Electrolux EN 93455 MW, EN 93455 MX User manual

EN93455MX

KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-

ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

 

EN93455MW

 

МҰЗДАТҚЫШ

НҰСҚАУЛАРЫ

2

 

 

RU ХОЛОДИЛЬНИК-

ИНСТРУКЦИЯ ПО

 

 

МОРОЗИЛЬНИК

ЭКСПЛУАТАЦИИ

17

 

UK ХОЛОДИЛЬНИК-

ІНСТРУКЦІЯ

33

 

МОРОЗИЛЬНИК

 

 

 

 

 

 

2www.electrolux.com

МАЗМҰНЫ

1.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ.......................................................................................

3

2.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................

4

3.

ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................

6

4.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................

9

5.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ.................................................................................

11

6.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................

12

7.

ОРНАТУ...........................................................................................................

15

8.

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................

16

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:

www.electrolux.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.registerelectrolux.com

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты

Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған жерлерде қолдануға арналған:

Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде

Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде

Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.

4www.electrolux.com

Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.

Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.

Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.

Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.

Орам материалдарының барлығын алыңыз

Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.

Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.

Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.

Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта

құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.

Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.

Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.

Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.

Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.

Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет уәкілетті көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.

Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.

Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.

Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.

Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),

ҚАЗАҚ 5

қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.

Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.

Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.

Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.

Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.

Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.

Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.

Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.

Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.

Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.

6www.electrolux.com

2.5Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.

Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.

Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.

Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.

Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.

3.ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1Басқару панелі

1

 

 

7

 

6

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

3

 

2

 

 

Дисплей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоңазытқыш бөліктің түймешігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

DrinksChill түймешігі және ON/OFF

 

 

 

Мұздатқыш бөліктің түймешігі

 

 

 

 

 

түймешігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Mode түймешігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суығырақ температураға қою тетігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылырақ температураға қою тетігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дисплей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

A B C D E

F G H I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

K

 

 

 

J

 

 

 

 

A)

Тоңазытқыш температурасының

G)

Мұздатқыш EcoMode

 

индикаторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

H)

FreeStore функциясы

B) Тоңазытқыш "сөндірулі"

I)

Мұздатқыш температурасының

C)

индикаторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

J)

индикаторы

 

 

 

 

Holiday режимі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

DrinksChill режимі

D)

Тоңазытқыш EcoMode

K)

FreeStore функциясы

E)ShoppingMode

F)Ескерту индикаторы

Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті

таңдағаннан кейін жандану басталады Температураны таңдағаннан кейін жанданған белгі бірнеше минут жыпылықтайды.

3.2 Іске қосу

Ашаны розеткаға сұғыңыз

1.Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF түймешігін басыңыз.

Температура индикаторлары орнатылған әдепкі температураны көрсетеді.

2.Бірнеше секундтан кейін ескерту құралынан сигнал естілуі мүмкін. Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін "Жоғары температураны ескерту" тарауын қараңыз.

Егер бейнебетте "DEMO" көрсетілсе, құрылғы демо-режимде тұр. "Ақаулықты түзету..." тарауын қараңыз.

Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

3.3 Сөндіру

ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз. Бейнебет сөнеді.

Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін ашаны розеткадан суырыңыз.

3.4 Тоңазытқышты іске қосу

Тоңазытқышты іске қосу үшін тоңазытқыш бөліктің түймешігін басыңыз.

Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.

Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

ҚАЗАҚ 7

3.5 Тоңазытқышты сөндіру

Тоңазытқышты сөндіру үшін тоңазытқыш бөліктің түймешігін бірнеше секунд басыңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы көрсетіледі.

3.6Температураны реттеу

1.Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

2.Температураны орнату үшін температура түймешігін басыңыз.

3.Орнатылған әдепкі температура: тоңазытқыш үшін +4°C, мұздатқыш үшін -18°C.

Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.

Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.

3.7 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкенде немесе есік ашық кезде) төмендегідей көрсетіледі:

ескерту сигналы мен мұздатқыш температурасының индикаторлары жыпылықтайды;

дыбыстық сигнал естіледі.

Ескерту сигналын бастапқы қалпына қою үшін кез келген түймешікті басыңыз.

Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді.

Ескерту индикаторы қалыпты жағдай қалпына келгенше жыпылықтауын жалғастырады.

Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту индикаторы сөнеді.

8www.electrolux.com

3.8 EcoMode

Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін EcoMode режимін таңдаңыз.

1.Функцияны іске қосу үшін:

a.Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

b.Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.

Температура индикаторы тоңазытқышқа орнатылған температураны көрсетеді: +4°C және мұздатқыш үшін: -18°C.

EcoMode индикаторы көрсетіледі.

2.Функцияны сөндіру үшін:

a.Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

b.Функцияны сөндіру үшін Mode түймешігін немесе басқа функцияны таңдау үшін ешбір арнайы белгі көрсетілмей қалғанша Mode түймешігін басыңыз.

EcoMode индикаторы сөнеді.

Функция басқа орнатылған температураны таңдаған кезде ажыратылады.

3.9 ShoppingMode

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін ShoppingMode

функциясын іске қосуды ұсынамыз.

ShoppingMode функциясы шамамен 6 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.

1.Функцияны іске қосу үшін Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.

ShoppingMode индикаторы жанады.

2.Функцияны сөндіру үшін Mode тетігін немесе басқа функцияны таңдау үшін Mode тетігін арнайы белгілердің ешқайсысы көрінбей қалғанша басыңыз.

ShoppingMode индикаторы сөнеді.

Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде ажыратылады.

3.10 FastFreeze режимі

Бұл функция 52 сағаттан кейін өздігінен тоқтайды.

1.Функцияны іске қосу үшін:

a.Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

b.Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.

FastFreeze индикаторы көрсетіледі.

2.Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

a.Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

b.Функцияны сөндіру үшін Mode тетігін немесе басқа функцияны таңдау үшін Mode тетігін арнайы белгілердің ешқайсысы көрінбей қалғанша басыңыз.

FastFreeze индикаторы сөнеді.

Функция мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады.

3.11 FreeStore функциясы

FreeStore функциясын іске қосқанда қуат шығыны артады.

Егер функция автоматты түрде іске қосылса, FreeStore индикаторы көрсетілмейді ("Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз).

1.Функцияны іске қосу үшін Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.

2.Функцияны сөндіру үшін Mode тетігін немесе басқа функцияны таңдау үшін Mode тетігін арнайы белгілердің ешқайсысы көрінбей қалғанша басыңыз.

3.12 DrinksChill режимі

DrinksChill функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады, мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту үшін қойылған шөлмектерді

ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы қажет болған кезде қолданылады.

1.Функцияны қосу үшін DrinksChill түймешігін басыңыз.

DrinksChill индикаторы көрінеді. Таймер орнатылған мәнді көрсетеді

(30 минут).

2.Таймердің орнатылған мәнін 1-ден 90 минут аралығында өзгерту үшін "суығырақ температура" түймешігі және "жылырақ температура"

түймешігін басыңыз.

Таймер (min). индикаторы көрсетіледі Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill индикаторы жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал естіледі

3.Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.

4.Дыбыстық сигналды сөндіру және функцияны біржола тоқтату үшін DrinksChill түймешігін басыңыз.

Функцияны кері санақ орындалып тұрғанда кез келген уақытта DrinksChill тетігін басып ажыратуға болады. DrinksChill индикаторы сөнеді

Кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде "Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып уақытты өзгертуге болады.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

ҚАЗАҚ 9

3.13 Holiday режимі

Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай, тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді.

Holiday функциясы іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш бөлік бос болуға тиіс.

1.Функцияны іске қосу үшін Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

Holiday индикаторы жанады. Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны көрсетеді.

2.Функцияны сөндіру, басқа функцияны таңдау үшін Mode түймешігін басыңыз немесе тиісті белгілердің ешқайсысы көрінбей кеткенше Mode түймешігін басыңыз.

Holiday индикаторы сөнеді.

Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде ажыратылады.

10 www.electrolux.com

4.1 Электртоғына алғаш рет қосу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны алғаш рет іске қосу алдында, құрылғыны кем дегенде 4 сағат тігінен қойыңыз. Сонда май компрессорға қайтып келуге уақыт жеткілікті болады. Әйтпесе, компрессорға немесе электроникалық бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

4.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде, тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат FastFreeze функциясына қойып іске қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті сақтау үшін ауаның алмасуын жақсарту үшін орнында тұруға тиіс астыңғы тартпадан басқа барлық тартпаларды алып тастаңыз. Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын тағам салуға болады.

4.3 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін орнатылған параметрдің мәнін өзгерту қажет емес.

Жаңа тағамды мұздату үшін

FastFreeze функциясын,

мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс тағамды үстіңгі камераға қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.

Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін қажетті температураға қайта оралыңыз ("FastFreeze Функция" тармағын қараңыз).

Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.

4.4 FreshZone бөлігі

Бұл бөліктегі тартпа балық, ет, теңіз тағамдары сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Құрылғының ішіндегі FreshZone бөлікті алу немесе орналастыру алдында, SpacePlus

суырмасы мен шыны қақпақты алыңыз.

FreshZone бөлігі бағыттауыштармен жабдықталған. Тоңазытқыш камерадан бөлікті суырып алу үшін оны өзіңізге қарай тартып, себеттің алдыңғы жағын төмен қарай еңкейтіп барып алыңыз.

Electrolux EN 93455 MW, EN 93455 MX User manual

4.5 Ылғалдылықты басқару

Шыны сөре көкөніс салынатын сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге мүмкіндік беретін саңылаулары (сырғыма тетіктің көмегімен реттелетін) бар құралмен жабдықталған.

5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керекжарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

ҚАЗАҚ

11

4.6 FREESTORE

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін автоматты құралмен жабдықталған.

Қажет болғанда құралды қолмен қосуға болады ("FREESTORE функциясы" тарауын қараңыз).

5.2 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:

1.Құрылғының іші мен керекжарақтарын, аздап бейтарап

12 www.electrolux.com

сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.

2.Есіктің тығыздағыштарын уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.

3.Шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.

4.Егер қол жетімді болса, құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз.

Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып тазалауға болады. Шығарып алу үшін сөрені тура тартыңыз.

FreshZone бөлімінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төменгі сөре мен жайпақ қақпақтарды тазалағаннан кейін бастапқы орнына қою керек.

Камераның ішіндегі тартпалы жәшіктердің үстіндегі жайпақ қақпақтарды тазалау үшін алып шығуға болады.

5.3 Жібіту

Құрылғыңызға мұз қатпайды. Бұл құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі қабырғаларының бетіне де, тағамның үстіне де ешбір мұз қатпайтынын

6. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

көрсетеді. Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде басқарылатын желдеткіш құрылғы ішінде үнемі суық ауаны айналдырып тұрады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.

5.4 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:

1.Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

2.Тағамдардың барлығын шығарыңыз.

3.Құрылғыны және оның керекжарақтарының барлығын тазалаңыз.

4.Жағымсыз иіс пайда болмау үшін есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.

 

 

ҚАЗАҚ 13

6.1 Не істерсіңіз, егер...

 

 

 

 

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Құрылғыдан шуыл

Құрылғы дұрыс

Құрылғының орнықты

шығады.

орнықпаған.

тұрғанына көз жеткізіңіз.

Көрінетін және естілетін

Құрылғы жақында ғана

"Есік ашық" немесе

сигналдар қосылып тұр.

қосылған немесе

"Жоғары температураны

 

температурасы тым

ескерту сигналы" тарауын

 

жоғары.

қараңыз.

 

Құрылғының ішіндегі

"Есік ашық" немесе

 

температура тым

"Жоғары температураны

 

жоғары.

ескерту сигналы" тарауын

 

 

қараңыз.

Температура

Температура сенсорына

Жақын жердегі уәкілетті

дисплейінде санның

қатысты ақаулық.

қызмет көрсету

орнына төртбұрыш

 

орталығына хабарласыңыз

таңба көрсетіліп тұр.

 

(салқындатқыш жүйе

 

 

тағамды салқындатуын

 

 

жалғастырады, бірақ

 

 

температураны реттеу

 

 

мүмкін емес).

Шам жанбайды.

Шам күту режимінде тұр.

Есікті жауып, қайта

 

 

ашыңыз.

Шам жанбайды.

Шамда ақаулық бар.

Жақын жердегі уәкілетті

 

 

қызмет көрсету

 

 

орталығына

 

 

хабарласыңыз.

Компрессор үздіксіз

Температура дұрыс

"Құрылғының жұмысы"

жұмыс істейді.

орнатылған жоқ.

тарауын қараңыз.

 

Бір мезгілде тым көп

Бірнеше сағат күтіңіз,

 

тағам қойылған.

содан кейін

 

 

температурасын қайта

 

 

тексеріңіз.

 

Бөлме температурасы

Техникалық ақпарат

 

тым жоғары.

тақтайшасындағы ауа-

 

 

райы санатын қараңыз.

 

Құрылғыға тым жылы

Тағамдарды бөлме

 

тағамдар қойылған.

температурасына дейін

 

 

салқындатып алғаннан

 

 

кейін салыңыз.

 

FastFreeze функциясы

"FastFreeze функциясы"

 

қосылған.

тарауын қараңыз.

 

ShoppingMode

"ShoppingMode

 

функциясы қосылған.

функциясы" тарауын

 

 

қараңыз.

 

 

 

14 www.electrolux.com

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Компрессор FastFreeze

Бұл қалыпты жағдай,

Компрессор біраз уақыттан

тетігін басқаннан кейін

ешқандай ақаулық жоқ.

кейін жұмыс істей

немесе температураны

 

бастайды.

өзгерткеннен кейін

 

 

бірден жұмыс істей

 

 

бастамайды.

 

 

Компрессор Shopping

Бұл қалыпты жағдай,

Компрессор біраз уақыттан

Mode тетігін басқаннан

ешқандай ақаулық жоқ.

кейін жұмыс істей

кейін немесе

 

бастайды.

температураны

 

 

өзгерткеннен кейін

 

 

бірден жұмыс істей

 

 

бастамайды.

 

 

Су тоңазытқыштың ішіне

Су ағатын түтікше

Су ағатын түтікшені

ағады.

бітеліп қалған.

тазалаңыз.

 

Тағамдар судың

Тағамдардың артқы

 

коллекторға қарай

тақтаға тимейтінін

 

ағуына бөгет жасайды.

тексеріңіз.

Су еденге ағады.

Еріген су ағатын

Еріген су ағатын түтікшені

 

түтікше, компрессордың

буландырғыш науаға

 

үстіндегі буландырғыш

жалғаңыз.

 

науаға қосылмаған.

 

Температура

FastFreeze немесе

FastFreeze немесе Shop

орнатылмайды.

ShoppingMode

pingMode функциясын

 

функциясы қосылған.

қолмен сөндіріңіз немесе

 

 

температураны орнату

 

 

үшін функцияның өздігінен

 

 

бастапқы қалпына келуін

 

 

күтіңіз. "FastFreeze немесе

 

 

ShoppingMode функциясы"

 

 

тарауын қараңыз.

DEMO жыпылықтап

Құрылғы демо режимде

Mode түймешігін ұзақ

көрсетіледі.

тұр.

сигнал естілгенше және

 

 

дисплей біраз уақыт

 

 

сөнгенше ұзақ уақыт,

 

 

шамамен 10 секунд басып

 

 

ұстап тұрыңыз.

Құрылғының ішіндегі

Температура тетігі

Жоғарырақ/төменірек

температура өте

дұрыс мәнге

температураға қойыңыз.

төмен/өте жоғары.

қойылмаған.

 

 

Азық-түліктердің

Азық-түліктің

 

температурасы өте

температурасын бөлме

 

жоғары.

температурасына дейін

 

 

азайтып барып сақтаңыз.

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 15

 

 

 

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

 

Бір мезгілде тым көп

Бір мезгілде сақталатын

 

тағам сақтауға

азық-түліктер мөлшерін

 

қойылған.

азайтыңыз.

 

FastFreeze функциясы

"FastFreeze функциясы"

 

қосылған.

тарауын қараңыз.

 

ShoppingMode

"ShoppingMode

 

функциясы қосылған.

функциясы" тарауын

 

 

қараңыз.

 

 

 

Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

6.2 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.

7. ОРНАТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:

Ауа-

Бөлме температурасы

райы

 

санаты

 

SN

+10°C бастап + 32°C дейін

N

+16°C бастап + 32°C дейін

ST

+16°C бастап + 38°C дейін

T

+16°C бастап + 43°C дейін

 

 

7.2 Электртоғына қосу

Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.

Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.

Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

Loading...
+ 33 hidden pages