AEG EKG54100O User Manual

 

................................................ .............................................

EKG54100O

KK ПЕШ

ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

2

 

 

НҰСҚАУЛАРЫ

 

 

RU КУХОННАЯ ПЛИТА

ИНСТРУКЦИЯ ПО

29

 

 

ЭКСПЛУАТАЦИИ

 

 

UK ПЛИТА

ІНСТРУКЦІЯ

58

2 www.electrolux.com

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7 4. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9 6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9 7. ТҰМШАПЕШКҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10 8. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12 9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13 10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15 11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21 13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22 14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.electrolux.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.electrolux.com/productregistration

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:

www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі

Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.

Жалпы мағлұматтар менен кеңестер

Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:

KZ RU UA

Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:

Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін

Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.

Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге қалдырыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақылесі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.

Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.

Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.

Пайдаланып болғаннан кейін әрдайым құрылғыны өшіріңіз.

1.3 Орнату

Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары затбелгіде (немесе деректер тақташасында) жазылған.

Құрылғыны тек білікті техник орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.

Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.

Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырады.

Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.

Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.

Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз (егер қажет болса).

Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум арақашықтықты сақтаңыз.

Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

1.4 Электртоғына қосу

Құрылғыны тек білікті электрик орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

4www.electrolux.com

Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.

Көп тармақты ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер болса) тартып ажыратыңыз.

Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1.5 Газға қосу

Құрылғыны тек білікті газ орнатушы орнатып, желіге қосуға тиіс. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.

Құрылғының айналасындағы ауа айналымы жақсы екеніне көз жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі жетіспеуі мүмкін.

Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен қысымы) және құрылғының параметрлері сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.

Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып әкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл құрылғыны қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатып, желіге қосу қажет. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар аудару керек.

Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз: табиғи

жолмен желдететін саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).

Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар болса, деңгейін көтеру) керек.

1.6 Пайдалану

Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін қажет.

Жұмыс барысында құрылғыны үнемі қадағалап отырыңыз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.

Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске пайдаланбаңыз.

Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас құралдары мен кәстрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.

Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керекжарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.

Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау керек.

Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.

Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды және/ немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне

қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.

Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.

Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.

Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.

Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.

Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алыпсалғанда абай болыңыз.

Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.

Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.

Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:

құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны алюминий фольгамен жаппаңыз;

құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;

тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.

Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.

Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.

Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).

Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне қоймаңыз.

Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп қалу қаупі бар.

Тағам қойылған тұмшапеш сөресін ең үстіңгі деңгейге қоймаңыз. Өрт шығу қаупі бар. Егер тағам тұтап кетсе, оттықты сөндіріңіз. Сумен сөндірмеңіз. Себебі

ҚАЗАҚ 5

жалын күшейе түсуі және тұмшапеш есігінің шыны панельдері сынып кетуі мүмкін.

1.7 Қақпақ

Қақпақтың техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.

Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.

Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде ашпаңыз.

Пештің үсті мен тұмшапеш әбден суымайынша қақпақты жаппаңыз.

Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып кетуі мүмкін.

1.8 Күту менен тазалау

Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.

Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.

Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын заттарды қолданбаңыз.

Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен және дақ кетіргіштермен тазаламаңыз

Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қыздырғыш элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат бүрікпеңіз.

Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.

Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

6www.electrolux.com

Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.

Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.

Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға арналған шамды ғана қолданыңыз.

Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.

1.9 Қызмет көрсету орталығы

Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты

орындауына болады. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.

1.10 Құрылғыны тастау

Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:

Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкентай балалардың немесе үй жануарларының құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.

2.БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

2.1Жалпы көрінісі

1

2

3

4

1

Пеш тақтасының тетіктері

 

 

 

 

2

Электрондық бағдарламалағыш

 

 

 

 

3

Пеш шамының түймешігі

 

 

 

 

4

Тұмшапеш функцияларының тетігі

4

 

 

5

5

Гриль

 

 

6

6

Тұмшапештің шамы

3

 

 

 

 

 

7

Техникалық ақпарат тақтайшасы

8

 

 

 

2

 

 

 

8

Сөре деңгейлері

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 7

2.2 Пісіру алаңдарының көрінісі

1 Қосымша оттық

2 Жартылай жылдам оттық

3 Жартылай жылдам оттық

4 Жылдам оттық

2.3 Керек-жарақтары

Тұмшапеш сөресі

Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.

Тегіс пісіру науасы Торттар мен печеньелерге арналған.

Жалпақ алюминий таба Торттар мен печеньелерге арналған.

Қуыруға арналған шұңғыл таба

Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған.

Зат сақтау суырмасы

Тұмшапештің астыңғы жағында зат сақтау суырмасы орналасқан.

Гриль дефлекторы

Грильді қолданған кезде дефлекторды қорғауға арналған.

Сырғытпа жолдар

Сөрелерді немесе науаларды қоюға арналған.

3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту! Тұмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз.

3.1 Алғашқы тазалау

Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.

Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш жуғыш заттарды қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз.

3.2 Тәулік уақытын орнату

Тәулік уақытын тұмшапешті іске

қоспай тұрып орнату керек.

Құрылғыны электр желісіне қосқаннан кейін немесе электр қуаты өшіп қалғаннан кейін бейнебетте 0:00 көрсетіледі.

+ және - түймешіктерін 0:00 жыпылықтағанша қатар басыңыз. Дұрыс тәулік уақытын орнату үшін + немесе - түймешігін басыңыз.

Шамамен бес секунд өткеннен кейін

8 www.electrolux.com

 

жыпылықтау тоқтап, бейнебетте орнатылған

орнатыңыз да, бос тұмшапешті 1 сағат

тәулік уақыты көрсетіледі.

қыздырыңыз. Керек-жарақтар әдеттегіден

 

қаттырақ қызуы мүмкін. Осы кезде иіс шығуы

3.3 Алдын ала қыздыру

ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің

Тұмшапештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп

жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

 

жіберу үшін, ең жоғары температураны

 

4. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

4.1 Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын!

Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау салдарына өндіруші ешбір жауапты емес.

Оттықты әрқашан ыдысты қоймай

тұрып жағыңыз. Оттықты жағу үшін:

1.Қажетті оттықтың тетігін шегіне дейін

басып, ең жоғары мәнге қойыңыз. Тетікті басқан кезде тұтату генераторы өздігінен қосылады.

2.Тетікті шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ беріліміне кедергі келеді.

3.От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның жалынын реттеңіз.

Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, оның шілтері мен қақпағының дұрыс тұрғанын тексеріңіз.

A

B

C

D

A)Оттық табақшасы

B)Оттық шілтері

C)От алдырғыш

D)Термореле

Назарыңызда болсын!

Басқару тетігін 15 секундтан артық басып тұрмаңыз.

Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп, тиісті басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.

Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

ҚАЗАҚ 9

Назарыңызда болсын! Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.

4.2 Оттықты сөндіру

Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге бұраңыз: .

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

5.1 Қуат үнемдеу

Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің қақпағын әрдайым жабыңыз.

Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

Назарыңызда болсын! Диаметрі оттықтың өлшеміне дәл

келетін табалар мен кәстрөлдерді пайдаланыңыз.

Пеш тақтасының шетінен шығып тұратын қазан-кәстрөлдерді қолданбаңыз.

Оттық

Ыдыстың диаметрі

Үш

160 - 220 мм

шілтерлі

 

Жартыла

140 - 220 мм

й жылдам

 

Қосымша

120 - 180 мм

 

 

Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

Назарыңызда болсын! Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын сумен жуыңыз.

Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.

10www.electrolux.com

Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу керек.

Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.

Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.

Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.

Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.

7. ТҰМШАПЕШКҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

7.1 Тұмшапеш функциялары

 

Тұмшапеш функциясы

Қолдану

0

 

Off (сөндірулі) қалпы

Құрылғыны сөндіруге арналған.

 

 

Температура

Дәстүрлі тамақ пісіруге арналған температура

1-8

деңгейлерінің ауқымы.

мәндерін реттеу

(1 - 145 °C; 2 - 160 °C; 3 - 175 °C; 4 - 190 °C; 5 - 205 °C; 6

 

 

 

 

 

- 220 °C; 7 - 235 °C; 8 - 250 °C)

 

 

Гриль

Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған.

 

 

Тост жасау үшін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұмшапештің шамы

Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз

 

 

жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану

 

 

 

үшін тұмшапеш шамының түймешігін басыңыз.

7.2 Қауіпсіздік терморелесі

Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не элементтерінің бірінің ақаулығына байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік терморелесімен жабдықталған. Температурасы төмендеген кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.

7.3 Газ тұмшапеште тамақ пісіру

Газ пештің оттығын тұтату:

1.Тұмшапештің есігін ашыңыз.

2.Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.

3.Осы кезде тұмшапештің функцияларының тетігін басып, сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен мәнге қойып басыңыз.

4.Жалын шыққан кезде, газ пешінің басқару тетігін шамамен 15 секунд басып ұстап

тұрыңыз. Тұтатқаннан кейін:

1.Тетікті босатыңыз.

2.Тұмшапештің есігін жабыңыз.

3.Тұмшапеш функцияларының тетігін қажетті параметрге қойыңыз.

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ

11

Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:

3.

Жалынды гриль оттығының

 

Тұмшапеш термоэлементпен жабдықталған.

 

саңылауларына жақын ұстаңыз.

 

Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін

4.

Газ пешінің басқару тетігін гриль қалпына

тоқтатады.

 

 

қойыңыз. Басқару тетігін осы қалыпта

 

Егер тұмшапештің газ оттығы от

 

шамамен 15 секунд ұстап тұрыңыз. Оны

 

алмаса немесе кенет сөніп қалса:

 

жалын пайда болғанша босатпаңыз.

 

 

1.

Тұмшапеш функцияларын

5.

Грильді алдын ала 5-10 минут

 

 

 

басқару тетігін босатып, “off”

 

қыздырыңыз.

 

 

 

қалпына қойыңыз.

6.

Тұмшапештің сөресіне етті қойып, сөрені

 

2.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

 

3-ші қатарға қойыңыз.

 

 

3.

Бір минуттан кейін, оттықты

 

Назарыңызда болсын!

 

 

 

қайта тұтатып көріңіз.

 

Етті сөренің ең үстіңгі қатарына

 

7.4 Тұмшапештің оттығын сөндіру

 

қоймаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

 

7.

Тағамның май-сөлін жинау үшін пісіру

 

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына

 

науасын немесе қуырма табақты 2-ші

 

 

сөреге қойыңыз.

 

бұраңыз.

 

 

Етті науаға немесе табаққа тура

 

 

 

 

 

 

7.5 Грильді қолдану

8.

салмаңыз.

 

 

Назарыңызда болсын!

Есікті шала ашып қойыңыз.

 

 

9.

Бірінші жағы қуырылып болған кезде, сөлі

 

 

 

 

ағып кетпес үшін етті шанышқымен

 

Гриль жасау барысында құрылғыны назардан

 

аударыңыз.

 

10.

Еттің екінші жағы қуырылып болған

 

тыс қалдырмаңыз. Құрылғының қол жететін

 

кезде, тұмшапештен алыңыз.

 

бөлшектері қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.

 

 

 

Егер гриль от алмаса немесе кенет

 

Назарыңызда болсын!

 

 

 

сөніп қалса:

 

 

Гриль жұмыс істеп тұрғанда

 

 

 

 

1. Газ пештің басқару түймешесін

 

балаларды алыс ұстаңыз. Күйіп қалу

 

 

қаупі бар.

 

 

босатып, “Off” қалпына қосыңыз.

 

Назарыңызда болсын!

 

2.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

 

 

 

3. Бір минуттан кейін, грильді қайта

 

Грильді ешқашан есікті жабық ұстап

 

 

 

 

тұтатып көріңіз.

 

 

қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

7.6

Гриль оттығын сөндіру

 

2. Гриль дефлекторын есіктің үстіңгі

 

 

жағындағы Aорнына қойыңыз.

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына

 

 

 

A

бұраңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

12 www.electrolux.com

8.ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ

8.1Электрондық бағдарламалағыш

1 Минут операторы

2 Пеш оттықтарының ұзақтығы

3 Тұмшапеш оттығының ұзақтығы

4 "-" түймешігі

5 "+" түймешігі

1

 

2

 

3

 

4

 

5

Құрылғыны электр желісінен ағытсаңыз немесе құрылғыны қолдану барысында электр қуаты ауытқыса, оттықтар ажырап қалады.

оттығын қолдану үшін

 

 

түймешігін басып

 

 

орнатуға болады. Уақытты

немесе

 

 

 

түймешігімен орнатыңыз.

 

 

 

 

Егер электр қуаты үзіліп қалса, оттықтарды қолдан тұтатуға болады, бірақ қуат қайта қосылған кезде оттықтар ажырап қалады.

Оттықтарды іске қосу уақытын ең көбі 3 сағатқа дейін шектейтін қауіпсіздік функциясы бар.

8.2 Тәулік уақытын орнату

және

 

түймешігін қатар басыңыз.

 

Тәулік уақытын

 

не

түймешігінің

 

көмегімен орнатыңыз.

 

8.3 Дыбыстық сигнал

Бағдарламаланған уақыт нөлге келгенде

сигнал естіледі. Сигналды және түймешіктерінен басқа кез келген тетікті басып сөндіруге болады не ол 5 секунд берілгеннен кейін сөнеді.

Сигналдың жиілігін (үш мүмкіндік бар) тәулік

уақыты режимінде

 

түймешігін басып

 

өзгертуіңізге болады.

 

8.4 Уақыты қойылатын жартылай автоматты бағдарлама

Жартылай автоматты бағдарламаларды

пештің оттығын қолданып пісіру үшін түймешігін басып немесе тұмшапештің

8.5 Пеш оттықтары

Пештің басқа пісіру оттығының ұзақтығын

орнату үшін түймешігін қайта басыңыз. Тиісті бөліктің жарық диодты шамы мен

"A"жыпылықтайды.

Егер басқа оттықтың уақыты орнатылса, тиісті бөліктің жарық диодты шамы жанады.

8.6 Тұмшапеш оттығы

Газ тұмшапешінің уақытын орнату үшін түймешігін басыңыз. Тұмшапеш белгісі

жыпылықтайды, уақытты немесе түймешігімен орнатыңыз.

Бейнебеттің оң жағындағы тұмшапештің

белгісі жыпылықтайды да, сол жағында "A" жыпылықтайды.

ҚАЗАҚ 13

Жартылай автоматты бағдарлама іске қосылып тұрғанда, "A" және тұмшапештің белгісі жанады.

9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

9.1 Тұмшапештің керек-жарақтарын салу

Пештің сырғымалы керек-жарақтарының қос қырлы ұштарын пештің артқы жағына келтіріп, төмен қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы керек-жарақтарын пеш қатарларының біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп салыңыз.

Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар орналастыру Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне

қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп салыңыз.

9.2 Сырғытпа жолдар

Оларды 4-ші қатардан басқа әр түрлі қатарларға орнатуға болады.

14 www.electrolux.com

 

Сырғытпа сөрелерін орнату

 

1.

Сырғытпа жолды шамамен 90° градусқа

1 cm

 

бұрыңыз.

2.

Сырғытпа жолдың артқы жағындағы

 

 

бекітпені сөренің жолына сырғытып

 

 

енгізіңіз. Сөре сырғытпаларын 4-ші

 

 

деңгейден басқа кез келген деңгейге

 

 

орнатуға болады. Сөрені тұмшапештің

 

 

дұрыс қатарына орнатыңыз.

 

3.

Сырғытпаны дұрыс жаққа бұраңыз. Сөре

 

 

сырғытпасының бір ұшындағы тоқтату

 

 

элементі жоғары қарап тұруға тиіс.

 

4.

Сырғытпаны тұмшапештің артқы

 

 

қабырғасына жеткенше итеріңіз.

 

5.

Сырғытпа жолдың алдыңғы жағын

 

 

сөренің деңгейіне қарай итеріңіз.

 

 

Алдыңғы жақтағы бекітпе кіріккен кезде

 

 

сырт еткен дыбыс естіледі.

 

6.

Екінші сырғытпа жолды орнату үшін де

 

 

осы қадамдарды орындаңыз. Бір

 

 

деңгейге екі сөре сырғытпасының

 

 

қойылғанына көз жеткізіңіз.

 

Сырғытпа жолдарды алу

 

1.

Сырғытпа жолдың алдында жағында

 

 

орналасқан бекітпені басып ұстап

 

 

тұрыңыз.

 

2.

Сырғытпа жолдың алдыңғы жағын

 

 

сөренің деңгейінен шығарып алыңыз.

 

3.

Сырғытпа жолды шамамен 90° градусқа

 

 

бұрыңыз.

 

 

4.

Сырғытпа жолдың артқы жағын сөренің

 

 

 

деңгейінен шығарып алыңыз.

 

1

5.

Екінші сырғытпа жолды алу үшін де осы

2

 

қадамдарды орындаңыз.

 

 

Сақтандыру туралы ескерту! Сырғытпаларды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Сырғытпаларды майламаңыз.

9.3 Сөре сырғытпалары - керек-жарақтарын салу

Пісірме табақты немесе қуыру ыдысын сөре сырғытпасына қойыңыз.

ҚАЗАҚ 15

Тұмшапеш сөресінің биіктетілген жиегі, ыдыс сырғып кетуге жол бермейтін қосымша сақтық құралы болып табылады.

9.4 Пісірме табақты салу

Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына, алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына қойыңыз. Бұл пісірме табақтың алды-артында ыстық ауаның айналуын қамтамасыз етеді.

Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа қаратып салыңыз.

Назарыңызда болсын!

Пісірме табақты тұмшапештің артқы қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі бұлай істегенде табақтың айналасына қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның әсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы мүмкін.

10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

Сақтандыру туралы ескерту!

Өте сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табақты қолданыңыз. Жемістің шырыны эмаль қаптамаға кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.

Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарлары құрылғының астыңғы жағынан бастап саналады.

Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.

Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.

Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісірген кезде құрылғының бөлшектерін алюминий

фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

10.1 Торт пісіру

Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.

Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.

Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды ашық қалдырыңыз.

10.2 Балық пен етті пісіру

Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ болып піседі.

16www.electrolux.com

Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.

Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.

Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.

Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.

10.3 Пісіру уақыттары

Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына және мөлшеріне байланысты.

10.4 Пісіру кестесі

 

 

Алдын

Термоэ

 

 

Науа түрі мен сөренің

ала

Пісіру

Тағам

қыздыр

лемент

уақыты

 

деңгейі

у

тің

(мин)

 

 

уақыты

орны

 

 

 

 

 

(мин)

 

 

Тәтті таспалар (250 г)

алюминий таба, 3-ші

10

1 - 2

25 - 30

 

деңгей

 

 

 

Жалпақ торт (1000 г)

алюминий таба, 3-ші

10

1 - 2

35 - 40

 

деңгей

 

 

 

Алма қосылған ашыған

алюминий таба, 3-ші

10

3 - 4

50 - 60

ұннан жасалған торт (2000 г)

деңгей

 

 

 

Алма бәліші (1200 + 1200 г)

Алюминиймен қапталған

10

3 - 4

65 - 75

 

2 дөңгелек табақ

 

 

 

 

(диаметрі: 20 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Кішкене кекстер (500 г)

алюминий таба, 3-ші

10

2

30 - 35

 

деңгей

 

 

 

Майсыз бисквит торт (350 г)

1 дөңгелек табақ

10

2 - 3

30 - 35

 

(диаметрі: 26 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Май таба торты (1500 г)

алюминий таба, 3-ші

-

2

45 - 551)

 

деңгей

 

 

 

Флан наны (800 г)

алюминий таба, 3-ші

20

8

10

 

деңгей

 

 

 

Толтырылған ашыған қамыр

алюминий таба, 3-ші

15

3 - 4

40 - 50

кексі (1200 г)

деңгей

 

 

 

Пицца (1000 г)

алюминий таба, 2-ші

10

8

25 - 35

 

деңгей

 

 

 

Чизкейк (2600 г)

алюминий таба, 3-ші

-

2

80 - 90

 

деңгей

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 17

 

 

 

 

 

 

 

Алдын

Термоэ

 

 

Науа түрі мен сөренің

ала

Пісіру

Тағам

қыздыр

лемент

уақыты

 

деңгейі

у

тің

(мин)

 

 

уақыты

орны

 

 

 

 

 

(мин)

 

 

Алма қосылған ашық бәліш

алюминий таба, 3-ші

15

6

50 - 60

(1900 г)

деңгей

 

 

 

Рождество торты (2400 г)

алюминий таба, 3-ші

10 2)

2 - 3

603)

 

деңгей

 

 

 

Киш лорен (1000 г)

1 дөңгелек табақ

15

5 - 6

50 - 60

 

(диаметрі: 26 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Шаруа наны (750 + 750 г)

Алюминиймен қапталған

10 2)

4 - 5

50 - 60

 

2 дөңгелек табақ

 

 

 

 

(диаметрі: 20 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Румын торты (600 + 600 г)

Алюминиймен қапталған

10

2 - 3

50 - 60

 

2 дөңгелек табақ

 

 

 

 

(диаметрі: 25 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Румын торты - дәстүрлі (600

Алюминиймен қапталған

10

2 - 3

40 - 50

+ 600 г)

2 дөңгелек табақ

 

 

 

 

(диаметрі: 20 см), 3-ші

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

Швейцария орамасы (500 г)

алюминий таба, 3-ші

10

2 - 3

20 - 30

 

деңгей

 

 

 

Меренга (400 г)

алюминий таба, 3-ші

-

1

40 - 50

 

деңгей

 

 

 

Кішкене Choux (500 г)

алюминий таба, 3-ші

10

3 - 4

35 - 40

 

деңгей

 

 

 

Үгілмелі торт (1500 г)

алюминий таба, 3-ші

15

5 - 6

30 - 40

 

деңгей

 

 

 

Қопсыма торт (600 г)

алюминий таба, 3-ші

10

1 - 2

35 - 40

 

деңгей

 

 

 

Майлы торт (600 г)

алюминий таба, 3-ші

15

3 - 4

25 - 30

 

деңгей

 

 

 

1)Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.

2)Термоэлементтің орны: 8

3)Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.

Акриламидтер бойынша ақпарат

бар) қуырған кезде, акриламидтер

Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мәліметтерге

денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін.Сондықтан,

біз тағамды ең төмен температурада пісіруді

сәйкес, тағамды (әсіресе құрамында крахмал

және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.

18 www.electrolux.com

11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз

Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.

Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.

Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.

Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!

11.1 Сөре сырғытпаларын алу

1

2

 

Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа жолдарды алып қоюға болады.

1.Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын қабырғадан тартып шығарыңыз.

2.Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын қабырғадан ағытып алыңыз.

Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап салыңыз.

Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.

11.2 Тұмшапештің есігін тазалау

Тұмшапештің есігінде бірінің артында бірі орнатылған екі шыны панель бар. Тазалау жұмысын жеңілдету үшін тұмшапештің есігін алыңыз.

Назарыңызда болсын!

Есік өз орнында тұрғанда ішкі панельді алуға әрекет жасасаңыз, тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын тексеріңіз. Шынының сынып кету қаупі бар.

Назарыңызда болсын!

Есіктің шыны қабаттары зақымданса немесе оларға сызат түссе, осал болуы және сынып кетуі мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін оларды ауыстыру қажет. Қосымша нұсқауларды жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.

 

ҚАЗАҚ

19

Тұмшапештің есігі мен шыны панелін алу

 

 

1.

Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос

 

 

топсасынан ұстаңыз.

 

2.

Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де

 

 

бұраңыз.

 

3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне (жартылай) қарай жабыңыз. Алға қарай тартып, ұясынан шығарып алыңыз.

AEG EKG54100O User Manual

20

www.electrolux.com

 

 

 

 

4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты

 

 

 

жерге қойыңыз. Есіктің астыңғы

 

 

 

жақтауындағы 2 бұранданы алу үшін

 

 

 

бұрағышты пайдаланыңыз.

 

 

 

Бұрандаларды жоғалтып алмаңыз.

 

 

1

 

 

 

1

 

 

3

5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан, пластиктен

 

 

немесе сол сияқты заттан жасалған

 

 

 

қалақшаны пайдаланыңыз. Сыртқы есікті

 

 

2

ұстап тұрып, ішкі есікті есіктің жоғарғы

 

2

шетіне қарай итеріңіз.

 

 

 

6.

Ішкі есікті көтеріңіз.

 

 

 

 

7. Есіктің ішкі жағын тазалаңыз.

Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.

Назарыңызда болсын!

Жақсылап құрғатыңыз.

Шыны панельді тек сумен және

 

сабынмен тазалаңыз. Түрпілі

 

тазалағыш құралдарды, дақ

 

кетіргіштерді және өткір заттарды

 

(мыс., пышақтар немесе қырғыштар)

 

қолданбаңыз, шыныға зақым келтіруі

 

мүмкін.

Есік пен шыны панельді орнату

 

4

Тазалау рәсімі аяқталғаннан кейін есікті

орнына салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері

4

ретпен орындаңыз.

 

6

 

5

 

5

 

11.3 Тартпаны алу

Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай тазалау үшін алуға болады.

Тартпаны алу

1.Тартпаны тоқтағанша бері қарай тартыңыз.

2.Суырманы баяу көтеріңіз.

3.Суырманы түгел алып шығыңыз. Суырманы салу Суырманы салу үшін жоғарыда көрсетілген

әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.

Назарыңызда болсын! Тұтанғыш заттарды (мысалы, тазартқыш заттар, пластик

қапшықтар, тұмшапеш қолғабы, қағаз немесе бүріккіштер т.с.с. сияқты) суырмада сақтамаңыз. Тұмшапешті қолданған кезде суырма қызып кетуі мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.

ҚАЗАҚ 21

11.4 Тұмшапештің шамы

Назарыңызда болсын!

Тұмшапештің шамын ауыстырар кезде абай болыңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар!

Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:

Тұмшапешті сөндіріңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қосқышты ажыратыңыз.

Тұмшапештің шамы мен шыны қақпағын қорғау үшін тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.

1.Шыны қақпағын алу үшін сағат бағытына қарсы бұраңыз.

2.Шыны қақпақты тазалаңыз.

3.Тұмшапеш шамын 300°C қызуға төзімді, параметрлері дәл келетін тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.

Тұмшапештің шамындай шамды қолданыңыз.

4.Шыны қақпақты орнатыңыз.

12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Газды жаққан кезде ұшқын

Электр қуаты жоқ

Құрылғының жалғанғанын

шықпайды

 

және электр қуатының іске

 

 

қосылғанын тексеріңіз.

Газды жаққан кезде ұшқын

Электр қуаты жоқ

Үйдегі электр жабдығының

шықпайды

 

сақтандырғышын тексеріңіз.

Газды жаққан кезде ұшқын

Оттықтың қақпағы мен

Оттықтың қақпағы мен

шықпайды

шілтері қисық салынған

шілтерінің дұрыс

 

 

қойылғанына көз жеткізіңіз.

Тұтатқан бетте жалын дереу

Қыздырғыш элемент

От жанғаннан кейін тетікті

сөніп қалады

жеткілікті қызбайды

шамамен 5 секунд басып

 

 

ұстап тұрыңыз.

22 www.electrolux.com

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Газ шеңбері біркелкі

Оттықтың шілтерін тағам

Инжектордың бітеліп

жанбайды

қалдығы бітеп тастаған

қалмағанын және оттық

 

 

 

шілтерінің тағам

 

 

 

қалдығынан бос екенін

 

 

 

тексеріңіз.

Тұмшапеш қызбай тұр

Тұмшапеш тоққа

 

Тұмшапешті тоққа қосыңыз

 

қосылмаған

 

 

Тұмшапеш қызбай тұр

Сағат орнатылмаған

Сағатты орнатыңыз

Тұмшапеш қызбай тұр

Қажетті параметрлер

Параметрлерді қадағалаңыз

 

орнатылмаған

 

 

Тұмшапеш қызбай тұр

Сақтандырғыш блогындағы

Сақтандырғышты тексеріңіз.

 

сақтандырғыш босап кеткен

Сақтандырғыш бірнеше рет

 

 

 

ағытылып қалса, білікті

 

 

 

электрші маманға

 

 

 

хабарласыңыз.

Тұмшапештің шамы жанбай

Тұмшапештің шамында ақау

Тұмшапештің шамын

тұр

бар

 

ауыстырыңыз

Бу мен конденсат тағамның

Тағам тұмшапеш ішінде ұзақ

Тағамды пісіріп болғаннан

үстіне және тұмшапештің

уақыт қалып қойған

кейін тұмшапеш ішінде

ішіне жиналады

 

 

15-20 минуттан артық

 

 

 

қалдырмаңыз

Бейнебетте “12.00”

Электр қуатының үзілуі

Сағатты қайта қойыңыз

көрсетіледі

 

 

 

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба

көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы

алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету

пеш корпусының алдыңғы жақтауында

орталығына хабарласыңыз.

 

орналасқан.

 

Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат

 

 

техникалық ақпарат тақтайшасында

 

 

Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:

Үлгі (MOD.) .........................................

Өнім нөмірі (PNC) .........................................

Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................

13. ОРНАТУ

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.

13.1 Құрылғы орнатылатын жер

 

A

B

A

 

 

 

C

 

C

 

 

Ең аз қашықтық

 

 

Өлшемдер

мм

і

 

A

690

B

150

C

20

 

 

13.2 Техникалық сипаттама

 

Өлшемдері

Биіктігі

855 мм

 

 

 

ҚАЗАҚ 23

 

Өлшемдері

Ені

500 мм

Тереңдігі

600 мм

Жалпы электр

15,6 Вт

қуаты

 

 

 

Кернеу

230 В

Жиілік

50 Гц

 

 

Газ санаты

II2H3B/P

Газбен жабдықтау

G20 (2H) 13 мбар

 

G20 (2H) 20 мбар

 

G30/31 (3B/P) -

 

30/30 мбар

Байпас диаметрлері

 

 

 

Оттық

Ø Байпас, 1/100

 

мм.

Қосымша

29

Жартылай жылдам

32

Жылдам

42

Тұмшапеш

44

 

 

Газ оттықтары

Оттық

Қалыпты

Азайтыл

Газдың түрі

Қысымы

Инжекторды

Қолдан

 

қуаты

ған

 

 

ң диаметрі

ылуы

 

 

қуаты

 

 

 

 

 

кВт

кВт

 

мбар

мм

г/сағ

Қосымша

1,00

0,40

Табиғи газ G20

13

0,82

-

оттық

 

 

 

 

 

 

 

1,00

0,35

Табиғи газ G20

20

0,70

-

 

1,00

0,35

Бутан G30

28 - 30

0,50

72,71

 

0,85

0,31

Пропан G31

28 - 30

0,50

60,70

Жартыла

2,00

0,50

Табиғи газ G20

13

1,11

-

й жылдам

 

 

 

 

 

 

оттық

 

 

 

 

 

 

 

2,00

0,43

Табиғи газ G20

20

0,96

 

 

2,00

0,43

Бутан G30

28 - 30

0,71

145,43

 

1,70

0,38

Пропан G31

28 - 30

0,71

121,40

Жылдам

3,00

0,78

Табиғи газ G20

13

1,32

-

оттық

 

 

 

 

 

 

 

3,00

0,72

Табиғи газ G20

20

1,19

 

 

 

 

 

 

 

 

24 www.electrolux.com

Оттық

Қалыпты

Азайтыл

Газдың түрі

Қысымы

Инжекторды

Қолдан

 

қуаты

ған

 

 

ң диаметрі

ылуы

 

 

қуаты

 

 

 

 

 

кВт

кВт

 

мбар

мм

г/сағ

 

3,00

0,72

Бутан G30

28 - 30

0,88

218,14

 

2,60

0,63

Пропан G31

28 - 30

0,88

185,68

Тұмшапе

2,70

0,90

Табиғи газ G20

13

1,30

-

ш

 

 

 

 

 

 

 

2,70

0,90

Табиғи газ G20

20

1,20

-

 

2,70

0,90

Бутан G30

28 - 30

0,80

196,33

 

2,35

0,78

Пропан G31

28 - 30

0,80

167,82

Гриль

1,90

-

Табиғи газ G20

13

1,15

-

 

1,90

-

Табиғи газ G20

20

1,08

-

 

1,90

-

Бутан G30

28 - 30

0,71

138,16

 

1,65

-

Пропан G31

28 - 30

0,71

117,83

 

 

 

 

 

 

 

13.3 Газға қосу

Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты қосылым сымдарын немесе тот баспайтын болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.

13.4 Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы

Егер газ қосылымын түгелдей оңай басқаруға мүмкіндік бар болса, иілгіш түтікті пайдалануға болады. Иілгіш түтікті қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту керек.

Түтік ұстағышты пайдаланып орнатыңыз. Түтік ұстағышты тығыздағышқа мықтап орнатып, содан кейін газ қосылымын орнатуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік мына жағдайда дұрыс орнатылады:

Бөлме температурасынан немесе 30 °C градустан артық қызбаса.

Ұзындығы 1500 мм-ден аспаса.

Сығымдалмаса.

Тартып не бұрап майыстыруға болмаса.

Өткір жиектерге немесе бұрыштарға тимесе.

Түтіктің күйін тексеру үшін оны оңай қарап шығу мүмкіндігі болса.

Иілгіш түтікті сақтау үшін мына жағдайларды мезгіл-мезгіл тексеріп тұру керек:

Екі ұшында және ұзына бойында жарылған, кесілген, күйген жерлер болмауға тиіс;

Материал дұрыс иілетін және қатаймайтын болуға тиіс.

Бекіткіш қапсырмаларын тот баспай тұруға тиіс;

Жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген болуға тиіс.

Егер бір немесе бірнеше ақауы бары байқалса түтікті жөндемей, ауыстыру керек.

Әбден орнатып болғаннан кейін сабынды суды пайдаланып, от

жалынын пайдаланбай, түтік фитинглерінің берік нығыздалып салынғанын тексеріңіз.

Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару панелінің артында орналасқан.

Назарыңызда болсын!

Газды жалғар алдында ашаны розеткадан ағытыңыз немесе сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғышты сөндіріңіз. Газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.

A B C

E D

A)Газ жүйесіне жалғанатын жер (құрылғының тек бір жерін ғана газға жалғауға болады)

B)Тығыздағыш

C)Реттемелі қосылым

D)Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш

E)Сұйылтылған газға арналған түтік ұстатқыш

Құрылғыға әдепкі газ параметрлері орнатылған, параметрді өзгерту үшін тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты қолданыңыз

13.5 Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау

Назарыңызда болсын!

Пешті газдың басқа түріне сай лайықтау жұмысын тек өкілетті маманға ғана тапсырыңыз.

Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс

істеуге арналған.

Дұрыс инжекторлар қолданылса, сұйылтылған газды да қолдануға болады.

Назарыңызда болсын! Инжекторларды ауыстырмай тұрып, газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына және құрылғының тоқтан ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы әбден суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

13.6 Инжекторларды ауыстыру

 

ҚАЗАҚ

25

1.

Таба тағандарын алыңыз.

 

2.

Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

 

 

алыңыз.

 

3.

7-ші сомынкілттің көмегімен

 

 

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз

 

 

қолданатын газ түріне арналған

 

 

инжекторлармен ауыстырыңыз.

 

4.

Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда

 

көрсетілген қадамдарды орындаңыз.

 

5.

Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ келетін

 

түтіктің жанында) жаңа газбен жабдықтау

 

түрінің затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл

 

затбелгіні сіз құрылғымен бірге

 

 

жеткізілген қапшықтан таба аласыз.

 

Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі

 

немесе қажетті қысымнан басқаша болса,

 

газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын

 

қысым өтпелігін орнату қажет.

 

13.7 Ең кіші деңгейді лайықтау

 

Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:

1.

Оттықты жағыңыз.

 

2.

Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.

 

3.

Басқару тетігін алыңыз.

 

4.

Жіңішке бұрағыштың көмегімен орағытпа

 

бұранданы реттеп (A) бұраңыз.

 

 

A

 

• Табиғи газды сұйылтылған газға

 

 

ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шегіне

 

дейін қатайтыңыз.

 

• Егер сұйылтылған газды табиғи газға

 

 

ауыстырсаңыз, орағытпа бұранданы

 

 

шамамен айналымның 1/4 дейін

 

 

босатыңыз.

 

 

Назарыңызда болсын!

 

 

Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші

 

 

қалпына дейін жылдам бұраған

 

 

кезде, жалынның өшіп қалмайтынына

 

көз жеткізіңіз.

 

Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды ауыстырыңыз.

26www.electrolux.com

13.8Тұмшапештің инжекторын ауыстыру

B

A

1.

Тұмшапеш қуысының астыңғы

 

пластинкасын (A) газ пеші оттығына (B)

 

 

 

 

 

 

қол жеткізу үшін алып тастаңыз.

2. Оттықты ұстап тұрған бұранданы (C) босатыңыз.

C

D3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп алыңыз.

 

 

Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Оттық

 

 

шілтерінің оттық аузында тұрғанына көз

 

 

жеткізіңіз. Тұтатқыш ашасының сымына

F

 

(E) және термоэлемент

 

жалғастырғышына (F) қатты күш

 

 

 

 

салмаңыз.

 

4. Оттық инжекторын (D) 7 мм сомын кілттің

 

 

көмегімен ағытып алыңыз. Орнына

E

 

қажетті инжекторды салыңыз.

5.

Оттықты құрастыру үшін, осы

 

 

 

әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.

 

6.

Газбен жабдықтау бағыттауышының

 

 

жанында орналасқан газ түрінің

 

 

жапсырмасының орнына жаңа газ түріне

 

 

қатысты жапсырманы қолданыңыз.

Тұмшапеш оттығын ең төменгі деңгейге орнату:

1.Тұмшапеш функцияларының тетігін алып тастаңыз.

2.Жалпақ бұранда бұрағышпен (A) реттегіш бұранданы реттеп бұраңыз.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ

27

 

A

 

 

A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Түтіктерді 7-ші сомын кілтінің көмегімен

 

Газ түрінің

Реттегіш

 

салыңыз.

 

 

өзгертілуі

бұранданы

3. Барлық бөліктерін қайта салыңыз және

 

 

лайықтау

 

тексеріңіз.

 

 

Табиғи газдан

Айналма

4.

Бұрандаларды қатайтпай тұрып, гриль

 

 

сұйылтылған

бұранданы

 

оттығының артқы панельге дұрыс тіреліп

 

 

тұрғанына көз жеткізіңіз.

 

 

газға

түгелдей

 

 

 

 

қатайтып

 

Гриль температурасын өзгерту

 

 

 

бұраңыз.

 

мүмкін емес. Төменірек

 

 

Сұйылтылған

Реттегіш

 

температураға немесе баяу пісіру

 

 

 

уақытына қою үшін гриль табасын

 

 

газдан табиғи

бұранданы

 

 

 

 

жалыннан алыс төмен түсіріңіз.

 

 

газға

шамамен

 

 

 

 

 

 

 

 

айналымның 3/4

13.10 Деңгейін келтіру

 

 

 

мөлшеріне дейін

 

 

 

босатыңыз.

Құрылғының деңгейін басқа құрылғылармен

3.

Тұмшапеш функцияларының тетігін

дәлдеу үшін құрылғының астындағы кішкене

 

тіркеп қойыңыз.

 

тіректерді қолданыңыз.

 

4.

Тұмшапештің оттығын жағыңыз. "Газ

 

 

 

 

пеште тамақ пісіру: Пештің газ оттығын

 

 

 

 

тұтату" тарауын қараңыз.

 

 

 

5. Пеш функцияларының тетігін ең үлкен

 

 

 

 

мәнге қойыңыз да, пешті 10 минут

 

 

 

 

қыздырыңыз.

 

 

 

 

6. Пеш функцияларының тетігін ең үлкен

 

 

 

 

мәннен ең кішкене мәнге бұраңыз.

 

 

 

Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп қалса, 1-6

 

 

 

аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.

 

 

 

Тұмшапеш оттығының шілтерінен жалын аз

13.11 Электр қосылымы

 

мөлшерде тұрақты шығып тұруға тиіс.

 

Бұл қауіпсіздік шаралары орындалмаса,

 

Назарыңызда болсын!

 

өндіруші ешбір жауапкершілік көтермейді.

 

Құрылғыны электр желісіне білікті әрі

13.9 Гриль инжекторын ауыстыру

 

уәкілетті маман қосуға тиіс.

 

 

"Қауіпсіздік" тарауындағы сақтық

 

1. Бұранданы А алғаннан кейін гриль

 

 

 

шаралары орындалмаған жағдайда,

 

оттығын алыңыз.

 

 

өндіруші жауапкершілік көтермейді.

 

 

 

Құрылғы қуат ашасымен және электр

 

 

 

 

сымымен жабдықталған.

 

Loading...
+ 61 hidden pages