Electrolux ESL94201LO User Manual [ru]

ESL94201LO
KK Ыдыс жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Посудомоечная машина Инструкция по эксплуатации 22 UK Посудомийна машина Інструкція 44
www.electrolux.com2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 7
6. ПАРАМЕТРЛЕР.................................................................................................8
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................10
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................11
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 14
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................16
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
www.electrolux.com4
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 9 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының
ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен
қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып
қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
• Орам материалдарының және тасымал тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған. Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Қуат ашасындағы сақтандырғышты ауыстыру қажет болса, келесі сақтандырғышты пайдаланыңыз: 13 amp ASTA (BS
1362).
2.3 Суға қосу
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт қолданылмаған түтіктерді орнату алдында, жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін немесе жаңа құралдарды орнатқаннан кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
ҚАЗАҚ 5
• Су құятын түтіктің сыртқы қабығының түсі мөлдір. Егер түтікке зақым келсе, түтіктегі судың түсі қошқыл болып кетеді.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін уәкілітті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
2.5 Қызмет
• Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды ұсынамыз.
• Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі: Өнім нөмірі (PNC): Сериялық нөмірі:
ЕСКЕРТУ!
Қатерлі кернеу.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
4
3
7
9
8
10
56
11
1
2
21
3
4
www.electrolux.com6
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
Үстіңгі бүріккіш түтік
1
Астыңғы бүріккіш түтік
2
Сүзгілер
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4
Тұз сауыты
5
Ауа саңылауы
6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Қосу/Өшіру түймешігі
1
Бағдарлама индикаторлары
2
Индикатор шамдары
3
Шайғыш зат үлестіргіші
7
Жуғыш зат үлестіргіші
8
Ас құралдарының қорапшасы
9
Астыңғы себет
10
Үстіңгі себет
11
Бағдарлама түймешігі
4
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор Сипаттама
Аяқтау индикаторы.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама Кірдің
2)
3)
ауқымы Ыдысты салу түрі
Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
Жаңа ластанған Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
Бағдарлама циклдары
• Алдын ала жуу
• Жуу 50 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алдын ала жуу
• Жуу 70 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алдын ала жуу
• Жуу 65 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Жуу 60 °C бастап 65 °C дейін
• Шаю циклдары
Пайдалану көлемі
1)
Ұзақтық (мин)
225 0.878 9.5
130 - 150 1.0 - 1.2 11 - 13
100 - 110 1.2 - 1.6 15 - 16
30 0.8 8
Қуат (кВт)
Су (л)
www.electrolux.com8
Бағдарлама Кірдің
4)
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
4)
Бұл тағам қалдықтарының ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін ыдысты жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
ауқымы Ыдысты салу түрі
Барлығы • Алдын ала
5.1 Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Бағдарламаны таңдау
режимі және пайдаланушы режимі
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда, бағдарламаны орнатуға және пайдаланушы режиміне кіруге болады.
Пайдаланушы режимінде келесі параметрлерді өзгертуге болады:
• Су жұмсартқыштың деңгейін судың
кермектігіне сай келтіруге.
• Бағдарлама соңында естілетін
дыбыстық сигналды қосуға немесе сөндіруге.
Бұл параметрлер өзгерткенше сақтаулы тұрады.
Бағдарлама циклдары
жуу
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
Бағдарламаны таңдау режимін қалай орнату керек
Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанса, құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрады. Құрылғыны іске қосқанда, әдетте бағдарламаны таңдау режимі қосылып тұрады. Дегенмен, бұндай жағдай байқалмаса, бағдарламаны таңдау режимін келесі жолмен орнатуға болады:
Бағдарлама түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
6.2 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың құрамындағы минералдарды тазалайды.
Пайдалану көлемі
1)
Ұзақтық (мин)
14 0.1 4
Қуат (кВт)
Су (л)
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Судың кермектігі балама шкаламен есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың кермектігіне сәйкес бапталуға керек.
Судың кермектігі
Неміс
градусы
(°dH).
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Француз
градусы (°fH).
Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.
ммоль/л Кларк
градусыСужұмсартқыштың
ҚАЗАҚ 9
деңгейі
1)
5
2)
1
Стандартты жуғыш затты немесе аралас таблетканы (тұзы жоқ) пайдалансаңыз, тұзды толтыру индикаторын қосу үшін су кермектігін тиісті деңгейге қойыңыз.
Тұзы бар аралас таблеткалар кермек суды тиімді түрде жұмсарта алмайды.
Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне кіру үшін
бағдарлама түймешігін индикаторы жыпылықтай бастап,
индикаторы тұрақты
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
2. Бағдарлама индикаторы
сөніп, индикаторы жыпылықтай бастағанша күтіңіз.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады. индикаторы ара-тұра жыпылықтаса, ағымдық орнатылған деңгейді көрсетеді.
• Мысалы, 5 рет жыпылықтау + үзіліс + 5 рет жыпылықтау = 5­ші деңгей.
3. Параметрді өзгерту үшін
бағдарлама түймешігін қайта-қайта басыңыз. Бағдарлама түймешігін басқан сайын деңгей саны қосылады. 10-шы деңгейден кейін қайта 1-ші деңгей басталады.
www.electrolux.com10
4. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар құрылғыда ақау пайда болған кезде естіледі. Бұл дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық сигнал қосылады. Әдетте дыбыстық сигнал сөндірулі тұрады, бірақ оны қосуға болады.
2. Бағдарлама түймешігін дереу
3.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс.
1. Пайдаланушы режиміне кіру үшін
бағдарлама түймешігін
4. Параметрді өзгерту үшін
5. Параметрді қосу/сөндіру
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
индикаторы жыпылықтай бастап,
индикаторы тұрақты
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
басыңыз.
• Индикатор тұрақты жанып тұрады.
индикаторы жыпылықтай бастайды.
индикаторы сөнгенше
күтіңіз. индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Соңы индикаторы ағымдық параметрді көрсетеді: Соңы индикаторы сөндірулі = Дыбыстық сигнал сөндірулі.
бағдарлама түймешігін басыңыз.
• Соңы индикаторы қосулы = Дыбыстық сигнал қосулы.
түймешігін басып растаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің сумен жабдықтау жүйесіндегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта толтыру үшін шамамен 5 минут уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра қайталанып тұрады.
7.1 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған арнайы тұздарды ғана пайдаланыңыз.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды толтыру үшін және күнделікті жуу нәтижесін қанағаттанарлық ету үшін қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
A
B
E
D
C
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
E
тазалаңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағады. Тұз сауытын толтырғаннан кейін тот басуға жол бермеу үшін бағдарламаны дереу бастаңыз.
7.2 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
ҚАЗАҚ 11
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыштарға арналған шайғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
1. (D) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2. Шайғыш затты (A) бөлігіне "max" деңгейіне жеткенше салыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін (E) индикаторы мөлдір болған кезде толтырыңыз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 немесе 6 (ең көп мөлшер) аралығына қоюға болады.
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
30
20
A BD
C
20
30
BA D
C
www.electrolux.com12
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат үлестіргіште шайғыш заттың болуын қамтамасыз етіңіз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.
8.1 Жуғыш затты қолдану
8.2 Аралас жуғыш
таблеткаларды қолдану
Тұз және шайғыш заты бар таблеткаларды қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат сауытын толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
ең төмен мәнге қойыңыз.
8.3 Бағдарламаны орнату және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешігін
таңдағыңыз келген бағдарламаның индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
4. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл қуатты пайдалануға және бағдарламаның ұзақтығына әсер етуі мүмкін. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Бағдарламаны біржола
1. (B) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі жуғыш құралды (A) бөлігіне салыңыз.
3. Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
тоқтату
Бағдарлама түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЗАҚ 13
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны 5 минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық индикаторлар сөнеді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
9.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану барысында кептіріп және тазалаған кезде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз. Егер қажет болса, алдын ала жуу бағдарламасын (егер бар болса) қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен шыққан судың ыдыстардың барлығына толық жетіп және оларды жуа алатынына көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш, шайғыш құралды және тұзды бөлек пайдалануға немесе аралас таблеткаларды пайдалануға болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1''). Орамында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай орнатыңыз. ECO бағдарламасын пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
9.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Дегенмен, суы кермек және өте кермек аймақтарда жуу және кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы үшін жеке жуғыш (қосымша функциялары жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды), шайғыш затты және тұзды жеке-жеке пайдаланыңыз.
• Кем дегенде айында бір рет құрылғыны құрылғы жууға арналған заттан құйып, іске қосыңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
9.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
www.electrolux.com14
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
9.4 Себеттерді толтыру
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Ас құралдары мен кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
9.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш заттың (егер аралас таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.
9.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды алыңыз.
Бағдарламаның соңында құрылғының қабырғаларында және есігінде су тұруы мүмкін.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытыңыз және ашасын розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
10.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
C
B
A
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
ҚАЗАҚ 15
5.
Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)
қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз.
3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.
4. Сүзгілерді жуыңыз.
7. (B) және (C) сүзгілерін
құрастырыңыз.
8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
www.electrolux.com16
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
10.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
10.3 Сыртын тазалау
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып, мәселені кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Дұрыс жөндемеген жағдайда пайдаланушы қатерлі жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
10.4 Ішін тазалау
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, соның ішінде есіктің резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе әк жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.
• Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ыдыс жуғыш машиналарға арналған арнайы жуғыш затты ай сайын қолдануды ұсынамыз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Кейбір ақаулықтарда аяқтау индикаторы жыпылықтап, ақау барын көрсетеді.
Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласпай-ақ жөндеуге болады.
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. • Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 17
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама басталмай тұр. • Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 1 рет жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 1 рет естіледі.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 2 рет ара­тұра жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 2 рет ара­тұра естіледі.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
• "Соңы" индикаторы 3 рет ара­тұра жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 3 рет ара­тұра естіледі.
Жұмыс барысында құрылғы көп рет тоқтап және қайта іске қосылады.
Құрылғының есігінен сәл су жылыстап ағады.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Бұл қалыпты жағдай. Бұл оңтайлы жуу нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі және қуатты үнемдейді.
• Құрылғы деңгейі дұрыс орнатылмаған. Өзгермелі аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе қатайтыңыз.
• Құрылғының есігі науаның ортасына қарай орнатылмаған. Артқы аяғын (егер бар болса) реттеңіз.
Құрылғының есігін жабу қиын. • Құрылғы деңгейі дұрыс орнатылмаған.
Өзгермелі аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз немесе қатайтыңыз.
• Ыдыстардың кей бөліктері себеттерден шығып тұр.
www.electrolux.com18
Ақау және ескерту коды Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Құрылғының ішінен гүрілдеген/ тарсылдаған дыбыс шығады.
• Ыдыстар себеттерге дұрыс салынбаған. Себеттерді толтыру парақшасын қараңыз.
• Бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
Құрылғы айырып-қосқышты іске қосып жібереді.
Басқа ықтимал себептерді
"Ең алғаш пайдалану алдында", "Әркүндік пайдалану" немесе "Ақыл-кеңес"
тарауларынан қараңыз.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп де, қайта қосыңыз. Ақаулық
• Ампер қуаты пайдаланылып тұрған құрылғылардың барлығына бірдей жеткілікті емес. Розетканың ампер қуатын және өлшегіштің мүмкіндігін тексеріңіз немесе пайдаланылып тұрған құрылғылардың бірін сөндіріңіз.
• Құрылғының ішкі электр жүйесінде ақау бар. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
қайта пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
11.1 Жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес.
"Күнделікті қолдану", "Ақыл-кеңес" тарауын
және себетті толтыру парақшасын қараңыз.
• Қарқыны барынша жоғары бағдарламаларды пайдаланыңыз.
• Бүріккіш түтікшелерді және сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Кептіру нәтижелері қанағаттанарлық емес.
• Жабық тұрған құрылғының ішіне ыдыс өте ұзақ уақыт қалдырылған.
• Шайғыш зат жоқ немесе шайғыш затты үлестіру мөлшері жеткіліксіз. Шайғыш зат үлестіргішті ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Пластик заттарды сүлгімен құрғату қажет болуы мүмкін.
• Біз шайғыш затты әрқашан пайдалануды, тіпті аралас таблеткалармен бірге қолдануды ұсынамыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылған. Шайғыш заттың деңгейін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшылары қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш заттың деңгейін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе
кептіру режимінің температурасы төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағы дымқыл.
• Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда конденсат пайда болуға әкелген ауаның ылғалдылығына байланысты.
Жуған кезде әдеттегіден тыс көпіршік пайда болады.
• Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу затты ғана пайдаланыңыз.
• Шайғыш зат диспенсерінен су ағады. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ас құралдарын тот басқан. • Жуу үшін пайдаланған судың құрамында өте көп
тұз бар. "Су жұмсартқыш" тарауын қараңыз.
• Күміс және болаттан жасалған ас үй құралдары бірге салынған. Күміс және болаттан жасалған ас үй құралдарын бірге салмаңыз.
Бағдарлама соңында жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың қалдықтары қалады.
Құрылғының ішінде иіс бар.
• Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш таблетка кептеліп қалған, сондықтан оны су толығымен шайып кетіре алмаған.
• Су жуғыш зат үлестіргіштен жуғыш таблетканы шайып кетіре алмайды. Бүріккіш түтіктің бітеліп немесе кептеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Себеттердегі заттардың жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын ашуға кедергі жасамай тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Құрылғы ішін тазалау" тарауын қараңыз.
www.electrolux.com20
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Ыдыстарға, науаға және есіктің ішіне әк қалдықтары тұрып қалған.
• Тұздың деңгейі төмен, қайта толтыру индикаторын тексеріңіз.
• Тұз сауытының қақпағы бос тұр.
• Шүмектен кермек су ағады. "Су жұмсартқыш" тарауын қараңыз.
• Аралас таблеткаларды пайдалансаңыз да, тұзды пайдаланып, су жұмсартқыш регенерациясын орнатыңыз. "Су жұмсартқыш" тарауын қараңыз.
• Әк шөгіндісі әлі де қалса, құрылғыны құрылғы тазалауға арналған тазалағыш құралмен тазалаңыз.
• Басқа жуғыш затты қолданыңыз.
• Жуғыш зат өндірушіге хабарласыңыз.
Ыдыстардың түстері көмескі, өңдері кеткен.
Басқа ықтимал себептерді
"Ең алғаш пайдалану алдында", "Әркүндік пайдалану" немесе "Ақыл-кеңес"
тарауларынан қараңыз.
• Құрылғыда тек ыдыс жуғыш машинаға төзімді ыдыстарды ғана жуыңыз.
• Себеттерді абайлап толтырып, абайлап босатыңыз. Себеттерді толтыру парақшасын қараңыз.
• Осал заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі
Электртоғына қосу
Құйылатын судың қысымы
Сумен жабдықтау Суық су немесе ыстық
Сыйымдылығы Орын параметрлері 9
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 5.0
1)
(мм)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
Ең аз / ең көп (МПа) 0.5 (0.05) / 8 (0.8)
2)
су
446 / 818 - 898 / 550
ең көбі 60 °C
ҚАЗАҚ 21
Қуат тұтынуы Сөндіру режимі (Вт) 0.50
1)
Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2)
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты)
алынса, тұтыну қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
13. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
Loading...
+ 47 hidden pages