Electrolux IPE 6443 WFV User manual

IPE6443WFV
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 21 UK Варильна поверхня Інструкція 42
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 9
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................11
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 14
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 16
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................16
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................19
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 19
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
ҚАЗАҚ 3
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау керек.
www.electrolux.com4
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ҚАЗАҚ 5

2.1 Орнату

ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Әр құрылғының астыңғы жағында өз желдеткіштері бар.
• Егер құрылғы тартпаның үстіне орнатылса:
– Желдеткішке кіріп кетуі мүмкін
кішкене қағаздарды немесе парақтарды сақтамаңыз, себебі олар салқындатқышқа зақым келтіруі немесе салқындату жүйесін зақымдауы мүмкін.
– Құрылғының астыңғы жағы мен
тартпада сақталған заттардың арасына кемінде 2 см орын қалдырыңыз.
• Құрылғының астыңғы жағында орналасқан кез келген бөлгіш панельді алыңыз.

2.2 Электртоғына қосу

ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
• Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым
www.electrolux.com6
келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
• Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды қолданыңыз: желіні қорғайтын ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
• Электр қондырғысында құрылғыны кез келген ток полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу керек.

2.3 Пайдалану

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және тоқ соғу қаупі бар.
• Алғаш пайдалану алдында барлық орамдарын, жапсырмалары мен қорғағыш таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тек үйде ғана пайдалануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
• Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы іске қосылып тұрған кезде индукциялық пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

2.4 Күту менен тазалау

• Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Техникалық қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 7
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.

2.5 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.

3. ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

3.1 Орнату алдында

Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................

3.2 Кіріктірілген пештер

Кіріктірілген пештерді, аспапты дұрыс қондырылған пештерге және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.

3.3 Қосылым сымы

• Пеш электр қосылымы сымымен жабдықталған.
• Нұқсан келген қуат сымын ауыстыру үшін мына кабель түрін қолданыңыз: H05V2V2-F, 90 °C немесе одан жоғары температураға төзімді. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
min. 50mm
min. 500mm
min. 12min.
60
min. 28
www.electrolux.com8

3.4 Құрастыру

Құрылғы тартпаның үстіне орнатылса, пештің желдеткіші тағам пісіру барысында тартпадағы заттарды жылытуы мүмкін.

4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

180 mm
145 mm
1
1
1 1
2
1 2 3 5 64
10 789

4.1 Пісіруге арналған беттің көрінісі

4.2 Басқару панелінің көрінісі

Индукциялық пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
ҚАЗАҚ 9
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсо рлық өріс
1
2
3
- Қыздыру параметрінің
4
- Пісіру алаңдарының
5
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
6
Функция Түсіндірме
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы
Bridge Функцияны іске қосады және сөндіреді.
бейнебеті
индикаторлары
арналған.
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін орнатылғанын көрсетуге арналған.
арналған.
www.electrolux.com10
Сенсо рлық өріс
7
8
9
10
Функция Түсіндірме
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
/
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
/
PowerBoost Функцияны қосуға арналған.
арналған.

4.3 Қызу параметрінің бейнебеттері

Дисплей Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
- / -
+ сан
Пісіру алаңы жұмыс істейді. Нүкте қыздыру деңгейінің жартысы бойынша өзгеруді білдіреді.
Автоматты түрде қыздыру жұмыс істейді.
PowerBoost жұмыс істейді.
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлып /Бала қауіпсіздігінің құралы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған не мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру жұмыс істейді.

4.4 Қалдық қызу индикаторы

ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар. Индикаторлар қазір пайдаланылып тұрған пісіру алаңдарының қалдық қызуын көрсетеді. Қолданылмай тұрған көршілес орналасқан пісіру алаңдарының да индикаторлары жануы мүмкін.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ҚАЗАҚ 11
Индукциялық пісіру алаңдары тағам пісіру үшін қажет қызуды ыдыстың табанына тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу пештің керамика бетін қыздырады.
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Іске қосу және сөндіру

Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.

5.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция пештің үстін келесі жағдайларда автоматты түрде сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу параметрін орнатпасаңыз,
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.
• пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін қайта қолдану алдында пісіру алаңын салқындатыңыз.
• егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса. белгісі жанып,
пісіру алаңы 2 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Шамалы уақыттан кейін жанады да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт пен қызу параметрінің арасындағы байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті
, 1 - 2
3 - 4 5 сағаттан кейін
5 4 сағаттан кейін
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
мына уақыттан кейін сөнеді:
6 сағаттан кейін

5.3 Қызу параметрі

Қызу параметрі мәнін көбейту үшін белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін алаңын сөндіру үшін және
белгісін бір уақытта басыңыз.
белгісін түртіңіз. Пісіру

5.4 Пісіру алаңдарын пайдалану

Ыдыстарды таңдалған пісіру алаңының тура ортасына қойыңыз. Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне автоматты түрде бейімделеді.
Үлкен ыдысты екі пісіру алаңына қатар қойып бір уақытта пісіруге болады.
www.electrolux.com12
Ыдыстар екі алаңның да ортасын жауып тұруы керек, бірақ белгіленген жерден аспауы керек. Ыдыс екі алаңның ортасында орналасса, Bridge функциясы жұмыс істемейді.

5.5 Bridge

Бұл функция қазан екі аймақтың орталсын жапқанда жұмыс істейді.
Бұл функция екі сол жақ пісіру алаңын өзара қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде жұмыс істейді.
Әуелі сол жақ пісіру алаңдарының біріне қызу параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: түймешігін басыңыз. Қызу параметрін орнату немесе өзгерту үшін басқару сенсорларының бірін түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Пісіру алаңдары дербес жұмыс істейді.

5.6 Автоматты түрде қыздыру

Егер осы функцияны іске қоссаңыз, қысқа уақыт ішінде қажетті қызу параметріне қол жеткізесіз. Бұл функция біраз уақыт қыздыру параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да, содан кейін дұрыс қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Бұл функцияны іске қосу үшін, пісіру алаңы суық болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін қосқыңыз келсе: түймешігін
басыңыз ( жанады). Дереу түймешігін түртіңіз ( жанады). Дұрыс қызу параметрі жанғанша, дереу басыңыз. 3 секундтан кейін
жанады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз.
тетігін

5.7 PowerBoost

Бұл функция индукциялық пісіру алаңдарына көп қуат береді. Функция шекті уақыт аралығында индукциялық пісіру алаңдары үшін ғана іске қосылуы мүмкін. Осы уақыт өткеннен кейін, индукциялық пісіру алаңы автоматты түрде ең үлкен қыздыру параметріне қойылады.
"Техникалық ақпарат" тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін іске қосу: белгішесін басыңыз.
белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін: немесе
түймешігін басыңыз.

5.8 Таймер

Таймерді кері санау
Бұл функцияны қолданып пісіру алаңының бір пісіру циклы кезінде қанша уақыт жұмыс істейтінін көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру параметрін, содан кейін функцияны орнатыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін: түймешігін қажетті пісіру алаңының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
Функцияны іске қосу немесе уақытты өзгерту үшін: таймердің
немесе түймешігін басып уақытты (00 - 99 минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру алаңын
алаңының индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды. Бейнебетте қалған уақыт көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру алаңын арқылы орнатыңыз және
белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00­ге кері санайды. Пісіру алаңының индикаторы сөнеді.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары жұмыс істемей, пеш іске қосылып тұрғанда Минут операторы ретінде қолдануға болады. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі
Функцияны қосу үшін: түймешігін басыңыз. Уақытты орнату үшін
таймердің немесе түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін, содан кейін түймешігін
түртіңіз. Қалған уақыт 00-ге дейін кері саналады
арқылы орнатыңыз. Пісіру
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды. Пісіру алаңы сөндіріледі.
.
Бұл функция пісіру алаңдарының жұмысына еш әсер етпейді.
ҚАЗАҚ 13

5.9 Құлып

Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:
басыңыз. белгішесі 4 секунд жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы функция да сөнеді.
белгішесін

5.10 Бала қауіпсіздігінің құралы

Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз. жанады. Пешті
көмегімен сөндіріңіз. Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз. жанады. Пешті
көмегімен сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана болдырмау үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. жанады. белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті көмегімен сөндірген кезде, функция қайтадан іске қосылады.

5.11 Қуатты басқару

• Пісіру алаңдары пештегі фаза
санымен және орналасқан
www.electrolux.com14
орындарына қарай топтастырылған. Суретке қараңыз.
• Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр жүктемесін көтере алады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының арасындағы қуат мөлшерін бөледі.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының жалпы электр жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске қосылады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған басқа пісіру алаңдарының қуат мөлшерін төмендетеді.
• Қуаты азайған алаңдардың қызу параметрін көрсететін дисплейде

6. АҚЫЛ-КЕҢЕС

екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Ыдыс-аяқ

Индукциялық пісіру алаңдарында, электр­магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда болдырады.
Индукциялық пісіру алаңдарын сай келетін ыдыспен бірге пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен қапталған болат, тоттанбайтын темір, табаны көп қабаттан тұратын ыдыс (өндіруші тарапынан дұрыс таңба салынған).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукция пешіне сай келеді, егер:
• жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру алаңындағы су өте жылдам қайнап кетсе.
• ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс. Пештің үстіне қойылатын ыдыс табанының құрғақ және таза екенін тексеру керек.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін қуаттың тек бір бөлігін ғана қабылдай алады.
"Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз.

6.2 Жұмыс барысындағы шуыл

Егер мынаны естісеңіз:
• сытырлаған дыбыс: ыдыс әр түрлі материалдан жасалған (сэндвич тәсілімен)
• ысылдаған дыбыс: пісіру алаңының қуаты өте жоғары және ыдыс әр түрлі материалдан жасалған (сэндвич тәсілімен)
• ызыңдау: жоғары қуат деңгейін пайдаланып отырсыз.
• сыртылдау: электр желісінің қосылуы.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс істеп тұр.
Шуылдың болуы қалыпты жағдай және бұлар ешбір ақауды білдірмейді.
6.3 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Пісіру алаңының қызу параметрі мен қуатты тұтыну мәні өзара тура
ҚАЗАҚ 15
байланысты емес. Қызу параметрін көбейткен кезде, пісіру алаңы пайдаланатын қуат мәні пропорциональды түрде көбеймейді. Сондықтан орташа қызу параметрін қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу параметрі
- 1
1 - 2. Голланд тұздығы,
1 - 2. Қойылту: шайқалған омлет,
2. - 3. Күріш және сүтке пісірілген
3. - 4. Буға піскен көкөністер,
4. - 5. Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
4. - 5. Көп мөлшердегі тағамдар,
5. - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
Пайдалану: Уақыт
Піскен тағамды жылы ұстаңыз.
балқытылған: сары май, шоколад, желатин.
піскен жұмыртқалар.
тағамдарды баяу қайнату, дайын тағамдарды жылыту.
балық, ет.
бұқтырылған тағамдар мен көже пісіру.
"кордон блё" бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
картоп, қоң ет, бифштекстер.
(мин.)
қажет болған жағдай да
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіру
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе
20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
60 ­150
қажет болған жағдай да
5 - 15 Уақыттың жартысы
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
керек.
көп сұйық қосыңыз, сүт тағамдарын пісірудің ортасына келгенде араластырыңыз.
құйыңыз.
су пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және құраластар.
Уақыттың жартысы өткенде аударыңыз.
өткенде аударыңыз.
www.electrolux.com16
Қызу параметрі
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
Пайдалану: Уақыт
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. PowerBoost қосылады.

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Жалпы ақпарат

• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Әрқашан табаны таза ыдысты пайдаланыңыз.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің бетіне арналған арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.

7.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: еріген пластик, пластик жұқалтыр, қант және қанты
(мин.)
Ақыл-кеңес
бар тағам немесе қоқыстар пештің бетіне зақым келтіруі мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, оны жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің бетін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын кетіріңіз: сірке суы қосылған су ерітіндісін пайдаланып, әйнек бетін шүберекпен тазалаңыз.

8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына қосылған жоқ немесе теріс қосылған.
Пештің электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Қосылым сызбасын қайта қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта­қайта жанып кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Қызу параметрі 10 секунд
қойылмай тұрса.
Пешті қайта іске қосыңыз да, қызу параметрін 10 секундтан аз уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе
одан да көп сенсорлық
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз. өрістерді басып қойғансыз.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Пеш сөнген кезде
Бір немесе бірнеше сенсорлық өріске зат қойылған.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
дыбыстық сигнал естіледі.
Пештің үсті сөнеді.
Қалдық жылу индикаторы жанбай тұр.
Сенсорлық өріске бір зат қойылған.
Алаң ыстық емес, себебі ол аз уақыт ғана қосылып тұрған не сенсордың ақауы бар.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Егер алаң қызу үшін
едәуір ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты түрде қыздыру жұмыс
Алаң ыстық. Алаңды әбден
салқындатып алыңыз.
істемейді.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
функциясының қуатымен
бірдей.
Екі қызу параметрі ауысып көрсетіледі.
Сенсорлық өрістер қызып кетеді.
Қуатты басқару жұмыс істейді.
Тым үлкен ыдыс қолданылған немесе ыдыстар басқару
"Күнделікті қолдану"
тарауын қараңыз.
Мүмкін болса, үлкен
ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз. құралдарына тым жақын қойылған.
ҚАЗАҚ 17
www.electrolux.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
жанады.
жанады.
Ыдыс сай келмейді. Жарамды ыдысты
Ыдыс түбінің диаметрі
және сан жанады.
Үздіксіз сигнал естілуі мүмкін.
Бала қауіпсіздігінің құралы немесе Құлып жұмыс істейді.
Алаңда ешбір ыдыс жоқ. Алаңға ыдыс қойыңыз.
алаң үшін тым кішкене.
Пеште ақау бар. Пешті сөндіріңіз де, қайта
Электр қосылымы дұрыс емес.
"Күнделікті қолдану" тарауын қараңыз.
пайдаланыңыз. "Ақыл­кеңестер және ұсыныстар" тармағын қараңыз.
Өлшемі сай келетін ыдысты пайдаланыңыз. "Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз.
30 секундтан кейін іске қосыңыз. Егер қайта
жанса, пешті тоқ көзінен ағытыңыз. 30 секундтан кейін пешті қайта қосыңыз. Ақаулық жойылмаса уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пешті электр желісінен ажыратыңыз. Білікті электршіге хабарласып, қалай орнатылғанын тексертіңіз.

8.2 Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз...

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны керамиканың үш саннан тұратын нөмірін, (шынының бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет көрсету орталығының технигі немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік кітапшасында берілген.

9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК

9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгісі IPE6443WFV Өнім нөмірі (PNC) 949 492 362 00 Түрі 61 B4A 01 AA 220 - 240 В / 400 В 2N 50 - 60 Гц Индукция 7.35 кВт Румынияда жасалған
Сер.№. ................. 7.35 кВт
ELECTROLUX

9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы

ҚАЗАҚ 19
Пісіру алаңы Номинальды
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ 2300 3200 10 125 - 210
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ 1800 2800 10 145 - 180
Пісіру алаңдарының қуаты кестеде көрсетілген мәндерден сәл ғана өзгеше болуы мүмкін. Бұл мәндер ыдыстың материалы мен өлшемдеріне байланысты өзгереді.
қуат (ең жоғары қызу параметрі) [Вт]
2300 3200 10 125 - 210
1400 2500 4 125 - 145

10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ

10.1 EU 66/2014 стандартына сай берілген өнім туралы
ақпарат тек ЕО нарығы үшін жарамды
Үлгіні идентификаторы IPE6443WFV
Пеш үстінің түрі Кіріктірілген пеш
Пісіру алаңдарының саны
Қыздыру технологиясы Индукция
Дөңгелек пісіру алаңдарының диаметрі (Ø)
PowerBoost [Вт]
4
Алдыңғы сол жақ Артқы сол жақ Алдыңғы оң жақ Артқы оң жақ
PowerBoost ең көп ұзақтық [мин]
Жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін диаметрі кестеде көрсетілгеннен үлкен емес ыдысты қолданыңыз.
Ыдыстың диаметрі [мм]
21,0 см 21,0 см 14,5 см 18,0 см
www.electrolux.com20
Әр пісіру алаңының пайдаланатын қуат мөлшері (EC electric cooking)
Пештің пайдаланатын қуат мөлшері (EC electric hob)
EN 60350-2 - Тағам пісіретін тұрмыстық электр құрылғылары - 2­бөлім: Пештің үсті - Жұмыс тиімділігін өлшеу тәсілдері
Пісіру аумағының қуат мөлшерінің өлшемдері әр пісіру алаңындағы айқыш арқылы көрсетілген.

10.2 Қуатты үнемдеу

Төмендегі кеңестерді орындасаңыз, күнделікті тағам пісірген кезде қуатты үнемдеуге болады.
Алдыңғы сол жақ Артқы сол жақ Алдыңғы оң жақ Артқы оң жақ
181,5 Вт-сағ / кг
• Суды тек қажетті мөлшерде ғана ысытыңыз.
• Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.
• Пісіру алаңын іске қосу алдында оған ыдыс қойыңыз.
• Шағын ыдысты шағын пісіру алаңдарына қойыңыз.
• Ыдыстарды пісіру алаңының тура ортасына қойыңыз.
• Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
179,3 Вт-сағ / кг 178,4 Вт-сағ / кг 183,2 Вт-сағ / кг 184,9 Вт-сағ / кг
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген, оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне сәйкес келеді. Мысалы, 84512345 сериялық нөмірі өнім 2018 жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105 45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы: OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114, Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-200-3589
Румыния жасалған
Loading...
+ 44 hidden pages