МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына
түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны бекітілген
қабырға розеткасының дәл
қасына қоймау керек.
- Бұл құрылғыны душтың,
ваннаның, раковинаның,
бассейннің және т.б.
жанында пайдаланбаңыз.
- Егер қуат кабелі
зақымданса, барлық қауіпқатерлерді жою үшін оны
өнім жасаушысы немесе
рұқсаты бар техникалық
қызмет орталығы
ауыстыруы керек.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға
немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу,
сезу немесе ойлану
мүмкіндіктері шектелген
адамдарға немесе осы
құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдарға тек оларға
ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілгенде және
олар бақыланғанда
ғана пайдалануға
болады. Балаларға бұл
құрылғымен ойнауға
болмайды. Тазалауды және
пайдаланушы орындайтын
техникалық күтімді
балаларға бақылаусыз
орындатпау керек.
- 3 жасқа толмаған балаларды
үздіксіз бақылау болмаған
жағдайда жолатпаңыз.
- 3 жастан асқан және 8
жасқа толмаған балалар
құрылғыны тек қалыпты
жұмыс істейтін орынға
орналастырғанда немесе
орнатқанда және олар
бақылауда болғанда немесе
құрылғыны қауіпсіз жолмен
пайдалану туралы нұсқау
берілгенде және болуы
мүмкін қауіп-қатер туралы
ақпарат берілгенде ғана
іске қосуы/ажыратуы
керек. 3 жастан асқан
және 8 жасқа толмаған
балалар құрылғыны
розеткаға қоспайды,
реттемейді, тазаламайды
немесе техникалық күтім
көрсетпейді. ЕСКЕРТУ —
Осы өнімнің бөліктері өте
ыстық болуы және күйіп
қалуға себеп болуы мүмкін.
Балалар және мүмкіндіктері
шектелген адамдар бар
жерде оларға өте мұқият
назар аудару керек.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қауіпсіздік жүйесін
байқамай қайта орнатудан
туындайтын кез келген
қауіп-қатердің алдын алу
үшін, бұл құрылғыны таймер
сияқты сыртқы таймермен
іске қосу керек немесе қуат
бергіш қосып-ажыратып
тұратын желіге жалғанған
40
болуы керек.
- Бұл құрылғыны үздіксіз
бақылау болғанға дейін
өздері шығып кете
алмайтын адамдары
бар шағын бөлмелерде
пайдалануға болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- ЕСКЕРТУ: Қызып
кетудің алдын алу
үшін ешбір жағдайда
құрылғыларды пайдалану
кезінде оның бетін
бүркемеңіз, себебі бұл
қауіпті қызып кетуге себеп
болуы мүмкін.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды
ұсыныстар мен ақпаратты білдіреді.
- Құрылғыны әрқашан тік бағытында
пайдаланыңыз.
- Ұзартқыш сымдарды пайдалану
ұсынылмайды. Дегенмен, оларды
пайдаланудан бас тарту мүмкін болмаса,
ұзарту сымымен берілген нұсқауларды
орындаңыз және ұзартқышта белгіленген
қуат шегінен ешқашан асырмаңыз.
- Қыздырғышты мүліктен немесе басқа
нәрселерден кемінде 50 см алшақ
орналастырыңыз.
- Бұл құрылғыны еден ауданы 4 м2 кем
болатын бөлмелерде пайдаланбаңыз .
- Құрылғыны сақтап қоймас бұрын, оның
толық ажыратылғанына және розеткадан
толығымен суырылғанына көз жеткізіңіз.
Кабельді негізіне ораңыз.
Оны шаңды орталарға сақтамаңыз.
- Құрылғының үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
- Бұл құрылғыны жуылған киімдерді кептіру
үшін пайдаланбаңыз. Ауа кіру тесігі мен
шығу торларын жаппаңыз (қызып кету
қаупі болады).
- Бұл құрылғыны қабырғаларға, жиһазға,
перделерге және т.б. жақын жерде
пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік функциялары
- Қауіпсіздік құрылғысы: бұл құрылғы
шамадан тыс қызған жағдайда (мысалы,
ауа кіру тесігі мен шығу торларының
бітелуінен, мотор жай айналғанда
немесе мүлдем айналмай қалғанда) оны
ажырататын қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған. Ондай жағдайдан кейін
құрылғыны қалыпты күйге келтіру үшін,
ашаны қуат розеткасынан бірнеше
минутқа суырып қойыңыз, шамадан тыс
қызу себебін жойыңыз да, розеткаға
қайта жалғаңыз. Егер бұл құрылғы жұмыс
істемесе, De’Longhi тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
- Қауіпсіздік құрылғысы: құлау
қауіпсіздігі құрылғысы құрылғы құлап
кеткен жағдайда немесе қауіпсіздікті
төмендетуге әкеп соқтыратын жолмен
дұрыс орнатылмаған жағдайда
құрылғыны ажыратып тастайды.
Құрылғы дыбысты сигнал шығарады
және дисплейде нүкте жыпылықтайды.
Құрылғыны тігінен қайта қойған соң
құрылғы бірнеше секундтан соң жұмысын
жалғастырады.
КІРІСПЕ
Осы De’Longhi өнімін таңдағаныңызға рахмет.
Осы нұсқауларды оқып шығуға бірнеше
минут бөліңіз. Бұл барлық қауіп-қатерлер мен
құрылғының зақымдануының алдын алады.
СИПАТТАМАСЫ
A ON/STAND-BY (ҚОСУ/КҮТУ РЕЖИМІ)
түймесі
B +/- реттеу түймелері
C Тербелту түймесі
D ECO PLUS (ЭКО) функциясының түймесі
E Таймер түймесі
F MODE (РЕЖИМ) түймесі (пайдалану
режимін таңдауға арналған)
G Қуат индикаторының шамы
H Сүзгісі бар артқы қақпақ
I Қашықтан басқару құралының
қабылдағышы (кейбір үлгілерде ғана)
41