AEG EKG61101O User Manual

EKG61101O
.................................................. ...............................................
KK ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU КУХОННАЯ ПЛИТА ИНСТРУКЦИЯ ПО
НҰСҚАУЛАРЫ
ЭКСПЛУАТАЦИИ
30
2
www.electrolux.com
2
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
KZ RU UA
BY
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге қалдырыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл­есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін әрдайым құрылғыны өшіріңіз.
ОРНАТУ
• Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары затбелгіде (немесе деректер тақташасында) жазылған.
• Құрылғыны тек білікті техник орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
• Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырады.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз (егер қажет болса).
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум арақашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
• Құрылғыны тек білікті электрик орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
www.electrolux.com
4
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға
• Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан
• Көп тармақты ашаларды, жалғастырғыштар
• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы
• Орнатып болғаннан кейін электр
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
ГАЗҒА ҚОСУ
• Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
• Құрылғының айналасындағы ауа айналымы
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
• Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған
тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
(егер қолданылса) мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер болса) тартып ажыратыңыз.
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
жақсы екеніне көз жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі жетіспеуі мүмкін.
жағдайлары (газдың түрі мен қысымы) және құрылғының параметрлері сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
әкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл құрылғыны қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатып, желіге қосу қажет. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар аудару керек.
кезде оны орнатқан бөлме ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз: табиғи
жолмен желдететін саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар болса, деңгейін көтеру) керек.
ПАЙДАЛАНУ
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас құралдары мен кәстрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек­жарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды және/ немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алып­салғанда абай болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
• Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне қоймаңыз.
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
ҚАЗАҚ 5
ҚАҚПАҚ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған майды жинайды. Оны басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
• Қақпақты әрқашан таза ұстаңыз.
• Қақпақтың бетіндегі ластықты әрқашан қақпақты ашпай тұрып тазалаңыз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақтар ыстық тұрған кезде шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты оттықтардың барлығын сөндіргеннен кейін жабыңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
• Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен және дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қыздырғыш элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
www.electrolux.com
6
• Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты
• Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
• Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
бөлмені жартылай немесе толықтай жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға арналған шамды ғана қолданыңыз.
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты орындауына болады. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
қолданыңыз.
келмес үшін: – Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй жануарларының құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
1
4
11
10
ПІСІРУ АЛАҢДАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
3
2
1
ҚАЗАҚ 7
Пеш үстін басқаратын тетіктер
432
1
Гриль тетігі
2
5
6
7
8
9
Минут операторының тетігі
3
Гриль индикаторы
4
Тұмшапеш шамының түймешігі
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Қыздырғыш элемент
7
Тұмшапештің шамы
8
Желдеткіш
9
Техникалық ақпарат тақтайшасы
10
Сөре деңгейлері
11
1
4
2
3
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ
• Тұмшапеш сөресі Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
• Тегіс пісіру науасы Торттар мен печеньелерге арналған.
• Қуыруға арналған шұңғыл таба Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
• Зат сақтау суырмасы Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы
орналасқан.
Жартылай жылдам оттық
1
Жартылай жылдам оттық
2
Қосымша оттық
3
Жылдам оттық
4
Назарыңызда болсын! Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
• Сөре сырғытпалары, қосымша сатылатын жабдық
Сөрелерді немесе науаларды қоюға арналған. Бұларды жеке тапсырыс беріп алдыруыңызға болады.
www.electrolux.com
8
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш жуғыш заттарды қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп жіберу үшін, ең жоғары температураны орнатыңыз да, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ҚАЗАҚ 9
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
ОТТЫҚТАРДЫ ТҰТАТУ
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау салдарларының ешбіріне өндіруші жауапты емес.
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
1.
Тетікті шегіне дейін басып, ең үлкен қалыпқа
кезде тұтату генераторы өздігінен қосылады.
2.
Басқару тетігін басып шамамен 10 секунд ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ беріліміне кедергі келеді.
3.
Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін реттеңіз.
дейін бұраңыз. Тетікті басқан
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, оның шілтері мен қақпағының дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Назарыңызда болсын! Егер оттық 10 секундтан кейін жанбаса, басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде электр қуаты болмаған кезде). Жалынды оттыққа жақын әкеліп, тиісті басқару тетігін ең көп газ шығару қалпына бұрап, 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін басқару тетігін белгісіне бұраңыз.
Назарыңызда болсын! Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
D)
Термореле
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
A
B
C
D
www.electrolux.com
10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің қақпағын әрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Назарыңызда болсын! Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін табалар мен кәстрөлдерді пайдаланыңыз. Пеш тақтасының шетінен шығып тұратын қазан-кәстрөлдерді қолданбаңыз.
Оттық Тамақ пісіретін
Жылдам 160 - 260 мм
Жартыла
й жылдам
Қосымша 120 - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.
ыдыстың диаметрі
140 - 240 мм
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ 11
www.electrolux.com
12
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясы Қолдану
0 Off (сөндірулі) қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.
Дәстүрлі тамақ пісіруге арналған температура деңгейлерінің ауқымы. (1 - 135 °C; 2 - 150 °C; 3 - 165 °C; 4 - 180 °C; 5 - 195 °C; 6
- 210 °C; 7 - 230 °C; 8 - 250 °C) Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған.
Тост жасау үшін.
1-8
Температура
мәндерін реттеу
Гриль
Тұмшапештің шамы
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану үшін тұмшапеш шамының түймешігін басыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕРМОРЕЛЕСІ
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не элементтерінің бірінің ақаулығына байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік терморелесімен жабдықталған. Температурасы төмендеген кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
ГАЗ ТҰМШАПЕШТЕ ТАМАҚ ПІСІРУ
Газ пештің оттығын тұтату:
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз. Есіктің өздігінен ашылып қалуына жол бермеңіз ­есікті әбден ашылғанша тұтқасынан сүйемелдеп ұстап тұру керек.
Тұмшапештің оттығын жаққан кезде тұмшапештің есігін ашық ұстау керек.
2.
Қақпақтың ашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұмшапешті пайдаланған кезде қатты қызып кетпес үшін қақпақты ашып қою керек.
3.
Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін басып, ең жоғары мәнге қойыңыз. Оны шамамен 15 секунд басып тұрыңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш автоматты түрде іске қосылады.
Егер оттық от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1.
Тетікті босатып, "off" қалпына қойыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3.
Бір минуттан кейін, оттықты қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтау: Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3.
Осы кезде тұмшапештің функцияларының тетігін басып, сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен мәнге қойыңыз.
4.
Жалын шыққан кезде, тетікті шамамен 15 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1.
Тетікті босатыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын! Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін жауып пісіріңіз.
3.
Тетікті қажетті қызу параметріне қойыңыз. Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы: Тұмшапеш термоэлементпен жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
ТҰМШАПЕШТІҢ ОТТЫҒЫН СӨНДІРУ
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына бұраңыз.
ЭЛЕКТРЛІ ГРИЛЬДІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін жауып пісіріңіз.
Назарыңызда болсын! Газ тұмшапешін пайдаланған кезде электрлі грильді пайдаланбауды ұсынамыз.
Назарыңызда болсын! Қол жететін бөліктері грильді пайдаланған кезде ыстық болып тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау керек.
Осы функцияны ажырату үшін тетікті "оff" қалпына койыңыз.
ГРИЛЬ ИНДИКАТОРЫ
Гриль индикаторы ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) гриль пісіру функциясы таңдалған кезде жанады. Ол пеш қажетті температураға дейін қызған кезде өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы қажетті температураның реттелгенін көрсетеді.
ҚАЗАҚ 13
МИНУТ ОПЕРАТОРЫ
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз. Әуелі минут операторының басқару тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін кері бұрап, қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты сигнал қосылады. Бұл функция пеш қызметіне әсері етпейді..
www.electrolux.com
14
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН САЛУ
Пештің сырғымалы керек-жарақтарының қос қырлы ұштарын пештің артқы жағына келтіріп, төмен қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы керек-жарақтарын пеш қатарларының біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп салыңыз.
Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар орналастыру Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп салыңыз.
ПІСІРМЕ ТАБАҚТЫ САЛУ
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына, алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме табақтың алдыңғы және артқы жағында айналуына мүмкіндік береді. Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын! Пісірме табақты тұмшапештің артқы қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі бұлай істегенде табақтың айналасына қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның әсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЗАҚ 15
Сақтандыру туралы ескерту! Өте сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табақты қолданыңыз. Жемістің шырыны эмаль қаптамаға кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарлары құрылғының астыңғы жағынан бастап саналады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісірген кезде құрылғының бөлшектерін алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
ТОРТ ПІСІРУ
• Пісіруді бастамай тұрып тұмшапешті 10 минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше тұмшапештің есігін ашпаңыз.
БАЛЫҚ ПЕН ЕТТІ ПІСІРУ
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ болып піседі.
• Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТТАРЫ
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына және мөлшеріне байланысты. Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
ПІСІРУ КЕСТЕСІ
Тағам
Тәтті таспа 250 алюминий
Шелпек 1000 алюминий
Алма қосылған ашыған қамыр торты
Салмағы
(г)
Науа түрі
мен қапталған
мен қапталған
2000 алюминий
мен қапталған
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты
Термостат
күйі
(минут)
3 10 1-2 25-30
3 10 1-2 35-40
3 10 3-4 50-60
Алдын ала
Пісіру уақыты (минут)
www.electrolux.com
16
Тағам
Алма бәліші
Салмағы
(г)
Науа түрі
1200+1200 Алюминий
мен қапталған 2 дөңгелек табақ (диаметрі: 20 см)
Кішкене кекстер
500 алюминий
мен қапталған
Майсыз бисквит торт
350 1 дөңгелек
табақ (диаметрі: 26 см)
Құймақ 1500 алюминий
мен қапталған
Ашық бәліш
800 алюминий
мен қапталған
Толтырылғ ан ашыған қамыр
1200 алюминий
мен қапталған
кексі Пицца 1000 алюминий
мен қапталған
Сүзбе торты
2600 алюминий
мен қапталған
Алма қосылған ашық
1900 алюминий
мен қапталған
бәліш Рождество
торты
2400 алюминий
мен қапталған
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
табақ (диаметрі: 26 см)
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты
Термостат
күйі
(минут)
3 10 3-4 65-75
3 10 2 30-35
3 10 2-3 30-35
3 - 2
3 20 8 10
3 15 3-4 40-50
2 10 8 25-35
3 - 2 80-90
3 15 6 50-60
Алдын ала
3 10
2-3
(термостат
күйі: 8)
3 15 5-6 50-60
Пісіру уақыты (минут)
1)
45-55
2)
60
ҚАЗАҚ 17
Алдын ала
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты (минут)
Шаруа наны
750+750 Алюминий
мен қапталған
3 10
(термостат
күйі: 8) 2 дөңгелек табақ (диаметрі: 20 см)
Румын бисквит торты
600+600 Алюминий
мен қапталған
3 10 2-3 50-60
2 дөңгелек табақ (диаметрі: 25 см)
Румын бисквит торты ­дәстүрлі
600+600 Алюминий
мен қапталған 2 дөңгелек
3 10 2-3 40-50
табақ (диаметрі: 20 см)
Швейцари я орамасы
500 алюминий
мен
3 10 2-3 20-30
қапталған
Меренга 400 алюминий
3 - 1 40-50 мен қапталған
Кшкене "Choux"
500 алюминий
мен
3 10 3-4 35-40
қапталған
Үкпе торт 1500 алюминий
3 15 5-6 30-40 мен қапталған
Бисквит торт
600 алюминий
мен
3 10 1-2 35-40
қапталған
Майлы торт
600 алюминий
мен
3 15 3-4 25-30
қапталған
1)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
2)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
Термостат
күйі
4-5 50-60
Пісіру уақыты (минут)
www.electrolux.com
18
ГРИЛЬ ЖАСАУ
Тағам Сөре деңгейі
қыздыру уақыты
Пісіру уақыты (мин)
(мин) Тост наны (500 г) 3 10 4 - 6 Жарты тауық (1200 г) 2 - 30 + 35
Алдын ала
Сиыр етінің стейктері (1000
2 10 20 + 20
г) Қуырылған шошқа котлеті
2 - 30 + 30
(500 г)
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе құрамында крахмал бар) қуырған кезде, акриламидтер денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен температурада пісіруді және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ 19
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
СӨРЕ СЫРҒЫТПАЛАРЫН АЛУ
1
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
2
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын қабырғадан тартып шығарыңыз.
2.
Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын қабырғадан ағытып алыңыз.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай тұрып, шыны панельді алғыңыз келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
ТҰМШАПЕШТІҢ ЕСІГІН ТАЗАЛАУ
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар. Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін алып тазалауға болады.
www.electrolux.com
20
Тұмшапештің есігі мен шыны панелін алу
1.
Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос топсасынан ұстаңыз.
2.
Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.
3.
Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне (жартылай) қарай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
4.
Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз.
5.
Ішкі шыны панельді алу үшін бекіту жүйесін босатыңыз.
6.
Екі бекітпені 90° градусқa бұраңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
ҚАЗАҚ 21
90°
7.
Шыны панельді еппен көтеріп (1-ші қадам) орнынан (2-ші қадам) алыңыз.
8.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз. Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
2
1
www.electrolux.com
22
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны панель мен тұмшапеш есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен орындаңыз. Бедері бар жағы есіктің ішкі жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны панельдің жақтауының бедері бар беткі жағы қолмен ұстағанда бұдыр болмауға тиіс. Ішкі шыны панельді орнына дұрыс салғаныңызға көз жеткізіңіз. Суретке қараңыз.
ТАРТПАНЫ АЛУ
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай тазалау үшін алуға болады.
Тартпаны алу
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай тартыңыз.
2.
Суырманы баяу көтеріңіз.
3.
Суырманы түгел алып шығыңыз. Суырманы салу Суырманы салу үшін жоғарыда көрсетілген әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Назарыңызда болсын! Тұтанғыш заттарды (мысалы, тазартқыш заттар, пластик қапшықтар, тұмшапеш қолғабы, қағаз немесе бүріккіштер т.с.с. сияқты) суырмада сақтамаңыз. Тұмшапешті қолданған кезде суырма қызып кетуі мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны қақпағын қорғау үшін тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
1.
Шыны қақпағын алу үшін сағат бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамын 300°C қызуға төзімді, параметрлері дәл келетін тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды қолданыңыз.
4.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ШАМЫ
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің шамын ауыстырар кезде абай болыңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар!
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Тұтатқан бетте жалын дереу сөніп қалады
Газ шеңбері біркелкі жанбайды
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш блогындағы
Тұмшапеш қызбай тұр Тұмшапеш тоққа
Тұмшапеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
Тұмшапештің шамы жанбай тұр
Бу мен конденсат тағамның үстіне және тұмшапештің ішіне жиналады
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
ҚАЗАҚ 23
Электр қуаты жоқ Құрылғының жалғанғанын
және электр қуатының іске қосылғанын тексеріңіз.
Электр қуаты жоқ Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын тексеріңіз.
Оттықтың қақпағы мен шілтері қисық салынған
Оттықтың қақпағы мен шілтері дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызбайды
От жанғаннан кейін тетікті шамамен 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Оттықтың шілтерін тағам қалдығы бітеп тастаған
Инжектордың бітеліп қалмағанын және оттықтың шілтерінің тағам қалдығынан бос екенін тексеріңіз.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
сақтандырғыш босап кеткен
Сақтандырғыш бірнеше рет ағытылып қалса, білікті электрші маманға хабарласыңыз.
Тұмшапешті тоққа қосыңыз
қосылмаған
Параметрлерді қадағалаңыз
орнатылмаған Тұмшапештің шамында ақау
бар Тағам тұмшапеш ішінде ұзақ
уақыт қалып қойған
Тұмшапештің шамын ауыстырыңыз
Тағамды пісіріп болғаннан кейін тұмшапеш ішінде 15-20 минуттан артық қалдырмаңыз
көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы пеш корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан.
www.electrolux.com
24
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛАТЫН ЖЕР
A
A
C
Ең аз қашықтық
Өлшемдер
і A 690 B 150
C 20
B
C
мм
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Өлшемдері Ені 600 мм Тереңдігі 600 мм Жалпы электр
қуаты
Кернеу 230 В Жиілік 50 Гц
Газ санаты II2H3B/P Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
Айнала диаметрлері
Оттық Ø Ішкі байпас 1/100
Қосымша 29
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
1665,6 Вт
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
мм.
Өлшемдері
Биіктігі 855 мм
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
Қосымша оттық
1,00 0,35 Табиғи газ
1,00 0,35 Бутан G30 28-30 0,50 72,71 0,85 0,31 Пропан G31 28-30 0,50 60,70 Жартылай
жылдам оттық
қуаты
кВт кВт мбар мм г/сағ
1,00 0,40 Табиғи газ
2,00 0,50 Табиғи газ
Азайтылға
н қуаты
Газдың түрі ҚысымыИнж.
Диаметрі
13 0,82 -
G20
20 0,70 -
G20
13 1,11 -
G20
Тұтыну
ҚАЗАҚ 25
Оттық Қалыпты
қуаты
Азайтылға
н қуаты
Газдың түрі ҚысымыИнж.
Диаметрі
Тұтыну
кВт кВт мбар мм г/сағ
2,00 0,43 Табиғи газ
20 0,96
G20 2,00 0,43 Бутан G30 30 0,71 145,43 1,70 0,38 Пропан G31 30 0,71 121,40 Үш
шілтерлі
4,00 1,80 Табиғи газ
G20
13 1,74 -
оттық 4,00 1,80 Табиғи газ
20 1,46
G20 4,00 1,80 Бутан G30 30 1,01 290,85 3,50 1,60 Пропан G31 30 1,01 249,95 Тұмшапеш 2,70 0,90 Табиғи газ
13 1,30 -
G20 2,70 0,90 Табиғи газ
20 1,20 -
G20 2,70 0,90 Бутан G30 30 0,80 196,33 2,35 0,78 Пропан G31 30 0,80 167,82
ГАЗҒА ҚОСУ
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты қосылым сымдарын немесе тот баспайтын болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
МЕТАЛЛ ЕМЕС ИІЛГІШ ТҮТІКТЕР ҚОСЫЛЫМЫ
Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту керек. Орнату: түтік ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрдайым тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды жалғастырыңыз: Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
– ол бөлме температурасынан жоғары, 30°C-
тан асып қызып кете алмайды; – оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды; – оның ысырмалары болмаса;
– оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
– ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
– оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса. Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау үшін төмендегілерді тексеру керек:
– екі ұшында және ұзына бойында жарылған,
кесілген жерлер, күйген белгілері
болмауын; – материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын; – бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын; – жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
Орнатып болғаннан кейін әр түтікшенің фитингін сабынды сумен тексеріп көріңіз, ешқашан жалынды пайдаланбаңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару панелінің артында орналасқан.
www.electrolux.com
26
A)
B) C) D) E)
Назарыңызда болсын! Газды жалғар алдында ашаны розеткадан ағытыңыз немесе сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғышты сөндіріңіз. Газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.
CAB
ED
Газ жүйесіне жалғанатын жер (құрылғының тек бір жерін ғана газға жалғауға болады)
Тығыздағыш Реттемелі қосылым Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері орнатылған, параметрді өзгерту үшін тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты қолданыңыз
ИНЖЕКТОРЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды ауыстырыңыз.
1.
Таба тағандарын алыңыз.
2.
Оттықтың қақпақтары мен шілтерін алыңыз.
3.
7-ші сомынкілттің көмегімен инжекторларды алыңыз да, өзіңіз қолданатын газ түріне арналған инжекторлармен ауыстырыңыз.
4.
Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда көрсетілген қадамдарды орындаңыз.
5.
Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ келетін түтіктің жанында) жаңа газбен жабдықтау түрінің затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілген қапшықтан таба аласыз. Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі немесе қажетті қысымнан басқаша болса, газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін орнату қажет.
ЕҢ КІШІ ДЕҢГЕЙДІ ЛАЙЫҚТАУ
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:
1.
Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3.
Басқару тетігін алыңыз.
4.
Жіңішке бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп (A) бұраңыз.
ПЕШТІ ГАЗДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНЕ ЛАЙЫҚТАУ
Назарыңызда болсын! Пешті газдың басқа түріне сай лайықтау жұмысын тек өкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс істеуге арналған. Дұрыс инжекторлар қолданылса, сұйылтылған газды да қолдануға болады.
Назарыңызда болсын! Инжекторларды ауыстырмай тұрып, газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына және құрылғының тоқтан ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы әбден суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
A
• Табиғи газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шегіне дейін қатайтыңыз.
• Егер сұйылтылған газды табиғи газға
ауыстырсаңыз, орағытпа бұранданы шамамен айналымның 1/4 мөлшеріне (үш шілтерлі оттықта 1/2 мөлшеріне) дейін босатыңыз.
Назарыңызда болсын! Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ИНЖЕКТОРЫН АУЫСТЫРУ
1.
AB
C
Тұмшапеш қуысының астыңғы пластинкасын (A) газ пеші оттығына (B) қол жеткізу үшін алып тастаңыз.
2.
Оттықты ұстап тұрған бұранданы (C) босатыңыз.
ҚАЗАҚ 27
D
F
E
Тұмшапеш оттығын ең төменгі деңгейге орнату:
1.
Тұмшапеш функцияларының тетігін алып тастаңыз.
2.
Жалпақ бұранда бұрағышпен (A) реттегіш бұранданы реттеп бұраңыз.
3.
Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Оттық шілтерінің оттық аузында тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтатқыш ашасының сымына (E) және термоэлемент жалғастырғышына (F) қатты күш салмаңыз.
4.
Оттық инжекторын (D) 7 мм сомын кілттің көмегімен ағытып алыңыз. Орнына қажетті инжекторды салыңыз.
5.
Оттықты құрастыру үшін, осы әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6.
Газбен жабдықтау бағыттауышының жанында орналасқан газ түрінің жапсырмасының орнына жаңа газ түріне қатысты жапсырманы қолданыңыз.
Loading...
+ 61 hidden pages