AEG 65410M0P, 65410W0P User Manual

FAVORIT 65410
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 44
НҰСҚАУЛАРЫ
ЭКСПЛУАТАЦИИ
22
2
2
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР 6 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 8 БАҒДАРЛАМАЛАР
9ФУНКЦИЯЛАР 10 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН 13 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ 16 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 17 АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ 20 ОРНАТУ 21 ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың барлығын таба аласыз...
ҚАЗАҚ
3
интернеттегі мына дүкенге барыңыз: www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл­есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны білікті маман орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! Жарақат алу қауіпі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Электр, өрт қатері пайда болуы немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
ҚАЗАҚ
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
5
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
•Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
12
11
10
Жұмыс алаңы
1
Үстіңгі бүріккіш түтік
2
Астыңғы бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Тұз сауыты
6
Су кермектігі тетігі
7
Шайғыш зат үлестіргіші
8
Жуғыш зат үлестіргіші
9
Ас құралдары себеті
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
12
1
9
8
7
4
5
6
2
3
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
ҚАЗАҚ
7
1
Қосу/өшіру түймешігі
1
Бағдарлама нұсқаулығы
2
Program түймешігі
3
Бағдарлама индикаторлары
4
Бейнебет
5
3
A
B
2
4
C
8
Индикатор шамдары Сипаттама
Multitab индикаторы.
ExtraHygiene индикаторы.
5 6
79
Delay түймешігі
6
Start түймешігі
7
Индикатор шамдры
8
Option түймешігі
9
Жуу циклінің индикаторы.
Шаю циклінің индикаторы.
Кұрғату циклінің индикаторы.
"Соңы" индикаторы.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Кешіктіру индикаторы.
Есік индикаторы. Бұл индикатор есік жабылмағанда жанады.
8
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Бағдарлама циклдары Функциялар
Кірдің түрі
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен
Алғашқы жуу Жуу 45 °C не 70 °C Шаю циклдары Құрғату
ExtraHygiene
табалар
2)
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен
Алғашқы жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
табалар
3)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
Жуу 60 °C Шаю
ExtraHygiene
пен ас құралдары
4)
Қалыпты ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Алғашқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары
ExtraHygiene
Құрғату
Қалыпты не шамалы ластанған Осал ыдыс-аяқ пен
Жуу 45 °C Шаю циклдары Құрғату
шыны ыдыс
1)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2)
Бұл бағдарламада ExtraHygiene параметрі жұмыс істейді.
3)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
4)
Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1)
Қуат (кВт/с) Су (л)
0.7 - 1.3 8 - 14
1.1 - 1.2 10 - 11
0.8 7
0.7 - 0.8 8 - 9
0.6 - 0.7 9 - 10
1)
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мәндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
ФУНКЦИЯЛАР
MULTITAB ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функцияны аралас жуғыш таблеткаларды қолданғанда ғана іске қосыңыз. Бұл функция шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөнеді. Бағдарламаның уақыты ұзарады.
EXTRAHYGIENE
Бұл функция гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70 °C градуста тұрады.
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ІСКЕ ҚОСУ
• Параметрлерді бағдарламаны бастамай тұрып іске қосыңыз немесе сөндіріңіз. Параметрлерді бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Option түймешігін басыңыз
1 рет қосу сөндіру 2 рет сөндіру қосу 3 рет қосу қосу 4 рет сөндіру сөндіру
ҚАЗАҚ
9
Егер аралас таблетканы қолдануды тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
10
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, multitab функциясын қолданыңыз. Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және басқа қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Судың кермектігі
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды бейтарап етеді. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды. Су жұмсартқышты дұрыс деңгейге реттеп қою үшін кестеге қараңыз. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
Су жұмсартқышты қолмен және электрондық тәсілмен реттеу қажет.
Су жұмсартқыш
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Электр
2
2
2
2
2
2 15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
1
реттеу
1)
1)
1)
1)
1)
1)
2)
онды
тәсілме
н
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Қолмен реттеу
ҚАЗАҚ
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға бұраңыз.
11
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Delay және Start түймешіктерін (A), (B) және (C) индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Program түймешігін басыңыз.
ТҰЗ САУЫТЫН ТОЛТЫРУ
•(B) және (C) индикаторлары сөнеді.
•(A) индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі. Мысалы:
5-ші деңгей.
5. Параметрді өзгерту үшін Program сенсорлық түймешігін қайта-қайта басыңыз.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана қолданыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін. Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең бірінші рет ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
=
12
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТОЛТЫРУ
A
B
Сақтандыру туралы ескерту! Ыдыс жуғышқа арналған шайғыш заттарды ғана пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
A
X
M
2
1
3
4
+
-
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
1.
C
D
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз, 'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 (ең көп мөлшер) аралығына қоюға болады.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
M
A
X
1
2
3
4
+
-
ҚАЗАҚ
13
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны кірдің түрі мен кірлеу деңгейіне қарай дұрыс таңдап, іске қосыңыз.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Себеттерді толтыру мысалдары көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
B
A
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу заттарды ғана пайдаланыңыз.
30
20
C
Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A) салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Қысқа бағдарламаларды қолданғанда жуғыш таблеткалар әбден ерімеуі және ыдыста жуғыш заттың қалдықтары қалуы мүмкін. Жуғыш таблеткаларды ұзақ бағдарламаларды қолданған кезде пайдалануды ұсынамыз.
14
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Параметрлерді орнату режимі
Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс. Құрылғы іске қосылғаннан кейін параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Delay және Start түймешіктерін құрылғы параметрлерді орнату режиміне ауысқанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Program түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы жыпылықтайды.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының индикаторлары жанады.
6. Қаласаңыз, параметрлерді орната аласыз.
7. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама басталады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы
ғана жанып тұрады.
• Бейнебетте 1 минутқа тең қадаммен
азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны және параметрлерді орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты (1-24 сағат) көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ басталады.
• Бейнебетте 1 сағатқа тең қадаммен
азаятын кешіктіріп бастау уақытының кері санағы көрсетіледі.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары сөнеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады. – Орындалып тұрған циклдің индикаторы
жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
• Цикл индикаторлары жанады.
• Бағдарлама басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Delay және Start түймешігін келесі жағдай орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары
жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы
көрсетіледі.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0 көрсетіледі де "соңы" индикаторы жанады.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
3. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/өшіру түймешігін баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін Auto Off құралы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
• Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез салқындайды.
ҚАЗАҚ
15
16
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
C
B
A
A1
A2
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгіні сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін әдепкі орнына салыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) астына дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіндегі орнына қойыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ҚАЗАҚ
17
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады. Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі Бағдарлама
басталмай тұр.
Қуат ашасы розеткаға сұғылмаған.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұр. Құрылғы есігін жабыңыз. Start басылмаған. Start түймешігін басыңыз. Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғышқа нұқсан
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
келген.
Кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз.
құйылмай тұр. Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
Су құйылатын шүмек бітелген
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
немесе оған қақ тұрған.
Су құятын түтіктегі сүзгі бітеліп
Сүзгіні тазалаңыз.
қалған.
Су құятын түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Құрылғының ішіне су аққан.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыдан су ақпай тұр.
Су төгетін түтік майысып
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Раковинаның түтікшесі бітеліп қалған.
немесе бастырылып қалған.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары көрсетілсе, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Раковинаның түтікшесін тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
18
ЖУУ МЕН ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚТАЙ ЕМЕС.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі Ыдыс-аяқ таза емес. Сүзгілер бітеліп қалған. Сүзгілерді тазалаңыз. Сүзгілер дұрыс
құрастырылмаған және дұрыс орнатылмаған.
Бүріккіш түтіктер бітеліп
қалған.
Бағдарлама салынған
ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай емес.
Заттар себеттерге дұрыс
салынбаған. Су барлық заттарды жуа алмады.
Бүріккіш түтіктер еркін айнала
алмайды.
Жуғыш зат өте аз салынған. Бағдарламаны бастамай тұрып
Жуғыш зат үлестіргіште ешбір
жуғыш зат жоқ.
Ыдыс-аяққа әк
Тұз сауыты босап қалған. Тұз сауытына ыдыс жуғыш түйіршіктері тұрып қалған.
Су жұмсартқыш дұрыс
деңгейге қойылмаған.
Тұз сауытының қақпағы бос
тұр. Стакандар мен
ыдыстарға ақ
Шайғыш зат тым көп
мөлшерде қосылады. жолақтар мен дақтар тұрған немесе олардың беті көкшіл тартқан.
Жуғыш зат өте көп мөлшерде
салынған.
Сүзгілердің дұрыс құрастырылып, орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Тұрып қалған қоқыстарды жіңішке затпен алыңыз.
Салынған ыдыс-аяқтың түріне және ластану дәрежесіне сай бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердегі заттардың дұрыс орналасқанына және барлық заттарға су оңай жететініне көз жеткізіңіз.
Себеттердегі заттардың дұрыс орналасқанына және бүріккіш түтіктерге ешбір кедергі жасамайтынына көз жеткізіңіз.
жуғыш затты жеткілікті мөлшерде үлестіргішке салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып үлестіргішке жуғыш заттан салыңыз.
машина тұзы салынғанына көз жеткізіңіз.
Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Қақпақты қатайтыңыз.
Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін азайтыңыз .
Бағдарламаны бастамай тұрып жуғыш затты жеткілікті мөлшерде үлестіргішке салыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі Стакандар мен
ыдыста кепкен су
Шайғыш зат аз мөлшерде
қосылады.
Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін көбейтіңіз. тамшысының ізі қалған.
Бұл жуғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бағдарламада кептіру
циклы болған жоқ.
• Бағдарламада төмен
Басқа фирманың жуғыш затын
қолданып көріңіз.
Кұрғату нәтижесін жақсарту
үшін есікті бірнеше минут ашып
қойыңыз.
температурада кептіру циклы болды.
Ыдыс-аяқ кеппеген және түсі ашылмаған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Шайғыш зат үлестіргіште
шайғыш заттың болуын
қамтамасыз етіңіз. Бұл шайғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Бұл аралас жуғыш
таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін.
Басқа фирманың шайғыш
затын қолданып көріңіз.
• Басқа фирманың аралас жуғыш таблеткасын қолданып көріңіз.
• Шайғыш зат үлестіргішін іске қосып, шайғыш затты аралас жуғыш таблеткамен бірге қолданыңыз.
Мultitab функциясы қосулы тұрғанда шайғыш зат үлестіргішін іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Delay және Start түймешіктерін (A), (B) және (C) индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Option түймешігін басыңыз.
•(A) және (C) индикаторлары сөнеді.
•(B) индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте шайғыш зат параметрі
көрсетіледі.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
7. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
8. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
Өшіру
ҚАЗАҚ
19
Қосу
5. Параметрді өзгерту үшін Option түймешігін басыңыз.
20
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! "ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ" тарауын қараңыз.
АС ҮЙ ҚАПТАМАСЫНЫҢ АСТЫНА ОРНАТУ
570-600 mm
820 mm
450 mm
1
2
1.
Құрылғы орнатылатын қаптаманың ішкі өлшемі, суреттегі өлшемдерге сай екендігіне көз жеткізіңіз.
2.
Құрылғыны су ағатын шүмек пен ақаба құбырға жақын орналастырыңыз.
3.
Құрылғының жұмыс алаңын алыңыз.
4.
Құрылғының деңгейін реттемелі тіректерді босатып немесе қатайтып реттеп орнатыңыз.
Құрылғының деңгейі дұрыс реттелсе, есік дұрыс, әрі нығыз жабылады.
5.
Құрылғыны ас үй қаптамасының астына орнатыңыз.
3
4
Loading...
+ 44 hidden pages