AEG S83200CMM1, S83200CMB1, S83600CMM2 User Manual [it]

S83200CMB1

S83200CMM1

S83600CMM2

KK

ТОҢАЗЫТҚЫШ-МҰЗДАТҚЫШ

ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

2

RU

ХОЛОДИЛЬНИК-

НҰСҚАУЛАРЫ

29

ИНСТРУКЦИЯ ПО

UK

МОРОЗИЛЬНИК

ЭКСПЛУАТАЦИИ

57

ХОЛОДИЛЬНИК-

ІНСТРУКЦІЯ

 

МОРОЗИЛЬНИК

 

 

2www.aeg.com

МАЗМҰНЫ

4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

7 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

8 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

12 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

17 ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

19 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

21 НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

23 ОРНАТУ

27ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ

28ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.

Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз

үлесіңізді қосыңыз. Белгісалынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:

-Өнімдер

-Кітапшалар

-Пайдаланушы нұсқаулықтары

-Ақаулықты түзету

-Өнімдер

www.aeg.com

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.

Жалпы мағлұматтар менен кеңестер

Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ

AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР

AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздыңбарлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың барлығын таба аласыз...

интернеттегі мына дүкенге барыңыз: www.aeg.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

Үлгі Өнім нөмірі

Сериялық нөмірі

4www.aeg.com

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.

Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.

Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.

Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.

Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.

Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі

құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.

ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Назарыңызда болсын!

Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілгенэлементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.

Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.

Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.

Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.

Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.

Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.

Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз. Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:

жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс

құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз

Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.

Назарыңызда болсын!

Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.

1.Қуат кабелін ұзартуға болмайды.

2.Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.

3.Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.

4.Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.

5.Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.

6.Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.

Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.

Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.

Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.

Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.

КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.

Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.

Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)

Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.

Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.

ҚАЗАҚ 5

Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.

Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.

Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.

Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.

Еріген суды жинайтын табақшаны мезгілмезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.

ОРНАТУ

Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.

Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.

Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.

Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.

Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.

Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.

6www.aeg.com

Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.

Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).

ҚЫЗМЕТ

Осы құрылғыны жөндеуге қатысты кез келген электр жұмыстарын білікті маман немесе құзырлы адам жүзеге асыруға тиіс.

LED шамының қақпағын алыңыз. LED шамының қақпағын ауыстыру қажет болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жөндеуге тиіс және тек фирмалық бөлшектер ғана қолданылуға тиіс.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция

материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда

пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.

ҚАЗАҚ 7

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

14 13 12 11 10

 

Maxibox тартпасы

1

 

Freshbox тартпасы

2

 

Шыны сөрелер

3

 

Ауамен үздіксіз салқындату

4

 

Бөтелке сөресі

5

 

Басқару панелі

6

 

Сары май сөресі

7

 

Есіктің сөрелері

8

9

Бөтелке қойылатын сөре

10Мұздатқыш себет

11Maxibox тартпасы

12Мұздатқыш себет

13Техникалық ақпарат тақтайшасы

8

www.aeg.com

 

 

 

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

 

 

 

 

 

 

 

4

Тоңазытқыш сөндірулі

 

 

1

2

5

Мұздатқыш температурасының

 

 

индикаторы

 

 

7

3

6

Ескерту индикаторы

 

 

 

 

7

Сусын салқындату функциясы

 

 

6

4

8

FROSTMATIC функциясы

 

 

 

 

9

COOLMATIC функциясы

 

 

5

 

10

Балалар құлпы функциясы

 

 

 

 

 

 

1

Тоңазытқыш температурасының

 

ІСКЕ ҚОСУ

 

 

"суығырақ" түймешігі

 

Құрылғыны қосу үшін, мына әрекеттерді

 

2

Тоңазытқыш температурасының

 

 

 

орындаңыз:

 

 

"жылырақ" түймешігі

 

1.

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

 

3

ON/OFF түймешігі

 

 

 

2.

Егер бейнебет сөніп тұрса, құрылғының

 

 

OK түймешігі

 

 

 

 

 

ON/OFF түймешігін басыңыз.

 

4

Мұздатқыш температурасының

 

3.

Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы

 

 

"жылырақ" түймешігі

 

 

сигнал береді.

 

5

Бейнебет

 

 

Ескерту құралын бастапқы қалпына

 

6

Мұздатқыш температурасының

 

 

қайтару үшін, "Жоғары температураны

 

 

"суығырақ" түймешігі

 

 

ескерту" тарауын қараңыз.

 

7

Mode түймешігі

 

4.

Егер бейнебетте "dEMo" көрсетілсе,

 

 

Түймешіктердің алдын ала қойылған

 

 

құрылғы демо-режимде тұрады. "Келесі

 

 

 

 

жағдайларда не істеу керек..." тарауын

 

 

сигналдарын РЕЖИМ 7 және МИНУС

 

 

 

 

қараңыз.

 

 

6 түймешіктерін бірнеше секунд қатар

 

 

 

5.

Температура индикаторы бастапқы

 

 

басып қатайтуға болады. Осыны қайта

 

 

 

орнатылған температураны көрсетеді.

 

 

өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

Орнатылған басқа температураны таңдау

 

БЕЙНЕБЕТ

 

үшін "Температураны реттеу" тарауын

 

 

қараңыз.

 

 

1

 

ӨШІРУ

 

 

 

 

Құрылғыны сөндіру үшін, мына әрекеттерді

 

 

10

2

орындаңыз:

 

 

1.

Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд

 

 

 

 

 

9

3

 

басыңыз.

 

 

8

4

2.

Бейнебет сөнеді.

 

 

3.

Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін,

 

 

 

 

 

 

7

 

 

ашаны розеткадан суырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ СӨНДІРУ

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоңазытқышты сөндіру үшін:

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode

 

 

Тоңазытқыш температурасының

 

 

түймешігін басыңыз.

1

 

 

индикаторы

 

 

"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы

 

 

Демалыс функциясы

2

 

жыпылықтайды.

 

 

Қосымша ылғалдылық функциясы

 

3

 

 

Тоңазытқыш индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.

2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3."Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы көрсетіледі.

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ

Тоңазытқышты іске қосу үшін:

1.Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін басыңыз.

Немесе:

1.Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз.

"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.

2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3."Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы өшеді.

Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ

Тоңазытқыш пен мұздатқыштың орнатылған температурасын температура түймешігін басып реттеуге болады.

Орнатылған әдепкі температура:

тоңазытқыш үшін +5°C

мұздатқыш үшін -18°C

Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.

Әдепкі температураны қайта келтіру үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

Орнатылған температураның бірнеше градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл құрылғыда ақаулық бар дегенді білдірмейді.

Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ФУНКЦИЯСЫ

Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын таңдаңыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1.Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.

ҚАЗАҚ 9

2.Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды.

3.Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1.Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін басыңыз.

2.Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

3.Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді.

ҚОСЫМША ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫ

Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру керек болса, Қосымша ылғалдылық функциясын іске қосуды ұсынамыз. Функцияны іске қосу үшін:

1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.

Қосымша ылғалдылық индикаторы жыпылықтайды.

2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

Қосымша ылғалдылық индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1.Қосымша ылғалдылық индикаторы жыпылықтағанша Mode түймешігін басыңыз.

2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.

3.Қосымша ылғалдылық индикаторы өшеді.

COOLMATIC ФУНКЦИЯСЫ

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азықтүлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін COOLMATIC функциясын іске қосуды ұсынамыз.

Функцияны іске қосу үшін:

1.Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

COOLMATIC индикаторы жыпылықтайды.

2.OK түймешігін басып құптаңыз.

COOLMATIC индикаторы көрсетіледі. COOLMATIC функциясы шамамен 6 сағат уақыт өткенде автоматты түрде өшеді.

Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

10www.aeg.com

1.Mode түймешігін COOLMATIC

индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2.OK түймешігін басып құптаңыз.

3.COOLMATIC индикаторы сөнеді.

Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады.

MINUTE MINDER ФУНКЦИЯСЫ

Minute Minder функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады, мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы қажет болған кезде қолданылады.

Функцияны іске қосу үшін:

1.Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

Minute Minder индикаторы жыпылықтайды.

Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.

2.Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін Тоңазытқыштың температура түймешігін басыңыз.

3.OK түймешігін басып құптаңыз. Minute Minder индикаторы көрсетіледі.

Таймер жыпылықтай бастайды (min). Кері санақ аяқталған кезде Minute Minder индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты сигнал естіледі:

1.Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.

2.Дыбыстық сигналды сөндіру және функцияны біржола тоқтату үшін OK түймешігін басыңыз.

Функцияны кері санақ орындалып тұрған кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.

1.Mode түймешігін Minute Minder

индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2.OK түймешігін басып құптаңыз.

3.Minute Minder индикаторы сөнеді.

"Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып, уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.

FROSTMATIC ФУНКЦИЯСЫ

Функцияны іске қосу үшін:

1.Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

FROSTMATIC индикаторы жыпылықтайды.

2.OK түймешігін басып құптаңыз.

FROSTMATIC индикаторы көрсетіледі. Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде тоқтайды.

Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

1.Mode түймешігін FROSTMATIC

индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2.OK түймешігін басып құптаңыз.

3.FROSTMATIC индикаторы сөнеді.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды FROSTMATIC себетіне салыңыз. Функция мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады.

ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:

ескерту сигналының және мұздатқыш температурасының индикаторлары жыпылықтайды

дыбысты сигнал естіледі.

Ескерту сигналын тоқтату үшін:

1.Кез келген түймешікті басыңыз.

2.Дыбысты сигнал өшеді.

3.Мұздатқыш температурасының индикаторы, ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетіп тұрады. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді.

4.Ескерту индикаторы қалыпты жағдай орнағанша жыпылықтап тұрады.

Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту индикаторы сөнеді.

“ЕСІК АШЫҚ” ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ

Егер тоңазытқыштың есігі бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:

ҚАЗАҚ 11

Ескерту индикаторы жыпылықтайды

дыбыстық сигнал

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.

12 www.aeg.com

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ САҚТАЙТЫН КАМЕРА

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.

ЖІБІТУ

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.

ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз. Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды FROSTMATIC бөлігіне салыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.

ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОРЫ

Термоэлементті реттеу керек

Дұрыс температура

OK

Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу үшін тоңазытқышқа температура индикаторы орнатылған.

Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.

Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре мен көкөніс салынатын тартпадан бастап, белгішеге дейін немесе белгішенің деңгейіне қойылған сөреге дейін жалғасады. Тағамның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін температура индикаторында "OK" жазуының көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер "ОК" жазуы көрсетілмесе, температура тетігін суығырақ параметрге қойыңыз да, температура индикаторын 12 сағат күтіп барып тексеріңіз.

Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей қалуы қалыпты жағдай.

CLEANAIR CONTROL СҮЗГІСІ

Құрылғыңыз ауа тарататын қорапшаның артқы қабырғасындағы қалқанның артында орналасқан көміртекті сүзгімен жабдықталған.

Бұл сүзгі тоңазытқыш камерасындағы жағымсыз иісті тазартады, яғни тағамның сапасы жақсара түседі.

ҚАЗАҚ 13

АУАНЫ САЛҚЫНДАТУ

ClimaTech технологиясы тағамды жылдам суытады және камера температурасын барынша біркелкі ұстайды Бұл құрал тағамды жылдам суытып, камера

температурасын барынша біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.

QUICKCHILL СУСЫНДАР

Бұл функция сусындарды жылдам

салқындатады.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

FreshBox тартпасын алыңыз немесе

 

жоғары жылжытыңыз, бөтелке сөресін

 

суретте көрсетілгендей QuickChill

 

ұяшықтарының алдына қойыңыз.

2.

COOLMATIC функциясын іске қосыңыз.

3.

COOLMATIC индикаторы жанады.

4.

Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары

 

жылжытыңыз.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Қалқанды төмен жылжытыңыз.

2.

COOLMATIC функциясын ажыратыңыз.

3.

COOLMATIC индикаторы сөнеді.

Функция бірнеше сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді.

AEG S83200CMM1, S83200CMB1, S83600CMM2 User Manual

14 www.aeg.com

PROFRESH РЕЖИМ

Егер бөлікті FreshBox бөлігі ретінде қолданбасаңыз, температураны төмендету үшін параметрді өзгертуге болады.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары

 

жылжытыңыз.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Қалқанды төмен жылжытыңыз.

FRESHBOX ТАРТПА

Бұл құрал тағамды жылдам суытып, тартпаның ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға мүмкіндік береді

Функцияны іске қосу үшін:

1.

COOLMATIC функциясын іске қосыңыз.

2.

COOLMATIC индикаторы жанады.

3.

Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары

 

жылжытыңыз.

Функцияны ажырату үшін:

1.

Қалқанды төмен жылжытыңыз.

2.

COOLMATIC функциясын ажыратыңыз.

3.

COOLMATIC индикаторы сөнеді.

 

Функция бірнеше сағаттан кейін

 

автоматты түрде сөнеді.

ҚАЗАҚ 15

MAXIBOX ТАРТПА

Бұл тартпа жеміс-жидек пен көкөніс сақтауға қолайлы.

Тартпаның ішін бөлуге арналған, қажеттілікке қарай әр түрлі орынға қоюға болатын бөлгіштер бар.

Тартпаның астында құрылғының астыңғы бетінде түзілуі мүмкін ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар.

Тартпаны тазалау үшін оның ішіндегі бөліктердің барлығын алыңыз.

БӨТЕЛКЕ СӨРЕСІ

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

Сөре көлденең орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз. Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға болады.

ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕЛЕР

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.

16 www.aeg.com

ЕСІКТІҢ СӨРЕЛЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ

 

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды

 

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

1

биіктікке қоюға болады.

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

 

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен

 

тартып шығарыңыз да, қажетті орынға

2

қойыңыз.

3

 

ҚАЗАҚ 17

ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ШУЫЛЫ

Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде, сылдыраған немесе көпіршіген тәрізді әлсіз шуыл естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.

Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген дыбыс естисіз. Бұл дұрыс.

Жылу әсерінен кеңею кезінде кенет тырстырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық құбылыс емес. Бұл дұрыс.

Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет. Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет. Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет.

Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.

ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.

Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.

ЖАҢА ТАҒАМДЫ ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:

жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз

ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛКЕҢЕС

Пайдалы кеңестер:

Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.

Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.

ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС

Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:

24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген;

мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;

тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;

тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;

тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;

жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;

майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;

мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;

Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;

18 www.aeg.com

ТОҢАЗЫТЫЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛКЕҢЕС

Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:

сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;

мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;

егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;

мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;

тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ІШІН ТАЗАЛАУ

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының

сыртқы қабатына зиян келтіреді.

Сақтандыру туралы ескерту!

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.

МЕЗГІЛІМЕН ТАЗАЛАП ОТЫРУ

Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:

іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.

есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.

ҚАЗАҚ 19

• шайып мұқият құрғатыңыз.

Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,

жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.

Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.

Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.

ТОҢАЗЫТҚЫШ МҰЗЫН ЖІБІТУ

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі арнайы контейнерге су шығатын саңылау арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады. Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.

Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су ағатын тесіктен аласыз.

20 www.aeg.com

ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚЫРАУЫН ЕРІТУ

Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді білдіреді.

Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 21

НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

 

 

 

 

Сақтандыру туралы ескерту!

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған

 

Ақаулықтың себептерін анықтамас

кезде шуыл естіледі (компрессор,

 

бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.

салқындатқыш сұйықтықтың

 

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

айналуы).

 

ақаулықты тек электрші маман

 

 

 

немесе білікті адам ғана анықтауға

 

 

 

тиіс.

 

 

 

 

Ақаулық

Ықтимал себебі

 

Шешімі

 

Құрылғыдан шуыл

Құрылғы дұрыс орнықпаған.

 

Құрылғының орнықты тұрған-

 

шығады.

 

 

тұрмағанын тексеріңіз (төрт

 

 

 

 

аяғы да еденге тиіп тұруға

 

 

 

 

тиіс).

 

Компрессор үздіксіз

Температура тетігі дұрыс

 

Жылырақ температураға

 

жұмыс істейді.

орнатылмаған болуы мүмкін.

қойыңыз.

 

 

Есік дұрыс жабылмаған.

 

"Есікті жабу" тарауын қараңыз.

 

 

Есік тым жиі ашылған.

 

Есікті қажет кезде ғана

 

 

 

 

ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.

 

 

Тағамның температурасы

 

Тағамды сақтардың алдында

 

 

тым жоғары.

 

температурасын бөлме

 

 

 

 

температурасына дейін

 

 

 

 

азайтыңыз.

 

 

Бөлме температурасы тым

 

Бөлменің температурасын

 

 

жоғары.

 

азайтыңыз.

 

 

FROSTMATIC функциясы

 

"FROSTMATIC " функциясы"

 

 

қосылған.

 

тарауын қараңыз.

 

 

COOLMATIC функциясы

 

"COOLMATIC " функциясы"

 

 

қосылған.

 

тарауын қараңыз.

 

Су тоңазытқыштың

Мұзды автоматты түрде еріту

Бұл дұрыс.

 

артқы тақтасына қарай

барысында еріген су артқы

 

 

 

ағады.

тақтаға ағады.

 

 

 

Су тоңазытқыштың ішіне

Су ағатын түтікше бітеліп

 

Су ағатын түтікшені

 

ағады.

қалған.

 

тазалаңыз.

 

 

Тағамдар судың су жинағыш

Тағамдарды артқы тақтаға

 

 

науаға құйылуына кедергі

 

тигізбей орналастырыңыз.

 

 

жасайды.

 

 

 

Су жерге ағады.

Еріген су ағатын түтікше

 

Еріген су ағатын түтікшені

 

 

арқылы аққан су,

 

буландырғыш науаға

 

 

компрессордың үстіндегі

 

жалғаңыз.

 

 

буландырғыш науаға

 

 

 

 

ақпайды.

 

 

 

Қырау, мұз тым көп

Тағамдар дұрыс оралмаған.

 

Тағамдарды жақсылап

 

қатқан.

 

 

ораңыз.

 

 

Есік дұрыс жабылмаған.

 

"Есікті жабу" тарауын қараңыз.

 

 

 

 

 

22 www.aeg.com

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

 

Тоңазытқыштың ішіндегі

Жоғарырақ температураға

 

температура тым төмен.

қойыңыз.

Құрылғының ішіндегі

Есік дұрыс жабылмаған.

"Есікті жабу" тарауын қараңыз.

температура тым

 

 

жоғары.

 

 

 

Тағамның температурасы

Тағамды сақтардың алдында

 

тым жоғары.

температурасын бөлме

 

 

температурасына дейін

 

 

азайтыңыз.

 

Бір мезгілде тым көп тағам

Бір мезгілде сақталатын тағам

 

сақтауға қойылған.

мөлшерін азайтыңыз.

Тоңазытқыштың ішіндегі

Құрылғының ішінде суық ауа

Құрылғы ішінде суық ауаның

температура тым

айналымы жоқ.

айналуын қамтамасыз етіңіз.

жоғары.

 

 

Мұздатқыштың ішіндегі

Тағамдар бір-біріне өте

Тағамдарды суық ауа айнала

температура тым

жақын қойылған.

алатындай етіп сақтаңыз.

жоғары.

 

 

Құрылғы жұмыс істемей

Құрылғы сөндірулі.

Құрылғыны қосыңыз.

тұр.

 

 

 

Қуат ашасы розеткаға дұрыс

Ашаны розеткаға дұрыстап

 

сұғылмаған.

сұғыңыз.

 

Құрылғыға электр қуаты

Розеткаға басқа электр

 

келмей тұр. Розеткада тоқ

құрылғысын қосып көріңіз.

 

жоқ.

Электрші маманға

 

 

хабарласыңыз.

Шам жанбайды.

Шам күту режимінде тұр.

Есікті жауып, қайта ашыңыз.

"dEMo" бейнебетте

Құрылғы демо-режимде тұр.

Ұзақ дыбыстық сигнал естіліп,

көрсетіледі.

 

бейнебет аз уақытқа сөнген

 

 

кезде OK түймешігін шамамен

 

 

10 сек. басып ұстап тұрыңыз:

 

 

құрылғы қалыпты жұмыс істей

 

 

бастайды.

Берілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ

1.Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.

2.Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату" тарауын қараңыз.

3.Қажет болса, зақым келген тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ

23

ОРНАТУ

 

 

 

 

 

 

 

Назарыңызда болсын!

көрсетілген климат санатына сай келетін

 

 

Құрылғыны орнатпай тұрып

жерге орналастыру қажет:

 

 

"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке

Климат

Қоршаған орта температурасы

 

басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз

 

санаты

 

 

 

ету үшін және құрылғыны дұрыс

 

 

 

пайдалану үшін мұқият оқып

SN

+10°C бастап + 32°C дейін

 

 

шығыңыз.

 

N

 

+16°C бастап + 32°C дейін

 

 

 

 

 

 

ОРНАЛАСТЫРУ

 

ST

+16°C бастап + 38°C дейін

 

Бұл құрылғыны температурасы құрылғының

T

 

+16°C бастап + 43°C дейін

 

техникалық ақпараттар тақтайшасында

 

 

 

 

ОРНАЛАСУЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура

 

mm

 

 

түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен

 

 

 

мүмкіндігінше алыс орнату қажет.

 

100 min

 

 

 

 

 

Құрылғының артқы жағында ауаның еркін

 

 

 

 

 

 

 

 

айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы

 

 

 

 

жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы

 

 

 

 

қабырғаға ілулі заттың астына қойылса,

 

 

 

 

құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың

 

A

 

B

арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға

 

 

тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны

 

 

 

 

қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған

 

 

 

 

дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір

 

mm

 

 

немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір

 

 

деңгейлеп орнатуға болады.

 

20

 

 

 

 

 

 

 

Назарыңызда болсын!

 

 

 

 

 

Құрылғыны электр желісінен

 

 

 

 

 

ағытатындай етіп орналастыру керек;

 

 

 

 

сондықтан оны орнатқаннан кейін

 

 

 

 

 

оның ашасы қол оңай жететін жерде

 

 

 

 

тұруға тиіс.

 

АРТҚЫ ТЫҒЫЗДАҒЫШТАР

 

 

 

 

 

 

2

Құжаттар салынған қалтадан екі

 

 

 

тығыздағышты таба аласыз.

 

 

 

 

Тығыздағыштарды орнату үшін мына

 

 

 

 

қадамдарды орындаңыз:

 

 

 

 

1.

Бұранданы босатыңыз.

 

 

 

1

2.

Тығыздағышты бұранданың астына

 

 

 

 

салыңыз.

 

 

 

3

 

 

 

4

3. Тығыздағышты дұрыс жаққа бұраңыз.

 

 

 

 

 

 

 

4.

Бұрандаларды қатайтыңыз.

 

24 www.aeg.com

ДЕҢГЕЙІН КЕЛТІРУ

 

 

Құрылғыны орналастырған кезде орнықты

 

болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі

 

жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен

 

орнықты етуге болады.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ

электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,

Электр желісіне қоспас бұрын техникалық

құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай

жерге жекелей қосыңыз.

ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу

Жоғарыда айтылып өткен ережелер

мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына

сақталмаса, өндіруші қандай да бір

сай келетіндігін тексеріп алыңыз.

жауапкершілікті өз мойнына алудан бас

Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта

тартады.

қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер

Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті

 

ЕСІКТІҢ АШЫЛАТЫН ЖАҒЫН ӨЗГЕРТУ

 

Назарыңызда болсын!

1

Қандай да бір жұмысты іске асырмас

бұрын ашаны электр розеткасынан

 

суырыңыз.

2

Назарыңызда болсын!

 

Құрылғының тоққа қосылмай

 

тұрғанына көз жеткізіңіз.

 

Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру

 

үшін, құрылғының есіктерін мықтап

 

ұстап тұруға көмектесетін тағы бір

 

адамның болуын ұсынамыз.

• Үстіңгі топсаның қақпағын бұранда

 

бұрағышпен алыңыз.

• Үстіңгі алдыңғы жақ қақпақтарды екі жақтан

 

да алыңыз. (1)

Бейнебет сымын жалғастырғышты

 

ағытыңыз. (2)

1

2

ҚАЗАҚ 25

Есіктің аяқ жағының қақпағын алыңыз.

Есіктің аяқ жағының қақпағының сымын алып, үстіңгі топсаға салыңыз.

Сымды алдыңғы панельдің тиісті жерінде орналасқан қосатын нүктеге жалғаңыз.

Топсаның қақпағын және үстіңгі алдыңғы жақ қақпақтарды салыңыз.

Ағытылып тұрған бейнебет сымын есіктің аяқ жақ қақпағындағы сым ұстағышқа салыңыз.

Есіктің аяқ жақ қақпақтарын салыңыз. (2)

A

B

E F

C D

Қақпақты құралмен (A) алыңыз.

Астыңғы топса өзегін (В) және аралық шектегішті (С) бұрап алыңыз да, қарсы жағына салыңыз.

Қақпақты (А) қарама-қарсы жаққа қайта орнатыңыз.

Есікті астыңғы топсаға қондырыңыз.

26

www.aeg.com

 

 

 

 

 

3

Ұстағышты алыңыз. Үстіңгі тұтқаның

 

1

 

ұстағышын тұтқа орнықтырғыштан бұрап

 

 

 

 

 

 

 

ағытыңыз (1).

 

 

 

• Астыңғы тұтқаның ұстағышын есіктен бұрап

 

2

 

 

ағытыңыз (2).

 

 

Ұстағышты алыңыз.

 

 

 

• Үстіңгі тұтқаның ұстағышын есіктен бұрап

 

5

 

 

ағытыңыз (3).

 

 

Тұтқаның ұстағышын есікке қайта бұрап

 

 

 

 

салыңыз (4).

 

 

 

• Тұтқаның ұстағышын тұтқамен бұрап,

 

 

 

 

оларды есікке бұрап (5) салыңыз және

 

4

6

тұтқа ұстағышты да салыңыз (6).

 

 

 

 

 

 

Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:

 

 

 

Барлық бұрандалардың қатайтып

 

 

 

 

бұралғанын.

 

 

 

Магнитті тығыздауыштың қаптамаға

 

 

 

 

жабысқанын.

• Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын. Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді.

Loading...
+ 58 hidden pages