Electrolux EHI96732IZ User Manual

EHI96732IZ
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 23 UK Варильна поверхня Інструкція 46
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 15
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................15
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 18
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................21
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
www.electrolux.com4
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ҚАЗАҚ 5

2.1 Орнату

ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатыңыз.
• Жұмыс алаңы мен оның астындағы құрылғының алдыңғы жағында 2 мм ауа алмасып тұратын саңылаудың бар екеніне көз жеткізіңіз. Ауа алмасып тұруға қажетті саңылаудың жеткіліксіз болуына байланысты орын алған ақауларға өндіруші жауапты емес.

2.2 Электртоғына қосу

ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын,
www.electrolux.com6
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

2.3 Пайдалану

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам материалын, жапсырмасын және қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы іске қосылып тұрған кезде индукциялық пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
180/280
mm
1
1
1
2
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

2.4 Күту менен тазалау

• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
ҚАЗАҚ 7
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.

2.5 Құрылғыны тастау

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.

2.6 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі

Индукциялық пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
61 32
5
4
8 7
911 10
www.electrolux.com8

3.2 Басқару панелінің көрінісі

Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсо рлық өріс
1
2
- Қыздыру параметрінің
3
- Пісіру алаңдарының
4
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
5
6
7
8
9
- Басқару жолағы Қызу параметрін орнатуға арналған.
10
11
Функция Түсіндірме
STOP+GO Функцияны іске қосады және сөндіреді.
Bridge Функцияны іске қосады және сөндіреді.
бейнебеті
индикаторлары
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
/
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
Қуат функциясы Функцияны іске қосады және сөндіреді.
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін орнатылғанын көрсетуге арналған.
арналған.
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
арналған.
арналған.

3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері

Дисплей Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
Дисплей Сипаттама
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
ҚАЗАҚ 9
+ сан
/ /
Ақаулық орын алды.
OptiHeat Control (3 қадамды Қалдық қызу индикаторы) : пісіруді жалғастыру / жылы ұстау / қалдық қызу.
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған не мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.

3.4 OptiHeat Control (3 қадамды Қалдық қызу индикаторы)

ЕСКЕРТУ!
/ / Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар. Индикатор қалдық қызудың деңгейін көрсетеді.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Іске қосу және сөндіру

Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция пештің үстін келесі жағдайларда автоматты түрде сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу параметрін орнатпасаңыз,
Индукциялық пісіру алаңдары тағам пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу пештің керамика бетін қыздырады.
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.
• пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін қайта қолдану алдында пісіру алаңын салқындатыңыз.
• егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса. белгісі жанып,
пісіру алаңы 2 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе қызу параметрін өзгертпесеңіз.
max.
www.electrolux.com10
Шамалы уақыттан кейін жанады да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт пен қызу параметрінің арасындағы байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті
, 1 - 3
4 - 7 5 сағаттан кейін
8 - 9 4 сағаттан кейін
10 - 14 1,5 сағаттан кейін
мына уақыттан кейін сөнеді:
6 сағаттан кейін

4.3 Қызу параметрі

Қызу параметрін өзгертуге немесе орнатуға арналған:
Басқару панеліндегі дұрыс қызу параметрін басыңыз немесе басқару панелін саусағыңызбен дұрыс қызу параметрі орнағанға дейін түртіңіз.
“Техникалық ақпарат” тарауын қараңыз.

4.5 Bridge функциясы

Бұл функция қазан екі аймақтың орталсын жапқанда жұмыс істейді.
Бұл функция екі сол жақ пісіру алаңын өзара қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде жұмыс істейді.
Әуелі сол жақ пісіру алаңдарының біріне қызу параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: басыңыз. Қызу параметрін орнату немесе өзгерту үшін басқару сенсорларының бірін түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Пісіру алаңдары дербес жұмыс істейді.
түймешігін

4.6 Автоматты түрде қыздыру

Қажетті қызу параметрін қысқа уақытта алу үшін осы функцияны қосыңыз. Қосулы тұрғанда пісіру алаңы басында ең үлкен параметр бойынша жұмыс істейді, содан кейін қажетті қызу параметрі бойынша жұмысын жалғастырады.
Бұл функцияны іске қосу үшін, пісіру алаңы суық болуы керек.

4.4 Пісіру алаңының индикаторы

Көлденең сызық ыдыстың ең үлкен өлшемін көрсетеді.
Функцияны пісіру алаңы үшін қосқыңыз келсе: түймешігін
басыңыз ( қыздыру параметрін дереу басыңыз. 5
секундтан кейін жанады. Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
жанады). Қажетті

4.7 Қуат функциясы

Бұл функция индукциялық пісіру алаңдарына көп қуат береді. Бұл функцияны индукциялық пісіру алаңы үшін уақытын шектеп қосуға болады. Осы уақыт аяқталғаннан кейін, индукциялық пісіру алаңы автоматты
түрде ең үлкен қызу параметріне қойылады.
“Техникалық ақпарат” тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін қосқыңыз келсе: басыңыз.
жанады. Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.

4.8 Қуат функциясы қос шеңберлі пісіру алаңы бар

Пеш диаметрі ішкі шеңбердің диаметрінен кіші ыдыс қойылғанын сезген кезде, бұл функция ішкі шеңбер үшін қосылады. Пеш диаметрі ішкі шеңбердің диаметрінен үлкен ыдыс қойылғанын сезген кезде, бұл функция сыртқы шеңбер үшін қосылады.
ҚАЗАҚ 11
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00­ге кері санайды. Пісіру алаңының индикаторы сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды. Пісіру алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
CountUp Timer (Санақ таймері)
Пісіру алаңының қанша уақыт жұмыс істейтінін бақылау үшін осы функцияны қолданыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін: түймешігін қажетті пісіру алаңының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.

4.9 Таймер

Кері санақ таймері
Бұл функцияны қолданып пісіру алаңының бір пісіру циклы кезінде қанша уақыт жұмыс істейтінін көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру параметрін, содан кейін функцияны орнатыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін: түймешігін қажетті пісіру алаңының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің түймешігін басып, уақытты (00 - 99 минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды. Бейнебетте қалған уақыт көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатыңыз. не
басыңыз.
Функцияны қосу үшін: Таймердің түймешігін басыңыз. жанады. Пісіру
алаңының индикаторы баяу жыпылықтай бастағанда, уақыт алға
санала бастайды. Бейнебет кері саналған (минут) уақытты көрсетуге ауысады.
Пісіру алаңының қанша уақыт жұмыс істейтінін көру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды. Бейнебетте алаңның қанша уақыт жұмыс жасайтыны көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру алаңын немесе белгішесін басыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы сөнеді.
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары жұмыс істемей, пеш іске қосылып тұрғанда Минут операторы ретінде қолдануға болады. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі
Функцияны қосу үшін: басыңыз. Уақытты орнату үшін
таймердің
арқылы орнатыңыз және
немесе түймешігін
және
.
түймешігін
www.electrolux.com12
басыңыз. Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Бұл функция пісіру алаңдарының жұмысына еш әсер етпейді.

4.10 STOP+GO

Бұл функция ең төмен қыздыру параметрі бойынша жұмыс істейтін пісіру алаңдарының барлығын орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын тоқтатпайды.
Функцияны қосу үшін: белгішесін басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.
белгішесі жанады.

4.11 Құлып

Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: белгішесін
басыңыз. белгішесі 4 секунд жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы функция да сөнеді.

4.12 Бала қауіпсіздігінің құралы

Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз. белгішесі жанады. Пештің үстін
сөндіріңіз. Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз. белгішесі жанады. Пештің үстін
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана қайта орнату: пештің үстін
көмегімен іске қосыңыз. белгішесі жанады.
басыңыз. Қызу параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске
қосуға болады. Пешті көмегімен сөндірген кезде, функция қайта жұмыс істейді.
белгішесін 4 секунд
көмегімен
көмегімен

4.13 OffSound Control (Дыбыстық сигналдарды сөндіру және қосу)

Пешті сөндіріңіз. белгішесін 3 секунд басыңыз. Бейнебет жанады да,
сөнеді.
параметрдің бірін таңдау үшін таймердің белгісін таңдаңыз:
- дыбыстық сигнал сөндірулі
- дыбыстық сигнал қосулы Таңдауды растау үшін пеш автоматты түрде сөнгенше күтіңіз.
Функцияны қалпына қойғанда келесі жағдайларда ғана дыбыстық сигнал естіледі:
• Минут операторы сөнгенде
• Кері санақ таймері сөнгенде
• басқару панеліне бір нәрсе
белгісін 3 секунд басыңыз.
немесе жанады. Келесі
түрткенде
қойылғанда.

4.14 Қуатты басқару функциясы

• Пісіру алаңдары пештегі фаза санымен және орналасқан орындарына қарай топтастырылған. Суретке қараңыз.
• Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр жүктемесін көтере алады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының арасындағы қуат мөлшерін бөледі.
• Бұл функция бір фазаға қосылған пісіру алаңдарының жалпы электр жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске қосылады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған басқа пісіру алаңдарының қуат мөлшерін төмендетеді.

5. АҚЫЛ-КЕҢЕС

ҚАЗАҚ 13
• Қуаты азайған алаңдардың қызу параметрін көрсететін дисплейде екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Ыдыс-аяқ

Индукциялық пісіру алаңдарында, электр­магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда болдырады.
Индукциялық пісіру алаңына дұрыс ыдыс қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір, табаны көп қабаттан тұратын ыдыс (өндіруші тарапынан жарамдылығы көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді, егер:
• жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру алаңына аз су қойылса, жылдам қайнап кетеді.
• ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне белгілі бір шамада автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай алады.
“Техникалық ақпарат” тарауын қараңыз.

5.2 Жұмыс кезіндегі шуыл

Егер келесі шуыл естілсе:
• сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр түрлі материалдардан жасалған (көп қатпарлы құрылым).
• ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын жоғары қуат деңгейіне қойып пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі материалдардан жасалған (көп қатпарлы құрылма).
• гуілдеу: жоғары қуат деңгейін пайдаланғансыз.
www.electrolux.com14
• шыртылдау: электр тоғы қосылып­ажыратылады.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып есептеледі және пештің ақаулығына жатпайды.

5.3 Öko Timer (Эко таймері)

Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының қыздырғышы кері санақ таймерінің сигналы естілмей тұрып сөнеді. Жұмыс істеу уақытының әр түрлі болуы қызу параметріне және пісіру уақытына байланысты.
5.4 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрінің мәнін көбейткен кезде, пісіру алаңы пайдаланатын қуаттың мәні пропорциональды түрде көбеймейді. Сондықтан да, орташа қызу параметрін қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу параметрі
- 1
1 - 3 Голланд тұздығы,
1 - 3 Қойылту: шайқалған омлет,
3 - 5 Күріш және сүтке пісірілген
5 - 7 Буға піскен көкөністер,
7 - 9 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
7 - 9 Көп мөлшердегі тағамдар,
Пайдалану: Уақыт
Піскен тағамды жылы ұстаңыз.
балқытылған: сары май, шоколад, желатин.
піскен жұмыртқалар.
тағамдарды баяу қайнату, дайын тағамдарды жылыту.
балық, ет.
бұқтырылған тағамдар мен көже пісіру.
(мин.)
қажетін е орай
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
60 ­150
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық су құйыңыз, сүт тағамдарын арасында араластырыңыз.
қосыңыз.
су пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және құраластар.
ҚАЗАҚ 15
Қызу параметрі
9 - 12 Баппен қуыру: эскалоп,
12 - 13 Қатты қуыру, қуырылған
14 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
Пайдалану: Уақыт
"кордон блё" бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
картоп, қоң ет, бифштекстер.
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.

6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Жалпы ақпарат

• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.

6.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған пластмасса, пластик фольга, қант
(мин.)
қажетін е орай
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің үстін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын кетіріңіз: сірке суы қосылған ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Ақыл-кеңес
Орта тұсында аударыңыз.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.electrolux.com16

7.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске пайдалана алмадыңыз.
Сақтандырғыш жанып
Пешті қайта іске қосыңыз
Бір уақытта 2 немесе
STOP+GO функциясы
Басқару панеліне су
Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Пеш сөнген кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Пештің үсті сөнеді.
Қалдық жылу индикаторы жанбай тұр.
Автоматты қыздыру функциясы жұмыс істемейді.
Қызу параметрінің ең
Пеш электр тоғына қосылған жоқ немесе теріс қосылған.
кеткен.
одан да көп сенсорлық өрістерді басып қойғансыз.
жұмыс істейді.
немесе май шашыраған.
Бір немесе бірнеше сенсорлық өріске зат қойылған.
Сенсорлық өріске бір зат қойылған.
Алаң ыстық емес, себебі ол аз уақыт ғана қосылып тұрған.
Алаң ыстық. Алаңды әбден
жоғары мәні орнатылған.
Пештің электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Қосылым сызбасын қайта қараңыз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта­қайта жанып кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
да, қызу параметрін 10 секундтан аз уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті басыңыз.
"Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз.
Басқару панелін тазалаңыз.
Сенсорлық өрістердегі затты алыңыз.
Сенсорлық өрістердегі заттарды алыңыз.
Егер алаң қызу үшін едәуір ұзақ жұмыс істесе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
салқындатып алыңыз.
Ең жоғары қызу параметрінің қуаты, функциясының қуатымен бірдей.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Екі қызу параметрі ауысып көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы жұмыс
"Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз.
істейді.
Сенсорлық өрістер қызып кетеді.
Тым үлкен ыдыс қолданылған немесе ыдыстар басқару
Үлкен ыдыстарды артқы пісіру алаңдарына
қойыңыз. құралдарына тым жақын қойылған.
Сенсорлық өрістерді түрткен кезде ешбір сигнал естілмейді.
Дыбыстық сигналдар өшірулі.
Дыбыстық сигналдарды
қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
жанады.
жанады.
Автоматты сөндіру құралы қосылады.
Бала қауіпсіздігінің құралы немесе Құлып
Пешті ажыратыңыз да,
қайта қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз. функциясы іске қосылады.
жанады.
Ыдыс дұрыс
Алаңда ешбір ыдыс жоқ. Алаңға ыдыс қойыңыз.
Дұрыс ыдысты қолданылмаған.
пайдаланыңыз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі
алаң үшін тым кішкене.
Өлшемі сай келетін
ыдысты пайдаланыңыз.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
және сан жанады.
Пеште ақау бар. Пешті электр желісінен
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер қайта көрініс
берсе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
жанады.
Электр қосылымы дұрыс емес. Электр тоғының кернеуі көрсетілген
Білікті электршіге
хабарласып электр
блогын тексертіңіз. деңгейден артық.
ҚАЗАҚ 17
www.electrolux.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
жанады.
жанады.
жанады.
Пеште ақау пайда болды, себебі ыдыстың ішіндегісі таусылғанша қайнаған. Автоматты қосқыш сөндірулі және алаңдардың қатты қызудан қорғау құралы іске қосылады.
Желдеткіштің саңылаулары бітелген.
Электр қосылымы дұрыс емес. Пеш тек бір фазаға ғана қосылған.
Пешті сөндіріңіз. Ыстық ыдысты алыңыз. Шамамен 30 секунд өткеннен кейін алаңды қайта қосыңыз. Мәселе ыдысқа байланысты болса, ақау хабары көрінбей кетеді. Қалдық қызу индикаторы қосылып тұруына болады. Ыдысты әбден салқындатып алыңыз. Ыдыстың пештің үстіне сай келетін-келмейтінін тексеріңіз. “Ақыл-кеңестер және ұсыныстар” тарауын қараңыз.
Желдеткішті ешбір заттың бітемегеніне көз
жеткізіңіз. Егер қайта көрініс берсе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Білікті электршіге хабарласып электр блогын тексертіңіз. Қосылым сызбасын қайта қараңыз.

7.2 Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз...

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны керамиканың үш саннан тұратын нөмірін, (шынының бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын

8. ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет көрсету орталығының технигі немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік кітапшасында берілген.

8.1 Орнату алдында

Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
min. 50mm
min. 500mm
min. 2mm
жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................

8.2 Кіріктірілген пештер

Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс қондырылған құрылғыларға және стандартты талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.

8.3 Қосылым сымы

• Пеш электр қосылымы сымымен жабдықталған.
• Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін келесі сымның түрлерін (немесе жоғары) қолданыңыз: H05V2V2-F T кемінде 90°C. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.5 Құрастыру

ҚАЗАҚ 19

8.4 Таспаны кертікке салу

1. Жұмыс алаңындағы кертікті
тазалаңыз.
2. Жинақтағы тұмшалағыш таспаны 4
таспа түрінде кесіңіз. Таспалардың ұзындығы кертіктердің ұзындығымен бірдей болуы керек.
3. Таспалардың ұштарын 45° градус
бұрыш жасап кесіңіз. Олар кертіктің бұрышына дәл келуі керек.
4. Таспаларды кертіктерге жалғаңыз.
Таспаларды созбаңыз. Таспалардың ұштарын
қабаттамаңыз. Пешті орнатып болғаннан кейін керамика шыны мен жұмыс тақтасының арасындағы бос орынды силиконмен бітеңіз. Силиконның керамика шынының астында қалмауын қамтамасыз етіңіз.
min. 2 mm
A
B
A
12 mm 28 mm 38 mm
B
57 mm 41 mm 31 mm
min 30 mm
min. 500 mm
< 20 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm 28 mm 38 mm
B
57 mm 41 mm 31 mm
min. 500 mm
514+1mm
490+1mm
560+1mm
584+1mm
min. 55mm
R10mm
R5mm
12mm
7mm
min. 38 mm
min. 2 mm
min. 12 mm
min. 2 mm
www.electrolux.com20

8.6 Қорғаныс қорабы

9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК

9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгісі EHI96732IZ Өнім нөмірі PNC 949 596 561 00 Түрі 60 GBD C3 AU 220 - 240 В 50 - 60 Гц Индукция 7.4 кВт Германияда жасалған
Сер.№. ................. 7.4 кВт
ELECTROLUX
ҚАЗАҚ 21
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз (қосымша керек-жарақ), пештің алдыңғы жағынан ауа алмасуға 2 мм орын қалдырудың және астыңғы жағына қорғаныш тақтасын орнатудың қажет жоқ. Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне орнатсаңыз, қорғаныс қорабын пайдалана алмайсыз.

9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы

Пісіру алаңы Номинальды
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ 2300 3200 10 125 - 210
Артқы оң жақ 1800
Пісіру алаңдарының қуаты кестеде көрсетілген мәндерден сәл ғана өзгеше болуы мүмкін. Бұл мәндер ыдыстың материалы мен өлшемдеріне байланысты өзгереді.
қуат (ең жоғары қызу параметрі) [Вт]
2300 3200 10 125 - 210
3500
Қуат функциясы [Вт]
2800 3700
Жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін табанының диаметрі кестеде көрсетілген диаметрлерден үлкен емес ыдысты қолданыңыз.
Қуат функциясы ең көп ұзақтық [мин]
5 5
Ыдыстың диаметрі [мм]
145 - 245 245 - 280
Loading...
+ 47 hidden pages