Delonghi KBOV2001.GR, KBOV2001.BG, KBOV2001.BK, KBOV2001.AZ, KBO2001.BK Instruction manuals

...
КІРІСПЕ
Осы De’Longhi өнімін таңдағаныңызға рахмет. Қауіп-қатерлердің және құрылғының зақымдануының алдын алу үшін осы нұсқауларды оқуға бір сәт уақытыңызды бөліңіз.
Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар
Маңызды ескертулер төмендегі осы таңбалармен анықталады. Осы ескертулерді құрметтеу өте маңызды болып табылады. Осы ескертулерді ескермеу электр тогына түсуге, ауыр жарақатқа, күйіктерге, өртке немесе құрылғының жарақаттануына әкеп соқтырады.
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды ұсыныстар мен ақпаратты білдіреді.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР: Қауіпсіздікке қатысты ескертулер
Қауіпті!
- Жалғағышқа сұйықтың төгілуіне жол бермеңіз.
Маңызды!
- Бұл құрылғы тек су қайнату үшін пайдалануға арналған. Кез келген басқа қолданыс дұрыс емес және қауіпті болып есептеледі.
Өнім жасаушысы тиісті емес, дұрыс емес немесе жауапсыздықпен пайдаланудан және/ немесе білікті емес маман орындаған жөндеу жұмыстарынан туындайтын зақымдар үшін жауапты болмайды.
- Бұл құрылғы тек үйде пайдалануға арналған және жасақталған. Ол мына жерлерде пайдалануға жарамайды: дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орындарындағы, фермалардағы, қонақүйлердегі, мотельдердегі, мерекелік ғимараттардағы немесе қонақ күту үйлеріндегі қызметкерлер ас бөлмесі.
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнамауы керек. Балалар сегіз жастан аспаған болса және үнемі бақылауда болмаса, тазалауды және пайдаланушы орындайтын
41
техникалық күтімді балалар 8 жастан аспаса және бақылауда болмаса орындамаулары керек. Құрылғыны және оның сымын 8 жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.
- Қуат кабелін пайдаланушы өзі ауыстырмауы керек, себебі арнайы құралды пайдалану қажет болуы мүмкін. Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп­қатерлерді жою үшін оны өнім жасаушысы, оның қызмет көрсету қызметкері немесе сол сияқты білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Шәйнекті тек берілген қуат беру негізімен (немесе керісінше осы негізді тек осы шәйнекпен ғана) пайдаланыңыз.
- Шәйнекті беті көлбеу нәрсеге қойып пайдаланбаңыз.
- Элемент толығымен батырылмайынша шәйнекті пайдаланбаңыз.
- Құралды зақымдамау үшін тазалау кезінде сілтілі тазалау агенттерін пайдаланбаңыз, жұмсақ тазалау құралын пайдаланыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
- Шәйнек қайнап жатқан кезде қақпақты ашпаңыз.
- Егер шәйнек шамадан тыс толтырылса, қайнаған су тасып кетуі мүмкін.
- Қолданыстан кейін қыздыру элементінің бетінде қызу қалады.
Ескеріңіз:
- Шәйнек пайдаланылып жатқан кезде, оны ешқашан жылжытпаңыз.
Қауіпті!
- Электрлік қауіп-қатерлерден қорғау үшін, желілік сымды, қуат қосқышының негізін немесе шәйнекті суға немесе басқа сұйық затқа батырмаңыз. Жуынатын бөлмеде немесе кез келген су тиетін бөлмеде пайдаланбаңыз. Сыртта пайдаланбаңыз.
- Пайдаланбаған кезде және тазалау алдында ашаны розеткадан суырып отырыңыз. Шәйнекті тазалау алдында суытыңыз.
- Егер қолдарыңыз дымқыл болса, шәйнекті ұстамаңыз.
- Шәйнек ішіне кез келген құралды салмаңыз.
Құрылғы жасаушысы ұсынбаған
қосымша құралдарды пайдалану өртке, электр шогына немесе адам жарақатына
әкеп соқтыруы мүмкін.
Маңызды!
- Құю барысында абай болыңыз, шәйнекті шамадан асырып еңкейтпеңіз, себебі іске қосу механизміне су кіріп кетуі мүмкін.
- Кез келген құрылғы балалардың жанында пайдаланылған кезде оларды жақын жерде тұрып бақылау керек.
- Егер қуат сымы немесе ашасы зақымданса, шәйнек дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе басқа кез келген түрде зақымданған болса, бұл шәйнекті пайдаланбаңыз. Қауіп-қатердің алдын алу үшін оны өкілетті қызмет көрсету маманына жөндеу немесе ауыстырып алу үшін өткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
- Корпус немесе қақпақ сияқты ыстық бөліктерін ұстамаңыз. Саптар мен тетіктерді пайдаланыңыз.
42
- Қайнағаннан кейін су ұзақ уақыт бойы ыстық күйде қалуы және күйіп қалу қаупі болуы мүмкін. Шәйнек пен қуат сымын шәйнек пайдаланылатын беттің жиегінен алшақ және балалардың қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
- Қуат сымы үстелдің немесе пайдалану бетінің жиегінен салбырап тұрмасын.
- Су құю барысында шүмектен, қақпақтан немесе қайта толтыру барысында қақпақтан шығатын ыстық будың сізге тиіп кетуіне жол бермеңіз.
- Шәйнекті, қуат беру негізін және қуат сымын ыстық орындардан, тамақ пісіру плиталарынан немесе қыздырғыштардан алыс жерге орналастырыңыз.
Ескеріңіз:
- Шәйнекті толтырмас бұрын, оны қуат беру негізінен алыңыз.
- Шәйнекті су қыздырудан басқа мақсаттар үшін ешқашан пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғы дұрыс пайдаланылмаса немесе нұсқаулар орындалмағанынан туындайтын ақаулық болса, De’Longhi компаниясы ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды.
- Шәйнекті ешқашан қақпағынсыз және сүзгісіз пайдаланбаңыз.
- Шәйнекті іске қоспас бұрын, оны қуат беру негізіне дұрыстап салыңыз.
- Сыртқы тот баспайтын болаттан жасалған беттегі кез келген жапсырманы алып тастаңыз.
- Сүзгіні (1-сурет) алып, сумен жуыңыз (2 -сурет). «Қақ сүзгісін алу» бөлімін қараңыз.
1
- Шәйнекті толтырып, оны қайнатыңыз.
- Қайнаған судың қалғанын төгіп тастап, шәйнекті салқын сумен шаю керек. Кез келген өндірістен қалған шаңды және т.б. кетіру үшін бұл процедураны үш рет қайталау керек.
- Шәйнек шайылған соң, сүзгіні орнына қайта салыңыз (3-сурет).
2
3
1935/2004 ЕО тағам тиетін материалдар
мен керек-жарақтар ережесіне сәйкес.
СИПАТТАМА
A Алынбалы сүзгі B Қақпақты алыңыз C Шәйнектің негізгі бөлігі D Іске қосу индикаторының шамдары E Қуат сымын сақтау бөлігі бар 360°
бұрылатын негіз F Аша G ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы H Су деңгейінің индикаторы
ПАЙДАЛАНУ Пайдаланбас бұрын
- Шәйнектен және қуат беру негізінен
барлық орам материалдарын алыңыз.
Пайдаланған кезде
Ерекше етіп жасалған қуат беру негізімен және орталық жалғағышымен шәйнекті негізге кез келген бұрышпен кез келген бағытқа қаратып қоя аласыз.
- Сымды сақтау бөлігінен шығарып, сымның ұзындығын реттеңіз, пайдаланылатын розеткаға дейін жететіндей етіп қажетті ұзындықты шығару үшін негізгі бөлікті бұраңыз.
- Ұзын сымды шәйнек қойылатын нәрсенің жиегінен салбыратып қалдырып кетпеңіз.
43
4
Толтыру
- Шәйнекті толтырмас бұрын негізден алыңыз.
- Қақпақты ашып, шәйнекті қажетті деңгейге дейін толтырыңыз.
Шәйнекті пайдаланған кезде ол құрғап
кетпес үшін, суды 0,3 литрден аз
етіп толтырмаңыз; осы сияқты дұрыс пайдаланбау қыздыру элементінің қызмет ету мерзімін қысқартады. 1,7 литрден артық су құймаңыз деңгейінен асырмаңыз). Егер шәйнек
шамадан артық толтырылса, қайнаған су тасып, күйіп қалу қаупін туындатуы мүмкін.
Іске қосу
- Қуат беру негізін розеткаға қосыңыз.
- Шәйнекті негізге қойыңыз.
- Шәйнекті іске қосу үшін ON/OFF (ҚОСУ/ ӨШІРУ) қосқышын (5-сурет) басыңыз.
- Индикатор шамы жанады.
- Су қайнаған соң шәйнек автоматты түрде өшіріледі (ON/ OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы жоғары қарай «сырт» етіп көтеріледі де, шамдар өшеді).
- Су қайнамас бұрын шәйнекті өшіру үшін, ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышын OFF (ӨШІРУ) бағытына жылжытып, шәйнекті негізден алсаңыз болғаны, ол ажыратылады да, қосқыш OFF (ӨШІРУ) бағытына автоматты түрде қайтады.
Құю
- Шәйнекті қуат беру негізінен алып,
суды абайлап төгіп тастаңыз. Шәйнекті кенеттен еңкейтіп қалмаңыз немесе суды қатты еңкейтіп құймаңыз.
- Шәйнекті негізден алған кезде, негіздің
беткі бөлігінде жиналған суды көруіңіз мүмкін. Негізде судың жиналуы – өте қалыпты нәрсе, ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ.
(MAX
5
ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
1) Автоматты ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы:
Шәйнегіңізде су қайнағаннан кейін
автоматты түрде өшірілетін ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы бар.
Егер шәйнек жаңа ғана қайнап болса,
шәйнекті қайтадан толтыру үшін бір не одан көп минут күтіңіз. ON/OFF (ҚОСУ/ ӨШІРУ) қосқышын ON (ҚОСУ) бағытында басып тұруға және қосу механизмін реттеуге ешқашан әрекеттенбеңіз.
2) Қауіпсіздік үшін ажырау:
Егер шәйнек сусыз не аз ғана сумен
ІСКЕ ҚОСЫЛСА, ол қуатты ажыратып тастайтын қауіпсіздік үшін ажырату құрылғысы көмегімен қорғалады.
Егер осы ажырату функциясы жұмыс істеп
кетсе, шәйнекті розеткадан ажыратыңыз да, салқын сумен қайта толтырмас бұрын суытып алыңыз (әйтпесе қыздыру элементі зақымдануы мүмкін).
3) Егер шәйнек қуат беру негізінде жұмыс
істеп тұрған кезде (қосқыш ON (ҚОСУ) күйінде тұрғанда) оны негізден алсаңыз, ол автоматты түрде өшеді.
КҮТІМ КӨРСЕТУ
Шәйнекті тазалау
- Шәйнекті тазалау алдында құрылғыны розеткадан суырып, суытып қойыңыз.
- Шәйнекті немесе негізді суға батырмаңыз.
- Шәйнектің сыртын сүрту үшін дымқыл және жұмсақ шүберекті пайдаланып, одан кейін жұмсақ және құрғақ шүберекпен кептіріңіз.
- Металл затты немесе өткір жуғыш сұйық затты пайдаланбаңыз.
- Барлық жалғағыштар мен ұяшықтарды құрғақ күйде ұстаңыз.
Қақ
Қақ әдетте зиянсыз, кейбір су құрамында кездесетін табиғи минералды зат – кальций карбонатынан (бор) тұрады. «Қатты» судың құрамында минерал «жұмсақ» суға қарағанда көбірек болады. Су қызған кезде, судағы минералдар қатты затқа айналып, суды лай сияқты етеді. Бұл минералдар шәйнектің қабырғаларына, қыздыру элементіне немесе судың бетінде жұқа қабат қалыптастырады. Суға қараған кезде оның бетінде ақ түсті пластмасса
44
бөлшектер қалқып жүргендей болып көрінеді. Дәстүрлі шәйнек элементтерінде қақ қатты ақ «қабыршақ» түрінде жиналып, элементтің өнімділігі мен қызмет ету мерзімін айтарлықтай нашарлатады. Суда қалыптасқан жұқа қабатты көрсеңіз немесе сүзгіні тазалап жатқан кезде қабырғалар мен элементте қалыптасқан жұқа қабатты байқасаңыз, шәйнекті шайып, қабықты сүртіп тастасаңыз болады.
Қақ сүзгісі
Сусыныңызға қақтың ірі бөлшектері сумен бірге құйылмас үшін, шәйнегіңіз қақ сүзгісімен жабдықталған. Бұл сүзгіні алуға және жууға болады. Сүзгіде қалыптасқан қақты тазалау жиілігі аймағыңыздағы судың қаттылығы мен шәйнекті пайдалану жиілігіне байланысты. Егер сүзгіге жиналған нәрселерді немесе құю жылдамдығының нашарлағанын байқасаңыз, су сүзгісін алып, тазалауыңыз керек.
Қақ сүзгісін алу
- Шәйнекті толығымен суытыңыз.
- Құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.
- Қолдарыңыздың таза және сабыннан, кілегейден немесе суды ластауы мүмкін кез келген нәрседен таза екеніне көз жеткізіңіз.
- Шәйнекті босатып, сүзгіні 1-суретте көрсетілгендей етіп алыңыз.
- Жұмсақ щеткамен тазалау кезінде ағынды су астында шайыңыз (2-сурет).
- Сүзгіні ауыстырыңыз (3-сурет).
Қақ сүзгісін тазалау
Жақсы жұмыс істеу күйін сақтау үшін тұрақты түрде тазалау және қақтан тазалау маңызды болып табылады.
- Шәйнектер үшін қақ тазалағыштарды пайдаланыңыз. Қыздыру элементінде қақ жиналғанын байқасаңыз, тиісті қақ тазалағышты сатып алып, қақ тазалағыш қабында берілген нұсқауларға сай қақ тазалау әрекетін орындаңыз.
Қақты тазалап болған соң, шәйнекті таза
сумен қайта-қайта қайнатып, құрылғыны зақымдауы мүмкін қақ тазалағыш заттың қалдықтарын толығымен жою үшін шәйнекті мұқият шайыңыз. Егер сүзгіні
қақтан тазалау қажет болса, оны алыңыз да, дәл осындай қақ тазалағыш ерітіндіге батырыңыз.
- Шәйнекті пайдаланбас бұрын, оның барлық электрлік бөлшектерінің толығымен құрғағанына көз жеткізіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуат көзі Мәліметтер тақтасын көріңіз Тұтынылатын қуат
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Бұйым түрі: өнімдегі таңбалауға қараңыз Үлгі: “ Кернеу: “ Жиілік: “ Қуаты: “
Қытайда:
De’Longhi Appliances s.r.l. via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy Де’Лонги Апплайансиз с.р.л. Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.
Кедендік одақтар териториясында тұты­нушыларға тасымалдау үшін жауап кер­шiлiктi және импортер:
“Делонги” ЖШҚ 127055 Ресей, Мәскеу қ, Сущëвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат Тел.: +7 (495) 781-26-76
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көр­сетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастап 2 жылға созылады.
Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бұл жерде A – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастап автоматты түрде есеп­теледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)
45
Loading...