Electrolux EUT 1040 AOW User Manual [ru]

EUT1040AOW
.................................................. ...............................................
KK МҰЗДАТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU МОРОЗИЛЬНИК ИНСТРУКЦИЯ ПО
НҰСҚАУЛАРЫ
ЭКСПЛУАТАЦИИ
20
2
www.electrolux.com
2
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
• Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
• Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
• Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса: – жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
www.electrolux.com
4
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.
абай болу керек.
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
сәулелерінің астына қоймаңыз.
құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
Назарыңызда болсын! Мұздатылған тағамды жұмыс алаңына қоймаңыз, себебі осы бөліктің ішінде бу мен суықтан конденсат пайда болуы мүмкін. Тамшылаған сұйықтан ақау пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, жұмыс алаңына ешбір мұздатылған зат қоймаңыз.
жерлерге қоймаңыз.
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)
• Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
• Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.
• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
• Құрылғыны тазалар алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
• Құрылғы мұзын жылдам еріту үшін, ешқашан шаш кептіргішті немесе басқа қыздырғыш құрылғыларды қолданбаңыз. Артық қызу құрылғының ішкі пластик бөлшектерін бүлдіруі мүмкін және электр жүйесіне ылғал кіріп, оның бойына ток жүгіруіне себеп болуы мүмкін.
ОРНАТУ
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).
ҚЫЗМЕТ
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
белгішесімен
ҚАЗАҚ 5
www.electrolux.com
6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
4
Басқару панелі
1
Мұздатқыштың тартпалары
2
Тағам сақтайтын тартпалар
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы (ішінде)
4
2
3
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4 5
Жасыл қосу/сөндіру индикаторы
1
Температура тетігінің Қосу/Сөндіру тетігі
2
Жылдам мұздату индикаторының сары
3
шамы Ескерту сигналының тоқтату тетігі және
4
Жылдам мұздату тетігі Ескерту индикаторының қызыл шамы
5
ІСКЕ ҚОСУ
1.
Орнатып болғаннан кейін құрылғыны 4 сағат қойып қойыңыз.
2.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
3.
Температура тетігін сағат тілінің бағытымен бұрап, << - 16 °C >> градустан төмен температураға қойыңыз.
4.
Жасыл Қосу/Сөндіру индикаторы жыпылықтап, ескерту индикаторының қызыл шамы жыпылықтайды.
5.
Жасыл Қосу/Сөндіру индикаторы жанса, құрылғының қосылғанын білдіреді.
6.
Ескерту индикаторының қызыл шамы жыпылықтаса, мұздату бөлігінің температурасы дұрыс емес екенін білдіреді. Сонымен қатар, үзік-үзік сигнал естілуі мүмкін, бұл сигналды Ескерту сигналының тоқтату тетігі мен Жылдам мұздату тетігін бір рет басып тоқтатуға болады.
7.
Мұздатқышты ең алғаш рет іске қосқан кезде, ескерту индикаторының қызыл шамы ішкі температура тағамды қауіпсіз сақтайтын деңгейге жеткенше жыпылықтайды.
ӨШІРУ
1.
Құрылғыны сөндіру үшін температура тетігін "0" қалпына қойыңыз.
2.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
ҚАЗАҚ 7
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Құрылғының ішіндегі температура басқару панелінде орналасқан температура тетігінің көмегімен басқарылады. Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура тетігін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура тетігін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа параметрді таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
• құрылғы орналасқан жер.
ЕСКЕРТУ ИНДИКАТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ ШАМЫ
Қалыпты жұмыс жасау жағдайында мұздатқыштың ішкі температурасы тағамды ұзақ сақтауға көмектеседі. Осы температура белгілі бір деңгейден (-12 °C) асқан кезде құрылғыдан дыбыстық сигнал естіледі және ескерту шамы қосылды. Дыбыстық сигнал үзік-үзік естіліп тұрғанда, индикатордың (ескерту индикаторының қызыл шамы) шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Дыбыстық сигналды Ескерту сигналын тоқтату тетігін бір рет басып тоқтатуға болады.
www.electrolux.com
8
ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ ФУНКЦИЯСЫ
Егер 3-4 кг-нан көп тағамды мұздату қажет болса:
1.
2.
3.
4.
5.
Мұздатқышты ең алғаш рет іске қосқан кезде, ескерту индикаторының қызыл шамы ішкі температура тағамды қауіпсіз сақтайтын деңгейге жеткенше жыпылықтайды.
Жылдам мұздату функциясын жаңа тағамды мұздатқышқа қоярдан 6-24 сағат бұрын қосу үшін Жылдам мұздату тетігін 2-3 секунд басыңыз, сонда Жылдам мұздату индикаторының сары шамы жыпылықтайды. Жаңа қойылған тағамды неғұрлым жылдам мұздату үшін компрессор үздіксіз жұмыс істей бастайды.
Функцияны кез келген уақытта Жылдам мұздату тетігін 2-3 секунд басып ажыратуға болады.
Тағамдарды мұздату бөліктеріне (сызбамен көрсетілген) салыңыз.
Тағам әбден мұздағаннан кейін (ең көбі 24 сағат қажет болуы мүмкін) жылдам мұздату функциясын Жылдам мұздату тетігін 2- 3 секунд басып сөндіріңіз, жылдам мұздату индикаторының сары шамы да сөнеді.
Басқа тағамдарды мұздату үшін мұздатылған тағамды мұздату бөліктерінен алып басқа бөліктерге (тағам сақтайтін бөліктер) салыңыз.
Егер Жылдам мұздату функциясын байқаусызда қосулы қалпы қалса, жылдам мұздату функциясы автоматты түрде 48 сағаттан кейін сөнеді. Жылдам мұздату индикаторының сары шамы қоса сөнеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш бөліктер (сызба арқылы көрсетілген) жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды. Жаңа тағамды мұздату үшін жылдам мұздату функциясын іске қосыңыз. 24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.
ҚАЗАҚ 9
ЖІБІТУ
Қатты мұздатылған немесе мұздатылған тағамды қолданар алдында бөлме температурасында жібітіп алуға болады. Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған бетте тура пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру ұзаққа созылады.
www.electrolux.com
10
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ЕСТІЛЕТІН ШУЫЛ
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
ТОҢАЗЫТЫЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ­КЕҢЕС
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ 11
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
МЕЗГІЛІМЕН ТАЗАЛАП ОТЫРУ
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады. Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚЫРАУЫН ЕРІТУ
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді білдіреді. Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.
МҰЗ ҚАТЫРМАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мұз қабатын тез алу үшін мұздату барысында буландырғыш құралға электрлі жылытқыш көмектеседі. Желдткіш OFF қалпында тұрады. Еріген су компрессордың науасына тамшылайды да, буланады. Мұзды еріту үрдісі кезінде (шамамен 30 минут) буландырғыш жылиды, бірақ ішкі температураға ешбір әсер етпейді. Ауа алмасу нәтижесінде тағамның ылғалдылығы төмендеп кетпес үшін тағамдарды жақсылап орап қойыңыз. Желдеткіш саңылауларды бітемеңіз. Тағамдардың барлығын мұздату бөлігіндегі себеттерге салуды ұсынамыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНБАҒАН КЕЗДЕ
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1.
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
2.
барлық тағамдарды шығарыңыз
3.
құрылғыны және оның керек­жарақтарының барлығын тазалаңыз
4.
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есігін ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
www.electrolux.com
12
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын! Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны розеткадан суырыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
Құрылғы үздіксіз жұмыс жасамайды, сондықтан да, компрессордың тоқтап қалуы электр қуаты өшті дегенді білдірмейді. Сондықтан да, құрылғының электр бөлшектеріне құрылғыны электр желісінен ағытпай тұрып қол тигізуге болмайды.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс)
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді
Есіктер дұрыс жабылмаған
Термостаттың басқару құралы дұрыс қойылмаған
немесе нығыз жабылмайды
Жылырақ температураға қойыңыз
Есіктің дұрыс жабылатынын, тығыздағыштарға зақым келмегенін және таза екенін тексеріңіз
Есік тым жиі ашылған Есікті қажет болмаса ұзақ
ашып қоймаңыз
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде қатар салынған
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз
Тағамды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Қырау, мұз тым көп
Тағамдар дұрыс оралмаған Тағамдарды жақсылап ораңыз
Бөлменің температурасын азайтыңыз
қатқан Есіктер дұрыс жабылмаған
немесе нығыз жабылмайды
Есіктің дұрыс жабылатынын, тығыздағыштарға зақым келмегенін және таза екенін тексеріңіз
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін
Мұздатқыштың іші өте жылы
Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін
Жылырақ температураға қойыңыз
Төменірек температураға қойыңыз
ҚАЗАҚ 13
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Есік әбден жабылмайды
немесе дұрыс жабылмаған
Есіктің дұрыс жабылатынын, тығыздағышқа зақым келмегенін және таза екенін тексеріңіз
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде
Тоңазытылатын тағамдарды бір уақытта аздан салыңыз.
қатар салынған
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған
Тағамды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Тоңазытылатын тағамдар
бір-біріне өте жақын қойылған
Мұздатқыштың іші тым суық
Құрылғы мүлдем жұмыс істемейді. Салқындату
Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін
Құрылғының ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған
Тағамдардың арасына суық ауа алмасып тұратын орын қалдырып қойыңыз
Жылырақ температураға қойыңыз
Ашаны розеткаға дұрыс
қосыңыз функциясы да, жарықтандыру функциясы да жұмыс істемейді
Құрылғы тоққа қосылмайды Розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз Құрылғы қосылған жоқ Құрылғыны іске қосыңыз Розеткада кернеу жоқ (осы
Электршіні шақырыңыз
розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз)
Құрылғы мүлдем салқындатпайды
Розеткада кернеу жоқ (осы
Құрылғының ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған
Ашаны розеткаға дұрыс
қосыңыз
Электршіні шақырыңыз
розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз) Құрылғы қосылған жоқ Құрылғыны іске қосыңыз Температура тетігі қосулы Температура тетігін тексеріңіз Жасыл индикатор
жыпылықтайды
Температура сенсорына
қатысты ақаулық
Қызмет көрсету технигіне хабарласыңыз
ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті лайықтаңыз. "Орнату" тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, есіктің нұқсан келген тығыздағыштарын айырбастаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
www.electrolux.com
14
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін (гараж немесе қойма) тәрізді жабық жерге орнатуға болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны,
ДЕҢГЕЙІН КЕЛТІРУ
температурасы құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Ауа-
Бөлме температурасы райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін N +16°C бастап + 32°C дейін ST +16°C бастап + 38°C дейін T +16°C бастап + 43°C дейін
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.
ОРНАЛАСУЫ
100 mm
15 mm 15 mm
ҚАЗАҚ 15
Құрылғыны қыздырғыш, бойлер, күн көзінен тура түсетін сәуле т.с.с. тәрізді қызу көздерінен барынша алыс қою керек. Құрылғының артқы жағында ауа еркін айналып тұруға тиіс. Құрылғының барынша жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, егер оны аспалы құрылғының астына қойсаңыз, аспалы құрылғы мен екеуінің арасында кем дегенде 100 мм орын болуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады. Егер құрылғы бұрышқа қойылып, оның топсалары бар жағы қабырғаға қарап тұрса, оның есігін еркін ашып, ішіндегі сөрелерді алу үшін қабырға мен құрылғы арасындағы қашықтық кем дегенде 10 мм болуға тиіс.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.
ЕСІКТІҢ АШЫЛАТЫН ЖАҒЫН ӨЗГЕРТУ
Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін мына қадамдарды жасаңыз:
• Ашаны розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны компрессор еденге тимейтіндей етіп артқа қарай еңіс орнатыңыз.
• Сол жақ тірегін ағытыңыз.
• Есіктің астыңғы топсасының бұрандаларын босатыңыз.
Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
www.electrolux.com
16
• Құрылғының есігін сәл төмен тарту арқылы ағытып алыңыз.
• Құрылғының үстіңгі есігінің топсасының білікшесін ағытып, содан кейін екінші жағына бұрап салыңыз.
• Құрылғының есігін үстіңгі есіктің
2
1
4
1
2
3
топсасының білікшесіне орналастырыңыз.
• Астыңғы топсаны алыңыз. Білікшені көрсеткі бағытымен салыңыз.
• Бұранданы босатып алыңыз да, қарама­қарсы жаққа орнатыңыз.
• Астыңғы топсаны қарама-қарсы жаққа, есіктің орнын өзгертпейтіндей етіп салыңыз.
• Босаған орынға бір бұранданы салып бұрап, оң жақ реттелмелі тіректі де бұраңыз.
• Тұтқаны (егер бар болса) алып, екінші жаққа орнатыңыз.
• Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.
Төмендегілерді тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
• Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз. Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
SSSRRR!
HISSS!
ҚАЗАҚ 17
CLICK!
BRRR!
OK
CLICK!
BRRR!
CRACK!
BLUBB!
CLICK!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
Loading...
+ 39 hidden pages