1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ ...........................................................................................................................................184
2.4. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ* .................................................................................................................................................184
2.5. ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ* ............................................................................................................................................184
2.6. ТЕЗ МҰЗДАТУ* ................................................................................................................................................................184
2.9. ҚУАТТЫ ӨШІРУ СИГНАЛЫ* .........................................................................................................................................185
2.10. ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІН ЕРІТУ ................................................................................................................................185
2.11. МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІН ЕРІТУ ....................................................................................................................................185
4-бөлім: ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ....................................................................................185
4.1. ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ ................................................................................................................................................185
4.2. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ ..................................................................................................................................................185
4.3. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ......................................................................................................185
4.4. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ОРНЫ .........................................................................................186
4.5. МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІ ....................................................................................................................................................186
4.6. МҰЗДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ УАҚЫТЫ ....................................................................................................186
4.7. БАЛҒЫН ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР.................................................................187
4.8. МҰЗ ПАКЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ* .................................................................................................................................187
4.9. МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМ: САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР ...............................................................................187
6.1. УАҚЫТША ПАЙДАЛАНБАУ / ДЕМАЛЫС ....................................................................................................................189
6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ ......................................................................................................................................................189
9-бөлім: КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ..................................................................191
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл нұсқаулар бірнеше үлгілер үшін қолданылады, сондықтан онда өзгешеліктер болуы мүмкін. Белгілі бір құрылғыларға ғана
қатысты қолданылатын бөлімдер жұлдызшамен (*) көрсетіледі.
Жаңа сатып алынған құрылғы үлгіңізге арналған функцияларды ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН табуға болады.
183
1. ОРНАТУ
1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету үшін,
оның екі жағынан және үстінен орын қалдырыңыз.
Құрылғының артқы жағы мен құрылғы артындағы
қабырғаның арасындағы қашықтық 50 мм болуы тиіс.
Осы аралықты азайту өнімнің қуат тұтынуын арттырады.
2. ФУНКЦИЯЛАР
50mm
50mm
2.1. ON/STAND BY*
Бұл функция тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдерінің
екеуінде де On/Stand-by режимін іске қосады. Өнімді
күту режиміне ауыстыру үшін, On/Stand-by түймешігін
3 секунд бойы басыңыз. Құрылғының күту режимінде
екендігін көрсету үшін On/Stand-by белгішесінің
шамынан басқа барлық белгішелер өшіріледі. Құрылғы
күту режимінде болғанда, тоңазытқыш бөліміндегі шам
жұмыс істемейді.
Бұл операция құрылғыны қуат көзінен ажыратпайтынын
есте сақтаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін, On/Stand-By түймешігін
басыңыз.
2.2. 6Th SENSE FRESh CONTROL*
INTELLIGENCE PROFRESh*
Бұл функция құрылғының ішінде оңтайлы сақтау
жағдайларының (температура және ылғалдылыққа
байланысты) жылдам орнатылуын қамтамасыз етеді.
Функция тиісінше жұмыс істеу үшін желдеткіш те қосулы
болуы тиіс. «6th Sense Fresh Control» / «ProFresh»
функциясы әдепкі бойынша іске қосылады. Бұл
функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса берілген
Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
2.3. SMART DISPLAY (СМАРТ ДИСПЛЕЙ)*
Бұл қосымша функцияны қуатты сақтау үшін
пайдалануға болады.
Smart Display (Смарт дисплей) функциясын
белсендіру үшін акустикалық сигнал естілмегенше
Fridge (Тоңазытқыш) °C және Freezer (Мұздатқыш) °C
түймешіктерін бір мезгілді 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
Smart Display (Смарт дисплей) функциясы
белсендірілгеннен кейін екі секунд ішінде «6th Sense
Fresh Control» / «Green Intelligence ProFresh»
индикаторларынан басқа дисплей өшеді.
Температураны реттеу немесе басқа функцияларды
пайдалану үшін, дисплейді кез келген түймешікті басу
арқылы белсендіру қажет. Шамамен 15 секундтан кейін
ешбір әрекет орындалмаған жағдайда дисплей өшеді
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
/ GREEN
артқы
де, тек «6th Sense Fresh Control» / «Green Intelligence
ProFresh» индикаторы қосулы қалады.
Функция өшірілгеннен кейін, қалыпты дисплей қосылады.
Қуат іркілісінен кейін Smart Display (Смарт дисплей)
автоматты түрде өшеді.
Бұл функция құрылғыны қуат көзінен ажыратпай,
тек сыртқы дисплей тарапынан тұтынылатын қуатты
азайтатынын есте сақтаңыз.
Белсендіру және өшіру прцедуралары туралы ақпаратты
Қысқаша іске қосу нұсқаулығынан қараңыз.
Ескертпе: Құрылғының көрсетілген қуат тұтынуы Smart
Display (Смарт дисплей) функциясының белсендірілген
күйдегі жұмысына байланысты.
«6th Sense Fresh Control» / «Green Intelligence ProFresh»
функциясы өшірілгенде және Smart display (Смарт
дисплей) іске қосылғанда: дисплейдегі барлық жарық
диодтары өшеді.
2.4. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ*
Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса
берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
2.5. ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ
Бұл функцияны пайдалану тағамдардың үлкен
көлемін тоңазытқыш бөліміне салу кезінде
ұсынылады.
Жылдам салқындату
тоңазытқыш бөлімінің салқындату мүмкіндігін арттыруға
болады.
Салқындату мүмкіндігін арттыру үшін желдеткішті қосулы
күйде ұстаңыз.
2.6. ТЕЗ МҰЗДАТУ
Бұл функцияны пайдалану мұздатылатын тағамдардың
үлкен көлемін мұздатқыш бөліміне салу кезінде
ұсынылады.
2.7. ЖЕЛДЕТКІШ*
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын
жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ
сақталуына мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде, желдеткіш
қосулы болады.
функциясын пайдаланып
184
Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса
берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе:
Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Қуат тұтынуды азайту үшін, желдеткішті өшіріңіз.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол
бактерияға қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін.
Оны сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан жәшіктен
шығарып, желдеткіш қақпағына орнатыңыз.
Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
2.8. ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ
Құрылғы әдетте ұсынылған орташа температурада
жұмыс істеу үшін зауытта орнатылады.
Температураны орнату бойынша толық мәліметтерді
Қысқаша іске қосу нұсқаулығынан қараңыз.
Ескертпе: Көрсетілген орнату нүктелері бүкіл
құрылғының орташа температурасына сәйкес келеді.
2.9. ҚУАТТЫ ӨШІРУ СИГНАЛЫ*
Қуат өшкеннен кейін, электр тогы қайта қамтамасыз
етілгенде өнім мұздатқыштағы температураны
автоматты түрде бақылайтындай етіп жасақталған.
Мұздатқыштағы температура мұздатқыш деңгейінен
жоғары көтерілсе, қуатты өшіру белгішесі жанып, Дабыл
белгішесі жыпылықтайды және қуат қайта берілгенде
дыбыстық дабыл беріледі. Дабылды қалпына келтіру
үшін, Қалпына келтіру түймешігін бір рет басыңыз.
Қуатты өшіру дабылы жағдайында, келесі әрекеттерді
орындаған жөн:
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылмай, бірақ әлі салқын
болса, мұздатқыштағы барлық тағам тоңазытқыш
бөліміне салынып, 24 сағаттың ішінде тұтынылуы
керек.
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылған болса, бұл
тағамның еріп, қуат қайта берілгенде мұздатылғанын
көрсетеді, ол өз кезегінде тағамның дәмін, сапасын
және құндылығын нашарлатып, қауіпті болуы мүмкін.
Тағамды тұтыну ұсынылмайды, мұздатқыштың ішін
толығымен босатқан жөн.
Қуатты өшіру дабылы электр қуаты өшкенде
мұздатқыштағы тағам сапасы бойынша нұсқауларды
қамтамасыз етуге арналған. Бұл жүйе тағам сапасы
немесе қауіпсіздігін кепілдендірмейді және тұтынушылар
мұздатқыш және тоңазытқыш бөлімдеріндегі тағам
сапасын бағалау кезінде өз шешіміне сүйенуі тиіс.
2.10. ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІН ЕРІТУ
Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде
орындалады.
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі артқы қабырғасындағы
су тамшылары автоматты еріту процесінің орындалып
жатқанын білдіреді. Еріген су төгу саңылауына
автоматты түрде төгіліп, кейін контейнерде жиналып,
буланады.
2.11. МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІН ЕРІТУ
Мұздатқыш жылына бір немесе екі рет не шамадан тыс
қырау пайда болғанда (қалыңдығы - 3 мм) ерітілуі тиіс.
Қыраудың түзілуі қалыпты болып табылады.
Қыраудың жиналу мөлшері және жылдамдығы бөлме
жағдайларына және есіктің ашылу жиілігіне байланысты.
2.12. ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ
Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі жарық
диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы жарықтандыру
мен қуаттың төмен деңгейде тұтынылуына мүмкіндік
береді.
Жарық диод шамының жүйесі жұмыс істемесе,
оны ауыстыру үшін, қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ
• үлкен өнімдерді сақтау үшін себеттерді /
жапқыштарды алу.
• тағам өнімдерін тікелей мұздатқыш сөрелеріне қою.
• бөтелке ұстағышын алу*.
• Қуатпен қамту кідірісі орын алғанда суық аккумулятор
оңтайлы сақтау температурасын ұзақ уақыт бойы
ұстауға көмек береді.
3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР
• Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы
қабырғада) тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
• Мұздатқыш жапқышпен қамтамасыз етілсе,
жапқышты алу арқылы сақтау көлемін барынша
арттыруға болады.
• Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып алынатын
себеттерді алуға болады.
• Құрылғының ішкі температураларына қоршаған орта
температурасы, есік ашудың жиілігі және құрылғының
орналасқан орны әсер етуі мүмкін. Температураны
орнату кезінде осы ықпалдарды ескере отыруыңыз
керек.
• Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-жарақтарын
ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
185
Loading...
+ 6 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.