HOTPOINT CM 5038 IX H User Manual [kk]

Пайдалану нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ҰСТАНУ КЕРЕК
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулықты сондай-ақ www.hotpoint.eu веб­сайтынан қарауға болады
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек.
8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға орындауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: пайдалану кезінде қол жететін бөлшектері ысып кетуі мүмкін, балаларды жақындатпау керек.
Құрылғыда ыстық су болады. Судың шашырап кетуінен абай болыңыз - күйіп алу қатері бар.
Егер құрылғы бұзылып қалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Құрылғыны өшіріңіз, қуат көзінен ағытыңыз да, Кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
2
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: бұл құрылғы
сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тек тұрмыста қолдануға арналған.
Бұл құрылғы төмендегі сияқты жерлерде қолдануға арналмаған: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде немесе жанында жарылғыш немесе тұтанғыш заттарды (мысалы, бензин немесе бүріккіш сауыттар) сақтауға болмайды
- өрт шығу қатері бар.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек ­жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз.. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Орнатылғаннан кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек ­тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз
- өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату аяқталған соң іске қосыңыз.
Құрылғыны кіріктірілген пештің үстінен орнату үшін міндетті түрде пештің суытқыш желдету жүйесі болуға тиіс.
3
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғыны жалғамас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеудің үйдегі кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе розеткадан жоғары орнатылған көп полюсті қосқыштың көмегімен ол қуат көзінен ажыратыла алатын болуы керек.және ұлттық электр қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Егер қуат сымы бүлінсе, оны дәл сондай сыммен ауыстыру керек - электр тоғы соғу қатері бар.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ: тазалау немесе
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ешқашан да суға салмаңыз.
Асып төгілмес үшін тамшы науасын үнемі босапы отырыңыз - жарақат алу қатері.
Пайдаланып болғаннан кейін әрқашан сүт сауытының ішіндегі түтіктерді тазалаңыз
- уланып қалу қатері. Шайған кезде кофе ағатын
шүмектерден ыстық су шашырайды. Шашыраған судың тиіп кетуінен абай болыңыз - күйіп қалу қатері бар.
4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген (
Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
).
ҮЙ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес қолданыңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрылғы электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012 / 19 / EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген
құжаттамадағы ( тұрмыстық қалдық ретінде тастамай, электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізу керек екендігін көрсетеді.
) белгісі бұл құрылғыны
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны орнатҚан кезде жинаққа кіретін бөлек құрастыру туралы нұсқауларды орындаңыз.
5
Loading...
+ 11 hidden pages