Electrolux EN 93458 MW, EN 93458 MX User Manual [ru]

EN93458MW EN93458MX
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-
МҰЗДАТҚЫШ
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
UK ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
ІНСТРУКЦІЯ 51
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 12
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 14
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................16
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 19
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................24
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.electrolux.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),
ҚАЗАҚ 5
қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.
111213
2 3 4 9 1051 6 7 8
www.electrolux.com6

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Өнімге жалпы шолу жасау

• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
SpacePlus тартпасы
1
FreshZone тартпасы
2
Шыны сөре
3
Шыны сөре
4
FreeStore
5
Шөлмек сөресі
6
Сүт өнімдерінің сөресі
7
Басқару панелі
8
Есіктің сөресі
9
Шөлмек қоятын сөре
10
Мұздатқыш тартпа
11
Мұздатқыш тартпа
12
Мұздатқыш тартпа
A B C
GHIJKL
D FE
13

4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

4.1 Басқару панелі

ҚАЗАҚ 7
A) ON/OFF B) Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
C) Таймер D) Мұздатқыш температурасының
индикаторы
E) Температура жолақтары F) EcoMode G) FastFreeze режимі H) Мұздатқыш температурасының
тетігі
I) DrinksChill режимі J) Тоңазытқыш температурасының
тетігі
K) ShoppingMode L) FreeStore режимі

4.2 ҚОСУ / СӨНДІРУ

Құрылғынының ашасын розеткаға сұғыңыз.
Құрылғы қуат көзіне қосылғанда автоматты түрде ҚОСУ қалпына қойылады.
1. ҚОСУ/СӨНДІРУ тетігін 3 секунд
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ тетігін басып,
Құрылғының тоңазытқыш бөлігін СӨНДІРУ қалпына қою үшін ҚОСУ/ СӨНДІРУ тетігі мен тоңазытқыштың температура тетігін бірге басыңыз. Бұл жағдайда тоңазытқыш бөлік баяу СӨНДІРУ режиміне ауысады. Тоңазытқыш бөлікті ҚОСУ қалпына қайта қою үшін тоңазытқыштың температура тетігін басыңыз.
EcoMode тетігін 5 секунд басып, дыбыстық сигналдың үнділігін өзгертуге болады.
басып, құрылғыны СӨНДІРУ қалпына қойыңыз.
құрылғыны ҚОСУ қалпына қойыңыз.

4.3 Температураны реттеу

Температураны реттеу үшін тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура тетігін басыңыз. Егер орнатылған температура осыған дейін орнататылған параметрден төмен болса, температура жолақтары төмендеп, тоңазытқыш бөліктің салқындап бара жатқанын көрсетеді. Егер орнатылған температура осыған дейін орнататылған параметрден жоғары болса, температура жолақтары жоғарлап, тоңазытқыш бөліктің жылып бара жатқанын көрсетеді.

4.4 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкенде немесе есік ашық кезде) төмендегідей көрсетіледі:
• ескерту сигналы мен мұздатқыш температурасының индикаторлары жыпылықтайды;
www.electrolux.com8
• дыбыстық сигнал естіледі. Ескерту сигналын бастапқы қалпына
қою үшін кез келген түймешікті басыңыз. Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай қалпына келгенше жыпылықтауын жалғастырады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту индикаторы сөнеді.

4.7 FastFreeze режимі

FastFreeze режимі мұздатқыштың температурасын жылдам төмендетіп, жаңа тағамды тездетіп мұздатады. Функция іске қосылғанда, мұздатқыштың температурасының орнына кері санақ таймері (52 сағат) көрсетіледі. Кері санақ 1 сағаттық интервалмен жүреді. FastFreeze режимі аяқталғанда (52 сағат өткенде), мұздатқыштың температурасы бастапқы қалпына қайта келеді.
FastFreeze режимі пернесін басыңыз. Кері санақ таймері іске қосылады. Режимді ертерек сөндіру үшін FastFreeze режимі пернесін басыңыз.

4.5 ShoppingMode

ShoppingMode функциясы жылы тағамды көп мөлшерде, (мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе) тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыш ішіндегі басқа тағамдар жібіп кетпес үшін тоңазытқыштың температурасын жылдам төмендетеді. Функция іске қосылғанда, температура +2°C градусқа дейін төмендейді және FreeStore режимі (егер бар болса) іске қосылады.
ShoppingMode пернесін басыңыз. Бұл функция 6 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді және температура бастапқы қалпына қайта келеді.

4.6 EcoMode

EcoMode автоматты түрде тоңазытқыш бөлік үшін (+4°) және мұздатқыш бөлік үшін (-18°) оңтайлы температураны орнатады. Бұл параметр қуатты барынша аз пайдалануға және тағамды дұрыс сақтауға көмектеседі.
EcoMode пернесін басыңыз. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура параметрін өзгертуге, сөндіруге арналған.

4.8 FreeStore режимі

FreeStore режимі тағамдарды жылдам суытып, тоңазытқыш бөліктің температурасын барынша біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.
Бұл функция қоршаған ортаның температурасы 30°C градустан жылы болғанда, құрылғы алғаш рет іске қосылғанда немесе есік ұзақ уақыт ашық болғанда автоматты түрде іске қосылады.
Функцияны қолмен іске қосу үшін FreeStore режимі пернесін басыңыз. Бұл функция құрылғының есігі ашылғанда ғана тоқтайды.
Функцияны сөндіру үшін FreeStore режимі пернесін басыңыз.

4.9 DrinksChill режимі

DrinksChill режимі мұздатқыш бөлікке шөлмектерді тездетіп салқындату үшін қойған кезде қолданылатын қауіпсіздік таймері болып табылады. Әдетте, таймер 30 минутқа қойылып тұрады да, бір минутқа тең интервал бойынша кері санай бастайды.
DrinksChill пернесін басыңыз. Таймер іске қосылады. Ескерту сигналын сөндіру үшін DrinksChill түймешігін басыңыз.

4.10 Holiday режимі

Holiday режимі тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы қолданбағанда (мысалы, демалысқа кеткенде) қуат мөлшерін үнемдеуге көмектеседі және құрылғының ішінде зең мен жағымсыз иістің пайда болуына жол бермейді.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ҚАЗАҚ 9
Тоңазытқыш бөліктің температурасын +14°C градусқа қойыңыз. Мұздатқыш бөлік орнатылған температурада жұмысын жалғастырады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Электртоғына алғаш рет қосу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны алғаш рет іске қосу алдында, құрылғыны кем дегенде 4 сағат тігінен қойыңыз. Сонда май компрессорға қайтып келуге уақыт жеткілікті болады. Әйтпесе, компрессорға немесе электроникалық бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

5.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде, тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат FastFreeze функциясына қойып іске қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті сақтау үшін ауаның алмасуын жақсарту үшін орнында тұруға тиіс астыңғы тартпадан басқа барлық тартпаларды алып тастаңыз. Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын тағам салуға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе және электр қуаты, техникалық параметрлер кестесінің "температураның жоғарылау уақыты" бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу тауысу не пісіріп барып қайта тоңазыту керек (салқындатқан соң).

5.3 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін орнатылған параметрдің мәнін өзгерту қажет емес.
Жаңа тағамды мұздату үшін FastFreeze функциясын, мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс тағамды үстіңгі камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
www.electrolux.com10
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін қажетті температураға қайта оралыңыз ("FastFreeze Функция" тармағын қараңыз).
Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.

5.4 Жібіту

Қатты мұздатылған немесе мұздатылған тағамды пайдалану алдында уақыттың мүмкіншілігіне қарай, мұздатқыш бөлікке салып немесе бөлме температурасында жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған бетте тура пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру ұзаққа созылады.

5.5 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында қауіпсіз шыны сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.

5.6 Шөлмек сөресі

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Қақпағы жабылған шөлмектерді ғана қойыңыз.

5.7 FreshZone тартпасы

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз ету үшін FreshZone тартпасының үстіндегі шыны сөрені алмаңыз.
Бұл тартпа балық, ет, теңіз тағамдары сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.

5.8 FreshZone бөлігін алу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғының ішіндегі FreshZone бөлігін алу немесе орналастыру алдында, SpacePlus суырмасы мен шыны қақпақты алыңыз.
FreshZone бөлігі бағыттағыштармен жабдықталған. Тоңазытқыш камерадан бөлікті суырып алу үшін оны өзіңізге қарай тартып, себеттің алдыңғы жағын төмен қарай еңкейтіп барып алыңыз.

5.9 SpacePlus тартпасы

Бұ тартпа жеміс-жидек пен көкөніс сақтауға қолайлы.
ҚАЗАҚ 11
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін немесе бөлме температурасы жоғары болған кезде температураны жылдам қалпына келтіреді.
Құралды қолмен қосу үшін FreeStore режимін қараңыз.
FreeStore құралы есік ашық кезде тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін дереу іске қосылады.

5.11 Көміртекті сүзгі

Құрылғыңыз тоңазытқыш бөліктің артқы қабырғасындағы тартпаның ішінде орналасқан көміртекті сүзгімен TASTEGUARD жабдықталған.
Бұл сүзгі тоңазытқыш камерасындағы жағымсыз иісті тазартады, яғни тағамның сапасы жақсара түседі.
Жұмыс барысында ауа желдеткіш тартпаны әрқашан жабық ұстаңыз.

5.10 FreeStore

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін құралмен жабдықталған.
5.12 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
1
2
2
1
www.electrolux.com12
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:
1. Көрсеткі бағытымен біртіндеп
орнынан алынғанша тартыңыз.
2. Сөрені қажет деңгейге қайта
орнатыңыз.
Ауа дұрыс айналып тұру үшін, астыңғы есіктің үлкен сөресін жылжытпаңыз.

5.13 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып қалуға немесе құлап кетуге
жол бермейтін тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай итеріңіз.

6. АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қалыпты жұмыс шуылы

Жұмыс істеп тұрған кезде келесі дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
• Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде көпіршіктенген және сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде компрессордан діріл және сылдырдың дыбысы естіледі.
• Қызудың әсерінен пайда болатын дилатацияға (табиғи және қауіпті емес физикалық құбылыс) байланысты құрылғының ішінде кенет пайда болатын сырт-сырт еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.

6.2 Қуатты үнемдеуге арналған кеңестер

• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
• жылы тағамды немесе буы бұрқырап тұрған сұйықтарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• әсіресе иісі күшті шығатын тағамдардың бетін жабыңыз немесе орап қойыңыз
• тағамдарды ауа еркін айнала алатын етіп орналастырыңыз
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып, көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
• Сақтық шарасын орындау үшін тағамды осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге қоюға болады.
• Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін арнайы сауыттарға салып немесе ауаны мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап салу керек.
• Шөлмектер: оларға қақпақ жауып, есіктің шөлмек сөресіне немесе шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау керек.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы жүзеге асыру үшін мына маңызды кеңестерді ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы кезде ешбір мұздатылатын тағамды қосып салуға болмайды;
• жоғары сапалы, жаңа және әбден тазаланған тағамдарды ғана мұздатыңыз;
ҚАЗАҚ 13
• тағамды жылдам және әбден мұздату үшін, сондай-ақ кейін тағамды қажетті мөлшерде ғана жібіту үшін аз мөлшерге бөліп, жеке-жеке сақтаңыз.
• тағамды алюминий жұқалтырға немесе полиэтилен орамға орап, тағам орамдарының ауа өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамның температурасы жоғарылап кетпес үшін, жаңа, мұздатылмаған тағамды мұздатылған тағамға тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар, майлы тағамға қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын қысқартады;
• мұзды мұздатқыш бөліктен ала сала пайдаланса, теріні қарып жіберуі мүмкін;
• тағамды сақтау уақытын есепке алып отыру үшін, әр орамның сыртына мұздатылған ай-күнін жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
www.electrolux.com14

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Жалпы ескертулер

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындау алдында, құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар; жөндеу және оны қайта толтыру жұмыстарын тек уәкілетті маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының керек­жарақтары мен бөлшектерін ыдыс жуғыш машинамен жууға болмайды.

7.2 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

7.3 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі. Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып тазалауға болады. Шығарып алу үшін сөрені тура тартыңыз.
FreshZone бөлімінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төменгі сөре мен жайпақ қақпақтарды тазалағаннан кейін бастапқы орнына қою керек.
Камераның ішіндегі тартпалы жәшіктердің үстіндегі жайпақ қақпақтарды тазалау үшін алып шығуға болады.

7.4 Тоңазытқыштың мұзын еріту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.
ҚАЗАҚ 15
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын көрсетеді.
Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде басқарылатын желдеткіш құрылғы ішінде үнемі суық ауаны айналдырып тұрады.

7.6 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.

7.5 Мұздатқыштың мұзын еріту

Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі қабырғаларының бетіне де, тағамның

7.7 Көміртекті сүзгіні ауыстыру

Көміртекті сүзгі тамаша жұмыс істеу үшін жылына бір рет ауыстыру керек.
Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып алуға болады.
"TASTEGUARD сүзгісін орнату" тарауындағы нұсқауларды қараңыз.
Ауа сүзгісі тұтынылатын керек-жараққа жатады, сондықтан кепілдікпен қамтылмайды.
www.electrolux.com16

8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.
Қуат ашасы розеткаға
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
Құрылғыдан шуыл шығады.
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Температура дисплейінде санның орнына төртбұрыш таңба көрсетіліп тұр.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
дұрыс сұғылмаған.
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе температурасы тым жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Температура сенсорына қатысты ақаулық.
тұр.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе білікті электршіге хабарласыңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес).
Есікті жауып, қайта ашыңыз.
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Бір мезгілде тым көп
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағам қойылған.
"Құрылғының жұмысы" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа­райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Компрессор FastFreeze тетігін басқаннан кейін немесе температураны
FastFreeze функциясы қосылған.
ShoppingMode функциясы қосылған.
Бұл қалыпты жағдай, ешқандай ақаулық жоқ.
"FastFreeze функциясы" тарауын қараңыз.
"ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей
бастайды. өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Компрессор Shopping‐ Mode тетігін басқаннан кейін немесе
Бұл қалыпты жағдай, ешқандай ақаулық жоқ.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей
бастайды. температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
Тағамдар судың коллекторға қарай ағуына бөгет жасайды.
түтікше, компрессордың үстіндегі буландырғыш
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдардың артқы
тақтаға тимейтінін
тексеріңіз.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
науаға қосылмаған.
ҚАЗАҚ 17
www.electrolux.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Температура орнатылмайды.
FastFreeze немесе ShoppingMode функциясы қосылған.
DEMO жыпылықтап көрсетіледі.
Желдеткіш торкөз есікке кедергі жасап тұр немесе
Құрылғы демо режимде тұр.
Құрылғы деңгейі дұрыс
орнатылмаған. есік дұрыс деңгейленген жоқ.
Құрылғының ішіндегі температура өте төмен/өте жоғары.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға
қойылған.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
FastFreeze функциясы
қосылған.
ShoppingMode
функциясы қосылған.
Құрылғының ішінде
суық ауа айналымы
жоқ.
FastFreeze немесе Shop‐ pingMode функциясын қолмен сөндіріңіз немесе температураны орнату үшін функцияның өздігінен бастапқы қалпына келуін күтіңіз. "FastFreeze немесе ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
тоңазытқыш бөліктің тетігі түймешігін ұзақ сигнал естілгенше және дисплей біраз уақыт сөнгенше ұзақ уақыт, шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
"Деңгейін реттеу" тарауын қараңыз.
Жоғарырақ/төменірек температураға қойыңыз.
қараңыз.
Азық-түліктің температурасын бөлме температурасына дейін азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде сақталатын азық-түліктер мөлшерін азайтыңыз.
ғана ашыңыз.
"FastFreeze функциясы" тарауын қараңыз.
"ShoppingMode функциясы" тарауын қараңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.

8.2 Есікті жабу

1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.

9. ОРНАТУ

Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.3 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

9.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға, сатып алушыға қызмет көрсету немесе жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз

9.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
A
B
100 mm
min
20 mm
www.electrolux.com20
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

9.3 Орналасуы

Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналы тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қоршаған ортаның температурасы 38°C градустан жоғары болған жағдайда, құрылғының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылғының қабырғалары мен жанындағы жиһаздың арасына 30мм бос орын қалдыру керек.

9.4 Тіктеп орнату

Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.

9.5 Сүзгіні TASTEGUARD орнату

TASTEGUARD сүзгісі жағымсыз иістерді сіңіріп, тағамның иісін, дәмін, бір-біріне сіңірмей өз қалпында сақтайтын, белсендірілген көміртегіден жасалған сүзгі болып табылады.
Сүзгі жұмысына зиян келмес үшін, пластикалық қалтаға салынып жеткізіледі.
Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып, тартпаның ішіне орнату керек.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
1
3
2
1
2
ЕСКЕРТУ!
Сүзгі дұрыс жұмыс істеу үшін ауа тетігінің тартпасын жауып қойыңыз. Сүзгіні беткі фрагменттері босап кетпес үшін абайлап ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 21
1. Үстіңгі есіктің қақпағын алыңыз.
1. Тартпаны ашыңыз.
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3. Сүзгіні тартпаға салыңыз.
4. Тартпаны жабыңыз.

9.6 Есікті ауыстыру

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қандай да бір жұмысты іске асырмас бұрын ашаны электр розеткасынан суырыңыз.
Қандай да бір жұмысқа кірісу алдында, құрылғының бос екеніне көз жеткізіңіз. Егер бос болмаса, барлық тағамды дұрыс сақтау үшін температурасы сай келетін орынға қойыңыз.
2. Есікті ұстап тұрып үстіңгі топсаны
алыңыз.
3. Басқару панелінің сымын есіктің
қосқышынан ағытыңыз.
4. Құрылғының үстіңгі есігін абайлап
ағытып алыңыз.
5. Ортаңғы топсаның қақпақтарын
және тығынды алыңыз.
6. Құрылғының ортаңғы топсасын
алып, содан кейін астыңғы есікті абайлап алыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
7. Астыңғы топсаның қақпағын және
тығындарын алып, содан кейін
2
3
1
2
1
www.electrolux.com22
астыңғы топсаның қапсырмасын босатыңыз.
8. Астыңғы топсаның
қапсырмасындағы білікшені алып, қарама-қарсы жаққа салыңыз.
9. Астыңғы топсаның қапсырмасын
құрылғының қарсы жағына орнатыңыз.
Астыңғы топсаның қақпағын және тығындарын салуды ұмытпаңыз.
10. Астыңғы есікті астыңғы топсаға
орнатып, оны құрылғының ортаңғы топсасына бекітіңіз.
Ортаңғы топсаның қақпақтарын және тығынын салуды ұмытпаңыз.
11. Үстіңгі стопперді бұрап ағытып,
екінші жағына орнатыңыз.
12. Астыңғы стопперді бұрап ағытып,
содан кейін екінші жағына орнатыңыз
13. Үстіңгі топсаның қақпақтарын
алып, басқару панелінің сымын ағытып алыңыз.
7
8
1
2
3
4
6
5
14. Құрылғының үстіңгі топсасын алып,
1
3 4
2
1
32
A
A
C
C
B
B
басқару панелінің сымын топсаның орнына салыңыз.
15. Үстіңгі топсаны құрылғының қарсы
жағына орнатып, содан кейін үстіңгі топсаның барлық қақпақтарын салыңыз.
ҚАЗАҚ 23
19. Басқару панелінің сымын есіктің
қосқышына жалғаңыз.
20. Үстіңгі есіктің қақпағын орнатыңыз.
21. Есіктің тұтқалары мен тығындарын
қарама-қарсы жаққа бекітіңіз.
16. Үстіңгі есікті ортаңғы топсаға
абайлап орнатып, содан кейін есікті үстіңгі топсаға келтіріп орнатуды жалғастырыңыз.
17. Сымды үстіңгі топсаның ішінен
өткізіп, оны үстіңгі топсаның қақпағымен бекітіңіз.
18. Үстіңгі есікті үстіңгі топсаға
бекітіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.
Loading...
+ 53 hidden pages