Electrolux ERT 1501FOW2 User Manual [ru]

ERT1500FOW2 ERT1502FOW2
................................................ .............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
RU ХОЛОДИЛЬНИК ИНСТРУКЦИЯ ПО
18
ЭКСПЛУАТАЦИИ
2
www.electrolux.com
2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз. Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• Бұл құрылғы тағамдар мен/немесе сусындарды үйде және сол сияқты басқа жерлерде сақтауға арналған, мысалы:
– дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас бөлмелерінде;
– фермадағы үйлерде және қонақ
үйлерде, мотельдер мен басқа да тұрғынды жерлерде;
– төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде;
– қоғамдық тағам және сол сияқты бөлшек
сауда жасамайтын орындарда.
• Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
• Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
• Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса: – жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
www.electrolux.com
4
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
1.3 Күнделікті пайдалану
• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.
абай болу керек.
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
сәулелерінің астына қоймаңыз.
құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
жерлерге қоймаңыз.
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)
• Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
• Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.
• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
1.4 Күтім және тазалау
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
• Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл­мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
2. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ҚАЗАҚ 5
керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
белгішесімен
2.1 Бірінші қолданғанға дейін
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.
2.2 Іске қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз. Температура тетігін сағат тілінің бағытымен бұрап орташа температураға қойыңыз.
2.3 Сөндіру
Құрылғыны сөндіру үшін температура тетігін "O" қалпына бұраңыз.
2.4 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде реттеледі. Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура тетігін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура тетігін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
• құрылғы орналасқан жер.
Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай жағдайда тетікті жоғары температураға қойып, құрылғы мұзын қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
www.electrolux.com
6
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды. Жаңа тағамдарды мұздату үшін параметрдің орташа мәнін өзгерту қажет емес. Дегенмен, тағамды жылдамырақ мұздату үшін барынша суық температураны орнатқыңыз келсе, температура тетігін ең жоғары мәнге бұраңыз.
Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.
3.2 Мұздатылған тағамды сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқанда, тағамды бөліктерге салмай тұрып, құрылғыны кем
3.4 Жылжымалы сөрелер
дегенде 2 сағат, ең жоғары параметрлерге қойып іске қосыңыз.
Тағам кенет жібіп кетсе, мысалы, электр қуатының ажырауына байланысты, электр қуаты "температураның көтерілу" уақыты кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ уақыт сөнсе, жібітілген тағамды дереу пайдалану керек немесе пісіріп, содан кейін қайта мұздату керек (пісіргеннен кейін).
3.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе мұздатылған тағамды пайдалану алдында уақыттың мүмкіншілігіне қарай, мұздатқыш бөлікке салып немесе бөлме температурасында жібіту керек. Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған бетте тура пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру ұзаққа созылады.
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.
3.5 Есіктің сөрелерін орналастыру
ҚАЗАҚ 7
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз: сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен тартып шығарыңыз да, қажетті орынға қойыңыз.
Ауа дұрыс айналып тұру үшін, есіктің астыңғы сөресін жылжытпаңыз.
1
2
3.6 Температура индикаторы
Бұл құрылғы Францияда сатылады. Осы елде қолданылатын ережелерге сәйкес бұл құрылғы тоңазытқыштың ең суық зонасын көрсетіп тұру үшін оның астыңғы бөлігінде орналастырылған арнайы құралмен (суретті қараңыз) жабдықталуға тиіс.
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
4.1 Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
4.2 Қуатты үнемдеуге арналған
кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
• Егер ортаның температурасы жоғары болса және Температура тетігі төмен температура мәніне қойылса және
www.electrolux.com
8
4.3 Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап
• тағамды ауа оның айналасында еркін
4.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңес: Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып, көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз. Сақтық шарасын орындау үшін тағамды осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана сақтаңыз. Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге қоюға болады. Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз. Тоңазытқышқа лимон шырыны тиіп кетсе, пластик бөліктің өңі кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан, цитрустарды бөлек сауыттарға салып сақтау керек. Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін арнайы сауыттарға салып немесе ауаны мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап салу керек. Шөлмектер: бұлардың қақпақтарын жауып, есіктегі бөтелке қойғыш торға қою керек. Банан, картоп, пияз және сарымсақ оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау керек.
4.5 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:
құрылғының іші толып тұрса, компрессор үздіксіз жұмыс істеп, буландырғышқа қырау немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай жағдайда, автоматты түрде жібітуге мүмкіндік беріп, электр қуатын үнемдеу үшін Температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
4.6 Тоңазытылған тағамдарды
сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ 9
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
5.1 Мерзімді тазалау
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады. Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
5.2 Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады. Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды. Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су ағатын тесіктен аласыз.
5.3 Мұздатқыш камера мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде ылғи қырау жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен 3-5 мм жеткен кезде мұздатқышты жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Құрылғыны өшіріңіз.
2.
Ішінде сақталып тұрған тағамды алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз.
4.
Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін, оның ішін мұқият құрғатыңыз да, ашасын розеткаға сұғыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Температура түймешесін максимум суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы
www.electrolux.com
10
параметрде тұрған қалпы екі немесе үш сағат қосыңыз.
7.
Алдында алып қойған тағамдарды қайтадан камераға салыңыз.
Буландырғыштың қырауын ешқашан өткір металл құралдарды пайдаланып қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Өндіруші ұсынған тәсілден басқа әдіспен, механикалық құралды қолданып немесе жасанды жолмен мұзды жылдам ерітуге әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту барысында орамдағы тағамдардың температурасының жоғарылауы, олардың сақталатын мерзімін қысқартуы мүмкін.
5.4 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда мына сақтық шараларын орындаңыз:
6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/ есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
Назарыңызда болсын! Ақаулық себебін іздестірмес бұрын ашаны розеткадан суырып алыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулық түрін тек білікті маман не білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Құрылғы қалыпты режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс)
Құрылғы жұмыс істемей
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
тұр. Шам жанбай тұр. Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада ток жоқ.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға
хабарласыңыз. Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз. Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 11
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз. Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз. Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз. Тағамның температурасы
тым жоғары.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз. Бөлме температурасы тым
жоғары.
Су тоңазытқыштың артқы тақтасына қарай ағады.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы тақтаға ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Бұл дұрыс.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
жасайды.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су компрессордың үстіндегі
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
буландырғыш науаға ақпайды.
Құрылғының ішіндегі температура тым төмен.
Құрылғының ішіндегі температура тым
Температураны реттеу тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Температураны реттеу тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Төменірек температураға
қойыңыз. жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз. Тағамның температурасы
тым жоғары.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз. Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым
Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.
жоғары. Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
Тағамдар бір-біріне өте жақын қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз. жоғары.
Қырау тым көп қатқан. Тағам дұрыс оралмаған. Тағамды дұрыстап ораңыз. Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
www.electrolux.com
12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Температураны реттеу тетігі
6.1 Шамды ауыстыру
6.2 Есікті жабыңыз
1.
2.
дұрыс мәнге қойылмаған.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз. Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
1.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2.
Шамның қақпағындағы бұранданы алыңыз.
3.
Шамның қақпағын алыңыз (суретке қараңыз).
4.
Қолданылған шамның орнына қуат параметрі дәл осындай және тұрмыстық құрылғыларға арналған шамды салыңыз. (қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның қақпағында көрсетілген).
5.
Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
6.
Шамның қақпағын бұрандамен қатайтыңыз.
7.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
8.
Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз.
3.
Қажет болса, зақым келген тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
7. ОРНАТУ
7.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін (гараж немесе қойма) тәрізді жабық жерге орнатуға болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны, температурасы құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Назарыңызда болсын! Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
Ауа-
Бөлме температурасы райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін N +16°C бастап + 32°C дейін ST +16°C бастап + 38°C дейін T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға немесе сатып алушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
7.2 Деңгейін келтіру
7.3 Орналасуы
100 mm
15 mm 15 mm
ҚАЗАҚ 13
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.
Құрылғыны қыздырғыш, бойлер, күн көзінен тура түсетін сәуле т.с.с. тәрізді қызу көздерінен барынша алыс қою керек. Құрылғының артқы жағында ауа еркін айналып тұруға тиіс. Құрылғының барынша жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, егер оны аспалы құрылғының астына қойсаңыз, аспалы құрылғы мен екеуінің арасында кем дегенде 100 мм орын болуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады. Егер құрылғы бұрышқа қойылып, оның топсалары бар жағы қабырғаға қарап тұрса, оның есігін еркін ашып, ішіндегі сөрелерді алу үшін қабырға мен құрылғы арасындағы қашықтық кем дегенде 10 мм болуға тиіс.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.
www.electrolux.com
14
7.4 Есіктің ашылатын жағын өзгерту
Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін мына қадамдарды жасаңыз:
• Ашаны розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны компрессор еденге тимейтіндей етіп артқа қарай еңіс орнатыңыз.
• Сол жақ тірегін ағытыңыз.
• Есіктің астыңғы топсасының бұрандаларын босатыңыз. Топсаны алыңыз. Білікшені көрсеткі бағытымен салыңыз.
• Бұранданы босатып алыңыз да, қарама­қарсы жаққа орнатыңыз.
• Топсаны қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
• Оң жақ тірегін бұраңыз.
• Артқы жақтағы екі бұранданы босатып алыңыз.
• Үстіңгі жағын артқа итеріп, бекіткіш тетіктерден шығарып алыңыз.
• Есіктің үстіңгі топсасының бұрандаларын босатыңыз.
• Топсаны алыңыз. Білікшені көрсеткі бағытымен салыңыз. Топсаны қарама­қарсы жаққа орнатыңыз.
• Топсаны қатайтып бұраңыз.
• Үстіңгі жағын орнына салыңыз.
• Алға қарай тартыңыз.
• Артқы жақтағы екі бұранданы бұраңыз.
ҚАЗАҚ 15
• Тұтқаны (егер бар болса) алып, екінші жаққа орнатыңыз.
• Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.
Төмендегілерді тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың қатайтып
1
2
бұралғанын.
• Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді.
7.5 Мұздатқыш бөліктің есігінің орнын ауыстыру
2
1
180˚
1
2
www.electrolux.com
16
7.6 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
8. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемі Биіктігі 850 мм Ені 550 мм Тереңдігі 612 мм Температураны көтеру
уақыты Кернеу 230 В Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан техникалық ақпарат
11 сағ
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз. Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады. Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
тақтайшасында және қуат мәндері берілген жапсырмада көрсетілген.
9. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
салынған материалдарды қайта
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
Loading...
+ 36 hidden pages