Electrolux EKC954901X User Manual

EKC954901W EKC954901X
KK Пеш Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Кухонная плита Инструкция по эксплуатации 38
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 6
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 11
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................12
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ................................................... 12
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................13
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................15
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................15
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ...................................................... 18
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ....................................... 19
12. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС....................................................................... 20
13. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................31
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................34
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 36
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Бұл құрылғыны артқы панельдің температурасына
төтеп беру үшін электр желісіне H05VV-F түріндегі кабельмен жалғау керек.
www.electrolux.com4
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейін
биіктікте пайдалануға арналған.
Бұл құрылғы кеме, қайық немесе контейнерлерде
пайдалануға арналмаған.
Құрылғы қатты қызып кетпеу үшін декоративті
есіктің артына орнатпаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пештің шыны есігін немесе топсамен бекітілген
шыны қақпақтарын тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіріп, шыны
шытынап кетуі мүмкін.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
ҚАЗАҚ 5
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын
тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға орнату керек.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
www.electrolux.com6

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Ас үй қаптамасы мен ұясының өлшемдері құрылғыға сай келуге тиіс.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының бөлшектерінде кернеу бар. Құрылғының қауіпті бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Құрылғы аударылып кетпес үшін оны орнықты етіп орнататын құралдарды орнатыңыз. Орнату тарауын қараңыз.

2.2 Электртоғына қосу

ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Ашаны розеткаға қосар алдында құрылғының есігін толық жабыңыз.

2.3 Пайдалану

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу және күйіп қалу қаупі бар. Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен
ҚАЗАҚ 7
алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының немесе тот баспайтын болат бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Алюминий жұқалтырды құрылғыға немесе құрылғының астыңғы бөлігіне тура қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе табанына нұқсан келген ыдыстар құрылғының бетіне сызат түсіруі мүмкін. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
www.electrolux.com8

2.4 Күту менен тазалау

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Күтім көрсетер алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының ішінде қалған май немесе тағам қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз..

2.6 Қоқысқа тастау

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

2.7 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

2.5 Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған

3. ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
3.1 Құрылғы орнатылатын
жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір жағын немесе екі жағын ас үй жиһазына тақатып, не бұрышқа қоюыңызға болады.
Орнату барысында қалдыру керек мин. қашықтықты кестеден қараңыз.
A
C
B
Мин. қашықтық
Өлшемі мм
A 400
B 650
C 150

3.2 Техникалық дерек

Кернеу 230 В
Жиілік 50 - 60 Гц
Қуат тиімділігінің класы A
Құрылғының сыныбы 1
ҚАЗАҚ 9
құрылғының астындағы кішкене тіректерді қолданыңыз.

3.4 Аударылып кетуден қорғау

Аударылып кетуден қорғайтын құралды орнатпай тұрып құрылғыны дұрыс жерге биіктігін реттеп орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аударылып кетуден қорғайтын құралды дұрыс биіктікке орнатыңыз.
Құрылғының артқы жағына келетін қаптама бетінің майда болуын қамтамасыз етіңіз.
Аударылып кетуден қорғайтын құралды орнату керек. Егер орнатпасаңыз құрылғы аударылып кетуі мүмкін.
Құрылғының суретте көрсетілген белгісі (егер бар болса) аударылып кетуден қорғайтын құралды орнату қажет екенін ескертеді.
Өлшемі мм
Биіктігі 858
Ені 500
Тереңдігі 600

3.3 Құрылғының деңгейін реттеу

Құрылғының деңгейін басқа құрылғылармен дәлдеу үшін
1. Аударылып кетуден қорғайтын
құралды құрылғының үстіңгі бетінен 317 - 322 мм, жанынан 80 -
80-85
mm
317-322
mm
www.electrolux.com10
85 мм төмен дөңгелек саңылауға салып орнатыңыз. Оны қатты материалға бұрап немесе тиісті күшейткішті (қабырға) қолданып орнатыңыз.
2. Саңылауды құрылғының артқы сол
жағынан таба аласыз. Құрылғының алдыңғы жағын көтеріп, ас үй қаптамасының ортасындағы орынға салыңыз. Ас үй қаптамасының ортасындағы орын құрылғының енінен кеңірек болса, құрылғыны ортаға қою үшін екі жағынан қалатын орындарды реттеу керек.
Егер пештің өлшемдерін өзгертсеңіз, аударылып кетуден қорғайтын құралды дұрыс орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ас үй қаптамасының ортасындағы орын құрылғының енінен кеңірек болса, құрылғыны ортаға қою үшін екі жағынан қалатын орындардың өлшемдерін реттеу керек.

3.5 Электртоғына қосу

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауындағы сақтық шаралары орындалмаған жағдайда, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен немесе негізгі ашамен жабдықталмаған.
ЕСКЕРТУ!
Ағытпаға электр сымын қосар алдында, үйдің электр желісінің фазаларының арасындағы кернеуді өлшеңіз. Содан кейін, электр желісіне дұрыс қосу үшін құрылғының артқы жағындағы қосылым жапсырмасын қараңыз. Қадамдарды осы рет бойынша орындасаңыз, орнату барысында қате жібермеуге және құрылғының электр бөлшектеріне зақым келтірмеуге көмектеседі.
Түрлі фазаларда қолдануға жарамды сымдардың түрлері:
Фаза Сымның мин.
өлшемі
1 3x6,0 мм²
3 бейтарап 5x1,5 мм²
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымы құрылғының суретте бөлектеліп көрсетілген жеріне тиіп тұрмауға тиіс.

4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

8 9
10
12
11
1 12 3 4 5 6
7
13
1
2
3
4
140 mm
140 mm
120/180 mm
140 mm
250 mm
6 5
1 2 3
4

4.1 Жалпы көрінісі

4.2 Пісіруге арналған беттің көрінісі

ҚАЗАҚ 11
Пеш үстінің тетіктері
1
Температура тетігі
2
Температура индикаторы / белгісі
3
Электрондық бағдарламалағыш
4
Пеш шамы / белгісі / индикатор
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Плюс бу түймешігі
7
Қыздырғыш элемент
8
Лампа освещения
9
Желдеткіш
10
Сөренің алмалы сырғытпалары
11
Корпустың белгіленген деңгейі
12
Сөре деңгейлері
13
Пісіру алаңы 1200 Вт
1
Бу шығатын саңылау - саны мен
2
орны үлгі түріне байланысты Пісіру алаңы 900 / 2000 Вт
3
Пісіру алаңы 1200 Вт
4
Қалдық қызу индикаторы
5
Пісіру алаңы 700 / 1700 Вт
6

4.3 Керек-жарақтары

Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған.
Зат сақтау суырмасы
Зат сақтау суырмасы тұмшапештің төменгі бөлігінде орналасқан.
www.electrolux.com12

5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Алғашқы тазалау

Пештен керек-жарақтардың барлығын және алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. Керек-жарақтарды және алмалы сөре сырғытпаларын орындарына қойыңыз.

5.2 Уақытты орнату

Тұмшапешті іске қосар алдында уақытты орнату керек.
индикаторы құрылғыны электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе таймер орнатылмаған кезде жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін немесе
түймешігін басыңыз. Шамамен бес секунд өткеннен кейін жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.

5.3 Уақытты өзгерту

Егер Ұзақтық немесе Соңы функциялары
жұмыс істесе, тәулік уақытын өзгерте алмайсыз.
Жаңа уақытты орнату үшін "Уақытты орнату" тарауын қараңыз.

5.4 Батырма тетіктер

Құрылғыны іске қосу үшін басқару тетігін басыңыз. Басқару тетігі бері шығады.

5.5 Алдын ала қыздыру

Бос пешті алғаш пайдаланар алдында қыздырыңыз.
Келесі функция үшін: PlusSteam "Функциясын қосу" тарауын қараңыз: PlusSteam".
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті 1 сағат қосып қойыңыз.
3. түймесін басып, ең үлкен
температураны орнатыңыз. Бұл функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
5. функцияны орнатып, Плюс
Бу түймесін басып, ең үлкен температураны орнатыңыз.
6. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
7. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз. Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып кетеді. Пештен иіс және түтін шығады. Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
түймешігін тәулік уақытының индикаторы жыпылықтағанша қайта­қайта басыңыз.

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
6.1 Пісіру алаңдарының
сипаттамасы
Пісіру алаңдары термостатпен жабдықталған және таңдалған қызу деңгейіне байланысты (сөніп, іске қайта қосылып) үзіліссіз жұмыс істейді.

6.2 Электрлі пісіру алаңының

Белгіше лер
1 - 9 Қыздыру параметрлері
Таңдалған пісіру алаңының тетігін қажетті қызу параметріне бұраңыз. Пеш үстін басқару индикаторы жанады. Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару тетігін "оff" қалпына койыңыз.
Пісіру алаңдарының барлығы сөндірілсе, пештің үстін басқару индикаторы сөнеді.
Функция
Сөндіру қалпы
Қос алаң
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5 - 10 минут қалғанда сөндіріңіз.
8-ші немесе 9-шы қызу деңгейін орнатқан кезде алаң ең жоғарғы қуат деңгейінде жұмыс істейді.

6.4 Сыртқы шеңберлерді (қос немесе сопақ) іске қосу және сөндіру

Дайындаған бетті ыдыстың өлшеміне қарай реттеуге болады.
1. Егер 1-ден 9-ға дейінгі қызу
деңгейін таңдасаңыз, пісіру алаңының тек орталық бөлігі ғана жұмыс істейді.
2. Сыртқы шеңберді іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен 9­дан белгісіне қарай асырып
қойыңыз.
3. Содан кейін тетікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қажетті қызу параметріне (1-9) қойыңыз. Орталық бөлік пен сыртқы шеңбер
бірге жұмыс істейді. Сыртқы шеңберді сөндіру үшін басқару тетігін "оff" қалпына койыңыз. Орталық бөлік те, сыртқы немесе сопақ шеңбер де сөнеді. Индикатор сөнеді. Пісіру алаңының орталық бөлігін қайта қосу үшін қызу параметрінің 1-9 аралығындағы деңгейін таңдаңыз.

6.5 Қалдық қызу индикаторы

6.3 Қарапайым пісіру алаңын
қолдану
Қарапайым пісіру алаңын пайдалану үшін тиісті тетікті келесі қалыптардың біріне бұраңыз: 1-9.
1-ден 3-ке дейінгі қызу параметрлерінде алаң шамамен 2-3 секунд қызыл түсті болып жанып, содан кейін сөнеді.

7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде индикатор жанады.
www.electrolux.com14

7.1 Ыдыс-аяқ

Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден және алюминий немесе мыстан жасалған ыдыстар шыны керамика беттің түсін өзгертуі мүмкін.
Қызу параметрі
1 Піскен тағамды жылы
1 - 2 Голланд тұздығы,
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
3 - 4 Буға піскен көкөністер,
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
Пайдалану: Уақыт
ұстаңыз.
балқытылған: сары май, шоколад, желатин.
піскен жұмыртқалар.
тағамдарды баяу қайнату, дайын тағамдарды жылыту.
балық, ет.
бұқтырылған тағамдар мен көже пісіру.
"кордон блё" бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
картоп, қоң ет, бифштекстер.
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.

7.2 Тағам пісіру бағдарламаларының үлгілері

Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.
(мин.)
қажетін е орай
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
60 ­150
қажетін е орай
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық су құйыңыз, сүт тағамдарын арасында араластырыңыз.
қосыңыз.
су пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және құраластар.
Орта тұсында аударыңыз.

8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

ҚАЗАҚ 15
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Жалпы ақпарат

• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.
және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің үстін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын кетіріңіз: сірке суы қосылған ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

8.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант

9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

9.1 Құрылғыны іске қосу және сөндіру

Құрылғыда шамдардың, қосқыш белгілерінің немесе индикаторлардың бар не жоқ болуы құрылғының үлгісіне байланысты:
• Құрылғы жұмыс істегенде, шам жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің пісіру алаңдарының, тұмшапеш функцияларының қайсысын басқаратыны не оның температураны басқаратыны көрсетіледі.
• Тұмшапеш қызғанда, индикатор жанады.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функциялары мен температура тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.

9.2 Қауіпсіздік термостаты

Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе бөлшектерінде ақау бар болса, қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған термостатпен жабдықталған. Температура төмендеген кезде тұмшапеш қайта автоматты түрде қосылады.
www.electrolux.com16

9.3 Тұмшапеш функциялары

Белгі Тұмшапеш
+
функциялары
Сөндіру қалпы Пеш өшірулі.
Тұмшапештің шамы
PlusSteam Тағам пісіру барысында оған ылғал қосуға
Пеш желдеткішінің жарығы
Астыңғы қызу Торттың қыртысын кіртілдек етіп пісіруге
Дәстүрлі пісіру Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен
Жылдам гриль Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
Турбо-гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс
Желдеткішпен пісіру
Дымқыл пісіру Бұл тағам пісіру барысында қуатты
Қолдану
Шамды пісіру функциясынсыз қосуға арналған.
арналған. Тағамды қызартып, қытырылақ етіп пісіруге арналған. Тағамды қайта қыздыру кезінде барынша сөлді етуге арналған. Жемістерді не көкөністерді консервлеу үшін.
Етті балбыратып, сөлді етіп қуыру үшін не кез келген жемісті не көкөністерді кептіру үшін.
арналған.
қуыруға арналған.
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
етін бір сөреде қақтауға арналған. Гратин жасауға және қызартуға арналған.
Пісіру температуралары бірдей тағамды бір емес, бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыруға немесе қуырып-пісіруге арналған.
үнемдеуге арналған функция. Тағам пісіру туралы нұсқауларды "Ақыл-кеңестер және ұсыныстар" тарауынан қараңыз, Дымқыл пісіру. Функцияға кедергі келтірмеу үшін пісіру барысында тұмшапештің есігі жабылып тұруы керек және тұмшапештің қуат тиімділігі жағынан ең тиімді режимде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл функцияны пайдаланғанда ішкі температура орнатылған температурадан өзгеше болуы мүмкін. Қыздыру қуаты азаюы мүмкін. Жалпы қуат үнемдеуге арналған ұсыныстарды "Қуат тиімділігі" тарауы, Тұмшапеш - Қуат үнемдеу тарауынан қараңыз.
ҚАЗАҚ 17
Белгі Тұмшапеш
функциялары
Ыстық желдеткішпен пісіру
Мұздату Тағам жібіту үшін (көкөністер және жеміс).
Қолдану
Тағамды бір уақытта екі сөреде пісіруге және кептіруге арналған.Температураны Дәстүрлі пісіру функциясына қарағанда 20 – 40 °C төменірек қойыңыз.
Жібіту уақыты мұздатылған тағамның мөлшері мен көлеміне байланысты.

9.4 Функцияны іске қосу: PlusSteam

Бұл функция тағам пісіру барысында ылғалдылықты жақсартуға ықпал етеді.
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан ылғал күйдіруі мүмкін:
• Функция қолданғанда құрылғының есігін ашпаңыз: PlusSteam.
• Функцияны қолданып болғаннан кейін құрылғының есігін абайлап ашыңыз: PlusSteam.
“Ақыл-кеңестер және ұсыныстар” тарауын қараңыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Корпустың белгіленген деңгейіне
дейін су құйыңыз. Корпустың белгіленген деңгейінің ең үлкен сыйымдылығы 250 мл. Корпустың белгіленген жеріне дейін сумен толтыру кезінде тұмшапеш салқын болуы керек.
3. Функцияны орнатыңыз: PlusSteam
.
4. Плюс Бу түймешігін басыңыз.
Бу плюс түймесі мына функциямен бірге ғана жұмыс істейді: PlusSteam.
Индикатор жанады.
5. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
6. Құрылғыға тағам қойыңыз және
тұмшапештің есігін жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам пісіру барысында немесе тұмшапеш ыстық тұрғанда корпусты белгіленген жеріне дейін сумен толтырмаңыз.
7. Құрылғыны сөндіру үшін Плюс Бу
түймешігін басып, тұмшапеш функциялары мен температура тетіктерін "сөндіру" қалпына
қойыңыз. Плюс Бу түймешігінің индикаторы сөнеді.
8. Корпустың белгіленген деңгейінен
суды ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Корпустың белгіленген деңгейінен қалған суды ағызу алдында құрылғының суығанына көз жеткізіңіз.
A B C
www.electrolux.com18

10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ

10.1 Дисплей

A. Функция индикаторлары B. Уақыт бейнебеті C. Функция индикаторы

10.2 Түймелер

Түйме Функция Сипаттама
МИНУС Уақытты қоюға арналған.
САҒАТ Сағат функциясын орнату үшін.
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
Плюс Бу Функцияны қосу үшін: PlusSteam.

10.3 Сағат функцияларының кестесі

Сағат функциясы Қолдану
ТӘУЛІК УАҚЫТЫ
ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
АЯҚТАУ Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
УАҚЫТТЫ КЕШІКТІРУ
МИНУТ ОПЕРАТОРЫ

10.4 ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату

1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
түймесін жыпылықтай
2.
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
арналған.
УАҚЫТ және АЯҚТАУ функциясын біріктіру үшін.
Кері санақ уақытын қоюға арналған. Бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН кез келген уақытта, құрылғы сөніп тұрса да орнатуға болады.
3. немесе түймесін ҰЗАҚТЫҚ
уақытын орнату үшін басыңыз.
Бейнебетте көрсетіледі.
4. Уақыт аяқталғанда
жыпылықтап, дыбысты сигнал естіледі. Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
6. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру қалпына бұраңыз.

10.5 АЯҚТАУ функциясын орнату

1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3. Уақытты орнату үшін
түймесін басыңыз.
Бейнебетте көрсетіледі.
4. Уақыт аяқталғанда
жыпылықтап, дыбысты сигнал естіледі. Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
5. Сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
6. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру қалпына бұраңыз.
не

10.6 УАҚЫТТЫ КЕШІКТІРУ функциясын орнату

1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
түймесін жыпылықтай
2.
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3. немесе түймесін ҰЗАҚТЫҚ
функциясының уақытын орнату үшін басыңыз.
4. түймешігін басыңыз.
5. немесе түймесін АЯҚТАУ
функциясының уақытын орнату үшін басыңыз.
ҚАЗАҚ 19
6. түймешігін басып құптаңыз.
Құрылғы кейін автоматты түрде қосылып, орнатылған ҰЗАҚТЫҚ уақыты аяқталғанша істеп, орнатылған АЯҚТАУ уақыты келгенде сөнеді. Орнатылған уақыт келгенде дыбыстық сигнал естіледі.
7. Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
8. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру
қалпына бұраңыз.

10.7 МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату

1. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз. Минут операторы 5 секундтан кейін автоматты түрде іске қосылады.
3. Орнатылған уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз.
4. Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off" (сөндірулі) қалпына қойыңыз.

10.8 Сағат функцияларын біржола тоқтату

1. түймесін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтай бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап
тұрыңыз. Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін сөнеді.

11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

11.1 Керек-жарақтарды салу

Торкөз сөре:
www.electrolux.com20
Сөрені сөре бағыттағыштардың арасына салыңыз.
Науа:
Пісірме табақты корпустың артқы қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі бұлай істегенде табақтың айналасына қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның әсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
Науаны немесе шұңғыл табаны сөре сырғытпасының бағыттағыштарының арасына салыңыз. Тұмшапештің артқы қабырғасына тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны бірге қолдану:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының бағыттағышының және торкөз сөренің бағыттағыштарының арасына салып жылжытыңыз.

12. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде беріледі. Олар рецептерге, олардың құрамының сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

12.1 Жалпылама ақпарат

• Құрылғының сөре қоюға арналған төрт деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғы ауа айналдыратын және буды үздіксіз қайта айналдырып отыратын арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен тағамды булы ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғының есігін ашу қажет болса, әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

12.2 Пісіру

• Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін. Әдетте қолданатын температура, пісіру уақыты және сөре деңгейлері тәрізді параметрлеріңізді кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.
• Алғашқыда төменірек температураны пайдаланыңыз.
• Нақты рецептіге арналған параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас біреуін пайдаланыңыз.
• Егер торттарды бірнеше сөрелерге қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын 10 – 15 минутқа созуға болады.
• Кекстер мен пісірілген нандар басында әр түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса, температура параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар пісіру барысында бір деңгейге келеді.
• Пісіру кезінде тұмшапештегі науа майысып қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде майысқаны қалпына келеді.

12.3 Торт пісіру

• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
ҚАЗАҚ 21
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасына бір ашық қатар қалдырыңыз.

12.4 Ет пен балық пісіру

• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.

12.5 Пісіру уақыттары

Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.

PlusSteam +

12.6
Тұмшапешті алдын ала қыздыру үшін салқын тұрған кезінде корпустың белгіленген жеріне дейін суға толтырыңыз.
"Функциясын қосу" тарауын қараңыз: PlusSteam"
www.electrolux.com22
Кондитер өнімдері
Тағам Корпустың
белгіленген
Температ
ура (°C) жеріне дейінгі су мөлшері (мл)
100 180 35 - 40 2 Пісірме табақты
1)
Ақ нан
Булочкала
1)
р
Үй пиццасы
Фокаччиа
Печенье,
100 200 20 - 25 2 Пісірме табақты
100 230 10 - 20 1 Пісірме табақты
1)
100 190 - 210 20 - 25 1 Пісірме табақты
1)
100 150 - 180 10 - 20 2 Пісірме табақты
шелпек, круассан
Өрік торты,
1)
100 180 20 2 Торт қалыбын
алма бәліші, дәмқабық қосылған булочкала
1)
р
1)
Пісіру алдында бос тұмшапешті 5 минут қыздырыңыз.
Мұздатылған тағамды пісіру
Тағам Корпустың
белгіленген
Температ
ура (°C) жеріне дейінгі су мөлшері (мл)
Мұздатылғ ан пицца
Мұздатылғ
150 200 - 210 10 - 20 2 Тор сөрені
1)
150 160 - 170 25 - 30 2 Пісірме табақты
ан круассан
1)
1)
Пісіру алдында бос тұмшапешті 10 минут қыздырыңыз.
Уақыт (мин.)
Уақыт (мин.)
Сөренің орналас уы
Сөренің орналас уы
Керек­жарақтары
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
Керек­жарақтары
пайдаланыңыз.
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 23
Тағамды өңдеу
Тағам Корпустың
белгіленген жеріне
Температу ра (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің орналас уы
Керек­жарақтары
дейінгі су мөлшері (мл)
Ақ нан 100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Булочкалар100 110 10 - 20 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Үй пиццасы
100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Фокачча 100 110 10 - 20 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Овощи 100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Рис 100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Макаронны е изделия
100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Ет 100 110 15 - 25 2 Пісірме табақты
пайдаланыңыз.
Қуыру
Тағам Корпустың
белгіленген жеріне
Температу ра (°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің орналас уы
Керек­жарақтары
дейінгі су мөлшері (мл)
Қуырылған шошқа еті
200 180 65 - 80 2 Тор сөре мен
пісірме табақты қолданыңыз.
Ростбиф 200 200 50 - 60 2 Тор сөре мен
пісірме табақты қолданыңыз.
Тауық еті 200 210 60 - 80 2 Тор сөре мен
пісірме табақты қолданыңыз.
Қуырылған күркетауық
200 200 70 - 90 2 Тор сөре мен
пісірме табақты қолданыңыз.
www.electrolux.com24

12.7 Консервлеу +

ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Өлшемдері бірдей, консерв жасау үшін қолданылатын, сатып алуға болатын банкаларды қолданыңыз.
• Пісірме табаға алтыдан көп емес жарты литрлік банкаларды қойыңыз.
• Банкаларды біркелкі толтырыңыз, әр банканың бетінен 1 см ауа қалдырыңыз. Қақпақтарын
Жидек
Тағам Температура
Бүлдірген / Көк жидек / Таңқурай
Сүйекті жеміс
Тағам Температура
Алмұрт / Айва / Қара өрік
(°C)
160 25 - 30 1 Пісірме
(°C)
160 35 - 40 1 Пісірме
герметикалық тәсілмен жаппай-ақ, бетіне қойыңыз.
• Банкаларды бір-біріне тигізбеңіз.
• Пісірме науаға 1/2 литр су құйып, пештің ішінде ылғалдылық жеткілікті болу үшін корпустың белгіленген жеріне дейін 1/4 литр су құйыңыз.
• PlusSteam функцияны таңдап, төмендегі кесте бойынша дұрыс температураны орнатыңыз.
• Банкаларды функция сөндірулі болғанда ғана герметикалық тәсілмен жабуға болады.
Уақыт (мин.) Сөренің
орналас уы
Уақыт (мин.) Сөренің
орналас уы
Керек­жарақтары
табақты пайдаланың ыз.
Керек­жарақтары
табақты пайдаланың ыз.
Жұмсақ көкөністер
Тағам Температура
Кәді / Баклажан / Пияз / Қызанақ
(°C)
160 30 - 35 1 Пісірме
Уақыт (мин.) Сөренің
орналас уы
Керек­жарақтары
табақты пайдаланың ыз.
Loading...
+ 56 hidden pages