Electrolux ESL98310RA User Manual [ru]

ESL 98310RA
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ
МАШИНА
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ
МАШИНА
UK ПОСУДОМИЙНА
МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 23
ІНСТРУКЦІЯ 46
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 7
6. ПАРАМЕТРЛЕР.................................................................................................9
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................12
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................13
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................14
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 16
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 18
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................21
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 15 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының
ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып
қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
www.electrolux.com4
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

1.2 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған. Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Қуат ашасындағы сақтандырғышты ауыстыру қажет болса, келесі сақтандырғышты пайдаланыңыз: 13 amp ASTA (BS
1362).

2.3 Суға қосу

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
ҚАЗАҚ 5

2.4 Пайдалану

• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

2.5 Ішкі жарық шамы

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу қауіпі бар.
• Бұл құрылғының есікті ашқан кезде қосылып, есік жабылған кезде сөнетін ішкі шамы бар.
• Осы құрылғының ішіндегі шам бөлмені жарықтандыруға жарамайды.
• Шамды ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін уәкілітті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
5
4
10
9
67
11
12
2
3
1
8
www.electrolux.com6

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

Ең үстіңгі бүріккіш түтік
1
Үстіңгі бүріккіш түтік
2
Астыңғы бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Тұз сауыты
6
Ауа саңылауы
7

3.1 Beam-on-Floor

Beam-on-Floor - құрылғы есігінің астыңғы жағындағы еденнен көрінетін жарық.
• Бағдарлама жұмыс істей бастаған кезде, қызыл жарық пайда болады да, бағдарламаның соңына дейін жанып тұрады.
• Бағдарлама аяқталған кезде, жасыл жарық жанады.
Шайғыш зат үлестіргіші
8
Жуғыш зат үлестіргіші
9
Астыңғы себет
10
Үстіңгі себет
11
Ас құралдарының тартпасы
12
• Құрылғыда ақаулық пайда болған кезде, қызыл жарық жыпылықтайды.
Құрылғыны сөндірген кезде Beam-on-Floor сөнеді.

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1
82 3 4 5 6 7
9
ҚАЗАҚ 7
Қосу/Өшіру түймешігі
1
Бейнебет
2
Delay түймешігі
3
Program түймешігі
4
MyFavourite түймешігі
5

4.1 Индикатор шамдары

Индикатор Сипаттама
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.

5. БАҒДАРЛАМАЛАР

Бағдарлама Кірдің ауқымы
P1
1)
P2
P3
3)
Ыдысты салу түрі
• Қалыпты кірленген
• Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
• Барлығы
• Ыдыс-аяқтар,
2)
ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
• Аралас ластық
• Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
TimeManager түймешігі
6
Multitab түймешігі
7
EnergySaver түймешігі
8
Индикатор шамдары
9
Бағдарлама циклдары
• Алдын ала жуу
• Жуу 50 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алдын ала жуу
• Жуу 45 °C бастап 70 °C дейін
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алдын ала жуу
• Жуу 50 °C және 65 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
Функциялар
• EnergySaver
• TimeManager
• Multitab
• EnergySaver
• Multitab
• EnergySaver
• TimeManager
• Multitab
www.electrolux.com8
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
Бағдарлама циклдары
Функциялар
түрі
P4
4)
• Қатты ластанған
• Ыдыс-аяқтар, ас құралдары,
• Алдын ала жуу
• Жуу 70 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• EnergySaver
• TimeManager
• Multitab
кәстрөлдер мен табалар
P5
5)
• Жаңа ластанған
• Ыдыс-аяқтар
• Жуу 60 °C
• Шаю циклдары
• Multitab
мен ас құралдары
P6
6)
1)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Бұл судың температурасы мен мөлшерін, пайдаланылатын қуат мөлшері мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
3)
Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты ластанған ыдыстарды астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке салыңыз. Астыңғы себеттегі судың қысымы және температурасы үстіңгі себетпен салыстырғанда жоғары болады.
4)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.
5)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
6)
Осы бағдарламаның көмегімен тағам қалдықтары ыдыстарға жабысып, құрылғы ішінде иіс пайда бола бастамау үшін ыдыстарды жылдам шаюға болады. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Барлығы • Алдын ала жуу

5.1 Пайдалану көлемі

Бағдарлама
1)
Су (л)
P1 11 0.961 225
P2 7 - 14 0.6 - 1.4 40 - 150
P3 14 - 16 1.2 - 1.5 139 - 149
Қуат
(кВт)
Ұзақтық
(мин)
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
P4 12.5 - 14.5 1.4 - 1.6 154 - 164
P5 10 0.9 30
P6 4 0.1 14
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
1)
5.2 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:

6. ПАРАМЕТРЛЕР

6.1 Бағдарламаны таңдау
режимі және пайдаланушы режимі
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда, бағдарламаны орнатуға және пайдаланушы режиміне кіруге болады.
Пайдаланушы режимінде келесі параметрлерді өзгертуге болады:
• Су жұмсартқыштың деңгейін судың кермектігіне сай келтіруге.
• Бағдарлама соңында естілетін дыбыстық сигналды қосуға немесе сөндіруге.
• Multitab функциясын шайғыш затсыз пайдаланғыңыз келгенде шайғыш зат үлестіргішін сөндіру үшін.
• Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін қажетті деңгейге қою үшін.
Бұл параметрлер өзгерткенше сақтаулы тұрады.
Су (л)
Қуат
(кВт)
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
Ұзақтық
(мин)

Бағдарламаны таңдау режимін қалай орнату керек

Дисплейде P1 бағдарлама нөмірі көрсетілгенде, құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрады.
Құрылғыны іске қосқанда, әдетте бағдарламаны таңдау режимі қосылып тұрады. Дегенмен, бұндай жағдай байқалмаса, бағдарламаны таңдау режимін келесі жолмен орнатуға болады:
және түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.

6.2 Су жұмсартқыш

Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Судың кермектігі балама шкаламен есептеледі.
www.electrolux.com10
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың кермектігіне сәйкес бапталуға керек. Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
Су кермектігі
Неміс
градусы
(°dH).
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Француз
градусы (°fH).
нәтижесіне жету үшін су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.
ммоль/л Кларк
градусыСужұмсартқыштың
деңгейі
1)
5
2)
1

Су жұмсартқыштың деңгейін орнату

Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне өту үшін
және түймешіктерін , ,
және индикаторлары жыпылықтай бастап, дисплейде ешнәрсе көрсетілмей қалғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
түймешігін басыңыз.
2.
, және индикаторлары
сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр көрсетіледі: мысалы, = 5-ші
деңгей.
3. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
4. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.

6.3 Шайғыш зат үлестіргіші

Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді.
Шайғыш зат ыстық сумен шаю циклы кезінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 1 (ең аз мөлшер) мен 6 (ең жоғарғы мөлшер) аралығына қоюға болады. 0­деңгейде шайғыш зат үлестіргіш сөнеді және шайғыш зат үлестірілмейді.
Зауыттық параметрлер: 4-ші деңгей.

Шайғыш заттың деңгейін орнату

Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне өту үшін
және түймешіктерін , ,
және индикаторлары жыпылықтай бастап, дисплейде ешнәрсе көрсетілмей қалғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
2. түймешігін басыңыз.
, және индикаторлары
сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр
көрсетіледі: мысалы, деңгей.
– Шайғыш зат деңгейі 0A-
бастап 6A дейін.
– 0 деңгей = шайғыш зат
құйылмайды.
Параметрді өзгерту үшін
3.
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
4. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
= 4-ші

6.4 Шайғыш зат және жуғыш таблетканы қатар пайдалану

Шайғыш зат үлестіргішінің параметрі зауыттан қосулы тұрған қалпы келеді. Бұл шайғыш зат үлестіргішінен шайғыш заттың тұрақты келіп тұратындығын білдіреді.
Егер шайғыш зат берілмей тұрса және шайғыш зат Multitab параметрі ғана қосылып тұрса ғана, оны сөндіруге болады.
Егер шайғыш зат үлестіргіші сөндіріліп, және Multitab параметрі қосылмай тұрса, шайғыш зат үлестіргішінен шайғыш зат беріледі.
Multitab параметрін шайғыш зат үлестіргіші сөндіріліп тұрғанда қолдансаңыз, кептіру нәтижелері қанағаттандырарлық болмауы мүмкін.
ҚАЗАҚ 11
Шайғыш зат үлестіргіші сөндіріліп тұрғанда, Multitab параметрі қосылып тұрса, шайғыш зат үлестіргіші үнемі сөніп тұрады.

Шайғыш зат үлестіргішін қалай сөндіру керек

Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне өту үшін
және түймешіктерін , ,
және жыпылықтай бастап, дисплейде ешнәрсе көрсетілмей қалғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
2. түймешігін басыңыз.
, және индикаторлары
сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр
көрсетіледі: = шайғыш зат үлестіргіші қосулы тұрады (зауытта орнатылған).
3. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін басыңыз.
= шайғыш зат үлестіргіші
сөндірілген.
4. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.

6.5 MyFavourite

Осы функцияның көмегімен жиі пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға және жадыға сақтауға болады.
Сіз 1 бағдарламаны ғана сақтай аласыз. Жаңа параметр алдыңғы параметрді өшіреді.

MyFavourite бағдарламасын қалай сақтау керек

1. Сақтағыңыз келген бағдарламаны
орнатыңыз
www.electrolux.com12
Бағдарламада пайдалануға болатын функцияларды да орнатуға болады.
2. түймешігін тиісті индикатордың
шамы тұрақты жанғанша басып ұстап тұрыңыз.

MyFavourite бағдарламасын қалай орнату керек

түймешігін басыңыз.
• MyFavourite индикаторы жанады.
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі және ұзақтығы көрсетіледі.
• Егер функциялар бағдарламамен бірге сақталса, функциялардың индикаторлары жанады.

6.6 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар құрылғыда ақау пайда болған кезде естіледі. Бұл дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық сигнал қосылады. Әдетте дыбыстық сигнал сөндірулі тұрады, бірақ оны қосуға болады.

Бағдарлама аяқталған кезде естілетін дыбыстық сигналды қалай қосуға болады

Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне өту үшін
және түймешіктерін , ,
және индикаторлары жыпылықтай бастап, дисплейде ешнәрсе көрсетілмей қалғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
басыңыз
2.
, және индикаторлары
сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр көрсетіледі:
сигнал сөндірулі.
3. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін басыңыз.
= Дыбыстық сигнал қосулы.
4. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
= Дыбыстық

7. ФУНКЦИЯЛАР

Қажетті функцияларды міндетті түрде бағдарламаны бастау алдында іске қосу керек. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде функцияларды іске қосу немесе ажырату мүмкін емес.
Кей функциялар өзара үйлесімді емес. Егер өзара үйлесімсіз функциялар таңдалса, құрылғы олардың біреуін немесе бірнешеуін автоматты түрде сөндіреді. Қосылып тұрған функциялардың индикаторлары ғана жанып тұрады.

7.1 Multitab

Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және жуғыш заттардан тұратын жуғыш таблеткаларды қолданған кезде пайдаланыңыз. Олардың құрамында басқа да жуғыш немесе шайғыш заттар болуы мүмкін.
Бұл функция тұздың қосылуын тоқтатады. Тұз индикаторы жанбайды.
Сондай-ақ, бұл параметр шайғыш зат үлестіргіші сөніп тұрса ғана шайғыш зат үлестіргішін сөндіре алады, (шайғыш зат үлестіргішінің индикаторы жанбайды). Егер шайғыш зат үлестіргіші іске қосылып, Multitab параметрі қосылып тұрса да, шайғыш зат үлестіріледі.
Осы функцияны пайдаланғанда, жуғыш таблеткаларды қолданған кезде жуу және кептіру нәтижелері жақсы болу үшін бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясы тұрақты функция емес және оны әр цикл сайын таңдау керек.

Қалай қосу керек Multitab

түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

7.2 TimeManager

Бұл функция судың қысымы мен температурасын көбейтеді. Жуу және кептіру циклдары қысқарақ болады.
Бағдарламаның жалпы уақыты шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар бағдарламаны пайдаланғанмен бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі мүмкін.

Қалай қосу керек TimeManager

түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жанады.
ҚАЗАҚ 13
Егер бағдарламада қандай да бір функция жоқ болса, тиісті индикатор жанбайды немесе бірнеше секунд жылдам жыпылықтап барып сөніп қалады. Дисплейде бағдарламаның жаңарған уақыты көрсетіледі.

7.3 EnergySaver

Бұл параметр соңғы пайдаланылған шаю циклының температурасын төмендетеді, нәтижесінде пайдаланылатын қуат мөлшері де азаяды (шамамен -25%).
Ыдыстар бағдарлама тоқтаса да шамалы дымқыл болуы мүмкін.
Бағдарлама уақыты қысқарады.

Қалай қосу керек EnergySaver

түймешігін басыңыз, тиісті индикатор жанады. Егер бағдарламада қандай да бір функция жоқ болса, тиісті индикатор жанбайды немесе бірнеше секунд жылдам жыпылықтап барып сөніп қалады. Дисплейде бағдарламаның жаңарған уақыты көрсетіледі.

8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің сумен жабдықтау жүйесіндегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта толтыру үшін шамамен 5 минут уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра қайталанып тұрады.

8.1 Тұз сауыты

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған арнайы тұздарды ғана пайдаланыңыз.
A
B
C
www.electrolux.com14
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды толтыру үшін және күнделікті жуу нәтижесін қанағаттанарлық ету үшін қолданылады.

Тұз сауытын қалай толтыру керек

1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.

8.2 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыштарға арналған шайғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.

9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
1. Қақпақшаны (C) ашыңыз.
2. Үлестіргішті (B) шайғыш зат ''MAX''
деңгейіне жеткенше толтырыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз.
Қақпақшаның өз орнына бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) индикаторы мөлдір болған кезде толтырыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
A
B
C
ҚАЗАҚ 15
• Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы
тұрса, шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз. Егер
жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, Multitab функциясын қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.

9.1 Жуғыш затты қолдану

9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау

Auto Off функциясы

Бұл функция құрылғы жұмыс істемей тұрған кезде автоматты түрде сөндіру арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске қосылады:
• Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5 минут өткенде.
• Бағдарламаның басталмағанынан бері 5 минут өтсе.

Бағдарламаны бастау

1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3.
түймешігін дисплейде бастағыңыз келген бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз. Бағдарлама нөмірі дисплейде шамамен 3 секунд көрсетіледі, содан кейін
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған арнайы жуғыш құралдарды ғана пайдаланыңыз.
1. (A) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі жуғыш құралды (B) бөлігіне салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу циклы болса, құрылғы есігінің ішкі бөлігіне жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың жабылғанына көз жеткізіңіз.
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
• Егер MyFavourite бағдарламасын таңдағыңыз
келсе, түймешігін басыңыз.
– MyFavourite
бағдарламасына қатысты индикаторлар мен
функциялар көрсетіледі. Бағдарлама нөмірі дисплейде шамамен 3 секунд көрсетіледі, содан кейін бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
4. Қолжетімді функцияларды
орнатыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
www.electrolux.com16

Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. түймешігін дисплейде
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз (1 сағаттан 24 сағатқа дейін).
Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
3. Кері санақты бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз. Кері санақ жұмыс істеп тұрғанда кешіктіру уақытын, таңдалған бағдарлама мен параметрлерді өзгертпей көбейтуге болады. Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Кептіру циклы барысында есік 30 секундтан ұзақ ашық тұрса, жұмыс істеп тұрған бағдарлама аяқталады.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату

Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатқан кезде бағдарлама мен функцияларды қайта орнату керек.
және түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.

Бағдарламаны біржола тоқтату

және түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша қатар басып ұстап тұрыңыз. Жаңа бағдарламаны бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталғаннан кейін құрылғының есігін ашсаңыз, құрылғы автоматты түрде өшеді.
Судың шүмегін жабыңыз.

10. АҚЫЛ-КЕҢЕС

10.1 Жалпы

Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану барысында кептіріп және тазалаған кезде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз. Егер қажет болса, алдын ала жуу бағдарламасын (егер бар болса) қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен шыққан судың ыдыстардың барлығына толық жетіп және оларды жуа алатынына көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш, шайғыш құралды және тұзды бөлек пайдалануға немесе аралас таблеткаларды пайдалануға болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1''). Орамында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай орнатыңыз. ECO бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.

10.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың кермектігі 21 °dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы шектен асатын аймақтарда шайғыш зат пен тұзды аралас таблеткалармен бірге пайдалану керек. Дегенмен суы кермек және өте кермек аймақтарда жуу және кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы үшін жеке жуғыш, (қосымша функциялары жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды) шайғыш затты және тұзды жеке­жеке пайдаланыңыз.
• Егер аралас таблетканы пайдалансаңыз, Multitab параметрін (егер бар болса) таңдаңыз. Бұл функция аралас таблетканы пайдаланғанда, жуу және кептіру сапасын жақсартады.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
ҚАЗАҚ 17
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.

10.4 Себеттерді толтыру

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
C
B
A
www.electrolux.com18
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш заттың (егер аралас таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.

11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытыңыз және ашасын розеткадан суырыңыз.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.

10.6 Себеттерді босату

1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды алыңыз.
Бағдарламаның соңында құрылғының қабырғаларындағы және есігіндегі су ыстық болып тұруы мүмкін.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.

11.1 Сүзгілерді тазалау

Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз.
3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.
4. Сүзгілерді жуыңыз.
ҚАЗАҚ 19
7. (B) және (C) сүзгілерін
құрастырыңыз.
8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
5. Зумпф сорғышының ішінде немесе
айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)
қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

11.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

11.3 Сыртын тазалау

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.
www.electrolux.com20
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

11.4 Ішін тазалау

• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, есіктің резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

• Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе қақ жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе жұмыс жасап тұрып тоқтап қалса. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында, кестеде көрсетілген ақпаратты қолданып, ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз.
Бағдарлама басталмай тұр.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.
Бейнебетте көрсетіледі.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
Бейнебетте көрсетіледі.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Бейнебетте көрсетіледі.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, дисплейде ескерту коды көрсетіледі.
ҚАЗАҚ 21
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп де, қайта қосыңыз. Ақаулық қайта пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

12.1 Жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлық емес

Ақаулық Ықтимал шешімі
Стакандарға және ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар түскен.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшылары қалған.
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бағдарламаның кептіру циклы жоқ немесе
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылып тұр. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
кептіру циклының температурасы өте төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "Ақыл-кеңес" тарауынан қараңыз.

13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі (мм) 596 / 818-898 / 550
Электртоғына қосу
Құйылатын судың қысымы
Сумен жабдықтау
Сыйымдылығы Орын параметрлері 15
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 0.99
1)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
жолақ (ең аз және ең көп) 0.5 - 8
МПа (ең аз және ең көп) 0.05 - 0.8
Суық су немесе ыстық су
2)
ең көбі 60 °C
Loading...
+ 47 hidden pages