Aeg F65410W0P User Manual [ru]

FAVORIT 65410
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 52
НҰСҚАУЛАРЫ
ЭКСПЛУАТАЦИИ
27
2
2
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз: www.aeg-electrolux.com/shop
МАЗМҰНЫ
Мазмұны
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 8 Бұйым сипаттамасы
9 Басқару панелі 11 Құрылғыны қолдану 12 Су жұмсақтайтын бұйымын салу 13 Ыдыс жуғыш машинасы үшін
арналған
14 Жуғыш және шайғыш затты
қолдану 15 Мульти таб функциясы 15 Ас құралдары менен ыдыс-
аяқты салуs 16 Жуу программалар 17 Жуу бағдарламасын таңдау
және бастау 19 Күту менен тазалау 20 Не істерсіңіз, егер... 23 Техникалық сиппатама 24 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар 24 Орнату
3
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
• Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін. Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты әрқашан онымен бірге қалдырыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы мүмкін.
• Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
• Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
5
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
• Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
6
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.
– Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
– Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз. – Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
• Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін: – Ашаны розеткадан ағытыңыз. – Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз. – Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
– Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
• Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен шайыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық қалдырмаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
7
Бұйым сипаттамасы
8
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
10
9
8
7
5
1 Үстіңгі себет 2 Су кермектігі тетігі 3 Тұз сауыты 4 Жуғыш зат үлестіргіші 5 Шайғыш зат үлестіргіші 6 Техникалық ақпарат тақтайшасы 7 Сүзгілер 8 Астыңғы бүріккіш түтік 9 Үстіңгі бүріккіш түтік
10 Жұмыс алаңы
6
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару панелі
9
1
3
1 Қосу/өшіру түймешігі 2 Бағдарлама нұсқаулығы 3 Program түймешігі 4 Бағдарлама индикаторлары 5 Бейнебет 6 Delay түймешігі 7 Start түймешігі 8 Индикатор шамдары 9 Option түймешігі
2
4
8
5 6
79
Индикатор шамдары
Multitab индикаторы. Бұл индикатор функцияны іске қосқан кезде жанады.
Extra-Hygiene индикаторы. Бұл индикатор функцияны іске қосқан кезде жанады.
Жуу циклінің индикаторы. Бұл жуу циклі орындалған кезде жанады.
Шаю циклінің индикаторы. Бұл шаю циклі орындалған кезде жанады.
Кептіру циклінің индикаторы. Бұл кептіру циклі орындалған кезде жанады.
Соңы индикаторы. Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде ғана жанады.
1)
Басқару панелі
10
Индикатор шамдары
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Delay индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау функциясын іске қосқан кезде жанады.
Есік индикаторы. Бұл индикатор есік ашық тұрғанда немесе дұрыс жабылмағанда жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдар жанбайды.
Қосу/өшіру түймешігі
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз. Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, Auto Off функциясы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
Бағдарлама нұсқаулығы
Бұл нұсқаулық жуу бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
Program түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
• Су жұмсартқыштың электрондық тәсілмен бапталған деңгейі
• Шайғыш зат үлестіргішін қосу және сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда ғана)
• Жуу бағдарламасының уақыты
• Жуу бағдарламасының соңына дейін қалған уақыт
• Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)
• Кешіктіріп бастау уақыты
• Ескерту кодтары.
Delay түймешігі
Жуу бағдарламасын 1-ден 24 сағатқа дейін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Start түймешігі
Бастау үшін осы түймешікті басыңыз:
• Жуу бағдарламасы
• Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы.
Құрылғыны қолдану
Option түймешігі
Функцияларды орнату үшін осы түймешікті басыңыз. Функция іске қосылған кезде, тиісті индикатор жанады.
Option түймешігі Multitab Extra-Hygiene
Бір рет басыңыз ҚОСУЛЫ СӨНДІРУЛІ Екі рет басыңыз СӨНДІРУЛІ ҚОСУЛЫ Үш рет басыңыз ҚОСУЛЫ ҚОСУЛЫ Төрт рет басыңыз СӨНДІРУЛІ СӨНДІРУЛІ
Функциялар
Multitab
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab функциясын қолданыңыз. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Extra-Hygiene
Бұл функция гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70°C градуста тұрады.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда ғана) үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанғанда.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болады.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрмайды.
• Тек бір бағдарламаның индикаторы жанғанда.
• Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау циклінің уақыты көрсетіледі.
– Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
11
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
12
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді. Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
Судың кермектігі
Неміс градусы
(dH°).
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Француз градусы
(°TH).
ммоль/л Кларк
градусы
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Судың кермектігін
қолмен электр
2
2
2
2
2
2
1
реттеу
1)
1)
1)
1)
1)
1)
2)
ондық тәсілм
ен
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Қолмен реттеу
Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші орынға (кестеге қараңыз) қойыңыз.
Электронды тәсілмен баптау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Delay және Start түймешігін, AUTO, PRO және 30MIN бағдарламаларының
индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Delay түймешігі мен Start түймешігін босатыңыз.
5. Program түймешігін басыңыз,
• PRO және 30MIN бағдарламаларының индикаторлары сөнеді.
• AUTO бағдарламасының индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі (мысалы: көрсетіледі.
6. Параметрді өзгерту үшін Program түймешігін қайта-қайта басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз. Су жұмсартқыш электрондық тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз индикаторы сөнген
қалпы тұрады.
= 5-ші деңгей)
13
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытын тұзға толтыру үшін құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің айналасындағы тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытын тұзға толтырған кезде, одан су төгіледі, бұл дұрыс.
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
14
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
1
2
7
3
4
6
5
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Шайғыш зат үлестіргішті қалай толтыру керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің басыңыз.
2.
Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз
3. Жуу бағдарламасының алдын ала жуу циклі бар болса, құрылғы есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне салыңыз
.
1
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолданған кезде ұзақ жуу бағдарламаларын қолданыңыз. Себебі қысқа жуу бағдарламалары таблеткаларды толық еріте алмайды және жуу нәтижесін төмендетеді.
қақпағын ашу үшін 7 оны босататын түймешікті
2
.
1
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге мүмкіндік береді. Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты автоматты түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің
қақпағын ашу үшін 5 босататын түймешікті басыңыз.
6
Мульти таб функциясы
2.
Шайғыш зат үлестіргішті үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
шайғыш затпен толтырыңыз. 'max' таңбаламасы ең
3
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3. Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп) мәндерінің біріне қоюға болады. Шайғыш заттың мөлшерін
көбейту немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін бұраңыз.
4
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларына арналған. Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады. Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз. Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды. Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді. Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Жуу бағдарламасы жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны қосып не өшіре алмайсыз. Жуу бағдарламасын бастар алдында, multitab функциясының қосулы тұрғанына әрқашан көз жеткізіңіз.
15
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Option түймешігін multitab индикаторы сөнгенше басыңыз. Функция сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
5. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
Жуу программалар
16
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
• Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып
салыңыз.
• Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз
жеткізіңіз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып
қалуы мүмкін.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану түрі Ыдыс-аяқтың түрі Бағдарлама
Барлығы Фарфор ыдыс, ас
1)
Қатты ластанған
Жаңа
2)
3)
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол температураны,
судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже
береді.
3) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
ластанған
Қалыпты ластанған
Қалыпты не шамалы ластанған
құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Осал ыдыс-аяқ пен шыны ыдыс
сипаттамасы
Алдын ала жуу Жуу 45 °C не 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Алдын ала жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Жуу 60 °C Шаю
Алдын ала жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
Жуу 45 °C Шаю циклдары Құрғату
Extra-Hygiene
функциясы
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етпейді
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етпейді
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1) Бейнебетте бағдарлама уақыты көрсетіледі.
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
0,7 - 1,3 8 - 14
1,1 - 1,2 10 - 11
0,8 7
0,7 - 0,8 8 - 9
0,6 - 0,7 9 - 10
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп бастау функциясының көмегінсіз бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
3. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
• Тиісті бағдарламаның индикаторы жанады.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы жыпылықтайды.
• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикаторлары жанады.
5. Егер қажет болса, Еxtra-Нygiene функциясын орнатыңыз.
• Функцияны әрқашан жуу бағдарламасын орнатқаннан кейін таңдау керек.
6. Start түймешігін басыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
• Цикл индикаторлары сөнеді, бірақ орындалып тұрған циклдің индикаторы
жанған қалпы тұрады.
17
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғы есігін жабыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
3. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Жуу бағдарламасы мен функцияларын орнатыңыз.
5. Delay түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
6. Start түймешігін басыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
18
• Енді бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтамайды.
• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикаторлары сөнеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
– Орындалып тұрған циклдің индикаторы қосылып тұрады.
Құрылғы есігін ашқанда, кері санақ тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын болдырмау
Кері санақ жұмыс істемей тұр
1. Delay түймешігін қайта-қайта келесі жағдай орын алғанша басыңыз:
• Бейнебетте жуу бағдарламасының ұзақтығы пайда болады.
• Цикл индикаторлары жанады.
2. Жуу бағдарламасын бастау үшін Start түймешігін басыңыз.
Кері санақ жұмыс қосылып тұр
1. Delay түймешігін қайта-қайта келесі жағдай орын алғанша басыңыз:
• Бейнебетте жуу бағдарламасының ұзақтығы пайда болады.
• Цикл индикаторлары жанады.
• Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады. Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны біржола тоқтату керек.
• Дәл осы кезде Delay түймешігі мен Start түймешігін келесі жағдай орын алғанша
басыңыз: – Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанғанша. – Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болғанша.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде бейнебетте нөл көрсетіледі де "соңы" индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
Күту менен тазалау
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Бұл сүзгілер көп күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет болса, тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін сағат бағытына қарсы бұрап, (B) сүзгісінен алыңыз.
B
19
2. (A) сүзгісі екі бөліктен тұрады. Сүзгіні ағытып алу үшін оларды бір-бірінен ажыратыңыз.
3. Бөліктерін сумен әбден тазалаңыз.
4. (A) сүзгісінің екі бөлігін өзара біріктіріңіз де, үстінен басыңыз. Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін сумен әбден жуыңыз.
A
Не істерсіңіз, егер...
20
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына қойыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) арасына дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына қойыңыз. (A) сүзгісін сағат бағытымен бекітілгенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Құрылғының сыртын тазалау
Құрылғының сыртын және басқару панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон) пайдаланбаңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
C
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады. Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр
- Құрылғының суы төгілмейді
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Дұрыс жұмыс істемеу Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Құрылғыға су құйылмай тұр. Су құйылатын шүмек бітелген
немесе оған қақ тұрған.
Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз. Су құятын түтіктегі сүзгі
бітеліп қалған.
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
мекемесіне хабарласыңыз.
Сүзгіні тазалаңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Дұрыс жұмыс істемеу Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Су құятын түтік дұрыс
Су құятын түтік бүлінген. Су құятын түтіктің еш жерінің
Құрылғыдан су ақпай тұр. Раковинаның түтікшесі
Су төгетін түтік дұрыс
Су төгетін түтік бүлінген. Су төгетін түтіктің еш жерінің
Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да,
Жуу бағдарламасы басталмайды.
Start батырмасын немесе
Қуат ашасы розеткаға
Сақтандырғыш блогындағы
Кешіктіріп бастау функциясы
жалғанбаған.
бітеліп қалған.
жалғанбаған.
Құрылғының есігі ашық тұр. Есік индикаторы қосылады.
түймешігін басқан жоқсыз.
сұғылмаған.
сақтандырғышқа нұқсан келген.
орнатылған.
Түтіктің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
бүлінбегенін тексеріңіз. Раковинаның түтікшесін
тазалаңыз. Түтіктің дұрыс жалғанғанын
тексеріңіз.
бүлінбегенін тексеріңіз.
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
Start батырмасын немесе түймешігін басыңыз.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз.
• Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
21
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте белгісіз ақаулық кодтары пайда болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығына қажетті деректер техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Мына деректі жазып қойыңыз:
– Үлгі (MOD.) ........................................................
– Құрылғының нөмірі (PNC) ..........................................
– Сериялық нөмірі (S.N.) ..............................................
Не істерсіңіз, егер...
22
Жуу мен құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай емес.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Ыдыс-аяқ таза емес. Жуу бағдарламасы салынған
Себеттерге ыдыс-аяқтар
Бүріккіш түтіктер еркін айнала
Сүзгілер ластанған немесе
Жуғыш зат өте аз салынған
Ыдыс-аяққа әк түйіршіктері тұрып қалған.
Су жұмсартқыштың деңгейі
Тұз сауытының қақпақшасы
Ыдыс-аяқ пен стакандар айғыз-айғыз, оларға ақшыл жолақтар түскен не беті көкшіл тартқан.
Стакандар мен ыдыста кепкен су тамшысының ізі қалған.
Бұның себебі жуғыш заттарға
Ыдыс-аяқ кеппеген. Жуу бағдарламасында
Ыдыс-аяқ кеппеген және түсі ашылмаған.
ыдыс-аяқтың түріне және ластану дәрежесіне сай емес.
дұрыс салынбаған, су олардың барлық жеріне жетпейді.
алмайды. Заттар себеттерге дұрыс салынбаған.
дұрыс құрастырылып, орнатылмаған.
немесе мүлде салынбаған.
Тұз сауыты босап қалған. Тұз сауытына ыдыс жуғыш
дұрыс орнатылмаған.
дұрыс жабылмаған. Шайғыш зат тым көп
мөлшерде қолданылған.
Шайғыш зат тым аз мөлшерде қолданылған.
байланысты болуы мүмкін.
құрғату циклі болмаған немесе құрғату циклі шамалы орындалған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Салынған ыдыс-аяқтың түріне және ластану дәрежесіне сай жуу бағдарламасын таңдаңыз.
Себеттерге ыдыс-аяқтарды дұрыс салыңыз.
Ыдыс-аяқтар себеттерге дұрыс салынбағандықтан, бүріккіш түтіктердің дұрыс айнала алмай тұрғанын тексеріңіз.
Сүзгілердің таза екеніне, дұрыс құрастырылып, орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш заттың жеткілікті мөлшерде салынуын қамтамасыз етіңіз.
машина тұзынан салыңыз. Су жұмсартқышты дұрыс
деңгейге қойыңыз. Тұз сауытының қақпақшасын
дұрыс жабыңыз. Шайғыш зат мөлшерін
азайтыңыз.
Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Басқа фирманың жуғыш затын қолданыңыз.
Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
Техникалық сиппатама
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Multitab функциясы қосулы
(бұл функция шайғыш зат үлестіргішін автоматты түрде ажыратады).
Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Delay және Start түймешігін AUTO, PRO және 30MIN бағдарламаларының индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Delay және Start түймешігін босатыңыз.
5. Option түймешігін басыңыз.
• AUTO және 30MIN бағдарламаларының индикаторлары сөнеді.
• PRO бағдарламасының индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте шайғыш зат параметрі көрсетіледі.
Шайғыш зат үлестіргіші ажыратулы.
Шайғыш зат үлестіргіші қосулы.
6. Параметрді өзгерту үшін Option түймешігін басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз
23
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Ені 446 мм Биіктігі 850 мм Тереңдігі 620 мм Сумен жабдықтау қысымы Ең азы 0,5 бар (0,05 MПa) Ең көбі 8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау Сыйымдылығы Орналастыру параметрлері 9
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
1)
Құрылғы есігінің ішкі жиегінде орналасқан тақтайшада электр қосылымы параметрлері көрсетілген.
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, фотоэлектрлік батарея, жел) алынса, тұтыну қуатын азайту үшін құрылғыны ыстық су жүйесіне жалғаңыз.
Суық су немесе ыстық су ең көбі 60 °C
Loading...
+ 53 hidden pages