Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
• Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ
3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
www.electrolux.com4
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
• Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
• Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
• Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚ
5
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: RU KZ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
• Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
www.electrolux.com6
2.3 Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар. Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Алюминий жұқалтырды құрылғыға
немесе құрылғының астыңғы
бөлігіне тура қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе
табанына нұқсан келген ыдыстар
құрылғының бетіне сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
• Құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керекжарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
ҚАЗАҚ
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Қақпақ
• Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
• Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
• Қақпақты жабар алдында
оттықтардың барлығын сөндіріңіз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақ (егер бар болса)
қызған кезде жарылып кетуі мүмкін.
7
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Күтім көрсетер алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
2.7 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
1
2
3
4
8
6
1542 3
7
www.electrolux.com8
• Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.8 Газды гриль
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт, жарылыс және күйіп
қалу қаупі бар.
• Гриль жасау барысында құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз. Қол
жететін бөлшектері ысып кетеді.
• Грильді қолданған кезде
балаларды жақындатпаңыз.
• Грильді ешқашан тұмшапештің
есігін жауып пайдаланбаңыз.
Тұмшапештің есігін сәл ашық
қалдырыңыз. Өрт немесе көміртегі
моноксиді шығу қаупі бар.
• Тағам қойылған тұмшапеш сөресін
ең үстіңгі деңгейге қоймаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
2.9 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
Пеш үстінің тетіктері
1
От алдырғыштың түймешігі
2
Шамның түймешігі
3
Минут операторының тетігі
4
Тұмшапеш функцияларының тетігі
5
Гриль
6
Шам
7
Сөре деңгейлері
8
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
123
54
ҚАЗАҚ
Қосымша оттық
1
Бу шығатын саңылау - мөлшері
2
мен орны үлгі түріне байланысты
Жартылай жылдам оттық
3
Жартылай жылдам оттық
4
Жылдам оттық
5
9
3.3 Керек-жарақтары
• Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
• Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
• Алюминий пісірме табақ
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
4.2 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
тарауын қараңыз.
Торттар мен печеньелерге
арналған.
• Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде
дефлекторды қорғауға арналған.
• Зат сақтау суырмасы
Зат сақтау суырмасы тұмшапештің
төменгі бөлігінде орналасқан.
1. Ең үлкен температураны
орнатыңыз.
2. Құрылғыны шамамен 1 сағат қосып
қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Керек-жарақтар
бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді.
Құрылғыдан иіс және түтін шығады.
Бұл қалыпты жағдай. Ауаның жеткілікті
түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Тұмшапешті салқындатыңыз. Жұмсақ
матаны шамалы жуғыш зат қосылған
суға батырып, тұмшапештің ішін
тазалау үшін пайдаланыңыз.
A
B
D
C
www.electrolux.com10
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Оттықты тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалынды
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз .
2. Дәл осы уақытта, пештің тетігін
сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап, газ берілімінің ең үлкен
қалпына бұраңыз да, оттықты
жағу үшін басыңыз.
3. Оттық жанған кезде тұтатқыштың
түймешігін босатыңыз да, тетікті
осы қалыпта термореле қызғанша
10 секунд немесе одан аз басып
ұстап тұрыңыз. Бұлай істемеген
жағдайда газ беріліміне кедергі
келеді.
4. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тетікті 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер
оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, тетікті босатыңыз
да, өшіру қалпына бұрап,
кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Егер тоқ болмаса, оттықты
электрлі құрылғының
көмегінсіз тұтандыра
аласыз. Ол үшін оттыққа
жалынды таятып, қажетті
тетікті төмен қарай басып
тұрып, ең жоғары деңгейге
дейін бұраңыз. Тетікті
термоэлемент қызғанша 10
секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, тетікті сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
5.2 Оттықтың көрінісі
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса, оның
шілтері мен қақпағының
дұрыс орналасқанын
тексеріңіз.
A) Оттық табақшасы
B) Оттық шілтері
C) От алдырғыш
D) Термореле
ҚАЗАҚ
11
5.3 Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off"
қалпына бұраңыз.
6. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
6.2 Ыдыстың диаметрі
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
ОттықЫдыстың
Жылдам160 - 220
Жартылай
жылдам
Қосымша120 - 180
диаметрі (мм)
140 - 220
6.3 Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлді барынша
орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтардың ортасына
қойыңыз.
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
www.electrolux.com12
• Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Пештің үсті жеткілікті түрдесуыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны
бар сумен жуып, орнына қайта қояр
алдында жақсылап құрғатыңыз.
7.3 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
7.4 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс
жуғыш машинада жууға
төзімді емес. Оларды
қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін,
сондықтан, ыдыс тірегін қолмен
жуып, кептірген кезде байқаңыз.
Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттықтың дұрыс жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін ыдыс
тағандарының тіректерін, оттықтың
ортасына келтіріп салыңыз.
7.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясыҚолданылуы
Сөндіру қалпыҚұрылғы сөндірулі.
1 - 8Қызу параметрлеріТұмшапеш температурасын реттеу
ауқымы1).
Гриль жасауЖайпақ тағамды грильдің ортасында
қақтауға арналған. Тост жасауға арналған.
ҚАЗАҚ
13
Тұмшапештің шамыТұмшапештің ішкі жағын жарықтандыру
Тұмшапештің оттығын
жаққан кезде тұмшапештің
есігін ашық ұстау керек.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қақпақтың ашық тұрғанына
көз жеткізіңіз. Тұмшапешті
пайдаланған кезде қатты
қызып кетпес үшін
қақпақты ашып қою керек.
Тұмшапеш қауіпсіздігі
құралы: Газ тұмшапеші
термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын
сөніп қалғанда, газдың
берілуін тоқтатады.
үшін.
Бұл функцияны қолдану үшін шам
түймешігін басыңыз.
тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін осы қалыпта термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан
аз басыңыз. Әйтпесе, газ
беріліміне кедергі келеді.
8.3 Тұмшапештің газ оттығын
қолдан жағу
Электр қуаты болмаған жағдайда,
пештің оттығын электр құралынсыз
жаға аласыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапештің табанындағы
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз
3. Дәл осы уақытта, тұмшапеш
функциялары тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, газ
берілімінің ең үлкен қалпына
бұраңыз да, оттықты жағу үшін
басыңыз.
4. Оттық жанған кезде тұтатқыштың
түймешігін босатыңыз да,
.
3. Осы кезде тұмшапеш
функциясының тетігін басып
тұрып, сағат тілінің бағытына
қарсы ең үлкен газ беріліміне
келгенше бұраңыз.
4. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функциясының тетігін газ
ағысының ең үлкен деңгейіне
қойып, термореле қызғанша 15
секунд немесе одан аз уақыт
басып ұстап тұрыңыз.
A
www.electrolux.com14
Тұмшапеш
функцияларының тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің
оттығы 15 секундтан кейін
жанбаса, тұмшапеш
функцияларының тетігін
босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып,
кем дегенде 1 минуттан
кейін тұмшапештің
оттығын тағы бір рет жағып
көріңіз.
8.4 Тұмшапештің газ оттығын
тұтатқаннан кейін
1. Тұмшапеш функциясының тетігін
босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Қажетті қыздыру параметрін
орнату үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
8.5 Тұмшапештің оттығын
сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
8.6 Грильді қолдану
Гриль температурасын
өзгерту мүмкін емес.
Төменірек температураға
немесе баяу пісіру
уақытына қою үшін гриль
табасын жалыннан
алыстатып төмен түсіріңіз.
Грильді қолдану алдында гриль
дефлекторын (A) есіктің үстіңгі
жағындағы орынға салыңыз. Екі
бекітпенің тұмшапеш корпусының
(басқару панелінің астыңғы жағы)
алдыңғы жақтауының үстіңгі
жағындағы тесіктерге дұрыс кірігіп
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Етті науаға немесе табақ
үстіне тура қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Етті сөренің ең үстіңгі
қатарына қоймаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Тұтату түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
3. Тұмшапешті басқару тетігін Гриль
қалпына бұраңыз. Тетікті басып
ұстап тұрыңыз.
4. Тұтату түймешігін босатыңыз.
5. Тұмшапештің басқару тетігін осы
қалыпта шамамен 15 секунд ұстап
тұрыңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
6. Тұмшапешті басқару тетігін
босатыңыз.
Егер гриль жанбаса немесе кенет
сөніп қалса, тұмшапешті басқару
тетігін босатыңыз да, Сөндіру қалпына
бұраңыз. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
7. Грильді алдын ала 5-10 минут
қыздырыңыз.
8. Ет қойылған тұмшапеш сөресін 3-
ші сөре деңгейіне қойыңыз.
9. Тағамның май-сөлін жинау үшін
пісіру науасын немесе қуырма
табақты 2-ші деңгейге қойыңыз.
10. Тұмшапештің есігін шала ашып
қойыңыз.
Егер уақытша тоқ сөніп қалса,
тұмшапештің есігін ашып, гриль
дефлекторын салып, жалынды гриль
оттығының тесіктеріне жақын ұстап,
тұмшапешті басқару тетігін Гриль
қалпына бұраңыз.
8.7 Гриль оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚ
15
9.1 Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз
да, содан кейін қажетті уақытқа
бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Тор сөренің артқы жағында
қызу алмасуға көмек
болатын арнайы пішім бар.
Науа:
Пісірме табақты корпустың
артқы қабырғасына
тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге
кедергі жасайды.
Тағамның әсіресе
табақтың артқы жағындағы
бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
Сөрені сөренің орнына салып итеріңіз.
Тұмшапештің артқы қабырғасына
тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.
11. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Науаны немесе табаны сөренің
орнына қойыңыз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимей тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
www.electrolux.com16
11.1 Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған
төрт деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
11.2 Пісіру
• Тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
• Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
• Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
• Егер торттарды бірнеше деңгейге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 - 15 минутқа созуға болады.
• Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай
орын алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
• Пісіру уақыты ұзақ болса,
тұмшапешті пісіру уақытының
аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып
қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
11.3 Торт пісіру
• Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
11.4 Ет пен балық пісіру
• Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
11.5 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
11.6 Пісіру кестесі
ҚАЗАҚ
17
ТағамМөлшері (г) Термоэ
лемент
тің
орны
250225 - 303алюминий пісірме
Тәтті таспа
Тәтті таспа
Жалпақ
торт
Жалпақ
торт
Алма
1)
250220 - 253пісірме табақ
1)
10002 - 335 - 453алюминий пісірме
1)
1000235 - 403пісірме табақ
1)
2000550 - 603алюминий пісірме
қосылған
Уақыт
(мин.)
Сөрен
ің
орнал
асуы
Керек-жарақтары
табақ
табақ
табақ
ашыған
қоспалы
1)
торт
Алма
бәліші
1)
1200 + 1200 655 - 653Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
Кішкене
кекстер
Майсыз
қопсыма
1)
торт
Құймақ15002 - 3
Құймақ15002 - 3
5002 - 325 - 303алюминий пісірме
1)
табақ
пісірме табақ
350330 - 3531 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см)
3алюминий пісірме
2)
45 - 55
40 - 50
3пісірме табақ
3)
табақ
Бүтін тауық1400850 - 603темір сөре
3пісірме табақ
8007 - 815 - 203алюминий пісірме
Флан наны
Флан наны
Толтырмасы
бар ашыған
қоспа
торты
4)
табақ
8006 - 715 - 203пісірме табақ
4)
12004 - 540 - 503алюминий пісірме
табақ
пісірме табақ
5)
www.electrolux.com18
ТағамМөлшері (г) Термоэ
лемент
тің
орны
Пицца
Пицца
1)
1)
10005 - 625 - 353алюминий пісірме
10005 - 625 - 303пісірме табақ
Уақыт
(мин.)
Сөрен
ің
орнал
асуы
Керек-жарақтары
табақ
Сүзбе торты2600380 - 903алюминий пісірме
табақ
Сүзбе торты2600370 - 803пісірме табақ
Швейцариялы
қ алма
5)
бәліші
Швейцариялы
19006 - 750 - 603алюминий пісірме
табақ
19006 - 740 - 503пісірме табақ
қ алма
5)
бәліші
Рождество
6)
торты
Рождество
торты
Киш лорен
24003 - 4
24003 - 4
10005 - 650 - 6031 дөңгелек табақ
5)
60
60
7)
3)
3алюминий пісірме
табақ
3пісірме табақ
(диаметрі: 26 см)
Шаруа наны750 + 7504 - 550 - 603Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
Румын
қопсыма
1)
торт
Румын
қопсыма торт
- дәстүрлі
Швейцариялы
қ орама
Швейцариялы
қ орама
600 + 6002 - 350 - 603Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см)
600 + 6002 - 340 - 503Алюминиймен
қапталған 2
1)
дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см)
5002 - 320 - 303алюминий пісірме
1)
табақ
5002 - 320 - 253пісірме табақ
1)
Меренга4001 - 240 - 503алюминий пісірме
табақ
ҚАЗАҚ
19
ТағамМөлшері (г) Термоэ
лемент
тің
орны
Уақыт
(мин.)
Сөрен
ің
орнал
асуы
Керек-жарақтары
Меренга400140 - 503пісірме табақ
Шағын
1)
Choux
Шағын
1)
Choux
Үгілме торт
Үгілме торт
Қопсыма
1)
торт
Қопсыма
1)
торт
Майлы
5)
торт
Майлы
5)
торт
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
2)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
3)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 5 минут тұмшапеште ұстаңыз.
4)
Тұмшапешті алдын ала 20 минут қыздырыңыз.
5)
Тұмшапешті алдын ала 15 минут қыздырыңыз.
6)
Тұмшапешті 15 минут бойы термоэлементін 8 қалпына қойып, алдын ала
қыздырыңыз.
7)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
5003 - 435 - 403алюминий пісірме
табақ
5002 - 330 - 353пісірме табақ
15005 - 630 - 403алюминий пісірме
5)
табақ
15005 - 630 - 353пісірме табақ
5)
600235 - 403алюминий пісірме
табақ
600230 - 353пісірме табақ
6002 - 325 - 303алюминий пісірме
табақ
600320 - 253пісірме табақ
12. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Тазалауға қатысты
ескерім
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін
тазалау үшін әдетте қолданылатын
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын
пайдаланып болған сайын тазалап
отырыңыз. Май жиналғанда немесе
басқа тағам қалдығы жиналса, өрт
шығуы мүмкін.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып
болған сайын тазалап, құрғатып
30°
1
2
B
www.electrolux.com20
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
12.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
құрылғылар
Тұмшапештің есігін
дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар
тұмшапештің бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару
панелін де осындай сақтық
шараларды орындап
тазалаңыз.
12.3 Тұмшапештің шыны
панельдерін алу және орнату
Ішкі шыны панельді алып тазалауға
болады. Шыны панельдердің саны әр
үлгіде әр түрлі.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тазалау барысында
тұмшапештің есігін
шамалы ашық ұстаңыз.
Оны шегіне дейін ашқан
кезде кенет жабылып
қалып, қатты зақым
келтіруі мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны шыны
панельсіз пайдаланбаңыз.
1. Есікті шамамен 30° градусқа
келгенше ашыңыз. Есікті шамалы
ашқан кезде жабылып қалмай
тұрады.
2.
Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, қапсырманың
тығыздағышын босату үшін ішке
басыңыз.
3. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Шыны панельдерді
алған кезде
тұмшапештің есігі
жабылуға әрекет етеді.
4. Есіктің шыны панельдерінің үстіңгі
жағын ұстап тұрып, бір-бірден
жоғары қарай тартыңыз.
5. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болған соң шыны панельдер
мен тұмшапеш есігін орнатыңыз.
Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен
орындаңыз. Алдымен кішірек панельді,
содан кейін үлкен панельді орнатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ішкі шыны панельдің
безендірілген беті есіктің
ішкі жағына қарап тұруға
тиіс.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Орнатып болғаннан кейін
шыны панельдің
безендірілген жақтауының
бетін ұстап көрген кезде,
қолға оның бұдыры
сезілмеуге тиіс.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ішкі шыны панельдің өз
ұяшықтарына дұрыс
салынғанына көз жеткізіңіз.
12.4 Тартпаны алу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұтанғыш заттарды
(мысалы, тазалағыш
заттар, пластик қапшықтар,
тұмшапеш қолғабы, қағаз
немесе бүріккіштер, т.с.с.
сияқты) тартпаға салып
сақтамаңыз. Тұмшапешті
қолданған кезде суырма
қызып кетуі мүмкін. Өрт
шығу қаупі бар.
ҚАЗАҚ
2. Суырманы баяу көтеріңіз.
3. Суырманы түгел алып шығыңыз.
Суырманы салу үшін жоғарыда
көрсетілген әрекеттерді кері ретпен
орындаңыз.
12.5 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз. Øам және
шамның қақпағы ыстық
болуы мүмкін.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C
шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
21
Тұмшапештің астындағы тартпаны
оңай тазалау үшін алуға болады.
1. Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
Loading...
+ 47 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.