HOTPOINT ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА АЛҒЫС
БІЛДІРЕМІЗ.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны
www.hotpoint.eu/register сайтында тіркеңіз
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқыңыз.
Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды
босату туралы толық нұсқаулар алу үшін Орнату нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
2. ОПЦИЯ түймесі
3. АНТИАЛЛЕРГИЯЛЫҚ ШАЮ
түймесі
4. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ ТҮРІ түймесі
5. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі
және индикатор шамы
6. БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ
түймесі
7. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі
8. СЫҒУ түймесі
9. ТЕМПЕРАТУРА түймесі
10. ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАЛАУ түймесі
11. ЖУУ ЦИКЛІН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Максималды жүктеме — 7 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат тұтыну мөлшері: 8 Вт
Жуу циклі
1Да
2Да
3Ма
ққа қарсы40°C
қтарды жылдам кетіру40°C - 40°C12003.5–
қта40°C - 90°C12007.0
4Синтетика40°C
5Микс 30’30°C
Түстерге күтім көрсету (әдепкі) =>
6
Түрлі-түсті киімдер
7Нәзік киімдер30°C
8
9Эко ма
10Ма
Жүн
қта (1-2)60°C
қта 20°C20°C - 20°C12007.0–
11Сәби циклы40°C
12Антиаллергиялы
қ60°C - 60°C12004.0–
13Жібек / Перделер30°C
14Пуховые к
өрпелер30°C - 30°C10002.0–
Температура
ӘдепкіАуқым
- 40°C12004.0
- 60°C10003.5
- 30°C8003.0–
40°C - 40°C12004.0–
- 30°C
40°C - 40°C8001.5–
60°C12007.0–
40°C12007.0–
- 40°C10004.0
- 30°C
Шаю + Сығу––12007.0––
Сығу + Ағызу *––12007.0–––––
Қажетті мөлшерлеме Қосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген қосымша
опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Максималды
айналу
жылдамдығы
(айналым)
--
--
Максималды
жүктеме (кг)
1.0–
1.0–
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 9 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз.
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 9 жуу циклын 40°C температурасымен таңдаңыз.
* циклін таңдап, сығу циклін алып тастасаңыз, кір жуғыш машина тек суды ағызады.
1
11
Ұзақтығы
(минут)
Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
2
ДИСПЛЕЙ
10
9
Жуғыш заттар мен
қосындылар
Алдынала жуу
Жуу Кондиционер
123
3
24
8
7
5
6
Ұсынылған жуғыш
Ұнтақ Сұйықтық
–
–
–
–
–
–
–
–
–
–
––
KZ
зат
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1. Үсті
2. Жуғыш зат тартпасы
3. Басқару тақтасы
4. Тұтқа
5. Есік
6. Ағызу сорғысы (ернеулік артында)
7. Ернеулік (алынбалы)
8. Реттелетін аяқтар (2)
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
1.
2.
7.
8.
1-бөлік:Алдын-ала жууға арналған
3.
жуғыш зат (ұнтақ).
2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс
мөлшерлеу үшін алынбалы пластикалық А
4.
бөлігін қолданған жөн.
Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті B
5.
ұясына қойыңыз.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер
6.
және т.б.)
Кондиционер «MAX» деңгейінен аспауы тиіс.
! Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан асатын
температураларда жуу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада көрсетілген
мән — затты жууға ұсынылған максималды температура.
Даққа қарсы
Бұл бағдарлама 1 төзімді түстері бар қатты ластанған
киімдер үшін қолайлы. Ол стандартты сыныптан жоғары жуу
сыныбын қамтамасыз етеді (А сыныбы). Бағдарламаны іске қосқан
кезде түстері әртүрлі киімдерді араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты
қолданған абзал. Кетпей қоятын дақтар бар болса арнайы қосымша
заттармен алдын ала өңдеген жөн.
Дақтарды жылдам кетіру
бұл бағдарлама сағатта кетпей қоятын күнделікті дақтарды жуып
кетіруге қолайлы. Ол жуу барысында киімдерге күтім көрсетеді,
сондықтан аралас маталар мен түрлі-түсті киімдер үшін қолайлы.
Мақта
Төзімді зығырдан және мақта-матадан жасалған, қатты кірленген
орамал, іш киім, асжаулық, т.б. заттарды жууға жарамды.
Синтетика
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил, вискоза,
т.б.) немесе аралас синтетикалық-мақта-мата талшықтарынан
жасалған, орташа кірленген заттарды жууға жарамды.
Микс 30’
Аздап кірленген заттарды аз уақытта жууға арналған. Жүннен немесе
жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер үшін
жарамайды.
Түстерге күтім көрсету
Осы цикл орнатылып, "Түстерге күтім көрсету" функциясы таңдалса,
түс қарқындылығын және ақ түстің жарықтығын оңтайлы түрде
сақтауға арналған 3 жуу циклінің бірін таңдау мүмкін болады.
Нәзік киімдер
Өте нәзік киімдерді жууға жарамды. Жумас бұрын киімдердің ішін
сыртқа қаратқан жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нәзік
киімдермен сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:
«Жүн» жуу циклі киім жапсырмасындағы нұсқаулар
және осы кір жуғыш машина өндірушісінің
нұсқауларын орындау шарты сақталған жағдайда, The
Woolmark Company тарапынан «қолмен жуылатын»
деп белгіленген жүн киімдерін жууға расталған.
(M1253)
Эко мақта
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 40°C және
60°C-та бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты
цикл, сондай-ақ ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері
тұрғысынан ең тиімді цикл.
Мақта 20°C
циклы қатты кірленген мақта жүктемелеріне тамаша қолайлы. 40°-та
жууға салыстыруға болатын төмен температураларда қол жеткізілетін
тиімді өнімділік деңгейлері ауыспалы жылдамдықта қайталанбалы әрі жиі
жоғары жүктемемен орындалатын механикалық әрекеттермен
қамтамасыз етіледі.
Сәби циклы
Бұл жуу циклын сәбилердің нәзік терісі аллергиялық реакция бермеуі
үшін жаялықтардан барлық жуғыш зат қалдықтары шығарылатынын
қамтамасыз ете отырып, сәбилердің киімінде әдетте болатын
ластануды жою үшін қолданылады. Цикл 11 суды көбірек мөлшерде
қолдану және жуғыш затқа қосылған арнайы зарарсыздандырғыш
қоспалардың әсерін оңтайландыру арқылы бактериялар мөлшерін
азайту үшін жасалған
Антиаллергиялық
Тозаң, кенелер және мысық не ит жүні сияқты негізгі аллергендерді
жоюға жарамды.
Жібек
Жібектен жасалған киімдерді жууға арналған. Нәзік киімдерді жууға
арналған арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер
Перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе тор сөмкеге салған жөн.
Пуховые көрпелер
Қаз мамығы салынған заттарды (салмағы 2 кг-нан аспауы керек),
мысалы кеудешелер немесе жастықтар.
Шаю + Сығу
Шаю және сығуға арналған.
Сығу + Aғызу
Сығуға және суды ағызуға арналған.
ДИСПЛЕЙ
Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп
ақпарат береді.
C
G
LM
I
F
C
XZ
A
C
H
B
Y
E
D
A аймағында мыналар көрсетіледі: белгіше мен таңдалған жуу циклі,
жуу кезеңдері мен жуу циклінің аяқталуына дейін қалған уақыт. B
аймағында ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ ТҮРІ опциясына байланысты екі
қарқындылық деңгейі болады. Қолдануға болатын функциялардың
тиісті индикатор шамдары C аймағында көрсетіледі. КЕШІКТІРІП
БАСТАУ функциясы орнатылған болса, D аймағында таңдалған
циклдің басталуына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
E аймағында орнатылған циклге байланысты қолдануға болатын
максималды сығу жылдамдығы көрсетіледі; циклде сығу жылдамдығының
параметрі болмаса, аймақта күңгірт «--» таңбасы көрсетіледі.
F аймағында орнатылған циклге байланысты таңдауға болатын
температура мәні көрсетіледі.
Циклде температура параметрі болмаса, аймақта күңгірт «--»
таңбасы көрсетіледі.
! Құрылғы алғаш рет қосылғанда, сізден тілді таңдау сұралады және
тілді таңдау мәзірі автоматты түрде көрсетіледі.
Қажетті тілді таңдау үшін X және Y түймелерін басыңыз; таңдауды
растау үшін Z түймесін басыңыз.
Тілді өзгерту үшін құрылғыны өшіріп, G, H және I түймелерін сигнал
естілгенше бір уақытта басып тұрыңыз: тілді таңдау мәзірі қайтадан
көрсетіледі.
! Әдепкі мәні бойынша ең жоғарғы мәнге орнатылатын дисплей
жарықтығын өзгерту үшін, құрылғыны өшіріп, сигнал берілгенше G, L
және M түймелерін бір уақытта басып тұрыңыз.
Қажетті жарықтық деңгейін таңдау үшін X және Y түймелерін
басыңыз, одан кейін Z түймесін басып растаңыз.
! Жуу циклінің барысында немесе «КЕШІКТІРІП БАСТАУ» опциясы
қосылған жағдайда, пайдаланушы дисплейді 1 минуттан астам уақыт
қолданбаса, ЭКРАН ҚОРҒАУЫШЫ қосылады. Алдыңғы терезеге
оралу үшін, кез келген түймені бассаңыз болғаны.
Құлыптаулы есік индикаторы
Жанып тұрған кезде, таңба есіктің құлыптаулы екенін білдіреді. Кез
келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның
сөнгенін күтіңіз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз ; таңбасы өшсе,
демек есікті ашуға болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, «Өзін-өзі тазалау» циклін орнатып, кірлерді салмай-ақ, жуғыш
затпен жуу циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды
орындау арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз; дисплейде «HOTPOINT» жазуы
көрсетіледі; БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесіне сәйкес келетін
индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтайды.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ДИСПЕНСЕРІНІҢ
ТАРТПАСЫ» тарауында айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- Қажетті жуу циклін таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛІН таңдау тұтқасын
қолданыңыз: дисплейде циклдің атауы көрсетіледі; циклдің өзгертуге
болатын белгілі бір температурасы мен сығу жылдамдығы болады.
Дисплейде циклдің ұзақтығы көрсетіледі.
- Температураны және/немесе сығу жылдамдығын өзгерту: құрылғы
таңдалған жуу циклі үшін орнатылған ең жоғары температура мен сығу
жылдамдығын автоматты түрде таңдайды; сондықтан бұл мәндерді
арттыру мүмкін емес. түймесі басылса, температура салқын сумен
жуу параметріне дейін біртіндеп төмендейді (дисплейде «--» таңбасы
көрсетіледі). түймесі басылса, сығу жылдамдығы толығымен өшкен
күйге дейін біртіндеп азаяды (дисплейде «--» таңбасы көрсетіледі).
Түймелер тағы басылса, таңдалған циклдің рұқсат етілген максималды
мәндері қалпына келеді.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басыңыз; тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір
қалыпты жанып, есік құлыпталады (таңбасы жанып тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті
индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін қажетті
циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЖУУ ЦИКЛІ АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ
Мұны дисплейдегі "END OF CYCLE" (ЦИКЛДІҢ СОҢЫ) сөзі білдіреді;
таңбасы өшкеннен кейін есікті ашуға болады. Есікті ашып,
кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз. Егер ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін баспасыңыз, жуғыш машина жарты сағаттың ішінде
автоматты түрде сөнеді.
ОПЦИЯЛАР
- Таңдалған функция орнатылған жуу циклімен үйлесімді болмаса,
тиісті индикатор шамы күңгірт болып жанады; оған қоса үйлесімді
емес екенін білдіру үшін сигнал беріліп (3 рет), дисплейде «No Selection» (Таңдау мүмкін емес) жазуы көрсетіледі.
- Таңдалған функция бұрын орнатылған басқа функциямен
үйлесімді болмаса, дисплейде «No Selection» (Таңдау мүмкін
емес) жазуы көрсетіледі, ал функция қосылмайды.
Жылдам жуу (Time Saver)
Осы опцияны таңдау арқасында таңдалған циклге байланысты жуу
циклінің ұзақтығын 50%-ға дейін азайтуға, осылайша су мен қуаттың
үнемделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі. Бұл циклді аз
кірленген киімдер үшін қолданыңыз.
Түстерге күтім көрсету (Colour Care)
6-цикл орнатылып, осы опция таңдалса, түс қарқындылығын және ақ
түстің жарықтығын оңтайлы түрде сақтауға арналған 3 жуу циклінің
бірін таңдау мүмкін болады:
Түрлі-түсті киімдер: ашық түсті киімдерді жууға арналған. Осы жуу
циклі түстердің жарықтығын ұзақ сақтау үшін арналған.
Қою түсті киімдер: осы жуу циклі қою түстерді ұзақ сақтау үшін
арналған. Қою түсті киімдерді жуған кезде, ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін сұйық жуғыш заттарды қолданған жөн.
Ақ түсті киімдер: осы жуу циклі ақ түсті киімдердің жарықтығын ұзақ
сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ұнтақ
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Алдын-ала жуу
Бұл функция таңдалса, алдын ала жуу циклы іске қосылады; ол
кетпей қоятын дақтарды кетіру үшін пайдалы.
Ескертпе: Жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
Кешіктіріп бастау (Delay Timer)
Таңдалған циклге кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті кешіктіру
мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын алып тастау үшін дисплейде «-- h»
жазуы көрсетілгенше түймені басыңыз.
Температура
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген температурасы бар.
Температураны өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән дисплейде
көрсетіледі.
Сығу
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген сығу жылдамдығы
бар. Сығу жылдамдығын өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән
дисплейде көрсетіледі.
Антиаллергиялық Шаю
Бұл опция сезімтал теріні қорғау үшін қажетті шаю түрін таңдауға
мүмкіндік береді. «Extra +1» дәрежесін таңдау үшін түймені бір рет
басыңыз, ол стандартты циклдің шаюына қоса қосымша шаюды
таңдауға және жуғыш заттың барлық қалдықтарын жоюға мүмкіндік
береді. «Extra +2» дәрежесін таңдау үшін түймені тағы бір рет басыңыз,
ол стандартты циклдің шаюына қоса қосымша екі рет шаюды таңдауға
мүмкіндік береді; бұл циклді теріңіз өте сезімтал болғанда қолданған
жөн. Түйме үшінші рет басылған кезде, «Extra +3» деңгейі орнатылады,
ол стандартты циклдің шаюына қоса 3 рет қосымша шаюды таңдауға
мүмкіндік береді. 40 °С температурасындағы циклдер іске қосқан
кезде, бұл опция тозаң және мысық не ит қылдары сияқты негізгі
аллергендерді кетіруге мүмкіндік береді. Температурасы 40 °С-тан
асатын циклдер қолданылғанда, аллергия қарсы қорғаудың керемет
деңгейі қамтамасыз етіледі. "Normal Rinse" (Қалыпты Шаю) режиміне
оралу үшін түймені қайтадан басыңыз. Ағымдағы режимді орнату
немесе өзгерту мүмкін болмаса, дисплейде «No Selection» (Таңдау
мүмкін емес) немесе "Not Change" (Өзгерту мүмкін емес) жазуы
көрсетіледі.
Жуу Циклының Түрі
түймесі маталардың ластану дәрежесі мен жуу циклының қажетті
қарқындығына қарай жууды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Қатты ластанған киімдер үшін түймесін “Intensive wash”
(Қарқынды) тәртібі шыққанша басыңыз. Циклдың бастапқы кезеңінде
судың көп мөлшері қолданылатындықтан және барабан тез
айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі жоғары жууды қамтамасыз
етеді. Ол қиын кетірілетін дақтарды тазарту үшін қолайлы.
Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды нәзік түрде өңдеу
қажет болса, түймесін “Delicate wash” (Нәзік) дәрежесіне
жеткенше басыңыз. Нәзік киімдер үшін керемет нәтижеге қол
жеткізуді қамтамасыз ету үшін циклда барабан баяу айналады.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ
Басқару тақтасының құлпын қосу үшін түймесін шамамен 2
секунд басып тұрыңыз. Дисплейде «“KEY LOCK ON”» (ТҮЙМЕЛЕР
ҚҰЛПЫ қосылды) жазуы көрсетілген кезде, басқару тақтасы
құлыпталады (ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қоспағанда). Мұның
арқасында, әсіресе үйде балалар болғанда, жуу циклдерін
байқаусызда өзгертуге жол берілмейді.
Басқару тақтасының құлпын өшіру үшін түймесін шамамен 2
секунд басып тұрыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су мен токты өшіру
Әрбір жуу циклінен кейін су шүмегін жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Өзін-өзі тазалау» (Auto
Clean) циклі бар; оны орындаған кезде, барабанға ештеңе салмау керек.
Циклді іске қосу үшін, түймесін 5 секунд басып тұрыңыз, одан
кейін БАСТАУ/ТОҚТАТЫП ҚОЮ түймесін басып, шамамен 70
минут орындалатын циклді бастаңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау және қақ жиналу мен жағымсыз
иістердің пайда болуына жол бермеу үшін пайдаланушыға Өзін-өзі
тазалау циклін іске қосу туралы хабар дисплейде жүйелі түрде
көрсетіледі (шамамен 50 цикл сайын).
Оңтайлы техникалық қызмет көрсету нәтижелеріне қол жеткізу үшін
WPRO қақ және май кетіргішін қаптамадағы нұсқауларға сәйкес
қолдануды ұсынамыз.
Өнімді техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласу немесе www.
hotpoint.eu сайты арқылы сатып алуға болады.
Hotpoint компаниясы нарықтағы басқа кір жуғыш машиналарға
арналған тазалау өнімдерін қолдану салдарынан құрылғыға келген
қандай да бір зақымға жауапты болудан бас тартады.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Көтеріп, сыртқа тарту арқылы диспенсер тартпасын шығарыңыз. Оны
су ағыны астында жуыңыз; бұл процедураны жүйелі түрде қайталап
тұру керек.
Есік пен барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан
ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. панельдің ортаңғы жағы мен бүйірлеріне бұрауышты кіргізіп, оны
иінтірек ретінде қолдану арқылы қақпақ панелін шығарып алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына
түскеніне көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол шытынаған немесе
сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері орындалған кезде
судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы
жағына бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп,
кептіргішті салу және шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш
зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю
түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз.
Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде
зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта
орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған тасымалдау
болттарын шешіп алу процедурасын керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым келмеуі үшін,
тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге бекіту керек. Кір жуғыш
машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез келген жабық көлікпен тік қалыпта
(жұмыс істеген кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде
кір жуғыш машинаға механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Техникалық деректері
Үлгі
Өлшемдері
Сыйымдылығы1 - 7 кг
Электр
қосылымдары
Су қосылымдары
Айналдыру
жылдамдығы
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына стандартқа
сәйкес: EN 60456
BK RD 7239 K
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 43,2 см
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 48 литр
1200 айналым/мин мәніне дейін
9 бағдарламасы; температура
60°C; 7 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC - 2014/30/EU (Электр
магниттік үйлесімділік)
- LVD - 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)
- TC 004/2011, TC 020/2011
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып, ақаулық оңай жөнделмейтініне көз жеткізіңіз.
Әдеттен тыс жағдайларЫқтимал себептері / шешімі
Кір жуғыш машина
қосылмайды.
Жуу циклі басталмайды.
Кір жуғыш машинаға
су толтырылмайды
(дисплейде “NO WATER,
Turn tap on” (СУ ЖОҚ,
СУ ЖЕТКІЗУ ТҮТІГІН
ТЕКСЕРІҢІЗ) мәтіні
көрсетіледі).
Кір жуғыш машина суды
толтырып, оны ағызып
тұра береді.
Кір жуғыш машина суды
ағызбайды не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу
циклі барысында көп
дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су
ағады.
Кір жуғыш машина
құлыпталады және
дисплей жыпылықтап,
қате кодын көрсетеді
(мысалы, F-01, F-...).
Тым көп көбік болады.
Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Үйде ток жоқ.
Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Су шүмегі ашылмаған.
Бастау уақыты үшін кешіктіріп бастау уақыты орнатылған.
Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
Түтік майыстырылған.
Су шүмегі ашылмаған.
Үйде су жоқ.
Қысым тым төмен.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Ағызу түтігі еденнен 65–100 см биіктікте орналастырылмаған.
Түтіктің бос шеті суға батып тұр.
Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де,
Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын
болсаңыз, суды қайта тартуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның салдарынан кір жуғыш
машина суға толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде су тартуға жол бермейтін арнайы
клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Циклде ағызу кезеңі жоқ: кейбір циклдерде оны қолмен қосу керек.
Ағызу түтігі майысқан.
Ағызу түтігі бітелген.
Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған.
Кір жуғыш машина түзу қойылмаған.
Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған.
Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасына бірдеңе кедергі жасап тұр.
Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген.
Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан
қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен
жууға және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
Тым көп жуғыш зат қолданылған.
DEMO MODE: Бұл мүмкіндікті өшіру үшін, құрылғыны өшіріңіз. “БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ" түймешігін басып ұстап тұрып, сондай-
ақ, 5 секунд үшін “ҚОСУ/ӨШІРУ" басыңыз және екі 2 секунд басылса, оларды ұстап.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫН, ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ПАРАҒЫН және ҚУАТ
ДЕРЕКТЕРІН келесі жолдармен жүктеп алуға болады:
xxxx
xxxxxxxxxxxx
• Мына вебсайтқа кіру: http://docs.hotpoint.eu.
• QR кодын қолдану.
• Немесе біздің Техникалық көмек көрсету қызметімізге хабарласыңыз (телефон нөмірі кепілдік
кітапшасында көрсетілген). Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласқан кезде, есіктің ішіне
жабыстырылған жапсырмада көрсетілген кодтарды айтып беріңіз.
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.