Electrolux GPE373YK User Manual [ru]

GPE373YK
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 21 UK Варильна поверхня Інструкція 41
www.electrolux.com2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 10
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 11
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................12
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 14
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
ҚАЗАҚ 3
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
www.electrolux.com4
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер пеш үстінің шынысы сынып қалса:барлық оттықтарды дереу сөндіріңіз де, электрлі
қыздырғыш элементтердің барлығын оқшаулап, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
құрылғының бетіне қол тигізбеңіз,құрылғыны пайдаланбаңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт
интервалы сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу санатында
көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
Электр сымын төсеген кезде, температурасы
бөлме температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚ 5
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған: BY KZ RU UA
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com6
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
2.3 Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың қысымы) мен құрылғы параметрлерінің сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып әкететін құрылғыға жалғанбаған. Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету талаптарының дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және тоқ соғу қаупі бар.
• Алғаш пайдалану алдында барлық орамдарын, жапсырмалары мен қорғағыш таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
ҚАЗАҚ 7
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Ыдыстардың оттықтың тура ортасына қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек­жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты орнатпаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған кезде қызу және ылғал бөлінеді. Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған кезде қосымша желдету қажет болуы, мысалы, терезені ашу немесе барынша тиімді желдету тәсілін пайдалану қажет болуы мүмкін, егер механикалық тартқыш бар болса, оның қарқынын арттыруға болады.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
• Сірке суы, лимон шырыны немесе әк дағын кетіретін құралдар тәрізді қышқыл заттарды пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із қалады.
• Құрылғының эмаль қаптамасының немесе тот баспайтын болат бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Басқару панелінің түймелерін, дисклерін немесе тығыздағыштарын алмаңыз. Құрылғының ішіне су кіріп кетіп, зақым келтіруі мүмкін.
• Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
1
4
3
2
www.electrolux.com8
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
2.6 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіруге арналған беттің көрінісі
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
Жартылай жылдам оттық
1
Көп шілтерлі оттық
2
Қосымша оттық
3
Басқару тетіктері
4
3.2 Басқару тетігі
Белгі Сипаттама
газ берілмейді / сөндірулі қалып
жану қалпы / газ барынша көп беріледі
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Белгі Сипаттама
газ барынша аз беріледі
4.1 Оттыққа шолу
$
%
'
&
$
%
'
&
A. Оттық қақпағы B. Оттық шілтері C. От алдырғыш D. Термо құрал
4.2 Оттықты тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалын дұрыс пайдаланылмаса, өндіруші жауапты емес.
ҚАЗАҚ 9
2. Басқару тетігін басып, 10 секунд
немесе одан аз уақыт ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ беріліміне кедергі келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Басқару тетігін 15 секундтан артық басып тұрмаңыз. Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр қуаты болмаған кезде оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады; мұндай жағдайда оттыққа жалынды жақындатып, басқару тетігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, газды ең көп шығару қалпына бұраңыз да, басыңыз. Термоэлемент қызғанша басқару тетігін 10 секунд немесе одан аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
1. Басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары газ берілімі ( ) қалпына бұраңыз.
www.electrolux.com10
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Бұл пеш заманауи клапандармен жабдықталған. Бұлар жалынды барынша нақты реттейді.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
АБАЙЛАҢЫЗ
Шойыннан құйылған табаларды, фарфор не балшықтан жасалған ыдысты, гриль не тостер табақтарын пайдаланбаңыз.
4.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлді орнықты етіп қою және газды мүмкіндігінше аз пайдалану үшін кәстрөлді оттықтың ортасына қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам пісіру барысында шашыраған сұйық, шыныны сындырып жіберуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Бір табаны екі оттыққа қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз не табанына нұқсан келген кәстрөлдерді ішіндегісі төгіліп, адам жарақат алмау үшін қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл табандарының басқару тетігіне тым жақын тұрмағанына көз жеткізіңіз, себебі басқару тетігін жалын ысытып жібереді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл саптарының пісіру алаңының алдыңғы қырының үстінде емес екеніне көз жеткізіңіз.
5.2 Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
5.3 Ыдыстың диаметрі
Оттықтың диаметрлеріне сай келетін ыдыстарды пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
Көп шілтерлі 220 - 260
Жартылай жылдам (артқы сол жақ)
диаметрі (мм)
120 - 240
ҚАЗАҚ 11
Оттық Ыдыстың
Жартылай жылдам (артқы оң жақ)
Жартылай жылдам (алдыңғы сол жақ)
диаметрі (мм)
120 - 240
120 - 220
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Әрқашан табаны таза ыдысты пайдаланыңыз.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің бетіне арналған арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Шынының бетін не оттықтың жиектері мен жақтаудың (бар болса) арасын тазалау үшін пышақтарды, қырғыштарды не ұқсас құралдарды қолданбаңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Қосымша 80 - 180
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін, сондықтан, ыдыс тірегін қолмен жуып, кептірген кезде байқаңыз. Қажет болса, қатып қалған дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың ортасына дәл келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
6.2 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс жуғыш машинада жууға төзімді емес. Оларды қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
6.3 Кәстрөл тіректерін алу
Кәстрөл тіректерін дұрыс орында ұстау үшін олар пештің арт жағында орнатылған темір істіктерге орнатылады. Тазалауға ыңғайлы болу
www.electrolux.com12
үшін ыдыс тағандарын пештің үстінен алып қоюға болады. Ыдыс тағандарын соңғы суретте көрсетілгендей көлденең ұстап, суретте көрсетілгендей алыңыз.
Ыдыс тағанын еңістетіп көтерсеңіз, металл істікшелерге салмақ түседі. Бұл металл істікшелерге зақым келтіріп, сындыруы мүмкін.
Ыдыс тағандарының өлшемдері және оттықтардың саны құрылғының әр үлгісінде әр түрлі болуы мүмкін.
6.4 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты бар тағам немесе қоқыстар пештің бетіне зақым келтіруі мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің бетін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Эмальмен бөліктерін, қақпақшасы мен шілтерін жылы сабыны бар сумен жуып, орнына қайта қояр алдында жақсылап құрғатыңыз.
6.5 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру білтесі мен металл электродтың көмегімен орындалады. Тұтандыру қиынға соқпауы үшін осы құрамдас бөліктерді таза ұстаңыз және оттықтағы шілтер тесіктерінің бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6.6 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер орнатылған болса, қысым реттегіш құралдың қалып-күйін тексеру үшін жергілікті уәкілетті қызмет көрсету орталығына уақытылы хабарласыңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
От алдырғышты қосқан кезде ешбір жарқыл шықпайды.
Сақтандырғыш жанып
Оттықтың қақпағы мен
Жалын тұтатқаннан кейін дереу сөніп қалады.
Жалын шығырығы біркелкі емес.
Пеш электр тоғына қосылған жоқ немесе теріс қосылған.
кеткен.
шілтері дұрыс салынбаған.
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызған жоқ.
Оттықтың шілтерін тағам қалдығы бітеп тастаған.
Пештің электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта­қайта жанып кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Оттықтың қақпағы мен шілтерін дұрыс орнатыңыз.
От жанғаннан кейін тетікті шамамен 10 секунд басып ұстап біркелкі тұрыңыз.
Инжектордың бітеліп қалмағанын және оттық шілтерінің таза екенін тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 13
7.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы деректерді беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік кітапшасында берілген.
MOD.
PROD. NO.
SER.N O
DATA
MOD.
PROD. NO.
SER.N O
DATA
MOD. PROD.NO. SER.NO.
03 IT
MADE IN ITALY
TYPE IP20
0049
A B C
www.electrolux.com14
7.3 Керек-жарақ салынған
қалтадағы жапсырмалар
Жабысқақ жапсырмаларды төменде көрсетілгендей жапсырыңыз:
A. Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті жіберіңіз (егер қажет болса).
B. Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті сақтаңыз (егер қажет болса).
8. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық
нөмірі ...........................
C. Нұсқаулық кітапшасына
жапсырыңыз.
8.2 Газға қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату, жалғау мен жөндеу бойынша төмендегі нұсқауларды нормаларға және жергілікті заң ережелеріне сәйкес білікті техник қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты қосылым сымдарын немесе тот баспайтын болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болcаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Сондай-ақ пешті тұмшапешке абайлап
A B C
орнатыңыз.
Құрылғының газбен жабдықтау қысымының ұсынылған мәндерге сәйкес екеніне көз жеткізіңіз. Реттелетін қосылым бұрандалы G 1/2" сомынының көмегімен ауқымды еңіске бекітіледі. Бөлшектерді салмақ салмай бұраңыз, қосылымды қажетті бағытқа қарай баптап, барлығын қатайтыңыз.
A. Сомыны бар сүмбінің ұшы B. Тығырық Құрылғымен бірге
жеткізілген
C. Бунақты келтеқұбыр Құрылғымен
бірге жеткізілген
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан тығыздағышты орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
• ол бөлме температурасынан жоғары, 30°C-тан асып қызып кете алмаса;
• ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
• ешбір жері жаншылмаса;
• оны тартып не бұрап майыстыруға болмаса;
• ол өткір жиектер мен бұрыштарға жанаспаса;
• оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау үшін төмендегілерді тексеру керек:
ҚАЗАҚ 15
• екі ұшында және ұзына бойында жарылған, кесілген жерлер, күйген белгілері болмауын;
• материал қатқылданбаған, керісінше, серпімділігі дұрыс болуын;
• бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын;
• жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
ЕСКЕРТУ!
Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік фиттингінің жақсылап бекітілгенін тексеріңіз. От емес, сабын ерітіндісін пайдаланыңыз!
8.3 Инжекторды ауыстыру
1. Кәстрөл тірегіштерді алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен
шілтерлерін алыңыз.
3. 7-ші гайка кілтінің көмегімен
инжекторларды алып, оларды қолданып отырған газдың түріне сәйкес келетін инжекторлармен ауыстырыңыз ("Техникалық дерек" тарауын қараңыз).
4. Бөлшектерді құрастыру үшін
процедураларды кері ретпен орындаңыз.
5. Техникалық ақпарат (газбен
жабдықтайтын құбырдың қасында) тақтасын жаңа газға сәйкес келетін тақтамен алмастырыңыз. Бұл тақтаны құрылғымен бірге берілген
жинақтан табуға болады. Берілетін газдың қысымы өзгермелі болса немесе қажет қысымнан өзге болса, құрылғының газбен жабдықтау құбырына тиісті қысым реттегішті орнату керек.
8.4 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Тетікті.
A
www.electrolux.com16
4. Жіңішке бұрандамен орағытпа
бұранданың орнын реттеңіз (сыртқы A).
5. Егер ауыстырсаңыз:
• табиғи G20 13 мбар немесе G20 20 мбар газды сұйылтылған газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шегіне дейін қатайтыңыз.
• егер сұйылтылған газды G20 13 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/2 мөлшеріне дейін (Көп шілтерлі оттықта 1 айналым) босатыңыз.
• егер сұйылтылған газды G20 20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (Көп шілтерлі оттықта 1/2 айналым) босатыңыз.
• егер табиғи G20 13 мбар газды G20 20 табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (Көп шілтерлі оттықта 1/2 айналым) қатайтыңыз.
• егер табиғи G20 20 мбар газды G20 13 табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (Көп шілтерлі оттықта 1/2 айналым) босатыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
8.5 Электртоғына қосу
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен жабдықталған. Оны техникалық ақпарат тақтайшасындағы жүктемені көтере алатын дұрыс ашамен жабдықтау керек. Ашаның сай келетін розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сыммен, адаптермен немесе көп тармақты қосылым арқылы қосқан кезде өрт шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау стандарттар мен ережелерге сай іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
• Қуат сымын 90° C градустан асатын температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы салынған ағытпаға жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қоңыр (немесе қара) фаза сымын "L" таңбасы бар ағытпаға жалғаңыз. Фаза сымын үнемі қосып қойыңыз.
8.6 Қосылым сымы
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек арнайы сымды немесе соның баламасы болатын сымды ғана пайдаланыңыз. Сымның түрі: H03V2V2-FT90.
Сымның қимасының кернеуге және жұмыс температурасына сәйкес екеніне көз жеткізіңіз. Сары/жасыл түсті жерге қосу сымы қоңыр (немесе қара) түсті фазалық сымнан шамамен 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
8.7 Құрастыру
min. 55 mm
min. 650 mm
560 mm
2 0
+
480 mm
2 0
+
min. 150 mm
30 mm
B
A
1.
2.
3.
ҚАЗАҚ 17
5.
6.
A) жинақпен берілген тығыздағыш B) жинақпен берілген қапсырмалар
7.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны беті тегіс
4.
жұмыс үстеліне ғана орнатыңыз.
8.8 Кірістіру жолдары
Пештің астына орнатылатын тақта алуға оңай және техникалық қызмет көрсету қажет болғанда қол жеткізуге оңай болуға тиіс.
min 20 mm (max 150 mm)
30 mm
60 mm
B
A
www.electrolux.com18
Есігі ас үй жиһазы
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
9.1 Пештің өлшемдерi
Ені 740 мм
Тереңдігі 510 мм
9.2 Байпас диаметрлері
ОТТЫҚ Ø БАЙПАС 1/100 мм
Көп шілтерлі 57
Жартылай жылдам 35
Қосымша 28
A. Алынбалы тақта B. Қосылым сымдарына арналған
орын
Тұмшапеш орнатылған ас үй жиһазы
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және тұмшапешті құрылғыдан оңай алу үшін пештің үсті мен тұмшапешті электр желісіне жеке-жеке қосу керек.
9.3 Басқа техникалық деректер
ТОЛЫҚ ҚУАТЫ:
Электрмен жабдықтау:
Құрылғының санаты:
Газға қосу: G 1/2"
Құрылғының сыныбы:
Бастапқы газ:
Газды ауыстыру:
220-240 В ~ 50/60 Гц
II2H3B/P
3
G20 (2H) 13 мбар 10,9 кВт
G30/G31 (3B/P) 30/30 мбар G20 (2H) 20 мбар
745 г/сағ 10,9 кВт
Loading...
+ 42 hidden pages