ол автоматты түрде “Деликатная” (Нәзік)
тәртібіне қойылады). Қатты ластанған киімдер үшін түймесін
“Интенсивная” (Қарқынды) тәртібі шыққанша басыңыз. Циклдың
бастапқы кезеңінде судың көп мөлшері қолданылатындықтан және
барабан тез айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі жоғары жууды
қамтамасыз етеді. Ол қиын кетірілетін дақтарды тазарту үшін
қолайлы.
Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды нәзік түрде өңдеу
қажет болса, түймесін Деликатная” (Нәзік) дәрежесіне жеткенше
басыңыз. Нәзік киімдер үшін керемет нәтижеге қол жеткізуді
қамтамасыз ету үшін циклда барабан баяу айналады.
ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ
Басқару тақтасының құлпын қосу үшін түймесін шамамен 2
секунд басып тұрыңыз. таңбасы жанған кезде, басқару тақтасы
құлыпталады (ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қоспағанда). Мұның
арқасында, әсіресе үйде балалар болғанда, жуу циклдерін
байқаусызда өзгертуге жол берілмейді. Басқару тақтасының құлпын
өшіру үшін түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және электр тогын жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен
тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды
қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Өзін-өзі тазалау»
циклі бар; оны орындаған кезде, барабанға ештеңе салмау керек.
Бұл циклді оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны тазалау
мақсатымен жуғыш затты (аз ластанған киімдер үшін берілген
мөлшердің 10%) немесе арнайы қосымша заттарды пайдалануға
болады. Тазалау циклін 40 жуу циклінен кейін бір рет іске қосқан абзал.
Циклді бастау үшін және түймелерін бір уақытта 5 секунд
басып тұрыңыз.
Цикл автоматты түрде басталады және шамамен 70 минутта
орындалады. Циклді тоқтату үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасын тазалау
Көтеріп, сыртқа тарту арқылы диспенсер тартпасын шығарыңыз. Оны
су ағыны астында жуыңыз; бұл процедураны жүйелі түрде қайталап
тұру керек.
Есікке және барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан
ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. панельдің ортаңғы жағы мен бүйірлеріне бұрауышты кіргізіп, оны
иінтірек ретінде қолдану арқылы қақпақ панелін шығарып алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына
түскеніне көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол
шытынаған немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері
орындалған кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде
жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
ЖҮКТІ ТЕҢЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс
дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан
жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс
теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін
жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы
жағына бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп,
кептіргішті салу және шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш
зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю
түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз.
Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде
зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта
орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған тасымалдау
болттарын шешіп алу процедурасын керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым
келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге
бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы)
тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға
механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Page 4
Техникалық деректері
ҮлгіFLE G819
ені 59,5 см
Өлшемдері
Сыйымдылығы1 - 8 кг
биіктігі 85 см
тереңдігі 47,5 см
Электр
қосылымдары
Су қосылымдары
Айналдыру
жылдамдығы
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына стандартқа
сәйкес: EN 60456
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 54 литр
1000 айналым/мин мәніне дейін
4 бағдарламасы; температура
60°C; 8 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC - 2014/30/EU (Электр
магниттік үйлесімділік)
- LVD - 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)
- TC 004/2011, TC 020/2011
Page 5
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет көрсету» тарауын
қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып, ақаулық оңай жөнделмейтініне көз жеткізіңіз.
Әдеттен тыс жағдайларЫқтимал себептері / шешімі
Кір жуғыш машина
қосылмайды.
Жуу циклі басталмайды.
Кір жуғыш машинаға
су толтырылмайды
(дисплейде «H2O» таңбасы
көрсетіледі).
Кір жуғыш машина суды
толтырып, оны ағызып
тұра береді.
Кір жуғыш машина суды
ағызбайды не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу
циклі барысында көп
дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су
ағады.
«Опциялар» және
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамдары
жылдам жыпылықтайды
және дисплейде қате коды
көрсетіледі (мысалы: F-01,
F-...).
Тым көп көбік болады.
Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Үйде ток жоқ.
Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Су шүмегі ашылмаған.
Бастау уақыты үшін кешіктіріп бастау уақыты орнатылған.
Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
Түтік майыстырылған.
Су шүмегі ашылмаған.
Үйде су жоқ.
Қысым тым төмен.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Ағызу түтігі еденнен 65–100 см биіктікте орналастырылмаған.
Түтіктің бос шеті суға батып тұр.
Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де, Техникалық
көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды
қайта тартуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның салдарынан кір жуғыш машина суға толып,
оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде су тартуға жол бермейтін арнайы клапандар бар, олар бұл
проблеманы шешуге көмектеседі.
Циклде ағызу кезеңі жоқ: кейбір циклдерде оны қолмен қосу керек.
Ағызу түтігі майысқан.
Ағызу түтігі бітелген.
Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған.
Кір жуғыш машина түзу қойылмаған.
Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған.
Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасына бірдеңе кедергі жасап тұр.
Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген.
Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен жууға
және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
Тым көп жуғыш зат қолданылған.
DEMO MODE: Бұл мүмкіндікті өшіру үшін, құрылғыны өшіріңіз. “БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ" түймешігін басып ұстап тұрып, сондайақ, 5 секунд үшін “ҚОСУ/ӨШІРУ" басыңыз және екі 2 секунд басылса, оларды ұстап.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫН, ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫН, ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
ПАРАҒЫН және ҚУАТ ДЕРЕКТЕРІН келесі жолдармен жүктеп алуға болады:
xxxx
xxxxxxxxxxxx
• Мына вебсайтқа кіру: http://docs.hotpoint.eu
• QR кодын қолдану.
• Немесе біздің Техникалық көмек көрсету қызметімізге хабарласыңыз (телефон нөмірі кепілдік
кітапшасында көрсетілген). Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласқан кезде, есіктің ішіне
жабыстырылған жапсырмада көрсетілген кодтарды айтып беріңіз.
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.