Electrolux EN 93488 MA, EN 93488 B, EN 93488 H, EN 93488 J, EN 93488 O User manual

...
EN93488MH EN93488MJ EN93488MO EN93488MA EN93488MB EN93488MX EN93488MW
KK
ТОҢАЗЫТҚЫШ­МҰЗДАТҚЫШ
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
UK ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 15
ІНСТРУКЦІЯ 29
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................... 9
6. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................10
7. ОРНАТУ........................................................................................................... 13
8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................14
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.electrolux.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),
ҚАЗАҚ 5
қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.
A B C
GHIJKL
D FE
www.electrolux.com6

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Басқару панелі

• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
A) ON/OFF B) Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
C) Таймер D) Мұздатқыш температурасының
индикаторы
E) Температура жолақтары F) EcoMode G) FastFreeze режимі H) Мұздатқыш температурасының
тетігі
I) DrinksChill режимі J) Тоңазытқыш температурасының
тетігі
K) ShoppingMode L) ExtraHumidity режимі

3.2 ҚОСУ / СӨНДІРУ

Құрылғынының ашасын розеткаға сұғыңыз.
Құрылғы қуат көзіне қосылғанда автоматты түрде ҚОСУ қалпына қойылады.
1. ҚОСУ/СӨНДІРУ тетігін 3 секунд
EcoMode тетігін 5 секунд басып, дыбыстық сигналдың үнділігін өзгертуге болады.
басып, құрылғыны СӨНДІРУ қалпына қойыңыз.
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ тетігін басып,
құрылғыны ҚОСУ қалпына
қойыңыз. Құрылғының тоңазытқыш бөлігін СӨНДІРУ қалпына қою үшін ҚОСУ/ СӨНДІРУ тетігі мен тоңазытқыштың температура тетігін бірге басыңыз. Бұл жағдайда тоңазытқыш бөлік баяу СӨНДІРУ режиміне ауысады. Тоңазытқыш бөлікті ҚОСУ қалпына қайта қою үшін тоңазытқыштың температура тетігін басыңыз.

3.3 Температураны реттеу

Температураны реттеу үшін тоңазытқыштың немесе
мұздатқыштың температура тетігін басыңыз. Егер орнатылған температура осыған дейін орнататылған параметрден төмен болса, температура жолақтары төмендеп, тоңазытқыш бөліктің салқындап бара жатқанын көрсетеді. Егер орнатылған температура осыған дейін орнататылған параметрден жоғары болса, температура жолақтары жоғарлап, тоңазытқыш бөліктің жылып бара жатқанын көрсетеді.

3.4 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкенде немесе есік ашық кезде) төмендегідей көрсетіледі:
• ескерту сигналы мен мұздатқыш температурасының индикаторлары жыпылықтайды;
• дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын бастапқы қалпына қою үшін кез келген түймешікті басыңыз. Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай қалпына келгенше жыпылықтауын жалғастырады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту индикаторы сөнеді.
ҚАЗАҚ 7
+2°C градусқа дейін төмендейді және FreeStore режимі (егер бар болса) іске қосылады.
ShoppingMode пернесін басыңыз. Бұл функция 6 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді және температура бастапқы қалпына қайта келеді.

3.6 EcoMode

EcoMode автоматты түрде тоңазытқыш бөлік үшін (+4°) және мұздатқыш бөлік үшін (-18°) оңтайлы температураны орнатады. Бұл параметр қуатты барынша аз пайдалануға және тағамды дұрыс сақтауға көмектеседі.
EcoMode пернесін басыңыз. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура параметрін өзгертуге, сөндіруге арналған.

3.7 FastFreeze режимі

FastFreeze режимі мұздатқыштың температурасын жылдам төмендетіп, жаңа тағамды тездетіп мұздатады. Функция іске қосылғанда, мұздатқыштың температурасының орнына кері санақ таймері (52 сағат) көрсетіледі. Кері санақ 1 сағаттық интервалмен жүреді. FastFreeze режимі аяқталғанда (52 сағат өткенде), мұздатқыштың температурасы бастапқы қалпына қайта келеді.
FastFreeze режимі пернесін басыңыз. Кері санақ таймері іске қосылады. Режимді ертерек сөндіру үшін FastFreeze режимі пернесін басыңыз.

3.5 ShoppingMode

ShoppingMode функциясы жылы тағамды көп мөлшерде, (мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе) тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыш ішіндегі басқа тағамдар жібіп кетпес үшін тоңазытқыштың температурасын жылдам төмендетеді. Функция іске қосылғанда, температура

3.8 DrinksChill режимі

DrinksChill режимі мұздатқыш бөлікке шөлмектерді тездетіп салқындату үшін қойған кезде қолданылатын қауіпсіздік таймері болып табылады. Әдетте, таймер 30 минутқа қойылып тұрады да, бір минутқа тең интервал бойынша кері санай бастайды.
DrinksChill пернесін басыңыз. Таймер іске қосылады.
www.electrolux.com8
Ескерту сигналын сөндіру үшін DrinksChill түймешігін басыңыз.

3.9 Holiday режимі

Holiday режимі тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы қолданбағанда (мысалы, демалысқа кеткенде) қуат мөлшерін

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

үнемдеуге көмектеседі және құрылғының ішінде зең мен жағымсыз иістің пайда болуына жол бермейді.
Тоңазытқыш бөліктің температурасын +14°C градусқа қойыңыз. Мұздатқыш бөлік орнатылған температурада жұмысын жалғастырады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Электртоғына алғаш рет қосу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны алғаш рет іске қосу алдында, құрылғыны кем дегенде 4 сағат тігінен қойыңыз. Сонда май компрессорға қайтып келуге уақыт жеткілікті болады. Әйтпесе, компрессорға немесе электроникалық бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

4.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде, тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат FastFreeze функциясына қойып іске қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті сақтау үшін ауаның алмасуын жақсарту үшін орнында тұруға тиіс астыңғы тартпадан басқа барлық тартпаларды алып тастаңыз. Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын тағам салуға болады.

4.3 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін орнатылған параметрдің мәнін өзгерту қажет емес.
Жаңа тағамды мұздату үшін FastFreeze функциясын, мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс тағамды үстіңгі камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін қажетті температураға қайта оралыңыз ("FastFreeze Функция" тармағын қараңыз).
Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.
ҚАЗАҚ 9

4.4 FreshZone бөлігі

Бұл бөліктегі тартпа балық, ет, теңіз тағамдары сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғының ішіндегі FreshZone бөлікті алу немесе орналастыру алдында, SpacePlus суырмасы мен шыны қақпақты алыңыз.
FreshZone бөлігі бағыттауыштармен жабдықталған. Тоңазытқыш камерадан бөлікті суырып алу үшін оны өзіңізге қарай тартып, себеттің алдыңғы жағын төмен қарай еңкейтіп барып алыңыз.

4.5 Ылғалдылықты басқару

Шыны сөре көкөніс салынатын сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге мүмкіндік беретін саңылаулары (сырғыма тетіктің көмегімен реттелетін) бар құралмен жабдықталған.

4.6 FREESTORE

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін автоматты құралмен жабдықталған.

5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.
www.electrolux.com10

5.2 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.
Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып тазалауға болады. Шығарып алу үшін сөрені тура тартыңыз.
FreshZone бөлімінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төменгі сөре мен жайпақ қақпақтарды тазалағаннан кейін бастапқы орнына қою керек.
Камераның ішіндегі тартпалы жәшіктердің үстіндегі жайпақ қақпақтарды тазалау үшін алып шығуға болады.

5.3 Жібіту

Құрылғыңызға мұз қатпайды. Бұл құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі қабырғаларының бетіне де, тағамның үстіне де ешбір мұз қатпайтынын көрсетеді. Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде басқарылатын желдеткіш құрылғы ішінде үнемі суық ауаны айналдырып тұрады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.

5.4 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.

6. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
ҚАЗАҚ 11

6.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл шығады.
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Температура дисплейінде санның орнына төртбұрыш таңба көрсетіліп тұр.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Бір мезгілде тым көп
Бөлме температурасы
Құрылғыға тым жылы
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе температурасы тым жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Температура сенсорына қатысты ақаулық.
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағам қойылған.
тым жоғары.
тағамдар қойылған.
FastFreeze функциясы қосылған.
ShoppingMode функциясы қосылған.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес).
ашыңыз.
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
"Құрылғының жұмысы" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа­райы санатын қараңыз.
Тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
"FastFreeze функциясы" тарауын қараңыз.
"ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
www.electrolux.com12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Компрессор FastFreeze тетігін басқаннан кейін
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ. немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Компрессор Shopping‐ Mode тетігін басқаннан
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ. кейін немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Су ағатын түтікше
бітеліп қалған.
Тағамдар судың
коллекторға қарай
ағуына бөгет жасайды.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын
түтікше, компрессордың
үстіндегі буландырғыш
науаға қосылмаған.
Температура орнатылмайды.
FastFreeze немесе
ShoppingMode
функциясы қосылған.
DEMO жыпылықтап көрсетіледі.
Құрылғының ішіндегі температура өте төмен/өте жоғары.
Құрылғы демо режимде
тұр.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей бастайды.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей бастайды.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдардың артқы тақтаға тимейтінін тексеріңіз.
Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға жалғаңыз.
FastFreeze немесе Shop‐ pingMode функциясын қолмен сөндіріңіз немесе температураны орнату үшін функцияның өздігінен бастапқы қалпына келуін күтіңіз. "FastFreeze немесе ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
тоңазытқыш бөліктің тетігі түймешігін ұзақ сигнал естілгенше және дисплей біраз уақыт сөнгенше ұзақ уақыт, шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Жоғарырақ/төменірек температураға қойыңыз.
Азық-түліктің температурасын бөлме температурасына дейін азайтып барып сақтаңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.
FastFreeze функциясы қосылған.
ShoppingMode функциясы қосылған.
Бір мезгілде сақталатын азық-түліктер мөлшерін азайтыңыз.
"FastFreeze функциясы" тарауын қараңыз.
"ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

6.2 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.

7. ОРНАТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы
Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

7.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
www.electrolux.com14
7.3 Құрылғыны орнату және
есікті өзгерту
Құрылғыны орнату (желдетуге қатысты нұсқаулар, деңгейлестіру) және есікті өзгерту жөніндегі жекелеген нұсқауларды қараңыз.
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3. Сүзгіні тартпаға салыңыз.
4. Тартпаны жабыңыз.
7.4 Орнату және
TASTEGUARD сүзгісін ауыстыру
Сүзгі жұмысына зиян келмес үшін, пластик қалтаға салынып жеткізіледі. Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып, тартпаның ішіне орнату керек.
1. Тартпаны ашыңыз.
Көміртекті сүзгі тамаша жұмыс істеу үшін жылына бір рет ауыстыру керек.
Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып алуға болады.
Ауа сүзгісі тұтынылатын керек-жараққа жатады, сондықтан кепілдікпен қамтылмайды.

8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

8.1 Техникалық дерек

Биіктігі 1840 мм
Ені 595 мм
Тереңдігі 642 мм
Темп. жоғарылау уақыты
17 сағ
Кернеу 230 - 240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының сыртқы немесе ішкі қабырғасындағы техникалық ақпарат тақтайшасында және электр қуатының жапсырмасында көрсетілген.
9. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
Loading...
+ 30 hidden pages