AEG SK91800-5I User Manual [uk]

SANTO K 91800-5i
Қолдану туралы нұсқаулары Інструкція Холодильник
Тоңазытқыш
2
Мазмұны
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі 3 Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар 3 Күнделікті қолдану 4 Күтім көрсету және тазалау 4 Орнату 5 Қызмет 5
Бұйым сипаттамасы 6
Қосу 6 Өшіру 6 Температура көрсеткіші 6 Температураны баптау 6 COOLMATIC функциясы 7 "Демалыс" функциясы 7
Бірінші қолдану 8
Ішін тазалау 8
Әркүндік қолдану 8
Жылжымалы сөрелер 8 Есік сөрелерін орналастыру 8 Есіктегі кішкене сөрелерді орналастыру 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл­кеңес 9 Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес 9 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
9
Күтім көрсету және тазалау 10
Мезгілімен тазалап отыру 10 Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
10
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
11
Не істерсіңіз, егер... 11
Шамды айырбастау 13 Есікті жабыңыз 13
Техникалық сиппатама 14 Орнату 14
Орналастыру 14 Сөре тіреуіштерді алу 15 Электр желісіне жалғау 15 Желдетуге қойылатын талаптар
15
Қоршаған орта мәселелері 16
9
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып
Жалпы мағлұмат бөлімдері
шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
3
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту! Желдеткіш саңылауларды еш бөгетсіз ашық ұстаңыз.
Құрылғы тағам мен/не сусындарды осы нұсқаулық кітапшасында көрсетілгендегідей қалыпты жағдайда сақтауға арналған.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін еш механикалық құралды не жасанды затты пайдаланбаңыз.
Тоңазытқыш құрылғы ішінде (крем мейкер тәрізді) электр құрылғыларын, өндірушісі олардың осы мақсатта пайдалануға жарамдылығын арнайы көрсетпеген жағдайда пайдаланбаңыз.
Салқындатқыш сұйық жүйесіне еш нұқсан келтірмеңіз.
4
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Құрылғының салқындатқыш жүйесіне салқындатқыш изобутан (R600a) құйылған, бұл қоршаған ортаға аса сай келетін табиғи, бірақ тұтанғыш газ.
Құрылғыны тасымалдау мен орнату кезінде оның салқындатқыш жүйесінің еш элементіне нұқсан келмегеніне көз жеткізіп алыңыз.
Салқындатқыш жүйеге нұқсан келген жағдайда: – ашық от пен тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз – құрылғы орнатылған бөлмені мұқият желдетіңіз
• Құрылғыға өзге рі с е н г ізу не оны қан д а й д а бір жолмен өзгерт у г е тырысу қауіпті болып табылады. Электр сымының зақымдалуы қысқа тұйықталу мен өрт және/не электрдің қатерлі әсеріне ұшырауға әкеліп соқтырады.
Назарыңызда болсын! Электрлік компоненттердің кез келгенін (қорек сымы, аша, компрессор) тек уәкілетті қызмет көрсету маманы не білікті қызмет көрсету маманы ауыстыруға тиіс.
1. Қорек сымын ұзартуға болмайды.
2. Электр ашасының құрылғы артында жаншылып не бүлініп
қалмағанын тексеріңіз. Жаншылып не бүлініп қалған аша қатты қызып кетіп, өрт қатерін тудыруы мүмкін.
3. Құрылғы ашасына жете алатындығыңызға көз жеткізіңіз.
4. Қорек сымын тартпаңыз.
5. Егер аша сұғылатын розетка босап тұрса, оған ашаны қоспаңыз.
Электр қатеріне ұшырау не өрт шығу қаупі бар.
6. Құрылғы шамының қалпағы кигізіліп тұрмаса, құрылғыны қолдануға
1)
тиіс емессіз
бар ма.
• Құрылғы салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Тоңазытқыш камера ішіндегі заттарды ылғал/су қолмен алмаңыз да, қолыңызды да тигізбеңіз, себебі бұл терінің сыдырылып не аяз/суықтан қолдың үсіп кетуіне әкеліп соқтырады.
• Құрылғыны тура түсіп тұрған күн сәулесінің астында ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Күнделікті қолдану
• Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық кәстрөл қоймаңыз.
• Тұтанғыш газ бен сұйықтарды тоңазытқыш ішінде ұстамаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
• Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға қатысты нұсқауларын мұқият орындау қажет. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Күтім көрсету және тазалау
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе, электр қуатын өшіріп қойыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
1) Ішкі жарықтама шамының қалпағы
Жалпы мағлұмат бөлімдері
• Тоңазытқыштағы еріген суды ағызуға арналған саңылауларды мезгіл­мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, тазалап отырыңыз. Су ағатын саңылау бітелсе, еріген су құрылғының астына жиналады.
Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз.
2)
5
Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған өңдеуден өткізуге жарайды.
2) Су жүйесіне қосу қарастырылған ба
белгішесімен белгіленген материалдар қайта
6
Бұйым сипаттамасы
Бұйым сипаттамасы
1 2 3 4 5 6 7
1.
Сигнал шамы
2.
ON/OFF түймешесі
3.
Температура түймешесі (ең жылы)
4.
Температура көрсеткіші
5.
Температура түймешесі (ең суық)
6.
COOLMATIC көрсеткіші
7.
COOLMATIC түймешесі
Қосу
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
ON/OFF түймешесін басыңыз.
3.
Сигнал шамы жанады.
Өшіру
1. ON/OFF түймешесін 5 секундтан артық басып ұстап тұрыңыз.
2. Осыдан кейін, температураның кері санағы -3 -2 -1 реті бойынша
орындалады. "1" көрсетілген кезде құрылғы өшеді. Температура көрсеткіші де сөнеді. Сигнал шамы өшеді.
Температура көрсеткіші
Температура көрсеткіші бірнеше ақпаратты көрсетеді:
Қалыпты жұмыс режимі кезінде температура көрсеткіші мұздатқыштың ішіндегі температураны (НАҚТЫ температура) көрсетеді. НАҚТЫ температура жанып тұрған сандар арқылы көрсетіледі.
Температураны реттеу кезінде, температура көрсеткіші мұздатқыштың ағымдық температурасын көрсетеді (ҚАЖЕТТІ температура). ҚАЖЕТТІ температура жыпылықтап тұрған сандар арқылы көрсетіледі.
Температураны баптау
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті орындаңыз:
1. Тиісті температура түймешесін басып, қажетті температураны
орнатыңыз. Температура көрсеткіші дереу өзгертілген параметрді(ҚАЖЕТТІ температура) көрсетеді және температура көрсеткіші жыпылықтайды.
2. Температура түймешесін әр басқан сайын ҚАЖЕТТІ температура 1 °C
градусқа өзгеріп отырады. Құрылғы жаңадан таңдалған температураға 24 сағат ішінде жетуге тиіс.
Бұйым сипаттамасы
3. Қажетті температура орнатылған соң, біраз уақыт өте келе, (шамамен.
5 сек.) температура көрсеткіші қайта тиісті мұздатқыш камераның ішіндегі ағымдық НАҚТЫ температураны көрсетеді. Жыпылықтап тұрған температура көрсеткіші енді тұрақты жанып тұрады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін мына температураларды орнату қажет:
• тоңазытқыш температурасы +5 °C
Параметр өзгерген кезде, егер автоматты жібіту функциясы орындалып тұрса, компрессор бірден іске қосылып кетпейді. Мұздатқыш тағам сақтайтын температураға жылдам жететіндіктен, тағамды мұздатқышты қосқаннан кейін дереу сала беруге болады.
COOLMATIC функциясы
COOLMATIC - тоңазытқыш ішіндегі көп мөлшердегі тағамды дереу тоңазытуға жарайтын функция. Бұл функцияны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. COOLMATIC түймешесін басыңыз.
2. Сигнал шамы COOLMATIC жанады.
3. +2° градусқа тең КАЖЕТТІ температура автоматты түрде таңдалады.
Бұл функцияны ажырату үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. COOLMATIC түймешесін басыңыз.
2. Сигнал COOLMATIC шамы өшеді.
COOLMATIC функциясы шамамен 6 сағат өткеннен кейін автоматты түрде тоқтайды.
7
Егер COOLMATICфункциясы қосылса, температура өзгермеуі мүмкін.
"Демалыс" функциясы
Бұл функция ұзаққа созылатын демалыс кезінде(мысалы, жазғы демалыста) тоңазытқышта жағымсыз иіс пайда болдырмай, босатып, жауып қоюға мүмкіндік береді.
"Демалыс" функциясы қосылып тұрған кезде тоңазытқыш камераның іші бос болуға тиіс.
Бұл функцияны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. температура(ең жылы)түймешесін, температура бейнебетінде "H"
(Демалыс) пайда болғанша қайта-қайта басыңыз. "Демалыс" функциясы температураны шамамен +15°C градусқа қояды. Тоңазытқыш энергияны үнемдейтін режимде тұрады.
Бұл функцияны ажырату үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. тоңазытқыш температурасын реттейтін түймешені басып, қажетті
температураны орнатыңыз.
8
Бірінші қолдану
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.
Әркүндік қолдану
бұл құрылғы Францияда сатылады. Осы елде қолданылатын ережелерге сай, бұл құрылғы, оның астыңғы камерасына орнатылатын және оның ең суық зонасын көрсетуге арналған арнайы құралмен (суретке қараңыз) жабдықталуға тиіс.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар. Ішкі кеңістікті тиімді пайдалану үшін алдыңғы кішкене сөрелерді артқы сөрелердің үстіне қоюға болады.
Есік сөрелерін орналастыру
Әртүрлі үлкендікте оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді әртүрлі биіктікке қою болады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Есіктегі кішкене сөрелерді орналастыру
Есіктегі кішкене сөрелерді әртүрлі биіктікке қоюға болады. Бұл үшін төмендегі шараларды орындаңыз:
1. кішкене сөрені есіктегі құрсаудан
шығарып жоғары қарай көтеріңіз
2. сөренің астындағы бағыттағыш
жолдан құрсауды алыңыз
3. Кішкене сөрені басқа қатарға қою
үшін жоғарыдағы әрекетті керісінше қайталаңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
9
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер: Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз. Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек. Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады. Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
10
Күтім көрсету және тазалау
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет. Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет. Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Күтім көрсету және тазалау
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады. Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын
Loading...
+ 22 hidden pages