Electrolux EGG97352 User Manual

EGG97352 ПІСІРУ АЛАҢЫ
KK
ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ
RU
ВАРИЛЬНА ПОВЕРХНЯ
UK
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2 ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 19 ІНСТРУКЦІЯ 38
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................11
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 13
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................16
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
ҚАЗАҚ
3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
www.electrolux.com4
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт
интервалы сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
Электр сымын төсеген кезде, температурасы
бөлме температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатыңыз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы
ҚАЗАҚ
немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

2.3 Газға қосу

• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың қысымы) мен құрылғы параметрлерінің сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
5
www.electrolux.com6
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып әкететін құрылғыға жалғанбаған. Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету талаптарының дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.

2.4 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам материалын, жапсырмасын және қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек­жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты орнатпаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған кезде қызу және ылғал бөлінеді. Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған кезде қосымша желдету қажет болуы, мысалы, терезені ашу немесе барынша тиімді желдету тәсілін пайдалану қажет болуы, егер механикалық тартқыш бар болса, оның қарқынын арттыруға болады.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
1 2
4
3
5
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
• Сірке суы, лимон шырыны немесе әк дағын кетіретін құралдар тәрізді қышқыл заттарды пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із қалады.

2.5 Күту менен тазалау

• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі

ҚАЗАҚ
бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
7

3.2 Басқару тетігі

Белгіше Сипаттама
газ берілмейді / сөндірулі қалып
жану қалпы / газ барынша көп беріледі
Үш шілтерлі оттық
1
Жылдам оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Қосымша оттық
4
Басқару тетіктері
5
Белгіше Сипаттама
газ барынша аз беріледі
A
B
D
C
C
D
A
B
www.electrolux.com8
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Оттықтың көрінісі

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланылмаса, өндіруші жауапты емес.
1. Басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары газ берілімі (
2. Басқару тетігін басып, 10 секунд
немесе одан аз уақыт ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ беріліміне кедергі келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Басқару тетігін 15 секундтан артық басып тұрмаңыз. Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
) қалпына бұраңыз.
A) Оттық табақшасы B) Оттық шілтері C) От алдырғыш D) Термореле

4.2 Оттықты тұтату

Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
ҚАЗАҚ
9
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Электр қуаты болмаған кезде оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады; мұндай жағдайда оттыққа жалынды жақындатып, тиісті тетікті төмен басып, сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, газды ең көп шығару қалпына бұраңыз. Термоэлемент қызғанша басқару тетігін 10 секунд немесе одан аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

5. АҚЫЛ-КЕҢЕС

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Ыдыс-аяқ

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Шойыннан құйылған табаларды, тас табаны, фарфор ыдысты, гриль немесе тостер табақтарын пайдаланбаңыз. Тот баспайтын болат қатты қызғанда көмескі тартуы мүмкін.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

4.3 Оттықты сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына бұраңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Орнықсыз және түбі деформацияланған кәстрөлдерді ішіндегісі төгіліп, адам жарақат алмау үшін оттыққа қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдердің табандарының басқару тетіктерін басып тұрмағанына көз жеткізіңіз, себебі тетікерді жалын ысытып жібереді.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бір табаны екі оттыққа қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кәстрөл саптарының пісіру алаңының алдыңғы қырының үстінде емес екеніне көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com10
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлді барынша орнықты етіп қою және газды мүмкіндігінше аз пайдалану үшін кәстрөлді оттықтардың ортасына қойыңыз.

5.2 Қуат үнемдеу

• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

5.3 Ыдыстың диаметрі

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Оттықтың диаметрлеріне сай келетін ыдыстарды пайдаланыңыз.

6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Жалпы ақпарат

• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Оттық Ыдыстың
Үш шілтерлі 180 - 280
Жылдам 180 - 260
Жартылай жылдам (алдыңғы)
Жартылай жылдам (артқы)
Қосымша 80 - 180
диаметрі (мм)
120 - 180
120 - 220

6.2 Таба тағандары

Ыдыс тағандары ыдыс жуғыш машинада жууға төзімді емес. Оларды қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін, сондықтан, ыдыс тірегін қолмен жуып, кептірген кезде байқаңыз. Қажет болса, қатып қалған дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттықтың дұрыс жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін ыдыс
тағандарының тіректерін, оттықтың ортасына келтіріп салыңыз.

6.3 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пешті дымқыл шүберекпен, шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

ҚАЗАҚ
үстін жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Эмальмен қапталған бөліктерді, қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар сумен жуып, орнына қайта қояр алдында жақсылап құрғатыңыз.
6.4 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру білтесі мен металл электродтың көмегімен орындалады. Тұтандыру қиынға соқпауы үшін осы құрамдас бөліктерді таза ұстаңыз және оттықтағы шілтер тесіктерінің бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
6.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер орнатылған болса, қысым реттегіш құралдың қалып-күйін тексеру үшін жергілікті уәкілетті қызмет көрсету орталығына уақытылы хабарласыңыз.
11
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
От алдырғышты қосқан кезде ешбір жарқыл шықпайды.
Сақтандырғыш ағытылып
Оттықтың қақпағы мен
Пеш электр тоғына қосылған жоқ немесе теріс қосылған.
қалған.
шілтері дұрыс салынбаған.
Пештің электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта­қайта босап кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Оттықтың қақпағы мен шілтерін дұрыс орнатыңыз.
MOD.
PROD. NO.
SER.N O
DATA
MOD.
PROD. NO.
SER.N O
DATA
MOD. PROD.NO. SER.NO.
03 IT
MADE IN ITALY
TYPE 230V-50Hz IP20
0049
A B C
www.electrolux.com12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Жалын тұтатқаннан кейін дереу сөніп қалады.
Жалын шығырығы біркелкі емес.
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызған жоқ.
Оттықтың шілтерін тағам қалдығы бітеп тастаған.
От жанғаннан кейін тетікті шамамен 10 секунд басып ұстап біркелкі тұрыңыз.
Инжектордың бітеліп қалмағанын және оттық шілтерінің таза екенін тексеріңіз.

7.2 Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз...

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы деректерді беріңіз. Пешті іске дұрыс қосқаныңызға көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет көрсету орталығының технигі немесе дилер көрсеткен қызмет,
A) Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті жіберіңіз (егер қажет болса).
B) Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті сақтаңыз (егер қажет болса).
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік кітапшасында берілген.

7.3 Керек-жарақ салынған қалтадағы жапсырмалар

Жабысқақ жапсырмаларды төменде көрсетілгендей жапсырыңыз:
C) Нұсқаулық кітапшасына
жапсырыңыз.
8. ОРНАТУ
A B C
ҚАЗАҚ
13
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Орнату алдында

Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық
нөмірі ...........................

8.2 Газға қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны орнату, жалғау мен жөндеу бойынша төмендегі нұсқауларды нормаларға және жергілікті заң ережелеріне сәйкес білікті техник қызқметкерлер іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты қосылым сымдарын немесе тот баспайтын болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ пешті тұмшапешпен бірге құрастырған кезде сақ болыңыз.
Құрылғының газбен жабдықтау қысымының ұсынылған мәндерге сәйкес екеніне көз жеткізіңіз. Реттелетін қосылым бұрандалы G 1/2" сомынының көмегімен ауқымды еңіске бекітіледі. Бөлшектерді салмақ салмай бұраңыз, қосылымды қажетті бағытқа қарай баптап, барлығын қатайтыңыз.
A) Сомыны бар сүмбінің ұшы B) Тығырық C) Келте құбыр (қажет болса)
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан тығыздағышты орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
• ол бөлме температурасынан жоғары, 30°C-тан асып қызып кете алмаса;
• ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
• ешбір жері жаншылмаса;
• оны тартып не бұрап майыстыруға болмаса;
• ол өткір жиектер мен бұрыштарға жанаспаса;
• оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау үшін төмендегілерді тексеру керек:
A
www.electrolux.com14
• екі ұшында және ұзына бойында жарылған, кесілген жерлер, күйген белгілері болмауын;
• материал қатқылданбаған, керісінше, серпімділігі дұрыс болуын;
• бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын;
• жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік фиттингінің жақсылап бекітілгенін тексеріңіз. От емес, сабын ерітіндісін пайдаланыңыз!

8.3 Инжекторларды ауыстыру

1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, орнына қолданылатын газ түріне арналған инжекторларды салыңыз ("Техникалық ақпарат" тарауындағы кестені қараңыз).
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының қасында) жаңа газ түріне сай келетін тақтайшаға ауыстырыңыз. Бұл тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз. Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі немесе қажетті қысымнан басқаша болса, газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін орнату қажет.

8.4 Ең кіші деңгейді лайықтау

Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Бұранда бұрағыштың көмегімен
орағытпа бұранданы реттеп бұраңыз (A).
5. Егер ауыстырсаңыз:
• табиғи G20 13 мбар немесе G20 20 мбар газды сұйылтылған газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шегіне дейін қатайтыңыз.
• егер сұйылтылған газды G20 13 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/2 мөлшеріне дейін (үш шілтерлі оттықта 1 айналым) босатыңыз.
• егер сұйылтылған газды G20 20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (үш шілтерлі оттықта 1/2 айналым) босатыңыз.
• егер G20 13 мбар табиғи газды G20 20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (үш шілтерлі оттықта 1/2 айналым) босатыңыз.
• егер G20 20 мбар табиғи газды G20 13 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне дейін (үш шілтерлі оттықта 1/2 айналым) қатайтыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
600 mm
600 mm
800 mm
800 mm
min. 55 mm
min. 650 mm
700 mm
min. 450 mm
30 mm
480 mm
15 mm
15 mm
15 mm
A
ҚАЗАҚ
15

8.5 Электртоғына қосу

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен жабдықталған. Оны техникалық ақпарат тақтайшасындағы жүктемені көтере алатын дұрыс ашамен жабдықтау керек. Ашаның сай келетін розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сыммен, адаптермен немесе көп тармақты қосылым арқылы қосқан кезде өрт шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау стандарттар мен ережелерге сай іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
• Қуат сымын 90° C градустан асатын температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы салынған ағытпаға жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қоңыр (немесе қара) фаза сымын "L" таңбасы бар ағытпаға жалғаңыз. Фаза сымын үнемі қосып қойыңыз.

8.7 Кіріктіріп орнату

8.6 Қосылым сымы

Қосылым сымын H05V2V2-F T90 немесе осының баламасымен ауыстырыңыз. Сымның қимасының кернеуге және жұмыс температурасына сәйкес екеніне көз жеткізіңіз. Сары/жасыл түсті жерге қосу сымы қоңыр (немесе қара) түсті фазалық сымнан шамамен 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
A
B
min 20 mm (max 150 mm)
30 mm
60 mm
B
A
www.electrolux.com16
A) жинақтағы тығыздағыштар B) жинақтағы қапсырмалар
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны тек біртегіс жайпақ бетке ғана орнатыңыз.

8.8 Кірістіру жолдары

Есігі бар ас үй жиһазы
Пештің астына орнатылатын тақта алуға оңай және техникалық қызмет

9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

9.1 Пештің өлшемдерi

көрсету қажет болғанда қол жеткізуге оңай болуға тиіс.
A) Алынбалы тақта B) Қосылым сымдарына арналған
орын
Тұмшапеш орнатылған ас үй жиһазы
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және тұмшапешті құрылғыдан оңай алу үшін пештің үсті мен тұмшапешті электр желісіне жеке-жеке қосу керек.
Ені 744 мм
Тереңдігі 510 мм

9.2 Байпас диаметрлері

ОТТЫҚ Ø БАЙПАС 1/100 мм
Үш шілтерлі 56
Жылдам 42
Жартылай жылдам 32
Қосымша 28

9.3 Басқа техникалық деректер

Бастапқы газ: G20 (2H) 13 мбар = 12 кВт
ТОЛЫҚ ҚУАТЫ:
Газды ауыстыру: G30/G31 (3B/P) 30 мбар = 858 г/сағ
G20 (2H) 20 мбар = 12 кВт
ҚАЗАҚ
17
Электрмен жабдықтау:
Құрылғының санаты:
Газға қосу: G 1/2"
Құрылғының сыныбы:
230 В ~50 Гц
II2H3B/P
3

9.4 ТАБИҒИ G20 13 мбар ГАЗҒА арналған газ оттықтары

ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
Үш шілтерлі 4,0 1,4 174
Жылдам 3,0 0,75 149
Жартылай жылдам
Қосымша 1,0 0,33 82
кВт
2,0 0,45 111
ЕҢ АЗ ҚУАТ кВт ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ 1/100 мм

9.5 ТАБИҒИ G20 20 мбар ГАЗҒА арналған газ оттықтары

ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
Үш шілтерлі 4,0 1,4 146
Жылдам 3,0 0,75 119
Жартылай жылдам
Қосымша 1,0 0,33 70
кВт
2,0 0,45 96
ЕҢ АЗ ҚУАТ кВт ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ 1/100 мм

9.6 СГ G30/G31 30/30 мбар-ға арналған газ оттықтары

ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ
Үш шілтерлі 4,0 1,4 98 291
Жылдам 2,8 0,75 86 204
Жартылай жылдам
Қосымша 1,0 0,33 50 73
ҚУАТ кВт
2,0 0,45 71 145
ЕҢ АЗ ҚУАТ кВт
ИНЖЕКТОР ТАҢБАСЫ 1/100 мм
ГАЗДЫҢ НОМИНАЛЬДЫ БЕРІЛІСІ г/сағ
Loading...
+ 39 hidden pages